Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары!

Баршаңызды бүгінгі тарихи мәні зор, мерейлі мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Соның нәтижесінде асқар асулар мен биік белестерді бағындырдық, еңселі елге айналдық.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Құрметті жерлестер!

Ортақ мақсатымыз жалпыұлттық бірлік пен тұрақтылықты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамда тұрақтылық пен келісім негізін сақтау.

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Конституция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып,

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

 

 

     Аудан әкімі Б.Нүркеновтың 04 маусым – Рәміздер күнімен құттықтауы!!! 

       Тәуелсіздікті – еліміздің алтын күмбезі дер болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған рәміздеріміз. Еліміздің Ата Заңы – Конституциямыздың 9 бабында: «Қазақстан Республикасының рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді» – делінген. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бет – бедерін айқындайтын шартты бір рәсім ғана емес, елді қалыптастырып отырған халқымыздың айбыны, мақтанышы.Алтын шапақты күн астында қалықтаған қыран құс бейнеленген көк байрағымыз бүгінде мемлекеттік мекемелердің ғимараттарының төбесінде желбіреп тұр Елтаңба, Туымыз, Гимніміз орталық Азияның барысы атанған жері мен елі дархан қазақ халқын шартарапқа паш етуде.Ел бірлігінің белгісі мемлекеттік рәміздерді білмей, халыққа құрмет көрсету мүмкін емес. Сондықтан елін, жерін мақтан тұтатын әр қазақстандықтың мектеп қабырғасынан бастап, мемлекеттік рәміздерді біліп қана қоймай, үлкен құрметпен қарауы міндет.Көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерін сақтап қалған ата-бабаларымызда көтерген туын құлатпай, дақ түсірмей, үлкен ерлікпен күрескен. Туған елінің байрағы батырларымызға қайрат беріп, рухын асқақтатқан. Бүгінде әлем қауымдастығының Қазақстан туралы көз қарасы ең алдымен, мемлекеттік рәміздеріміз арқылы қалыптасатыны ақиқат.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің Гимні авторларының бірі болуының өзінде үлкен мән мағына жатқандай.Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Еркіндікке қол жеткен егемен елдің ұлттық рәміз-нышандарын ұлықтау заңды құбылыс.Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, ендеше сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерінде ерекше қадірлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы керек»- деген сөзі еліміздің әрбір азаматтарының жүрек түкпірінде тұруы тиіс.Мемлекет басшысы 2007 жылдың        маусымында Астанада өткен «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында осы күнді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні деп белгілегенін жария етіп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға қол қойғаны белгілі.Салтанатты жиындарда, кез-келген маңызы бар іс-шараларда, спорт жиындарында мемлекеттік  Ту тігіліп, Гимнмен ашылу сәттері дәстүрге берік енгізілді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қажырлығы мен даналағын, болашаққа деген үкілеген үмітін, мақсат тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Бүгін біз айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар, қыраны күнді құшқан құдіретті көк Туымызды, ерлік пен елдіктің иісі аңқығын қасиетті Елтаңбамызды,  қасқайып оң қолымызды жүрек тұсына қойып шырқайтын әуезді Әнұранымызды мақтан етеміз.Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтай келіп, баршаңызға мықты денсаулық пен мол табыс тілеймін!Еліміз аман, заманымыз тыныш, халқымыз қуатты болсын!

 

 

Аудан әкімі Б.Нүркеновтың 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтауы!

   Құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1- маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген.Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.Міне, біздің ауданда, осы балалаларды қорғау күніне арналған  мерекелік шара өткелі отыр. Жаздың алғашқы жайма шуақ күнінде көтеріңкі көңіл тілеймін.1- маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!!!!

 

 

Құрметті жерлестер!
Қадірменді қауым!

