100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің есебі

    АУДАННЫҢ  2016  ЖЫЛҒЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

     

    Өнеркәсіп

             Өнеркәсіп саласы бойынша жалпы өнім көлемі 33184,6 млн. теңге болып, 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 107,7 % құрады.

    Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген«Ақбақай филиалы» 2016 жылы 1610 кг алтын, 304 кг күміс өндірді.

    «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 2016 жылы 16154,3 млн. теңгеге 1342,0 мың тонна цемент өндірді. 2015 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 35,8 млн. теңгенің өнімі артық өндірілді.

    «Хантау цемент» зауыты 2015 жылы  2103,7 млн. теңгеге 191,3 мың тонна цемент өндірсе, 2016 жылы  2845,7 млн. теңгеге 271,0 мың тонна цемент өндірді.

    «Мыңарал компаниясы» ЖШС-і 2016 жылы 155,1 млн. теңгеге 615,7 тонна балық өнімін шығарып, өнім көлемі 2015 жылдың деңгейінен 3,3 есеге артты.

    Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы

    Ауданда 2015-2016 жылдары аймақтық индустриалдық картасына жалпы сомасы 2542 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жоспарланып, аймақтық индустриалдық картаға енгізілді.

    Мирный ауылының Шолпан станциясында «Казгранит» ЖШС. Жобаның құны 200,0 млн. теңге, жобаның жылдық қуаты – 30 000 шаршы метр брусчатка, 6000 шаршы метр гранит блоктарын шығару.

    Ақсүйек ауылында орналасқан  «Ер – тай» ЖШС. Жобаның құны 1,2 млрд. теңге, жобаның жылдық қуаты 18,0 мың тонна мырыш және қорғасын концентратын өңдеу.

    Мыңарал ауылдық округіндегі Қашкантеңіз ауылында орналасатын  «Тенардит» ЖШС. Жобаның жалпы құны 890,0 млн. теңге, жылдық қуаты 5,0 мың тонна тауарлық сульфат натрий және 20,0 мың тонна иодталған тұз шығару.

    Бұл жобалар 2017-2019 жылдары іске қосылады деп жоспарланса, 2016 жылы Мирный ауылдық округінде орналасқан «Оргстрой» ЖШС гранитті өндіру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану тәсілдерін қолдануды жүзеге асыру жобасын ұсынды. Жоба құны 252,0 млн. теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын аудан көлемінде 17 жылдан бері жұмыс жасап келеді, егер 2015 жылға дейін кәсіпорын тек гранитті өндіру жұмыстарымен айналысса, 2015 жылдан гранитті өңдеумен айналысып, бордюр, плита, поребрик сияқты құрылыс материалдарын шығаруды бастады.

    Ауылшаруашылығы

    Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі 2017 жылдың 1 қаңтарына 4198,7 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1 % болды. Оның 2918,3 млн. теңгесі мал шаруашылығы, 1208,4 млн. теңгесі өсімдік шаруашылығы үлесінде. Есепті кезеңде 38139 центнер ет, 80002 центнер сүт, 1384,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

    2016 жылдың қорытындысымен мүйізді ірі қара малы 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 мың басқа көбейіп 28,7 мың басты, қой-ешкі 6,7 мың басқа көбейіп 144,7 мың басты, жылқы 0,5 мың басқа көбейіп 7,3 мың басты, түйе 11 басқа көбейіп 989 басты және үй құстары 24,3 мың басты құрады.

    2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 45,8 млн. теңгеге 257 бас сиыр, 13 бас бұқа сатып алса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы 59,6 млн. теңгеге 2443 бас қой малын алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 15,0 млн. теңгеге 80 бас жылқы малын сатып алған.

    Аудан бойынша инвестиция тарту барысында «Агрофирма Түрікпен» ЖШС 2015-2016 жылдар аралығында 3003 бас мүйізді ірі қара және 1476 бас жылқы малын алса, 2017 жылға 550 бас мүйізді ірі қара және 3000 бас етті бұқалар алуды жоспарлап отыр.

    Аудан аумағындағы Шу өзені бойына орналасқан ауылдық округтердің есебінде 8807 гектар суармалы жерлер бар. Осы жерлердің 414 гектары үй іргесіндегі жерлер болса, 4439 гектары шаруа қожалықтарында, 457 гектары заңды тұлғаларға бекітіліп берілген жерлер, қалған 3497 гектары  ауданның босалқы жер қорын құрайды.

    Аудан бойынша 3930 гектар суармалы егістік егіліп,  211 тонна арпа, 1166 тонна жүгері, 525 тонна  тары, 1221 тонна картоп,  46 тонна күнбағыс,  5750 тонна бақша дақылдары, 3982 тонна көкөніс жиналды және 280 гектар жерге жаңа жоңышқа себіліп, оның көлемі 2198 гектарға жетті.

    Аудан бойынша тіркелген 616 шаруа қожалығының иелігінде 363,4 мың гектар жер бар. Оның 4,6 мың гектары суармалы егістік, 18,5 мың гектары шабындық, 340,3 мың гектары жайылымдық жерді құрайды.

