Хабарландыру

Хабарландыру

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2019 жылғы 29 қараша

 

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – зейнетақыны бірге жоспарлайық

 

«Ашық есік күні» – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшылары үшін дәстүрлі шараға айналды. Бұл жолы БЖЗҚ филиалдарының қызметкерлері салымшылар мен алушыларды Қор кеңселерінде емес, «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында қарсы алды.

«Зейнетақыны жоспарлау» – күн тәртібіндегі басты тақырып болды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады. Базалық және ортақ зейнетақы мемлекеттік бюджет есебінен, ал жинақтаушы зейнетақы – міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленеді.

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында оңтайлы үлестірілген. Сондықтан міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс берушінің Қорға уақытылы аударып отыруы жұмыскер үшін өте маңызды. Өйткені болашақ зейнетақының қандай болатындығы жарналардың көлемі мен аударылу жиілігіне тікелей байланысты.

Қордағы жинақ ақшаңыздың жай-күйімен үнемі хабардар болып отыру үшін ұялы телефоныңызға Қордың ENPF мобильді қосымшасын жүктеп алуыңызға болады. Онда push-хабарлама қызметі бар. Оны пайдалану үшін қосымшаның «Баптау» бөліміне кіріп, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскен сәтте, экранда пайда болатын қысқаша хабарлама Сізге бұл туралы хабарлап отырады.

«Ашық есік күні» барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары келушілерге мобильді қосымшаның басқа да мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Мысалы, зейнетақы калькуляторы. Сол арқылы болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін есептей аласыз. Зейнетақы калькуляторы келушілер арасында ерекше сұранысқа ие болды. Көп адам қосымшаны осы шара барысында телефондарына жүктеп алып жатты. Бұдан басқа, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты. Бұл жарналар болашақ зейнетақының көлемін арттыруға едәуір септігін тигізеді.

Қор мамандары «Жинақтар құнсызданып кетуі мүмкін» деген қауесеттерді жоққа шығарды. Жинақтаушы жүйде мұндай жағдай орын алуы мүмкін емес. Өйткені мұнда әрбір салымшының атына жеке зейнетақы шоты ашылады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түсіп отырады. Мұны Қор сайтының жеке кабинеті арқылы көз жеткізуге болады. Жинақ ақша әрбір салымшының меншігі. Оның үстіне біздің елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей модель жұмыс істейді. Соған сәйкес мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың міндетті түрлерінің нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Аталмыш шара еліміз бойынша жоғары деңгейде өтті. Қатысуға ниет білдірушілер көп болды және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ шараға мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

«Ашық есік күні» соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамда келтірілген пікірлер мен ұсыныстардың барлығы жақын уақытта ескерілетін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы11 қазан

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды

 

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».

Мектепті өткізудегі мақсат – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің, блогерлердің және журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкілдерінің  олармен кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшін Қор сайты және басқа да ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестер беріледі.

Аталмыш шара осымен төртінші жыл өткізіліп жатыр. Бұған дейін ол негізінен Алматы қаласында өткізіліп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарғаерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
 

 

Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау

 

Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында — «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!»атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б. ), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет.

Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етіп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенің өміріңе оң өзгерістер енгізуі ғажап емес! Дәл сенің жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкін! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kzсайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді student@enpf.kz электрондық поштасына  жіберу керек.  Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылғы02 қазан

 

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті.Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттыңқажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды

2018 жылғы табыстылық бойынша негізгі көрсеткіштер

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы активтері(ол зейнетақы жарналарын, зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін табысты қамтиды және салымшылар мен алушылардың меншігі болып табылады) мен меншікті активтер(ол инвестициялық қызмет, БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі, меншікті операциялық шығындары және қызметтерді одан әрі дамытуға қатысты барлық шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған)бөлек есепке алынады.

Салымшылардың зейнетақы активтері бойынша:2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте табыстылық 11,27 пайызды көрсетсе, инфляция деңгейі 5,3 пайыз болды. Осылайша 2018 жылы зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 5,97 пайызға жетті.

БЖЗҚ меншікті активтері бойынша: 2018 жылы салық салынғаннан кейінгі таза пайда 41,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 8,6 млрд теңге көлемінде пайда салығы төленді.

БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері, зейнетақы активтерін басқару туралы ақпарат enpf.kz сайтына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

 

БЖЗҚ 2018 жылғы комиссиялық сыйақысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 53-бабына сәйкес БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленген.

