Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

27 қаңтар 2017

Құрметті аудан тұрғындары! Уақыт жылжып тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, жаңа – 2020 жыл төрімізге аяқ басты. Жаңа жыл – жүріп өткен жолымызға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. Өткен 2019 жыл еліміз үшін экономикалық, саяси тұрғыдан жемісті жыл болды. Жыл ағымында облысымыздың 80 жылдығын тойлау аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Жаңа жыл – кешегіні саралап, келешекке бағдар жасап, үкілі үмітпен қадам басар кезең. Осы күні бір-бірімізге жақсы тілектер арнап, Жаңа жылға жаңа үмітпен қадам басамыз. Өткен жыл біздің ауданымыз үшін де қарқынды және қызықты сәттерге, табысты еңбек пен елеулі мерекеге толы жыл болды. Келе жатқан жаңа жыл жақсылыққа деген үмітті, мейірімділік жеңісі мен өзара сүйіспеншілікке деген сенімді тудырады. Бұл біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу жоспарларының ең батыл бағыттарын жүзеге асыруға жаңа күш пен қуат береді. 2019 жылғы ауыз толтырып айтатын барлық жетістіктеріміз мойынқұмдықтардың бірлік пен ынтымағының жарқын болашаққа деген сенімінің көрінісі. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жаңа жыл бірлік пен ынтымақ, тұрақтылық, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Құрметті мойынқұмдықтар! Сіздерді 2020-жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылда әр шаңыраққа жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Тышқан жылы – мерейлі істерге толы жыл болсын!

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00