    2016 жылы жер телімдері бойынша 1 рет конкурс өтті. Онда жалпы 87879,1 гектар,  оның ішінде суармалы егістік 252,9 гектар, шабындық 10036,6 гектар және жайылымдық 77589,5 гектар жер телімі берілді. Қайтарылған жер телімінен ауылшаруашылығы айналымына қайта берілген жер телімінің көлемі 26802 гектар, оның ішінде суармалы егістік 97, шабындық 1836, жайылым 24869 гектар.

    2015 жылға арналған «Эпизоотияға қарсы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда төрт түлік мал аса қауіпті деген жұқпалы мал ауру түрлеріне қарсы егіліп, диагностикалық тексеруден өткізілді. Белгіленген жоспарға сәйкес 42,5 мың мүйізді ірі қара, 219,0 мың қой-ешкі, 10,0 мың жылқы, 1380 бас түйе «Сібір жарасына», 25,0 мың мүйізді ірі қара, 30,0 мың қой-ешкі, 2,0 мың бас жылқы «Лептоспирозға», 78,0 мың мүйізді ірі қара, 502,0 мың қой-ешкі «Аусыл» ауруына қарсы, 980 түйе, 137,0 мың қой-ешкі, 1,1 мың бас түйе «оба» ауруына қарсы, 7,0 мың бас мүйізді ірі қара, 15,0 мың бас қой-ешкі, «литериоз» ауруына қарсы, 29,0 мың бас мүйізді ірі қара «Қарасан» ауруына қарсы, 40,0 мың қой-ешкі «эктима» ауруына қарсы, 50,0 мың бас қой-ешкі «брадзот» ауруына қарсы, 48,0 мың үй құстарына «жоғары потогенді құс тұмауына» қарсы егу жұмыстары жүргізілсе, 3200 бас жылқы «маңқа» ауруына, 67,5 мың мүйізді ірі қара, 600 түйе «туберкулез» ауруына  қарсы тексерілген. 2015 жылы «бруцеллез» ауруына 25 бас МІҚ, 483 бас қой-ешкі шалдықса, 2016 жылы 19 бас МІҚ, 118 бас қой-ешкі шалдыққан.  

    Конго-Қырым геморрогиялық қызбасының табиғи ошағындағы аула, қора-жайларды және ауылшаруашылығы малдарын кенелерге карсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші және үш кезеңі жүргізіліп, 4775 қора-жайлар мен аулалардың 1 млн. 699,9 мың шаршы метр жері, 23,3 мың мүйізді ірі қара, 134,2 мың қой-ешкі, 5,2 мың жылқы және 752 бас түйе малы залалсыздандырылды.  Конго-Қырым геморрогиялық қызбасының алдын алу жұмыстарына   аудандық бюджеттен  9,0  млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

    КӘСІПКЕРЛІК

    Ауданда 980 шағын және орта бизнес субъектілер саны тіркелген болса, оның  ішінде 92 шағын кәсіпкерлік субъектісі, 888 субъекті жеке кәсіпкер. Бүгінгі таңға олардың ішінара жұмыс істеп тұрғандары 91,5 %  құрап, 897 субъекті болып отыр. Шағын бизнес субъектілері  арасынан белсенді жұмыс істеп тұрғандары 54,3% құраса, жеке кәсіпкерліктен 95,4% құрап отыр. Барлық шағын және жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 2016 жылы  өндірілген өнім көлемі 1069,8 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырсақ 101,7 пайызды құрап, 18,1 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Сондай-ақ, бюджетке түскен салық көлемі 88,1 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырсақ 8,8 млн. теңгеге артты.

    «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012-2016 жылдары жалпы сомасы 1409,9 млн. теңгені  құрайтын 9 жоба жүзеге асырылды. Бағдарламаның 1 бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша жалпы сомасы 29,9 млн. теңгеге 6 жоба, инфрақұрылымды дамытуға 1377,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба болса, грантқа ие болған 3,0 млн. теңгеге 1 жоба жүзеге асырылып отыр.

    2016 жылы 1 жоба 5,9 млн. теңгеге сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша Мойынқұм ауылының кәсіпкері Қораласбаев Тәнкібай екінші мәрте «Халық банк» АҚ арқылы тіс емханасының екінші қабатын жөндеуге 5,9 млн. теңге несие алып, жобаны жүзеге асыруда.

    Шығанақ ауылында республикалық маңызы бар автожол бойында  «KazStar Сonstruсtion kompani» ЖШС кемпинг құрылысы аяқталып, жолаушыларға толық қызмет көрсетуде. Кемпинг құрамына жанар – жағар май станциясы, дүкен, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталығы кіреді.

    Бірлік ауылында Шу-Бурыбайтал автожол бойында халыққа қызмет көрсету саласында үлкен тойхана, жылыжай құрылысы жүргізілуде.

    Қарабөгет округінде жергілікті тұрғын тарапынан наубайхана ашу үшін тұрғын үй ғимараты сатып алынып, наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар алынып, бүгінгі таңға халыққа қызмет көрсетуде.

    Мойынқұм ауылында жеке азамат тарапынан техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде. Амангелді көшесінің бойында компьютерлік қызмет көрсету орталығының жұмысы жүргізілуде.