Сыйақының БЖЗҚ үшін жыл сайынғы нақты шамасы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі. 2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткіштер 2014 жылдан бері бірнеше рет кезең-кезеңмен қысқартылды, сөйтіп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шекті шамасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%), ал зейнетақы активтерінің шекті шамасынан 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) қысқарды. Ұлттық Банк комиссиялық сыйақының көлемін одан әрі азайтуды қарастырып жатыр.

БЖЗҚ заңға сәйкес комиссиялық сыйақының екі түрін де алады, сөйтіп барлық шығындарды, олардың ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншікті капиталының өсімі және меншікті активтерді инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.

 

БЖЗҚ-ның 2018 жылғы әкімшілік шығындары

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы әкімшілік шығындары – 4,3 млрд теңге, қызметкерлер құрамына жұмсалған шығындары – 7,9 млрд теңгені құрады. Бұл шығындар заңнамада көрсетілген барлық төлемдерді, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қамтиды. Қордың 2018 жылғы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес жасалған.

Бұдан басқа, БЖЗҚ әкімшілік шығындарға жатпайтын шығындарды өтеді. Бұл зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және кастодиан банктің қызметтері бойынша шығындар. 2018 жылы мұндай шығындардың жалпы сомасы шамамен 8,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сенімгер басқарушыға төленетін комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы елеулі түрде қысқарды (2017 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарған).  

Тәуелсіз аудитор – Deloitte» компаниясы куәландырған толыққанды аудиттелген есептілік Қор сайтының «Көрсеткіштер» — «Жылдық аудиторлық есеп» бөліміне орналастырылған.

 

Жалпы әкімшілік шығындар

2018 жылдың қорытындысы бойынша әзірленген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Қордың жалпы әкімшілік шығындары 2018 жылы 4,3 млрд теңгені құрады.

Бұл сома мынадай шығыс баптарын қамтиды:

– негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы (1,16 млрд теңге);

– операциялық жалдау (783 млн теңге ). 2018 жылы бүкіл республика бойынша Қордың 231 қызмет көрсету кеңселері жұмыс істеді. Өткен жылы Қордың өңірлік кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 5,3 млн астам операция орындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері электрондық қызметтердің өсуі және операциялық бөлімшелерге түсетін жүктеменің азаюына байланысты қызмет көрсету кеңселерінің саны 215-ке дейін қысқартылды;

  • ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерге кеткен шығындар

(391,0 млн теңге), оған зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде деректер алмасу үшін байланыс арналарын жалға алу төлемі, интернетке қол жеткізуге арналған байланыс арналарын жалға алу, мобильдік кеңселердің жұмыс істеуіне арналған телефон және жерсеріктік байланыс қызметтері кіреді;

  • ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары (277 млн теңге). Қор алдында халық

арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша стратегиялық міндет тұр. Ол азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижесі,  зейнетақы жарналарын төлеу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұдан басқа салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушыларды қызықтыратын маңызды ақпараттар жариялау. 2018 жыл барысында республикалық және облыстық газеттерде, интернет-порталдар мен телеарналарда шамамен 30 мың материал жарияланды;

– пошталық шығындар (256 млн теңге), олар жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы салымшыларға жыл сайын хабар беру қызметіне төленеді;

– бағдарламалық жасақтаманы қолдау және оны дамытуға кеткен шығындар

(225 млн теңге). Еске саламыз, БЖЗҚ 10 млн-нан астам шоттағы жинақтардың есебін жүргізеді. Қордың көрсететін қызметтерінің 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Ал бұл ақпараттық жүйені тұрақты дамытуды және дерекқордың қауіпсіздігін және құпиялылылғын қамтамасыз етуді талап етеді;

– негізгі құралдарды жөндеу және пайдалану (151 млн теңге);

  • коммуналдық қызметтер (123 млн теңге);

– операциялық қызметтер бойынша автокөліктерді жалға алу барлық өңірлік филиалдар және орталық аппарат бойынша, оның ішінде салымшылар меналушыларға қызмет көрсету үшін еліміздің шалғай аудандарына баратын мобильдік кеңселерге кеткен шығындар (95 млн теңге).

Еңбекақы қорына қатысты шығындар

2019 жылдың 1 қаңтарынан бері қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1735 адамға (12,4 пайызға) дейін қысқарды. Барлығы 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 2302 адамнан 1735 адамға дейін немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше 2017-2018 жылдары қызметкерлер құрамына қатысты шығын 13 пайызға төмендеді.

Осылайша қызметкерлер құрамы мен еңбекақы төлеу қоры БЖЗҚ-ның бизнес-үдерістерді оңтайландыру, қызметтерді автоматтандырып, электрондық форматқа ауыстыру, операциялық бөлімшелерді оңтайландыру, еңбек өнімділігі мен жұмыскерлердің тиімділігін арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында елеулі түрде қысқартылды.

