Аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп

Аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп

 

                 Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2018 жылдың I-ші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2018 жылдың I-ші тоқсанына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес келесі жұмыстарды атқарды.Қаңтар айында ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінің барлық параметрлері бойынша есептіліктері облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылса, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылдың қортындылары бойынша есептіліктер жинақталып, әр көрсеткіштер бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, ақпан айындағы әкімдік отырысына ұсынылып қаралды.  Аудан әкімі орынбасарында 2017 жылдың қортындысымен салықтық түсімдердің орындалуы мен кәсіпорындардың бюдежтке берешек қарыздарын өндіру барысы туралы және өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік жоспараларының орындалуына сараптама жасау мәселелері қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Жыл қортындысымен әр ауылдық елді мекен бойынша мониторинг жүргізіліп, тиісті мәліметтері сәйкестендірілді.

Ауданды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторларының 2017 жылдың қортындысымен орындалуына нақты есептіліктер жинақталып, орындалмаған әр көрсеткішке талдау жасалып, тиісті бөлімдерге ұсыныстар жіберілді. Бұл есептілік бойынша ақпан айында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық тексеру жүргізіп, қортындысы аудан әкімдігіне жіберілді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы «Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту бағытындағы жергілікті атқарушы органдардың міндеттері» туралы келісім жобасы дайындалып осы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар аудан әкімі мен облыстық басқармалар арасынада белгіленген межелер бойынша келісге қол қойылып, қазіргі таңда осы аталған көрсеткіштердің I-ші тоқсанға орындалуы туралы ақпараттар жинақталуда.

Ақпан айында, ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында әр бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттік өтінімдер жинақталып, наурыз айындағы мәслихат сессисясына ұсынылып, берліген бюджеттік өтінімдер негізінде бағдарлама әкімшілеріне тиісті қаржы көлемі бөлінді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бекітілген кезеңдерге сәйкес айлық, тоқсандық есептіліктер және жоғарғы органдардан келіп түскен тапсырмалар уақтылы орындалуда.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00