    Мыңарал ауылында жеке кәсіпкер наубайхана құрылысын жүргізіп жатса, Көкжелек ауылында мейрамхана соғылып, пайдалануға берілді.

    БЮДЖЕТ

    2017 жылдың 1 қаңтарына бюджетке салықтар мен төлемдер түсу болжамы 2625,5 млн. теңге болса, нақты 2800,6 млн. теңге жиналып, болжамнан 175,1 млн. теңге артық түсті.

    Республикалық бюджет болжамы 478,3 млн. теңге болса, нақты 515,1 млн. теңге, облыстық бюджет болжамы 867,2 млн. теңге болса, 886,8 млн. теңге түсті, Ал аудандық бюджет болжамы 1280,0 млн. теңге болса, 1398,6 млн. теңге түсіп, 109,3 % құрады.

    Аудан бюджетiнiң жалпы шығындары бойынша жоспар 5448,1 млн. теңге болса, одан 5424,2 млн. теңге игерілді.

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

    2016 жылы өтініш берген жұмыссыздар саны 1128 адам болса, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандары  880 адам, жыл соңына ресми тіркелгендер саны 326 адамды құрады. 100 жаңа жұмыс орындары ашылса, оның бәрі шағын және орта бизнес саласы бойынша.

    «Алтыналмаз» акционерлік қоғамы 22 бос жұмыс орынға, «Шығыс Кен Басқармасы» ЖШС 3 бос жұмыс орынға, «1000-Арал» ЖШС 15 бос жұмыс орынға сұраныс берген.  Олардың ішінде «1000-Арал» ЖШС 15 азамат жолданды. Қалған 27 бос жұмыс орындарына біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлер іздестірілуде.

    Жастар іс-тәжірбиесі бойынша жергілікті бюджеттен 3700,0 мың теңге қаралып, 2016 жылы   29 жасқа дейінгі 28 жас азаматқа жолдама беріліп, оның 3700,0 мың теңгесі толығымен  игерілді, облыстық бюджеттен 3893,9 мың теңге қаралып, 2016 жылы   29 жасқа дейінгі 70 жас азаматқа жолдама беріліп, оның 3893,9 мың теңгесі толығымен  игерілді. Барлығы  98  адам жіберілді.

    Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 4900,0 мың теңге бөлініп, 2016 жылы   40 адам жолданып, қаралған қаржының 4900,0 мың теңге толығымен  игерілді. Облыстық бюджеттен 14744,1 мың теңге қаралып, 2016 жылы 88 азаматқа жолдама беріліп, оның 14744,1 мың теңгесі толығымен   игерілді. Барлығы 128 адам  жіберілді.

    Ақылы қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 34586,0 мың теңге бөлініп, 2016 жылдың 12 айына  204  адам тартылып, қаралған қаржының 34586,0 мың теңгесі толығымен  игерілді. Облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаралып, 2016 жылы  90 адам тартылып, оның 10,0 млн. теңгесі толығымен  игерілді.  Барлығы 294 адам жіберілді.

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындауға жергілікті бюджеттен 168,0 мың  теңге қаралып, 2016 жылы аз қамтылған 3 отбасылары нақты анықталып, оның 24 мүшесіне 167,1 мың теңге  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып,  толықтай төленді.

    18 жасқа дейінгі Мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен 29 172,5 мың теңге, республикалық бюджеттен 4000,0 млн. теңге  қаралып,  2016 жылы  18 жасқа дейінгі 537 отбасының 1663 балаларына  Мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, қаралған қаржы толығымен игерілді.

    «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке  жергілікті бюджеттен  2393,0 мың теңге, республикалық бюджеттен  5416,0 мың теңге қаралып,  2016 жылы  38 отбасының 238 мүшелеріне  қаралған қаржы толықтай игерілді.

    Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы  № 636 қаулысымен бекітілген және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген.

    2016 жылы Бағдарламаның 1 бағыты бойынша «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» мақсатында ауданда осы бағдарламаға қатысушы болып  7 нысан белгіленген. Осы нысандарға  Республикалық бюджеттен 76,236 млн. теңге  көлемінде қаржы қаралып, белгіленген нысандарға жалпы 32  адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде  Жұмыспен қамту орталығы арқылы (50 пайызы) яғни 16 адам жұмыспен қамтылуы жоспарланып, белгіленген 7 нысанға 18 адам жұмысқа жолданып, жоспар толығымен орындалды.

    Бағдарламаның 2-бағыты бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» мақсатында шағын несиелендіруге 2016 жылы  ауданымызға 175,2 млн теңге  қаралып, 46 адамға шағын несие беру жоспарланып, ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ы арқылы бүгінгі таңда барлығы 53 адамға 175,2 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде: 45 адам мал шаруашылығын кеңейту, 1 адам асхана ашуға, 3 адам тігін цехын ашуға, 1 адам ТЖО ашу, 1 адам сүт цехын ашу, 1 жылыжай соғуға, 1 адам жиһаз цехын ашуға несие алды.  Осының ішінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бақылауына берілген 78 млн. теңгеге  09.08.2016 жылғы шешіміне сәйкес 18 –азаматтың тізімі анықталып, ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-на жолданып, оның ішінде 16 адам 78 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.

    Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында барлығы 53 азаматқа несие беріліп, оның ішінде 42 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп,  қосымша жұмыс орындарын ашқан, қалған 11-азамат несиені желтоқсан айында алуына байланысты қосымша жұмыс орындарын ашып үлгермеді, жылдың аяғына дейін тіркеліп, қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде ескертілді.

    Бағдарламаның 3-бағыты бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша ағымдағы жылы 8 адамды оқыту жоспарланып, қайта даярлау 3 айлық курсына 4 адам шаштараз, дәнекерлеуші мамандығына жолданып, оқуларын аяқтады. Бүгінгі таңда барлығы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

    Біліктілігін арттыру 1-айлық курсына 4-адам есепші, дәнекерлеуші мамандығына жолданған. 1-айлық курсына жолданған 4-азамат оқуларын аяқтап, жұмысқа орналастырылды. 

    Әлеуметтік жұмыс орындарына 18 114 000 теңге көлемінде қаржы қаралып, 126 азаматты жұмысќа тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 29 шаруа- қожалықтармен келісім шарт жасалып, 128 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Қаралған қаржы толық игерілді.

    Жастар іс-тәжірибесі бойынша 11 453 000 теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін 68 азаматты тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 98 азамат мерзімдік жұмысқа жолданды. Қаралған қаржы толық  игерілді.

     

    Білім беру

    2016-2017 оқу жылында ауданда 21 орта, 2 негізгі, 2  бастауыш мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар «Балалар мен жасөспірімдер» орталығы, М.Жұмабаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат, «Балалар саз мектебі», «Өнер және қосымша білім беру» мектебі, «Техникалық шығармашылық» орталығы, «Аула клубы», 15 балабақша мен 7 шағын орталық білім алушыларға қызмет көрсетуде.

    2016 жылы аудан бойынша барлығы 943 мұғалім болса, оның 231 жоғары және 248 бірінші санатты мұғалімдер. Екінші санатты 243, санаты жоқтар 221.

    Білім бөліміне қарасты 15 балабақшадағы 56 топта 1265, 7 шағын орталықта 190 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу 62,6 %.

    Барлығы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалуға 11536,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қала маңындағы сауықтыру лагеріне 230 балаға 6 330,0 мың теңге қаралып, толық игерілді. Мектепшілік бір мезгіл ыстық тамақ берілетін лагерьге 1636 оқушы тартылды.  Аудандық бюджеттен 5 236,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері аудан бойынша екі ауысымда өтті. Бірінші ауысымда 908 оқушы, екінші ауысымда 728 оқушы тартылды. Тамақ ішуді ұйымдастырмайтын мектеп жанындағы лагерге 2266 оқушы қамтылды.

    Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында аудан мектептерін  оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамту үшін жергілікті  бюджеттен 32146,0 мың тенге қаражат бөлініп, 1,8 сынып оқулықтары мен 4 сыныптың «Ағылшын тілі» пәні, 9 сыныптың «Зайырылық дінтану негіздері»  пәні бойынша мектеп оқушыларын 100 пайыз оқулықтармен қамтылды.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуге 260 мектеп бітірушінің 225-і (86,5%) қатыстыӨткен жылға қарағанда, ҰБТ-ге қатысқан бітірушілер үлесі 4,7 %-ға өсті. Тестілеуге қатысқандардың 87,5 %-ы (197) қазақ тілінде, 12,4 %-ы (28) орыс тілінде тапсырды. Аудан бойынша ҰБТ орташа балл 79,3 болды.

    Ауданда 23 мектепте асхана бар, оның 20 типтік асхана болса, 3-еуі ыңғайластырылған асхана.  2016 жылдың 7 қарашасынан бастап білім бөліміне қарасты 23 мектептің 1 сыныптардағы  730 оқушыға және  аз қамтылған отбасынан шыққан 230 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Аудандық мәслихаттың 2016 жылдың 31 қазанындағы №5-5 шешімімен аудандық бюджеттен ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларына 960 балаға 10890,0 мың теңге бөлініп, ыстық тамақтың жан басына шаққандағы құны 1 балаға 360 теңге болып бекітілген.

    Қасымов орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1500,0 мың тенге,  Ақбақай орта мектебіне қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге, М.Әуезов орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1500,0 мың теңге, мектептің  142,8 м.кв. терезесі ауыстыруға 5,0 млн. теңге, Қ.Сәтбаев орта мектебіне жылу жүйесін ағымдағы жөндеу 3,0 млн. теңге, Ы.Алтынсарин орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1300,0 мың теңге, Ә.Төлепбергенов орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге, мектепті қоршау жұмыстарын жүргізуге 4,9 млн. теңге, Т.Рысқұлов орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге, әжетхана салуға 1,9 млн. теңге, М.Жұмабаев орта мектебі ауласын абаттандыруға 7,0 млн. теңге, Ағыбай батыр атындағы негізгі мектебінің шағын орталық ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,5 млн. теңге, Аула клубы қосымша білім беру мекемесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 7,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.