Қор қызметкерлері жалақысының көлемі олардың лауазымы, біліктілігі, қызметтік міндеті және жауапкершілігіне сәйкес тағайындалады. БЖЗҚ-да орташа жалақы көлемі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемінен жоғары емес. Жұмыскерлерге жұмыс нәтижесі бойынша төленетін сыйлықақыны ескеретін болсақ, БЖЗҚ-дағы жалақы деңгейі қаржы саласындағы орташа атаулы жалақыға жақындатылған, бірақ одан 25 пайызға төмен.

Бұл ретте Қорда білікті мамандардың жұмыс істейтіндігін ескерген жөн. Қызметкерлердің 95 пайыздан астамы жоғары білімді және негізінен экономика, қаржы, заңтану, естептегіш техникалар, ақпараттық техникалар, аудит, қаржылық талдау және тәуекелдерді басқару салалары бойынша маманданған. Жұмыскерлердің басым бөлігінің БЖЗҚ-дағы еңбек өтілі 3 жылдан 10 жылға дейін. Сондай-ақ қосымша арнайы дайындықтары және біліктілік сертификаттары бар.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шартын анықтау және Басқарма жетекшісі мен мүшелеріне сыйлықақы беру Директорлар кеңесінің құзырлығына жатады. 2018 жылы еңбекақы төлеу шарты мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін басқа да қаржылық ұйымдар мен компаниялардағы сыйақы төлеу деңгейіменсалыстырымды болған.

БЖЗҚ дамыту бойынша стратегиялық міндеттер

 

Электрондық қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді және жергілікті халыққа барлық қолжетімді зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Күн сайын Қор кеңселерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Бұл ретте БЖЗҚ жоғары технологиялық ұйым ретінде дамып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтердің шамамен 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі мен атқарылатын міндеттер артып жатыр. Соған қарамастан 2017 жылдан 2019 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 567 бірлікке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше екі жыл ішінде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қордың қызметкерлерге жұмсаған шығындары, сондай-ақ операциялық жалға алу, іс-сапарлық шығындары 2016 жылмен салыстырғанда  2 млрд астам теңгені құрады.

Қызметті автоматтандыру, электрондық қызметтерді дамыту, операциялық бөлімшелердің бір бөлігін қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру негізінде қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, Қор жұмысының тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

Проблемалық зейнетақы активтерін қайтару

БЖЗҚ проблемалық активтерді қайтару бойынша күрделі және маңызды жұмыстардыжүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан мұра болып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда және басқа да шетелдік юрисдикцияларда оңалту, эмитенттердің банкротқа ұшырауы рәсімдері және сот талқылаулары жүріп жатыр. Берешектерін азаматтық тәртіпте қайтарудың барлық мүмкіндіктері таусылған эмитенттердің ісі қылмыстық-құқықтық арнаға аударылды.

БЖЗҚ-ның проблемалық зейнетақы активтерін қайтару бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары мүдделі тұлғалар, проблемалық компаниялардың жекелеген акционерлері тарапынан наразылық және белгілі бір қарсылық тудырады. Қазір Қорға қарсы жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар  және жалпыға қолжетімді мәліметтердің бұрмаланып түсіндірілуі осыған байланысты болуы мүмкін.

БЖЗҚ Ұлттық Банк және Үкіметпен бірлесе отырып, алдына қойылған стратегиялық міндеттерді орындауды одан әрі жалғастырады. Бұл ретте Қор салымшылардың қаражатын қайтаруға және зейнетақы активтеріне келтірілген залалға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуғаниетті.

Сенімділік, тұтынушыны бағдар тұту және қызметтің ашықтығы– Қордың басты құндылықтары және қызмет ету қағидалары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі бойынша шынайы ақпарат және түсініктемелер алу қажет болған жағдайда қалаған уақытта Қорға жүгінуге немесе БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға болады. Қордың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде қаржы есептілігі, проблемалық активтерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер, зейнетақы активтерін басқару туралы деректер enpf.kz сайтында орналдастырылған, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске тұрақты түрде ұсынылып отырады. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегідей Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеп алынады.

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажеті жоқ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылғы 11 қазан

БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр

 

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді

Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады.

Еске саламыз, бұған дейін «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтері Қазпоштаның 94 елдімекендегі бөлімшелерінде қолжетімді болатын. Енді олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлімшесі қосылды.Осылайша бөлімшелердің жалпы саны 220-ға жетті.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді ала алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Атап өту керек, 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретілетін қызметтерімен қамту деңгейі 102 пайызға дейін өсті.

Зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдімекендерінде көрсетіліп жатыр. Елдімекендердің толық тізімін Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот  – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.