Бүгін – ХХ-шы ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Қанша жыл өткенімен «Нәубет» деп атаған саяси қуғын-сүргін мен жаппай ашаршылық жайлы халқымыз ұмытқан емес.
Ия, сол қасіретке толы замана тұсында саяси қуғынға ұшырағандардың арасында мыңдаған Қазақстандықтар да болған еді. Олардың көпшілігі қазақ халқының бетке ұстар зиялы қауымы өкілдері болатын. Халқымыздың көзі ашық, көкірегі ояу маңдай алды ұл- қыздары мен ел болашағын ойлап, аянбай тер төккен ардақты азаматтарымыз құрбан болды.
Тарихтан тағылым алып өскен әр бір саналы азамат үшін әр жылдың өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтар болсақ, биыл 1932-1933 жылдардағы «ашаршылыққа» 85 жыл толып отыр. Осы бір қасіретті жылдарда қазақ халқының тең жартысы (2,3 млн.адам) ғана қырылып қойған жоқ, сонымен бірге елін қорғаған басшылары мен зиялы қауым өкілдерінен айырылды. 616 мың қандасымыз елден жыраққа қоныс аударып, туған жерінен айырылды.
Олардың жарқын өмірі мен жақсы істері әр уақытта жадымызда сақталады. «Жақсының өзі өлсе де, ісі өлмейді»-дегендей олардың өршіл рухы мен асқақ мұраты халқымыздың жүрегінде мәңгі жасайды.
Қадірменді қауым!
Ендігі тілегіміз-мұндай зұлмат, қасірет ешқашан қайталанбасын!
Бабаларымыздың қаны мен маңдай тері, қайтпас қайсарлығымен қол жеткізген Тәуелсіз Қазақ Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деп тілейік!
Еліміз аман, халқымыз бірлікте болсын!

            

 

Аудан әкімі Б.Нүркеновтың   Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай құттықтауы!

Құрметті  тыл және еңбек ардагерлері! Қадірлі қауым!

    Адамзат тарихындағы сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс    күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі  болып қалмақ.
Бұл соғыс әділдік пен зұлымдық арасында шайқас болса,  Жеңіс әрқашан әділдік жағында болатынын көрсетті. Біздің бабаларымыз өзінің туған жерін, Отанын қорғауға деген күштің қандай қуат беретінін көрсетіп, жеңіске жетті.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Жеңіс күні– абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.   

Барлық еліміздегідей, ауданымызда да соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, жыл санап азайып келеді. Бүгінде ауданымызда сұрапыл соғысты басынан кешірген 1 соғыс ардагері және тылда еңбек еткен 66 қария ғана өмір сүруде.  Бұл әрине өмірдің заңы.

Алайда олардың өшпес ерлігі мен жанқиярлық еңбегіне деген құрмет артып, мәңгі жалғаса бермек.  

Ардақты ағайын!

 Соғысқа аттанған Қазақстандықтар сапында  біздің мыңдаған Мойынқұмдықтар майдан шебіне аттанды. Олар  Москва, Псков, Сталинград, Курск түбіндегі қан  майдандарда өшпес ерлік  көрсетіп,  Шығыс Европаны  азат еткендер мен Берлинге       шабуылдаған батырлар қатарында болды.

Біз Ұлы  Отан соғысының  ержүрек, батыл солдаттарын  ерекше  құрметпен еске аламыз және жадымызда мәңгі сақтайтын боламыз.

Соғыс жылдарында біздің ауданның қарттары, әйелдер мен жас балалары   егіс алқаптарында, мал фермаларында аянбай еңбек етті.

Бесіктен белі шықпастан  тағдыр тауқыметін тартып өскен тыл еңбеккерлерінің  Отан тағдырына деген көзқарасы біз үшін шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі болып қала береді.

Құрметті қариялар!

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз – бұл күндi еске сақтау.Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!Ұлы  жеңіс  күні құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын!
Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.     Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін!

                                 

                                                                       Аудан әкімі  Б.Нүркеновты 7 мамыр – Отан қорғау күні мерекесіне құттықтауы!

                                                                                       Отан қорғаушылары!Ардақты  ағайын!

1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіз еліміздің төл әскері – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.

2012 жылы Қарулы Күштеріміздің 20 жылдығына орай Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы  7 мамыр- Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеу туралы бұйрық шығарды. Міне сол жылдан бастап 7 мамыр-Отан қорғаушы күні  ретінде атап өтілуде.Олай болса, Отанымыздың шекарасын, ел тыныштығын күзететін мерейлі мереке иелерін    шын жүректен құттықтауға  рұқсат  етіңіздер!Ел басына күн туған,  Ұлы Отан соғысының  сұрапыл жылдарында Қазақстан халқының төрттен бір бөлігі майданға аттанды. Бұл 1 миллион 700 мыңнан астам адам соғысқа қатысты деген сөз. Олардың жартысынан астамы соғыстан оралмады.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында үлгі боларлықтай  ерлік пен батырлық  танытты.Оларды тек бір күш – Отанға деген сүйіспеншілік сезімі алға жетелеп, жеңіске деген құлшынысын  арттырды.Даңқты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген жалынды сөзі бүгінгі  ұрпақтың  ұранына  айналды. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады демекші бүгінгі таңда ауданымыздың мақтанышы, Ұлы Отан соғысы ардагері Әбдіров Сағаш Әбдірұлы атамыз арамызда отыр. Сағаш ата 1942 жылы мамырдың 4 күні армия қатарына алынып, Отанымызды фашистерден қорғауға аттанған. 1946 жылы соғыста жарақаттанып,  маусым айында туған жерге оралды. Әбдіров Сағаш Әбдірұлы «III дәрежелі Отан соғысының» орденімен, «За оборону Кавказа» медалімен, «Ұлы Отан соғысының жеңісі» медальдарымен тағы да басқа марапаттармен  марапатталған.Отан қорғау жолында артында өшпес із қалдырған ардақты ағаларымыз бен аяулы апаларымыздың есімдерін халқы ешқашан ұмытпайды. Еліміз Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде қорғаныс саласына баса көңіл бөлініп, ауқымды шаралар жүргізілді.