    Облыстық бюджеттен М.Әуезов орта мектебінің қазандығын ауыстыру жұмыстарына 49,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды. Ақбақай орта мектебінің шатырына ағымдағы жөндеуге 12,0 млн. теңге бөлінсе, «Ақбөпе» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 11,4 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

    «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» аясында «Балдырған» балабақшасының асханасын ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 2,3 млн. теңге, К.Қасымов орта мектебіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 4,9 млн теңге, М.Әуезов орта мектебіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 4,3 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары толық аяқталса, аудандық бюджеттен бөлінген 92,0 млн. теңгеге Шығанақ ауылындағы 140 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    Денсаулық сақтау

    Аудан халқына денсаулық сақтау саласында 90 төсектік 1 орталық аурухана,  30 төсектік  1 туберкулезге қарсы аурухана, емхана бөлімшесі, отбасылық денсаулық орталығы, 1 ауылдық емхана, 8 дәрігерлік  амбулатория, 5 ФАП, 10  медициналық тірек   көмек көрсетеді.

    Аудан бойынша халық саны 32900, оның ішінде тууға қабілеті бар әйелдер саны  6210, 14 жасқа дейінгі балалар  8693, 1 жасқа дейінгі балалар  612.  Аудандық денсаулық сақтау саласында 54 дәрігер, 238 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. 2016 жылы 45 дәрігер, 79 медбике біліктілігін арттырды. 4 жас маман дәрігер ( 2-ВОП, 1- оташы, 1-фтизиатр) келіп, 800,0 мың тг. облыстық бюджеттен, 126,0 мың теңге жергілікті бюджеттен сыйақы берілді. 2016 жылы тәулік бойы стационарда  3666 науқас, күндізгі стационарда 3303 науқас емделіп шықты. Ауруханада стационарға жатқызу порталы тұрақты жұмыс атқарады. Аудандық орталық ауруханасы арқылы порталдан 2865 науқас өтті, оның республикалық клиникаларға 109, облыстық клиникаларға 395, квота арқылы 28 науқас өтті.

    2016 жылға 0-17 жасқа дейін 8827 бала профилактикалық тексерістен өтіп, 2534 науқас анықталып, 1465 бала сауықтырылып, 167 бала диспансерлік тізімге алынды. Мақсатты топтағы тұрғындар скринингтік тексерістен өтті.  Қан айналым жүйесіне 2930 адам жоспарланып, 100%-ға тексерістен өтті, 258 науқас анықталып, диспансерлік есепке алынды. Қант диабетіне 2930 адам тексерістен өтіп, 16-науқас диспансерлік тізімге алынды. Тік ішектің қатерлі ісігін алдын алу мақсатында 1514 адам жоспарланып, 100%-ға тексерістен өтті. Жатыр мойынының қатерлі ісігіне 679 әйел, сүт безінің қатерлі ісігіне 658 әйел жоспарланып,тексерістен өткізілді, науқас анықталған жоқ. Анықталған науқастардың барлығы денсаулық мектебінен өтіп, қажетті тегін-дәрі дермектермен қамтамасыз етілді. Флюрографиялық тексеріске 11500 адам жоспарланып, 100%-ға орындалды.

    Манту сынамасы 6758 балаға жоспарланып, 100% орындалды. Туберкулезден алғашқы аурушаңдықпен 16 адам есепке алынды. 2016 жылға ана өлімі тіркелген жоқ, 2  нәресте өлімі тіркелді, облыстық ауруханада 2 нәресте де қайтыс болды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 316 жүкті әйел тіркелген, оның 59-і қатерлі топтағы жүктілер. 2016 жылы 589 нәресте дүниеге келді.

    Медициналық көмектің қолжетімділігн қамтамасыз ету мақсатында кестеге сай, медициналық амбулаториялық жылжымалы жиынтығы, жылжымалы маммограф қондырғылары елді мекендерді аралап, тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Жүрмелі медициналық кешен автокөлік, терапевт, стоматолог, акушер-гинеколог, окулист, хирург, оталаринголог мамандарымен және УЗИ, рентген аппараттары, қан, зәр құрамын жеделдетілген әдіспен зерттейтін зертханамен жабдықталған. 2016 жылы  жылжымалы емханамен 25 елді мекендерді аралап, тексерістен 19218 адам өтіп, 9450 науқас анықталып, 3915 науқас емдеуге жіберілді. Онкологиялық сырқаттың алдын-алу, бастапқы сатысында анықтау мақсатында емханада дәрігерге дейінгі қабылдау, әйелдер және ерлерді алдын-ала тексеру кабинеттері ашылған. 2016 жылға ерлер кабинетінен 3645 пациент өтіп, 132 сырқат анықталды, әйелдер көрінетін кабинеттен 5016 пациент өтіп, 217 сырқат анықталды. Телемедицина арқылы облыстық мамандардан 68 науқас кеңес алып, телемедицина арқылы 13 телеконференция өткізілді.