МЗЖ есебінен ашылған шоттардың ішінде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлік жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендерді есепке алмағанда) қызметтегі салымшыларға тиесілі. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келеді. Бұған қарап, елімізде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық дерлік қамтылған деп тұжырым жасауға болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарна болса да аударатын белсенді салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын.

Бүгінде белсенді салымшылардың үлесі әлеуетті салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үші) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына – 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына – 6 жарнадан 12 жарнаға дейін түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бір салымшының шотына орта есеппен – 9 жарна келіп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсенді салымшылардың үлесі шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдеріне (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдері) байланысты.

Негізі салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі (МЗЖ-ның аударылу кезеңі және жиілігі) аясында қараған жөн. Өйткені МЗЖ осы айлық табыс есебінен аударылады.

Елімізде салымшылардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын енді-енді қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысу өтілі 5 жылға жетпейді. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан жоғары, бірақ 10 жылға жетпейтіндігін айта кеткен жөн.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғалы бері міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде – 5,1 млн теңге, әйелдерде – 3,9 млн теңге болды.

 Жоба

 

Мойынқұм ауданы аумағында сайлау

учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының  23 бабына  және  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Мойынқұм ауданы аумағында сайлау учаскелері құрылып, сайлау учаскелерінің мекен жайы бекітілсін.
  2. «Мойынқұм ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Мойынқұм ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсанындағы № 3  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2019 жылдың 8 қаңтарында «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысы А.Наметкуловқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мусаев

Мойынқұм ауданы әкімінің
2019 жылғы __________
№ _ шешіміне қосымша

Мойынқұм ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

 

Сайлау учаскесінің нөмірі және орналасқан мекен жайы Шекаралары
1 № 306

Кеңес ауылы,

Биназар көшесі № 48,

№ 1 орта мектебі.

Кеңес ауылы.
2 № 307

Биназар ауылы,

Айтишев көшесі № 5,

О.Жандосов орта мектебі.

Биназар ауылы.
3 № 308

Бірлік ауылы,

Амангелді көшесі №10,

Қ.Рысқұлбеков орта мектебі.

Бірлік ауылының Ә.Досымбаев, Ә.Тәшеков, Б.Әбдіқадыров, И.Ақылбаев, К.Сыздыққызы, Баданова, О.Исабеков, Ж.Қуанышбаев, Т. Түйтебай көшелері.
4 482

Бірлік ауылы,

О.Исабеков көшесі № 17,

Желтоқсан клубы.

Бірлік ауылының Абай, Биназар, М.Әуезов, М.Мәметова, Жайлаубек, Жамбыл, С.Шәкіров, Терсебай, Амангелді, Тоқсабаев, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Асылбеков, Т.Іңкәрбеков көшелері.
5 309

А.Назарбеков ауылы,

Биназар көшесі № 2,

Ә.Молдағұлова орта мектебі

А.Назарбеков ауылы.
6 310

Көкжелек ауылы,

Сырғабаев көшесі № 1,

Б.Момышұлы орта мектебі.

Көкжелек ауылы.
7 311

Күшаман ауылы,

Тоқбаев көшесі № 15,

Амангелді орта мектебі.

Күшаман ауылы.
8 312

Жамбыл ауылы,

Сарымсақ көшесі № 1,

Абай орта мектебі.

Жамбыл ауылы.
9 313

Мойынқұм ауылы,

Б.Омаров көшесі № 10,

А.Жұмабаев орта мектебі.

 Мойынқұм ауылының Ж.Жамбыл, А.Назарбеков, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Ш.Қалдаяқов, М.Пахаленко, А.Жапаров, Т.Аубакіров, Ә.Молдағұлова, Балуан шолақ  көшелері және Абылайхан көшесінің № 40 тан  160/2 дейін жұп сандары, 45 тен 183/2 дейін тақ сандары, 2  бұрылыс  үйлері.
10 314

Мойынқұм ауылы,

Қ.Рысқұлбеков көшесі

№ 35,

Жамбыл мектеп-гимназиясы.

Мойынқұм ауылының А.Көшенов, Ж.Аймауытов, Ә.Тәшкентбаев, І.Жәнсүгіров, М.Мақатаев, С.Мұқанов, Ә.Досымбаев, С.Құлбаев, А.Оспанов, М.Әуезов, М.Қажымұқан, Желтоқсан, С.Сейфуллин, Қ.Қабышев, С.Нарымбетов, Д.Құрманәлі, М.Өтемісов, А.Молдабеков, Қ.Рысқұлбеков, Лесхозная көшелері.
11 № 315

Мойынқұм ауылы,

К.Нарымбетов көшесі № 1,

Т.Рысқұлов тірек мектебі.