Құрметті  жиынға қатысушылар!

Әскери қақтығыстардың ауылы алыс болғанымен, «Сақтықта қорлық жоқ» екенін  есте ұстап,  кез-келген тосын жағдайларға дайын тұруға тиіспіз. Сондықтан жыл сайын аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім арқылы ел қорғаны болатын азаматтар жасақталып,  әскер  қатарына  жіберілуде. Өткен жылы ауданнан әскери борышын өтеуге 108 азамат жолданса, биыл көктемгі шақыруға тапсырыспен 50 азамат әскер қатарына  аттанбақ. Олар Отан алдындағы борыштарын  қалтқысыз орындайтын үздік сарбаз  болады деген сенімдемін.

Қадірменді қауым!

Біздің тәуелсіздігіміз  бен  тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қалқан болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта  берсін!Баршаңызға мықты денсаулық,  отбастарыңызға амандық, ашық аспан мен қуанышы көп күндер тілеймін

 

АУДАН  ӘКІМІ БАҚЫТЖАН НҮРКЕНОВТІҢ 8 НАУРЫЗ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты аналар, қымбатты қыз-келіншектер! Сіздерді көгілдір көктеммен қатар келетін мерейлі мереке –Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз қыз баласын айрықша ардақтап, оларды инабаттылыққа және иманжүзділікке тәрбиелеп, әйел затына аса қамқорлықпен қараудың халықтың қағидаларын қалыптастырған. Қай заманда болмасын әйел затымен адамзаттың ең асыл армандары мен нәзік сезімдері байланыста болған. Бұл – отбасылық мереке. Бұл –ана жылуы. Бұл – махаббат.

Бүгінде қоғамның барлық салаларында қажырлы еңбек етіп, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің асқаралы шыңына көтерілген елдің дамуы мен өркен жаюында жігер мен қайратын аямаған әйел замандастарымыз аз емес. Бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатта, экономикалық және әлеуметтік ахуалдар жақсартуда ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер – бүкіл халқымыздың мақтанышы.

Қуанышы мен шаттығы мол  мерекеге орай өмірімізге мән, тіршілігімізге сән сыйлайтын сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен бақ-береке тілеймін!

 

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қыз-келіншектер! Сіздерді жылдың ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгіні нығайып, әлем мойындаған абыройға жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты апаларымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз.

 

Аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нүркеновтің

 Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті мойынқұмдықтар! Сіздерді 2017-Жаңа  жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда әр шаңыраққа жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Өткен 2016 жыл еліміз үшін экономикалық, саяси тұрғыдан жемісті жыл болды. Жыл ағымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жаңа жыл – кешегіні саралап, келешекке бағдар жасап,  үкілі үмітпен қадам басар кезең. Осы күні бір-бірімізге жақсы тілектер арнап, Жаңа жылға жаңа үмітпен қадам басамыз. Өткен жыл біздің ауданымыз үшін қарқынды және қызықты сәттерге, табысты еңбек пен елеулі мерекеге толы жыл болды. Әр келе жатқан Жаңа жыл жақсылыққа деген үмітті, мейірімділік жеңісі мен өзара сүйіспеншілікке деген сенімді тудырады. Бұл біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу жоспарларының ең батыл бағыттарын жүзеге асыруға жаңа күш пен қуат береді. 2015 жылғы ауыз толтырып айтатын барлық жетістіктеріміз мойынқұмдықтардың бірлік пен ынтымағының, жарқын болашаққа деген сенімінің көрінісі.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жаңа жыл бірлік пен тұрақтылық, әр отбасы  үшін ырыс пен береке жылы болсын!

Біз алдағы жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев анықтап берген даму даңғылына түсеміз. Президентіміз айтқандай, өсу, реформалар, даму бағытында мойынқұмдықтар да ерен еңбектің көрігін қыздыратынына сенімдімін.

Тауық жылы – мерейлі істерге толы жыл болсын!