    Материалдық техникалық жарақаттандыруды  арттыру мақсатында аудандық ауруханасына құны 69940,0 теңге анализатор флуоресцентный, спирогроф, стресті тестілеу жүйесі және холтер бойынша мониторлау, 12 каналды ЭКГ аппараты 5 дана, УЗИ жүрек, анализатор рефлектометр, құны 6440000 теңге 2 санитарлық УАЗ автокөлігі, 8 дана компьютер сатып алынды. Құны 35469389 тг. орталықтағы (ОДА) ғимараты, орталық ауруханаға 17472000 тг лифт, 8664652 тг пандус, 7314084,96 тг емхана бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қияқты ауылында 5 келушіге арналған, құны 45 милл. тг. жаңа медициналық тірек  пайдалануға берілді.

     

    Мәдениет

    Бүгінде аудан тұрғындарына 38 мәдени нысан қызмет көрсетеді. Олар  1 орталық мәдениет үй, 17 ауылдық клубы, 2 халық  театры. 1 ән-би ансамбілі. Сондай ақ, 1-аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 18-ауылдық кітапханалар филиалы, 1-балар бөлімі бар.

    Аудандық мәдениет үйінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Шығанақ ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін 5589,0 млн. теңге қаражат қаралып, жұмыстары толық аяқталды.

    Мәдениет үйінің әртістеріне киім кешек тіктіру үшін аудандық бюджеттен 750 мың теңге қаражат қаралып сапалы киімдер алынды. Аудандық мәдениет үйінің шатырын жөндеу және сахнаның үстін жылыту жұмысына ЖСҚ дайындалып, 1800,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, игерілді.

    Үлкен зал сахнасына 5100,0 мың теңгеге заманауи сапалы LED экран орнатылды. 1900,0 мың теңгеге үлкен залы сахнасына заманауи сапалы музыкалық түрлі-түсті жарықтандыру қондырғысы алынды.

    2016 жылға мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу үшін аудандық бюджеттен 6600,0 мың теңге қаражат бөлініп, әр түрлі деңгейдегі 864 іс-шара өткізіліп, оған 15984 адам қамтылды.

    Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туылғанына 50 жыл толуына орай «Жырым да сен, сырым да сен ер Қайрат!» атты аудандық патриоттық әндерді орындаушылар байқауы өтті.  Байқауға 12 елді мекеннен үміткерлер қатысты.

    Спорт

             Ауданда 105 спорт нысандары  аудан тұрғындары үшін қызмет көрсетеді. 1  спорт кешені, 1  орталық стадион, 27  спорт залдар, 76  спорт алаңдары бар.

    Дене тәрбиесі мен спорт саласында барлығы 106 маман еңбек етеді. Атап айтқанда, 24-і аудандық спорт мектебінде, 1Мойынқұм колледжінде, 64-і жалпы білім беретін орта мектептерде, 9 аула клубында, 3 аудан әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімінде, ауыл әкімдіктерінде 5 спорт әдіскерлері жұмыс істейді. Ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны салыстырмалы түрде 2015 жылы 8158 адамды немесе аудан халқының 24,8% құраса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 26,6% немесе 8742 адам спортпен тұрақты айналысуда.

    Жастар саясаты

    2015 жылдың 9 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруды өзінің негізгі бағыты ретінде ұстана отырып, ауданымызда қаралып отырған мәселе бойынша ауданда төмендегідей  жағдай қалыптасып отыр.

    Ауданда  14 пен 29 жас аралығында 7 783 жас бар. Жастар аудан халқының 23,7 пайызын құрап отыр.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балды жинай алмаған түлектер саны- 64. 35 түлек ақылы негізінде ЖОО,  25 түлек арнаулы оқу орындарына (колледж) оқуға түсті. 2016 жылы 95 жас әскер қатарына шақырылса 78 жас  Отан алдындағы әскери борышын өтеуде.

    2016 жылы 77 жас мамандардың ішінде 51 білім  саласы, 24 денсаулық саласы, 2 ветеринария саласына келді. 2016 жылы келген жас мамандарға бөлінген көтерме жәрдемақы 11,3 млн. теңге. Ал бюджеттік несиеге тұрғын үй сатып алғандарға бөлінген қаржы көлемі 63,4 млн.тг.  2016 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ресми 389 жас тіркелді. Тұрақты жұмысқа 307 жас орналасқан. Қоғамдық жұмысқа – 72 жас, жастар тәжірбиесі – 98, жастар тәжірбиесімен тұрақты жұмысқа орналасқан – 24 жас.

    Жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша жастар ресурстық орталығы тарапынан мүдделі мекемелерді тарта отырып, 37-ге жуық арнайы семинарлар, кездесулер, түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған арнайы мамандардың қатысуымен 27-ден аса семинарлар мен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

    Құрылыс

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 1306,7 млн. теңге. 2015 жылдың тиісті кезеңінен 46,8 % кеміді. (2015 жылы 2456,9 млн. теңге) Жалпы өңірлік өнімдегі үлес салмағы 3,3 %. Ауданда жеке меншік есебінен жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемінің қысқаруына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

    Шығанақ ауылындағы 140 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

    Жобалық құны 49,2 млн. теңгені құрайтын М. Әуезов атындағы орта мектебі ғимаратының қазандығын, жылу құбырын және жылу жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталып, қаржысы толық игерілді.

    Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз, Бурылбайтал ауылдарының оңайлатылған бас жоспарын әзірлеуге 10,0 млн. теңге қаржы қаралып, толықтай игерілсе, Кеңес, Бірлік, Биназар ауылдарының егжей –тегжейлі жоспарын дайындауға 10,0 млн. теңге қаржы қаралып, 9,5 млн. теңгесі игеріліп, дайындалды.

     

    Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 

    Аудан аумағында жалпы 1138 шақырым автомобиль жолдары өтеді. Оның 342 шақырым  республикалық  маңыздағы жол  торабы, 511 шақырым облыстық маңыздағы жол  торабы, 284 шақырым аудандық  маңыздағы  жол торабын  құрайды.Сонымен қатар  аудан елді мекендерінің көше аралық 189,3 шақырым автомобиль жолдары бар.

    Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел облыстық мәндегі автомобиль жолының 2015-2016 жылдары 25-54 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына 479,8 млн. теңге бөлінді. Оның 252,0 млн. теңгесі 2015 жылы игерілсе, 2016 жылға қарастырылған 227, 8 млн. теңге игеріліп,  жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 0-25 шақырым аралығын жөндеуге облыстық бюджеттен 530,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.  2016  жылы  автомобиль  жолдарына  орташа  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  облыстық  бюджеттен  201,7  млн.  теңге  бөлінді.

    Хантау ауылының Биназар көшесі 1,35 шақырымын орташа жөндеуге 25715,0 мың теңге,  Көкжелек ауылына кіре-беріс 5,8 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 53817,0 мың теңге,  Ақсүйек ауылына кіре-беріс 4,0 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 52640,0 мың теңге және  Мирный-Қияхты 12 шақырым (2016 жылға өтпелі) автомобиль жолының қалған 7 шақырымына 55959,0 мың теңге бөлін қаражат толығымен игерілді.

    Мойынқұм ауылы Амангелді көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол жөндеуге (тротуар)  35,0 млн. теңге  бөлініп, қаражаттар толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

    Мұқанов және Әуезов көшелеріне үнемделген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстарына 6925,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Сондай-ақ аудан елді мекендерінің көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Мойынқұм ауылы Б.Омаров көшесінің 1,4 шақырымы, Қабышев көшесінің 0,5 шақырымы ағымды (гравиный) жөндеуден және аудан орталығының көшелері ағымды (ямочный) жөндеу жұмыстарынан өткізілді.

    «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ҚР Үкіметінің арнайы резервінен Мойынқұм ауданындағы елді мекендердегі көшелерге ағымдағы жөндеу, абаттандыру және кіші футбол алаңының жұмысын жүргізуге республикалық бюджеттен  71353,0 мың теңге және облыстық бюджеттен  7928,0 мың теңге бөлініп, қаражаттар толық игерілді.

     

    Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау

     

             Ауданда Мойынқұм, Бурыл Байтал және Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері жұмыс атқарады. Ауданның жалпы жер көлемі 5045071 гектарды құрайды, оның ішінде мемлекет орман қоры жерлері 1925665 гектар немесе аудан аумағының 38,1 пайызы.

    Орман қоры жерлерінің 1178865 гектары орман ағашымен көмкерілген жерлер немесе жалпы орман қоры жерлерінің 61,2 пайызы. Орман қорындағы орман ағашымен көмкерілген жер көлеміне сәйкес ауданның орманды өңірлігі 23,4 пайызды құрайды.

    2016 жылы орман екпе ағаштары (лесные культуры) қорынан бес жылдық 1200 (Мойынқұм-300, Көктерек-500, Бурыл-Байтал-400) гектар орман екпелері орман ағашымен көмкерілген санатқа ауыстырылды.

    Орманды пайдалану бойынша орман қоры жерлеріндегі 24017 гектар жайылымдықтарды 32 жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары мал жаюға пайдаланылып 2,0 млн. теңге, 60,0 мың кг. дәрілік шөп сұңғыланың тамырын 5 пайдаланушы жергілікті халықты қатыстыра дайындап, 9,8 млн. теңге, 20 жеке тұлға 1,8 тонна саңырауқұлақ жинап 132,4 мың теңге, жалпы сомасы 11,9 млн. теңге төлемақы орманды пайдаланғаны үшін жергілікті бюджетке кірістелінді.

    2016 жылы өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 рет орман өрті (Қосқұдық-1/13,5га, Көктерек-1/0,5га) болып 14,0 гектар жер өртенді, өрт салдарынан келтірілген шығын жоқ.

    Орман шаруашылығы мекемелер қарамағында 27 адамнан тұратын мемлекеттік емес өртке қарсы 3 бөлімше бар. Мемлекеттік емес өртке қарсы бөлімшелер 1 дана арнайы өрт сөндіру автомашинасымен, 3 дана өрт сөндіруге қолданылатын арнайы тіркемелермен, өрт сөндіру құрал-жабдықтармен жабдықталған.

    2016 жылы орман күзету және орман пайдалану заңдылықтарын бұзған 73 фактісі анықталынып, орман заңдылықтарын орындамай бұзған 73 азаматқа хаттама толтырылды, салынған айыппұл сомасы 555,0 мың теңге, өндірілгені 510,6 мың теңге немесе 92,0 пайыз, орманға келтірілген зиян сомасы 287,8 мың теңге, өндірілгені 168,1 мың теңге немесе 58,4 пайызы және 3 азаматқа ескерту берілді.