Мойынқұм ауылының, К.Нарымбетов, Ш.Тайбағаров, Абай, Ж.Қуанышбаев, Б.Момышұлы, Қ.Нұрбеков, Ғ.Мұратбаев, М.Мәметова көшелері, Абылан елді мекені және Абылайхан көшесінің № 1 ден 43 дейін тақ сандары, 2 ден  38 дейін жұп сандары, бірінші  бұрылыс үйлері, Амангелді көшесінің №  1 ден  125 дейін тақ сандары, 2 ден  70 дейін жұп сандары  үйлері.
12 483

Мойынқұм ауылы,

Б.Омаров көшесі  № 13,

Аудандық Мәдениет үйі.

Мойынқұм ауылының Б.Омаров, Ағыбай батыр, Масютенко, Т.Нарбаев, С.Кулекеева, Ш.Уәлиханов, Ә.Асылбеков, А.Байтұрсынов,   көшелері, Комсомол елді мекені және Амангелді көшесінің № 135 тен 189 дейін тақ сандары, 68б дан 118а дейін жұп сандары үйлері.
13 316

Қылышбай ауылы, Ә.Төлепбергенов көшесі № 9,

Ә.Төлепбергенов орта мектебі.

Қылышбай ауылы.
14 317

Құмөзек ауылы,

Жамбыл көшесі № 21,

Ы.Алтынсарин орта мектебі.

Құмөзек ауылы.
15 318

Қарабөгет ауылы,

Б.Тайжанов көшесі  №1,

А.Байтұрсынов орта мектебі.

Қарабөгет ауылы.
16 319

Сарыөзек ауылы,

Ж.Қуанышбаев көшесі №54,

Қ.Сәтбаев орта мектебі.

Сарыөзек ауылы.
17 320

Ұланбел ауылы,

Қазақстан көшесі № 3,

М.Әуезов орта мектебі.

Ұланбел ауылы.
18 № 321

Хантау ауылы

Биназар көшесі № 3,

С.Сейфуллин орта мектебі.

Хантау ауылы.
19 № 322

Қияқты стансасы,

Аблайхан көшесі № 2,

Ағыбай батыр орта мектебі.

Қияқты стансасы.
20 323

Шығанақ ауылы,

Абай көшесі  № 16,

Шығанақ орта мектебі.

Шығанақ ауылының Қ.Сәтбаев, Қ.Сәтбаевтың І, ІІ-тұйығы, Айдаралиев, Ж.Қуанышбаев, Амангелді, Жеңіс, Сейфуллин, Ағыбай батыр, Қ.Рысқұлбеков, Балқаш, Абай, СМП 628 көшелері, Үшбалық, Қарасай елді мекендері.
21 № 484

Шығанақ ауылы,

С.Сейфуллин көшесі № 1 б,

Шығанақ  ауылдық кітапханасы.

Шығанақ ауылының Ы.Алтынсарин, Наурыз көшелері, Бұрылбайтайл стансасы,  Байтал ауылы.
22 324

Мыңарал ауылы,

Садықов көшесі № 49,

К.Қасымов орта мектебі.

Мыңарал ауылы.
23 № 481

Мыңарал стансасы,

К.Жахметов көшесі № 5

Мынарал  орта мектебі.

Мыңарал стансасы, Қашқантеңіз стансасы.
24 325

Ақбақай ауылы,

Д.Қонаев көшесі №25,

Ақбақай орта мектебі.

Ақбақай ауылы.
25 № 326

Мирный ауылы,

Аблайхан көшесі № 6,

В.Терешкова орта мектебі.

Мирный ауылы.
26 327

Ақсүйек ауылы,

Балхаш көшесі № 19

№ 1  орта мектебі.

Ақсүйек ауылы.

 

 

 

ЖОБА

Мойынқұм ауылы

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 115 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «АБК-Автодор НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналма жолды орналастырып, қызмет көрсету үшін уақытша жер пайдалану құқығына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі                                                    М. Мусаев

Мойынқұм аудан әкімдігінің 2019 жылғы ____№____ қаулысына қосымша

 

Айналма жолды орналастырып қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері

Жер пайдаланушылардың атауы Жалпы көлемі

(гектар)

Оның ішінде
Жайылым

(гектар)

Шабындық

(гектар)

Бөгде

жер

(гектар)

Құрылыс асты

(гектар)

1. Көктерек жер қоры 12,2831 12,2831
2. Амангелді жер қоры 30,6794 30,6794
3. Мал айдау жолы 4,4789 4,4789
4. Айдарлы жер қоры 4,4333 4,4333
5. Хантау жер қоры 9,316 9,316
6. Бірлік ауылдық округі 1,091 1,091
7. Хантау ауылдық округі 4,0833 4,0833
8. Биназар ауылдық округі 3,3199 3,3199
Барлығы: 69,6849 69,6849