 

 

 

АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН НҮРКЕНОВТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті мойынқұмдықтар! Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі және барша қазақстандықтардың атаулы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Ұлы мерекеміз құтты болсын!

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанды дүниежүзі тұрақтылық пен тыныштық, ынтымақ пен ырыстың алтын аймағы деп бағалайды. Өйткені, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға бет бұрған қасиетті халқымыз көпұлтты қазақстандықтардың алаңсыз өмір сүруіне, тағлымды тұрмыс құруына не қажеттің бәрін қамтамасыз етіп келеді. Елдің әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарта беру үшін мемлекеттік көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай оңды өзгерістер мен жаңаруларды аудан өмірінен де айқын байқауға болады. Жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылып, жаңа жұмыс орындары көбейе түсуде. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық пен көмектің аясы кеңейіп келеді. Рухани жаңаруымыздың да баспалдақтары биіктерге бастауда. Ел өміріндегі жанды жадыратар бар жақсылық Тәуелсіздігіміздің мәуелі жемісі. Тәуелсіздік – бағалай білгеннің ғана басында тұратын бақ екендігін әрдайым ескерейік.

 

Ардақты ағайын, Тәуелсіз мемлекетіміздің туы биік, тұғыры берік болсын!

 

 

Аудан әкімі Бақытжан Нүркеновтің Конституция күнімен құттықтауы

Қадірлі мойынқұмдықтар! Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы осыдан 21 жыл бұрын тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Жалпы заңдар тарихына көз жүгіртетін болсақ ойымызға бірден «Жеті жарғы» оралады. Бұл  Тәуке ханның, Төле, Қазыбек, Әйтекедей дана билердің заманында дүниеге келген дала Конституциясы болатын. Ал енді соңғы 1995 жылдың 30- тамызында қабылданған Ата Заңымыз бір арнаға тоғыстырылған, қағидалары тұжырымдалған тарихи құжат болды. Бұл Конституцияның ерекшелігі: біріншіден, заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, заң тұрғысынан айқындап берді. Екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі, лауазымды адамдардың, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді. Үшіншіден, бұл Конституцияда құқық пен жауапкершілік ұғымдары пара-пар көрсетілген. Ата Заңда барлық қазақстандықтарға ортақ құндылықтар бекітілген. Бұл жүздеген этнос, ондаған діни қауым өкілдері тату-тәтті, достық пен келісімде өмір сүріп жатқан қазақ жерінің қасиеттілігі мен біртұтастығын білдіреді.

Құрметті мойынқұмдықтар! Баршаңызды осы тамаша мерекемен тағы да құттықтап, денсаулық пен бақыт, отбасыларыңызға түсіністік, береке-бірлік  және қуанышты күндер тілеймін!

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімі Бақытжан Нүркеновтің Астана күні

мерекесімен құттықтауы

Құрметті мойынқұмдықтар! Сіздерді елдік пен татулықтың туын көтерген, бүгінде ел мен жер төрі атанған киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған елордамыз Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Астана Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Астана қаласы еліміздің жаңаруының қарышты қадамдарымен алға басуының нышаны, көп ұлтты халқымыздың жасампаз күш-қуатының белгісі. Астана еліміздің еркіндік жолындағы саяси ерік-жігерінің нышаны.

Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік орнығуы мен ұлтымыздың қыран ұшқан биікке көтерілуі, Елордамыздың әлем көз тіккен ғажайып ордаға айналуы Елбасы Н.Назарбаевтың теңдесі жоқ батыл шешімі мен ерлігі, жеңісі мен жемісі. Осындай тегеуірінді тәуекелдің нәтижесінде аз ғана уақыт ішінде ұлан-байтақ жеріміздің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасы бой көтеріп, жаңа мәдени-ғылыми, саяси- экономикалық орта, Отанымыздың жүрегі сәулетті де қуатты орда дүниеге келді,

Бұл жас мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өлшеусіз еңбегінің жемісі, Бірлік пен ынтымақты ту етіп көтерген еліміздің жеңісі.

2017 жылы Елордада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуі де еліміз үшін жарқын жеңістерінің бірі.

Сондай-ақ еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енуі де ел мақтанышы. Ал мұны Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деп түсінген жөн.

Баршаңызды тағы да Астана күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, береке мен бірлік тілеймін. Тәуелсіздігіміздің  тірегі, еліміздің жүрегі асқақтаған Астанамыз өркендей берсін!

 

АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЛТАБЕКҰЛЫ НҮРКЕНОВТІҢ

Жеңіс  МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Баршаңызды қасиетті мереке Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс кұні батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символына айналған ұлы және ең ардақты мереке. Жылдар өтер, ұрпақтар алмасар, бірақ, біздің жүректерімізде Отанымызды қорғап қалған ерлеріміздің теңдессіз батырлығының алауы еш сөнбес емес. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі – осынау мерекенің жемісі.

