100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс – пікірлерді орындау іс-шарасы туралы

     

     

    Аудан әкімдігінің 14 ақпан 2018 жылғы «Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау іс-шарасы туралы» №21 қаулысының орындалу барысы туралы

    АНЫҚТАМА

     

                                                                              02 шілде 2018 жыл.

     

    Мемлекет басшысының 5 ақпан 2016 жылғы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулері өткізілген. Өткізілген  кездесулер барысында аудан тұрғындарынан келіп түскен 21 ұсыныс-пікірлерді орындау мақсатында 14 ақпан 2018 жылы аудан әкімдігінің «Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау іс-шарасы туралы» №21 қаулысы қабылданған. Аудан әкімдігінің қаулысы ауылдық округ, ауыл әкімдеріне, аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен тиісті мекеме басшыларына уақытылы орындауға жіберілген.

    Кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыру барысы 2018 жылы 2 шілдеде өткен аудан әкімдігінің мәжілісінде қаралып, орындалған 9 тапсырма бақылаудан алынған болатын.

    Атап айтқанда:

    1. “Қалаларалық тасымалдау” АҚ-ның 2018 жылдың 08 маусымындағы № 136 хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің  міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шу-Мыңарал қалааралық бағытындағы базалық ставка әрбір шақырымға 4,64 теңгені (2017 жылы базалық ставка әрбір шақырымға 3,58 теңге) құрауына байланысты спутник поезының жол ақысы бағасы қымбаттаған.
    2. Шығанақ ауылындағы Ы.Алтынсарин көшесінің бойында 52 дана жарық шамдары темір жол көпіріне дейін орнатылған, бүгінгі күнде толық жанып тұр.
    3. «Азаматтарға арналған үкіметі» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Мойынқұм аудандық бөлімшесі басшысы С.Балғынбаевтың Ақсүйек ауылының тұрғындарымен кездесуі 2018 жылдың 21 сәуірінде ауыл әкімшілігінде өтті.
    4. Ақсүйек ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен бөлінген 11 млн. теңгеге су тасуға арналған Газ-53  автокөлігінің жеңімпазы мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен  2018 жылдың шілде айының үшінші он күндігінде анықталатын болады.
    5. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Ақбақай-Мирный (110 шқ.) және Бірлік-Мойынқұм (105 шқ.) автожолдарының ойылып шұңқыр болған жерлеріне облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлініп, 8700 текше метрін жөндеу жұмыстарын 2018 жылдың шілде айында жүргізеді.
    6. Бұрылбайтал-Мирный-Қияқты топтық су құбырының құрылыс монтаж жұмыстары үшін 2018 жылға бөлінген 215,8 млн. теңге толығымен игеріліп, құрылыс жұмысы барысында нысан аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі мен авторлық, техникалық бақылаушылар тарыпынан тұрақты бақылауда болды.
    7. Көкжелек тоғанын тазалау үшін аудандық бюджеттен бөлінген 1,0 млн. теңгеге «Ер-Нұр» жеке кәсіпкері 2400 куб метр топырақ шығарып тазалады.
    8. Жеке кәсіпкер «П.Рысымбетов» тарапынан 16 орындық қоғамдық көлігі күніне үш рет (сағат 08.30, 14.15, 18.15,) Қылышбай ауылынан Мойынқұм ауылынан тасымалдау (бағасы 200 тг.) қызмет көрсету жүргізілді.
    9. Ұланбел ауылында қазпошта бөлімшесінен шаруақожалықтар орман шаруашылығымен келісім-шартқа отырып салықтарын ауылдық пошта арқылы төленуде.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

     

    Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс – пікірлерді орындау іс-шарасы туралы

     

     

    Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау іс-шарасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
    2. Іс-шарада көрсетілген ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратына әр тоқсанның соңғы айының 15-не дейін жазбаша хабарлама беру аудан әкімдігінің бөлімдеріне, ауылдық округ, ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына тапсырылсын.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.

     

     

    Аудан әкімі                                                Б.Нүркенов

     

     

     

    Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру

    кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау

    ІС-ШАРАСЫ

     

    Айтылған ұсыныс-пікірлердің мазмұны Іске асыру жөніндегі

    іс-шара

    Орындалу

    мерзімі

    Жауапты
    1 Ұланбел ауылдық округі маңайындағы орман қорының аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының жер мәселесін шешу. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хат жолдап, мәселені шешу. 2016 жыл

    IІ тоқсан

    Б.Қалымбетов

    М.Абданбаев Қ.Белгішев

    2 Ұланбел ауылындағы «Мөлдір» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның учаскесіне қажетті техника мәселесін шешу. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу.