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы әкімдігі ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдері жалға беру туралы конкурстың нәтижесі, жер телімдерінің жеңімпаздары
р/с
№ Аты-жөні Лот

Орналасқан жер қоры
Жалпы көлемі
Суармалы
Жайылым
Шабындық
Нысаналы мақсаты Жалға алдудың мерзімі(жыл) немесе пайдалану құқығы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Шалкарбеков Мейрхан Абдикеримович 1 «Айдарлы» жер қоры 2,81 2,81 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
2. Турсынбеков Медертай Турсынбекович 2 «Айдарлы» жер қоры 4,15 4,15 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
3. Турсынбеков Медертай Турсынбекович 3 «Айдарлы» жер қоры 8,34 8,34 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
4. Керимбеков Бахытбек Кайнарович 4 «Айдарлы» жер қоры 18,0 1,86 16,14 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
5. Егимбаева Дарига Ерикбаевна 5 «Айдарлы» жер қоры 18,41 18,41 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
6. Шалкарбеков Мейрхан Абдикеримович 6 «Айдарлы» жер қоры 20,0 20,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
7. Бильдебаев Ерик Болатович 7 «Айдарлы» жер қоры 24,0 12,75 11,25 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
8. Манапбаев Айтбек Кенесбекович 9 «Айдарлы» жер қоры 88,7696 16,5812 72,1884 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
9. Асанкулов Ауесхан Алимханович 10 «Айдарлы» жер қоры 122,0413 15,79 106,2513 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
10. Суранчиев Даулет Балгабаевич 11 «Айдарлы» жер қоры 131,0 131,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
11. Суранчиев Даулет Балгабаевич 12 «Айдарлы» жер қоры 146,5886 146,5886 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
12. Суранчиев Даулет Балгабаевич 13 «Айдарлы» жер қоры 211,0 211,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
13. Суранчиев Даулет Балгабаевич 14 «Айдарлы» жер қоры 256,1954 256,1954 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
14. Қодасов Ерлан Жұмабайұлы 16 «Айдарлы» жер қоры 489,5654 489,5654 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
15. Кыпшакбаева Улбосын Билибековна 18 «Айдарлы» жер қоры 622,9767 622,9767 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
16. Кокрекбаев Бауыржан Крыкбаевич 19 «Айдарлы» жер қоры 720,8708 720,8708 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
17. Суранчиев Даулет Балгабаевич 20 «Айдарлы» жер қоры 855,0 855,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
18. Суранчиев Даулет Балгабаевич 21 «Айдарлы» жер қоры 1455,3048 1455,3048 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
19. Шолпанкулов Даубай 22 «Айдарлы» жер қоры 1795,1207 1795,1207 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
20. Акылбекова Сауле Тилеуовна 26 «Коктерек» жер қоры 2,26 2,26 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
21. Рахимбаева Клара 29 «Коктерек» жер қоры 7,6480 7,6480 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
22. Тулеубаев Жумагазы Курмангалиевич 30 «Коктерек» жер қоры 8,30 8,30 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
23. Жеңісбек Асыл Талғатұлы 32 «Коктерек» жер қоры 14,86 14,86 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
24. «Байбарақ АГРО» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 33 «Коктерек» жер қоры 22,4 22,4 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
25. «Байбарақ АГРО» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 34 «Коктерек» жер қоры 24,90 24,90 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
26. «Байбарақ АГРО» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 35 «Коктерек» жер қоры 31,0 31,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
27. Изенбаева Райхан Жапаровна 37 «Коктерек» жер қоры 94,34 94,34 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
28. Тулеубаев Жумагазы Курмангалиевич 38 «Коктерек» жер қоры 128,9714 128,9714 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
29. «Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті» мекемесі 39 «Коктерек» жер қоры 139,8076 139,8076 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
30. Абубеков Аятбек Бейсенбаевич 40 «Коктерек» жер қоры 179,3697 179,3697 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
31. Тулеубаев Жумагазы Курмангалиевич 41 «Коктерек» жер қоры 100,2216 100,2216 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
32. Тулеубаев Жумагазы Курмангалиевич 42 «Коктерек» жер қоры 140,677 140,677 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
33. Тезекбаев Мархабат Аламабекұлы 46 «Коктерек» жер қоры 30,0 25,77 4,23 — Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
34. Тулеубаев Жумагазы Курмангалиевич 47 «Хантау» жер қоры 997,8331 997,8331 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
35. Зенадилова Айман Зенадиловна 48 «Хантау» жер қоры 10,0 10,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
36. Кибраев Акылбек Октябрович 49 «Хантау» жер қоры 23,2827 23,2827 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
37. Балшыкбаев Бакыт Кусаинович 51 «Хантау» жер қоры 61,4 61,4 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
38. Тлеубаев Биржан Саржанович 52 «Хантау» жер қоры 127,0 127,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
39. Кольбаев Рахметильда Абубакирович 53 «Хантау» жер қоры 154,6818 154,6818 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
40. Рахимбаева Клара 54 «Хантау» жер қоры 8,1081 8,1081 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
41. Рахимбаева Клара 55 «Хантау» жер қоры 8,0600 8,0600 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
