«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсететін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы іске асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2 Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне жатпайды, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кеш емес мерзімде Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – әлеуметтік мәні бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының
10-тармағымен көзделген жағдайда және негізде дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз жеткізгіште.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының
1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасыменқол қойылған, субсидияны беру/бермеу туралы шешіммен қағаз тасығышта ескерту жібереді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушімен Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарды субсидиялау туралы шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті көрсетушілердің жұмыс кестесі:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат, 09.00-ден, 18.30-ға дейін.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбіні қоса алған аралықта түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілетті өкілінің жеке тұлға құжатын көрсетілетін қызметті ұсынушыға, Мемлекеттік корпорацияға ұсыну кезінде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасынасәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша ай сайынғы есеп;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасынасәйкес нысан бойынша әлеуметтік мәні бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар бойынша есеп;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша билеттерді сату бойынша есеп;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;
6) автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны ауыстыратын тұлғадан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;
7) қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
8-қосымшасынасәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпарат;
8) бағдар (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;
9) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда бағдар (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, осы бағдар бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің біріңғай диспетчерлік қызметтен алынған құжат;
10) қалалық маршруттар бойынша орындалмаған рейстерді растайтын диспетчерлік қызметінің (болған кезде) құжаты.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация қызметшісі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Құжаттар түп нұсқамен тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжатты қабылдаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 12353 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінегіз болып саналады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдану растамасы (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсеге қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары

13. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағза (функцияларының) тұрақты бұзылуы мен денсаулығында ақау бар көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.
15. Көрсетілетін қызметті алушының арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефоны
8 (7172) 98-35-53. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00