Қымбатты ардагерлер! Сіздердің қиын-қыстау откешу сынақтарда нұрлы бейбітшілік және болашақ ұрпақтарымыздың игілігі мен кемел келешегі үшін көрсеткен табандылықтарыңыз бен батырлықтарыңызға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей, «Қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер ел есінде мәңгі сақталады.

Ортамызға аман-сау абыроймен оралған ардагерлеріміз бен соғыс жылдарының барлық қасіретін басынан өткерген тыл еңбеккерлеріне құрмет қошемет көрсету перзенттік парызымыз..

Ардақты ардагерлер! Осынау мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мереке құтты болсын! Ұлы Жеңіс күнімен!

Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 мамыр- Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан  Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған әскеріміз қазіргі уақытта ең озық, жаңа әскери техникалармен, қару-жарақтармен жабдықталып келеді. Офицерлер мен жауынгерлердің қалыпты еңбек етуіне де жағдайлар жасалған.

Егемен еліміздің қорғанысын қамтамасыз етуде өз әскери міндеттерін абыроймен атқарып жүрген барша офицерлер мен жауынгерлерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбіт өмір береке-бірлік тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЛТАБЕКҰЛЫ НҮРКЕНОВТІҢ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты мойынқұмдықтар!

Тәуелсіздік таңы бізге Шығыс халықтарының құтты да қастерлі мерекесі –Наурыз мейрамын қайта әкелді. Осы жылдарда Наурыз мейрамы біз үшін табиғат жасарып, Жер ана бусанып түрленетін кезде тойланатын, әрі адамдардың рухани жағынан тазаруына жәрдемдесетін, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтатын нағыз жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды.

Наурыз – бұл ең алдымен бірлік пен түсіністіктің, ізет пен ілтипаттың, қамқорлық пен достықтың мерекесі. Бағзы кездерде осы күні қантөгіс соғыстар, руаралық қақтығыстар мен кикілжіңді даулар тоқтатылып, өзара өкпе-араздыққа кешірім жасалған. Наурыз дастарханы адамдарға жылы шуақ құйып, адами қасиетке ұмтылысын оятқан. Бұл күні көпшілік аулалары мен арық-атыздарды тазалап, ауыл маңына, көшелерге, үй іргесіне тал- дарақтар егіп, жаңа өмірге жаңа көзқараспен бет бұрған.

Наурыз мерекесі қарсаңында ауданымызда да санитарлық тазалық, көгалдандыру мен көгеріштендірудің екі айлық шарасы кең ауқымда жүргізілуде. Наурыз –тазалықтың мейрамы. Ел үшін, ұрпақ үшін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді, ағайын! Әлемдік дағдарыстың қиындықтарына төтеп беру үшін біз үшін тек бірлік пен түсіністік керек, адал еңбек пен өмірге құлшыныс та жандарыңызға серік болсын деймін.

Құрметті мойынқұмдықтар!

Көктемнің осынау күнінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасының бақыты мен шаттығын, туған Отанымыз – Қазақстанның гүлдене беруі жолындағы бейбіт еңбектің қуанышы мол болуын тілеймін. Наурызда Сіздердің барлық арман тілектеріңіз орындалып, игі ниеттеріңіз жүзеге ассын.

 

 

 

 

АУДАН  ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЛТАБЕКҰЛЫ НҮРКЕНОВТІҢ

8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қадірлі асыл аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер бір отбасы емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Елбасы Н.Назарбаев іскер талантты, дарынды, талбесікті тербеткен жандарға барынша қолдау көрсетіп, ұрпақ сабақтастығы саналатын ана мен бала мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президентіміздің айрықша қамқорлығы арқасында Сіздер отбасының, мемлекеттің, Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп келесіздер.

Ғабит Мүсіреповтің «Ұлттың болашағы – аналардың қолында» деген сөзі бар. Бұл Сіздерге артылатын сенім жүгінің қаншалықты екенін білдіреді.

Бұл күн – ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды.

Құрметті мойынқұмдық аналар мен арулар! Сіздердің өнбойларыңыздағы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс – қуат дарысын.

 

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін!

 

АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЛТАБЕКҰЛЫ НҮРКЕНОВТІҢ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтып, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықта 1-наурыз жылдың ең сыпайы күні, яғни «Алғыс айту күні» болып жарияланды. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар. Олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді бірдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың  айтуы бойынша, рахмет сөзін айту ад

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00