42. Абилхаев Ербол Даулеткулович 56 «Хантау» жер қоры 158,7327 158,7327 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
43. Мадиев Айткул Жидешович 58 «Хантау» жер қоры 154,4672 154,4672 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
44. Ниетбеков Серғали Хамзатбекұлы 60 «Хантау» жер қоры 201,0 201,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
45. Кольбаев Рахметильда Абубакирович 61 «Хантау» жер қоры 201,4419 201,4419 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
46. Тлеубаев Биржан Саржанович 62 «Хантау» жер қоры 290,0 290,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
47. Кибраев Акылбек Октябрович 64 «Хантау» жер қоры 370,0 370,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
48. Мадиев Айткул Жидешович 65 «Хантау» жер қоры 480,0 480,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
49. Мадиев Айткул Жидешович 66 «Хантау» жер қоры 990,0 990,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
50. Мадиев Айткул Жидешович 67 «Хантау» жер қоры 975,0 975,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
51. Жеделбаев Жазылбек Абдимамытович 73 «Жасулан» жер қоры 2,0 2,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
52. Салиев Есимхан Орынханович 74 «Жасулан» жер қоры 3,0 3,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
53. Курмангалиев Айташ Рахатович 75 «Жасулан» жер қоры 89,0 89,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
54. Нурманов Бек Курмангазиевич 83 «Амангелді» жер қоры 591,9004 — 591,9004 — Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
55. Томанова Раушан Лионовна 85 «Амангелді» жер қоры 13,7 13,7 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
56. Жубаев Еркебулан Толеужанович 86 «Амангелді» жер қоры 24,5 24,5 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
57. Жубаев Еркебулан Толеужанович 87 «Амангелді» жер қоры 15,0 15,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
58. Абдраманова Лайла Миташовна 88 «Амангелді» жер қоры 67,0 67,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
59. Шолпанкулова Таубай Мырзабаевич 89 «Амангелді» жер қоры 73,4178 20,0996 53,3182 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
60. Шолпанкулова Таубай Мырзабаевич 90 «Амангелді» жер қоры 99,7015 99,7015 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
61. Дауылбаев Ескендр Ибадилдаевич 91 «Амангелді» жер қоры 500,0 500,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
62. Нурымов Нурби Нурымович 92 «Амангелді» жер қоры 501,0 501,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
63. Жубаев Еркебулан Толеужанович 93 «Амангелді» жер қоры 572,7709 280,4864 292,2845 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
64. Таттимбетов Болаткали Кожахметулы 94 «Амангелді» жер қоры 1000,0 1000,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
65. Абилкасов Серик Татимович 95 «Амангелді» жер қоры 999,0 999,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
66. Торекулов Ескендир Ескермесович 96 «Амангелді» жер қоры 1176,0 1176,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
67. Акылбеков Оразалы Ашимович 97 «Амангелді» жер қоры 1422,0 1422,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
68. Абдибаев Токтасын Абдибаевич 98 «Амангелді» жер қоры 4522,1617 4522,1617 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
69. Арынова Марина Идрисовна 99 «Жамбыл» жер қоры 63,0 63,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
70. Сейсебеков Шарафатулла Айдарович 100 «Жамбыл» жер қоры 140,0 140,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
71. Арынова Марина Идрисовна 101 «Жамбыл» жер қоры 148,0 148,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
72. Арынова Марина Идрисовна 102 «Жамбыл» жер қоры 308,7305 308,7305 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
73. Жумагулов Адилхан Ажигулович 103 «Жамбыл» жер қоры 500,0 500,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
74. Арапова Гулзат Лесхановна 105 «Жамбыл» жер қоры 34,5585 — 34,5585 — Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
75. Жаркынбеков Куанбек 110 «Талдыөзек» жер қоры 35,3247 35,3247 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
76. Кулдыбаев Талгат Исаевич 111 «Талдыөзек» жер қоры 94,7 94,7 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
77. Сейсебаев Макпал Ануарбековна 113 «Талдыөзек» жер қоры 224,326 21,0 203,326 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
78. Тышканбаев Мусагали Кошенович 121 «Құмөзек» жер қоры 516,0 — 440,0 76,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
79. Медешов Болат Аманкулович 122 «Құмөзек» жер қоры 100,0 100,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
80. Ердосов Зейнулла Жарылкасынович 123 «Құмөзек» жер қоры 483,5982 483,5982 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
81. Омаров Махмут Жиреншиевич 124 «Құмөзек» жер қоры 520,0289 337,0289 183,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
82. Алимбетов Бахтияр Зиядильдаевич 126 «Құмөзек» жер қоры 1004,2121 614,2121 390,0 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
83. Екейбаев Конысбай Арынович 128 «Қарабөгет» жер қоры 155,3999 155,3999 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
84. Ауесбеков Абылай Айтбаевич 129 «Сарыөзек» жер қоры 44,9034 44,9034 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
85. Матыбаев Сымбат Бактыбаевна 131 «Сарыөзек» жер қоры 2795,75 2795,75 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
86. Рахимбаева Клара 132 «Бетпақдала» жер қоры 16,1 16,1 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10
87. Рахимбаева Клара 133 «Бетпақдала» жер қоры 4,4939 4,4939 Шаруа қожалығын жүргізу үшін 10

Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Edit
ЖОБА
Мойынқұм ауылы
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Мойынқұм ауданында шектеулі жер телімін нысаналы пайдалануға меншікті жерді пайдалану құқығына шек қоя отырып (сервитут) талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мусаев
Мойынқұм аудан әкімдігінің 2019 жылғы ____ шілдедегі №____ қаулысына қосымша
Жер учаскесінің түсіндірмесі
№ Жер пайдаланушылар Барлығы
га Оның ішінде:
Жайылым
га Бөгде
жер
га Құрылыс асты
га
1. Қарабөгет а/о 5,7063 5,7063 — —
2. Қазсушар 0,0172 — — 0,0172
3. Орман қоры 0,6236 0,6236 — —
4. Қызылтал а/о 1,624 1,624 — —
5. Қарабөгет а/о 4,7472 4,7472 — —
6. Қылышбай а/о 1,4452 1,4452 — —
7. Қазсушар 0,0192 — 0,0192 —
8. Орман қоры 8,4236 8,4236 — —
9. Биназар а/о 1,0088 1,0088 — —
10. Қылышбай а/о 3,4815 3,4815 — —
11. Мойынқұм а/о 4 4 — —
12. Қазсушар 0,04 — 0,04 —
13. Кулпыбаев ш/қ 0,028 0,028 — —
14. Кенес а/о 0,9204 — 0,9204 —
15. Есильбаев ш/қ 0,0172 0,0172 — —
16. Қазсушар 0,008 — 0,008 —
ПРОЕКТ
Село Мойынкум
Об установлении
Публичного сервитута
В соответствии с земельном кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат Мойынкумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Установить публичный сервитут акционерному обществу «Казахтелеком» на право временного землепользования сроком на 3 (три) года для строительства волоконно-оптической линии связи (ВОЛС) с ограничением права собственности на земельный участок в Мойынкумском районе согласно приложению к настоящему постановлению.
2. Акционерному обществу «Казахтелеком» обеспечить компенсацию за причиненные убытки землепользователям участков и по окончанию работы прокладки волоконно-оптической линии связи, провести рекультивацию нарушенных земель.
3. Коммунальному государственному учреждению «Отдел земельных отношений акимата Мойынкумского района» в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.
4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калымбетова Бакытжана Алдасугировича.
5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Аким района М.Мусаев
Приложение к постановлению акимата Мойынкумского района от___ июля №___ 2019 года
Пояснительная земельного участка
№ Землепользователи Всего
га. Из них:
Пастбища
га Прочие земли
га Под постройками
га
1. Қарабөгет с/о 5,7063 5,7063 — —
2. Қазсушар 0,0172 — — 0,0172
3. Земли лесного фонда 0,6236 0,6236 — —
4. Қызылтал с/о 1,624 1,624 — —
5. Қарабөгет с/о 4,7472 4,7472 — —
6. Қылышбай с/о 1,4452 1,4452 — —
7. Қазсушар 0,0192 — 0,0192 —
8. Земли лесного фонда 8,4236 8,4236 — —
9. Биназар с/о 1,0088 1,0088 — —
10. Қылышбай с/о 3,4815 3,4815 — —
11. Мойынқұм с/о 4 4 — —
12. Қазсушар 0,04 — 0,04 —
13. Кулпыбаев к/х 0,028 0,028 — —
14. Кенес с/о 0,9204 — 0,9204 —
15. Есильбаев к/х 0,0172 0,0172 — —
16. Қазсушар 0,008 — 0,008 —

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00