     

    2016 жыл

    Мамыр

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Қ.Белгішев

    3 Мойынқұм-Ұланбел автожолының бойындағы апатты жығдайда тұрған көпірді жөндеу. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасына хат жолдап, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Қыркүйек

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Т.Көпбаев

    М.Мұқашев

    4 Құмөзек ауылына қосымша үй телефондарын орнату. Шу біріккен өндірістік телекоммуникация торабымен бірлесіп жұмыстарды ұйымдастыру 2016 жыл

    Қыркүйек

    М.Естаев

    Ә.Сариев

    Н.Акимов

    5 Ақсүйек ауылының кіре беріс жолын жөндеу. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов Е.Нұрланов

    6 Ақсүйек ауылының Шахтер көшесін жарықтандыру (мектеп маңайын). Қаржы қарастырып, көшелерді жарықтанду жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Е.Нұрланов

    7 Мыңарал ауылының кіре-беріс жолын жөндеу.

     

    2015 жылы жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігерге жолдың бұзылған жерлерін қалпына келтіру туралы хат жолдау. 2015 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов З.Камиева

    8 Мыңарал стансасындағы Мөлтек көшесін жарықтандыру. Қаржы қарастырып, көшелерді жарықтанду жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    З.Камиева

    9 Шығанақ ауылындағы Наурыз көшесін жарықтандыру. Қаржы бөлу мәселесін шешіп, көшенің жарықтанду жұмыстарын жүргізу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Қ.Жапаров

    10 Шығанақ ауылындағы обелискті қоршау. Обелискті қоршау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу.

     

    2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Қ.Жапаров

    11 Ақбақай орта мектебінің жарылған қабырғасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сараптамадан өткізу. Зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы мәселесін шешіп, КазНИИСА-ға хат жолдау.

     

    2016 жыл

    Қыркүйек

    Б.Есеев

    Ж.Жазықбаев

    А.Абдразақов

    12 Мирный ауылында ауыз су құбыры жүргізілген көшелерді тегістеп, құм-шағал қоспасын төсеу. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Шілде

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Ғ.Тлешов

    13 Мирный ауылы ішіндегі құрылыс қатты қалдықтарын шығару. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Мамыр

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Ғ.Тлешов

    14 Мирный ауылының тұрғындарына темір жол арқылы келетін ауыз су көлемін көбейту. Тиісті мекемелерге хат жолдап, мәселені шешу. 2016 жыл

    Мамыр

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Ғ.Тлешов

    15 Хантау ауылындағы цемент зауытының маңайынан, ауыл тұрғындарына цемент сататын дүкен ашу. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Маусым

    Б.Қалымбетов

    Қ.Исабаева

    М.Әбдікәрімов

    16 Хантау ауылының кіре беріс көшесін жөндеу. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов М.Әбдікәрімов

    17 Қияқты стансасының көшелерін жарықтандыру. Қаржы қарастырып, көшелерді жарықтанду жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов М.Әбдікәрімов

    18 Кеңес ауылындағы Д.Итбасова көшесін жарықтандыру. Қаржы қарастырып, көшелерді жарықтанду жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Ә.Мұқашев

    19 Бірлік ауылындағы Әбдіқадыров көшесін жарықтандыру. Қаржы қарастырып, көшелерді жарықтанду жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Ә.Мұқашев

    20 Бірлік ауылында ауыз су тарату стансасына тұщытқыш (опреснитель) қондырғысын орнату. Жобалық сметалық құжаттарын дайындау. 2016 жыл

    Қыркүйек

    М.Естаев

    М.Қожахметов Т.Мұсақұлов

    21 Күшаман ауылындағы Шалабаев көшесінің бірінші қиылысын жөндеп, жарық шамдарын орнату. Қаржы қарастырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    А.Сарышөкенов

    22 А.Назарбеков ауылының маңайынан алма ағаштарын егіп, бақ ашу. Қажетті жер телімін белгілеп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. 2016 жыл

    Мамыр

    Б.Қалымбетов

    М.Абданбаев

    Б.Жақсымбетов

    Б.Наурызбаев

    23 Көкжелек ауылының кіре беріс жолын жөндеу. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов Б.Наурызбаев

    24 Жамбыл ауылындағы Ж.Жабаев ескерткішін қоршап, абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Қаржы қарастырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    А.Қанатов

    25 Қылышбай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу мақсатында жасалған жобалық-сметалық құжаттарын қайта есептеп, жаңарту. Жобалық-сметалық құжаттарын қайта есептеп, жаңартуға қаржы бөлуге сұраныс беру.

     

    2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    М.Қожахметов

    С.Төлегенов

    М.Мұқашев

    26 Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов орта мектебінің қоршауын жаңарту. Қаржы мәселесін шешіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу.