    Мойынқұм орман шаруашылығында орманды пайдалану мен қорғау заңдылықтарын бұзушыларға 20 хаттама толтырылды. Оның ішінде 17 орман қорына келтірілген залал шығыны 63,0 теңге, салынған айыппұл 180,3 теңге және 3 адамға ескерту берілді. Бүгінгі таңда салынған 243,3 мың теңге залал шығыны мен айыппұл толығымен өндірілді.

    Көктерек орман шаруашылығында орманды пайдалану мен қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін 51 хаттама толтырылды. Оның ішінде 358,2 мың теңге әкімшілік айыппұлдың 313,8 мың теңгесі өндірілсе, 224,8 мың теңге орман қорына келтірілген залал шығынның 105,1 мың теңге өндірілді. Сол сияқты Бұрыл-Байтал орман шаруашылығында 2 рет заң бұзушылық деректері тіркеліп 16,5 мың теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

    Қыс маусымында сексеуіл отыны әр отбасыға 4 текше метрден тегін босатылуда.

    Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобы 2013-2016 жылдары орын алған 126 заң бұзушылықтан 829,7 мың теңге айыппұл өндірсе,  сексеуілді заңсыз тасымалдау, сату деректері бойынша 111 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген.

    Құжат айналымы мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

     

    2016 жылдың  20 желтоқсанына аудан әкімі аппаратының құжат айналымы 11916(2015-8464) құрады. Аппаратқа – 8614 (2015ж.-6215) кіріс құжат түссе оның ішінде Қазақсан Республикасының Президентінің Жарлығы 30 (2015ж.-19), Үкімет қаулысы 40 (2015ж.-23), облыс әкімдігінің қаулысы 129 (2015ж.-108), облыс әкімінің өкімі 56(2015ж.-41), облыс әкімінің әр-түрлі хаттамалары – 67 (2015ж.-55), 2321(2015ж.-1898) қызметтік хат облыс әкімі аппаратынан, 2338(2015ж.-1859) облыстық  басқармалардан, 3633 (2015ж.-1918) републикалық және жергілікті мекемелерден  түскен.

    Шығыс  құжаттардың саны 3302-і (2015ж.2249) құрайды. Кіріс және шығыс құжаттардың былтырғы жылмен салыстырғанда арасалмағы 3452 құжатқа көбейген.

    2016 жыл басынан бүгінгі таңға аудан әкімінің 3 шешімі (2015ж.-3) аудан әкімдігінің 347(2015ж.- 386) қаулысы қабылданып, оның 19-ы(2015ж.-18) бақылауға алынды. Аталған 19 қаулының бүгінгі таңға  12 қаулы уақытылы  бақылаудан алынды, қалған 7 қаулының бақылау уақтысы келесі жылға жалғасады.

    Өтініштер  бойынша

    Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2016 жылдың 20 желтоқсанына барлығы 826 (2015ж.-798) өтініш арыз түскен.  Оның ішінде заңды тұлғалардан түскені  430 (2015ж.-380).  Аудан әкімі аппаратына заңды тұлғалардан түскен өтініштердің 27 түсінік берілсе, 70 өтініш қанағаттандырылып, 133 өтініш төменгі органдарға жолданған.

    Жеке тұлғалардан  306 (2015ж.-331) өтініш тіркелген. Өтініштердің аудан әкімі аппаратында қаралғаны 116, төменгі органдарға жіберілгені 190. Жыл басынан бері аудан әкімінің блогына 8 (2015 жылы-7), сенім телефонына 3 өтініш түскен. Барлық өтініштер уақтылы қаралып,  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптары мен түсініктемелер жолданып отырды.

    Қоғамдық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес

    2016 жылы аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, жолын кесуде жүргізілетін іс-шаралар кезінде полиция учаскелік инспекторларының жауапкершілігін арттыруда айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

    Аудан бойынша 16 ауылдық округтерде, штат бірлігіне сай 16 учаскелік полиция инспекторлары және 3 учаскелік инспекторларының көмекшілері қызмет атқарады.

    Ауыр және аса ауыр  21 қылмыс тіркеліп, ашылуы 95,2 пайызды құраса, 2015 жылдың қорытындысымен 10 қылмыс тіркеліп, ашылуы 88,9 пайызды құраған. Жол апаты бойынша 2015 жылдың қорытындысымен 39 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құраса, 2016 жылдың қорытындысымен 29 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құрады. Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 2015 жылы  60 қылмыс тіркеліп, ашылуы 68,5 пайыз болса, 2016 жылы 49 қылмыс тіркеліп, ашылуы 67,3 пайызды құраған. Оның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 2015 жылы 10 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100 пайыз болса, 2016 жылы 6 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100,0 пайызды құраған. Мал ұрлығы 2015 жылы 13 қылмыс тіркеліп, ашылуы 66,7 пайызды құраса, 2016 жылы 14 қылмыс тіркеліп, ашылуы 75,0 пайызды құрады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района