     

    2016 жыл

    Қыркүйек

    Б.Есеев

    Ж.Жазықбаев

    М.Мұқашев

    27 Мойынқұм ауылының Б.Омаровпен Ә.Асылбеков көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Т.Көпбаев

    28 Мойынқұм ауылындағы орталық алаңды жаңарту Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шешу. 2016 жыл

    Тамыз

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Т.Көпбаев

    29 Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел авто-жолының бойына өсіп кеткен сексеуілден тазарту. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларына хат жолдап, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жыл

    Маусым

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Т.Көпбаев

    М.Мұқашев

    Ә.Сариев

    Қ.Белгішев

    30 Мойынқұм ауылынан Мойынқұм-Ұланбел автожолына (Қарағаш арқылы) баратын жолды жөндеу. Жобалық сметалық құжаттарын дайындап, қаржы қарастыру. 2016 жыл

    Маусым

    М.Естаев

    С.Есдаулетов

    Т.Көпбаев

    31 Мойынқұм ауылындағы спорт кешеніне Р.Шаңлақбаевтың атын беру Тиісті комиссияға ұсыныс беру. 2016 жыл

    Шілде

    Б.Есеев

    Г.Мұқашева

    Т.Көпбаев

     

     

     

     

     

     

     

    Аудан әкімдігінің 3 ақпан 2015 жылғы «Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау іс-шарасы туралы» №27 қаулысының орындалу барысы туралы

    АНЫҚТАМА

     

    Мемлекет басшысының 15 тамыз 2013 жылғы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында             2015 жылдың 20 қантар – 3 ақпан аралығында аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулері өткізілген. Өткізілген  кездесулер барысында аудан тұрғындарынан 35 ұсыныс-пікір түскен. Осы айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау мақсатында аудан әкімдігінің 3 ақпан 2015 жылы «Аудан әкімінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау іс-шарасы туралы» №27 қаулысы қабылданған. Аудан әкімдігінің қаулысы ауылдық округ, ауыл әкімдеріне, аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен тиісті мекеме басшыларына орындауға жіберілген.

    Кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыру барысы           2015 жылдың 29 маусымымен 30 қыркүйегінде өткен аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралып, орындалған 23 тапсырма бақылаудан алынған болатын. Қалған 12-сін ауылдық округ, ауыл әкімдеріне, аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен тиісті мекеме басшыларына белгіленген мерзімде орындау тапсырылған.

    Бүгінгі таңға кездесулер барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, 3 тапсырма орындалып отыр. Атап айтқанда:

    Мыңарал ауылдық округі әкімшілігімен мектепке жылдамдығы жоғары интернет желісін орнату бойынша ағымдағы жылдың қазан айында «Қазтелеком» АҚ бес (Ұланбел, Қарабөгет, Мирный, Мыңарал, Ақбақай) ауылға спутниктік қондырғылар орнатылды.

    Көкжелек ауылының кіре-беріс жолының 5,8 шақырымына бөлінген        1,1 млн теңгеге «Мойынқұм Сәулет» ЖШС жөндеу жұмыстарын (шұңқырларды бітеу) жүргізді.

    Күшаман ауылына келетін «Күшаман» тоғанын қашыртқысы «Мөлдір» КМК-мен қалпына келтірілген.

    Сонымен қатар, 9 тапсырма орындалу үстінде.

    Яғни, Мыңарал ауылдық округіндегі иесіз тұрған электр желілерінің жер актілері жасалып, тіркеуге алу туралы әділет басқармасына хат (22.05.2015ж., №1-743) жолданып, тіркеуге алынды. Жоғарыда аталған электр желілері иесіз болып табылғаннан кейін (яғни бір жылдан кейін), аудандық сотқа  шағымданып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

    Мирный-Қияқты автожолының 12,0 км. жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Тараз көлікжолы» ЖШС 123,5 млн. теңгеге (оның ішінде 2015 жылға -67,5 млн теңге, 2016 жылға -56,0 млн теңге) (бөлінгені 197,0 млн. теңге) келісм-шарт жасалды. Бүгінгі таңға кестеге сәйкес 7 км жол жөндеуден өткізіліп, 67,5 млн теңге игерілді. Қияқты-Мирный автожолының қалған бөлігінің жөндеу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады.

    Хантау ауылындағы Биназар көшесінің (1,35км.) орташа жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген (жобалық құны       23,3 млн теңге). Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

    Сарыөзек – Мойынқұм – Шу бағытында қоғамдық көлік (Газель) маршрутын ашуға тиісті құжаттар дайындалып (жеке кәсіпкер П.Рысымбетов) 2016 жылы ашу көзделіп отыр.

    Шығанақ ауылдық клубының жылу жүйесі бөлінген 1,0 млн теңгеге жөнделді. Клубтың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2016 жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастыру жоспарланып отыр.

    Ақбақай ауылында клуб ашуға ауыл әкімі аппараты ғимаратынан арнайы  бөлмелер дайындалған. Ауылдық клубтың штаттық бірлігі кезекті әкімдік мәжілісіне ұсынылады.

    Аудан орталығында жастар саябағын ашуға жер қарастырылуда. Жер мәселесі шешілгеннен кейін, 2016 жылы көктемде ағаш отырғызу және басқада ұйымдастыру шаралары қолға алынады.

    Ақсүйек ауылындағы спортзалды ағымды жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген (жобалық құны 13,3 млн теңге). Қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізіп қаржының мәселесін шешу               2016 жылғы жоспарлануда.

    Сондай-ақ, Қызылотау ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратын жөндеуге ЖСҚ әзірлеп қаржыны шешу 2016 жылға жоспарланып отыр.

    Алдағы уақытта да аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен округ әкімдері тарапынан есепті кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуына жете мән беріп, бұл жұмыстар күнделікті бақылауда болады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района