Ақбақай ауыл әкімі

Ақбақай ауыл әкімі

АҚБАҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ  ӘКІМІ А.Р.АБДРАЗАХОВТЫҢ ЕСЕБІ

 

Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» стратегиясысында еліміздің алдағы мұрат мақсаты айқындалып,құзырлы органдарға нақты міндеттер жүктелгені белгілі.Елбасы Жолдауын басшылыққа ала отырып  ауыл тұрғындарының әл-ауқатын әлеуметтік жағдайларын одан әрі көтеру  мақсатында тиісті іс-шаралар белгіленді.Оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету біздің алдағы уақыттағы басты міндетіміз.  Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз .Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

Өнеркәсіп

Ауыл аумағында А.Қ«А.К Алтын-Алмас Ақбақай филиалы қалыпты жұмыс істейді.Филиалда барлығы 1014 адам жұмыс істейді,оның жергілікті Ақбақай ауылының тұрғындары 186 адам.Ауылдағы жұмыссыздар А.Қ«А.К Алтын-Алмас Ақбақай филиалына кезең-кезеңімен жұмысқа орналасып жатыр.

 

 Ормандар  дүниесін қорғау саласы

Ауыл аумағында Бурубайтал орман шаруашылығы қалыпты жұмыс істейді.

 

Білім беру саласы

Білім саласы бойынша «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда мемлекеттегі білім сапасын көтеруге мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Ақбақай орта мектебінде бүгінгі таңда  118 оқушы білім алады.Оларға 25 ұстаз сапалы білім,саналы тәрбие беруде.Мектепке қысқы отын қоры жеткілікті.640 тонна көмір түсті.2013 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ауылда «Көгершін» бала бақшасында 50 бала тәрбиеленуде.Бала бақшада 22 адам жұмыс істейді.Кезекте тұрған балалар жоқ.

 

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Дәрігерлік амбулаторияда 2 медбике,1 әлеуметтік қызметкер,3 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

2016 жылдың сәуір айының 12,13,14 жұлдызында көшпелі емхана келіп ауыл тұрғындарын толықтай тексеруден өткізді.Ауылда қант диабетімен 9 адам және жүрек ауруымен ауыратын 7 адам есепке алынды. 2016 жылы 13 сәби дүниеге келді. Жаңа туылған нәрестелер мен аяғы ауыр әйелдер  медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

 

Автомобиль жолдарының жөнделуі туралы.

Мирный-Ақбақай  облыстық мәндегі автомобиль  жолын «Айша ЖШС»  ағымдағы жөндеуден  жүргізді. Сонымен Мирный-Ақбақай   автомобиль  жол бойындағы су өткізгіш құбыр орнату,жол жиегін тегістеу,биіктеп нығыздау жұмыстарын «Базис дорстрой» ЖШС жүргізді. 2017 жылы  ауыл әкімшілігінің өзін-өзі қаржыландыру бюджетінен ауыл ішіндегі көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуге жоспарлап отырмыз.

 

Көріктендіру,  абаттандыру  және санитарлық  тазалау жұмыстары

Ауыл аумағында абаттандыру, көріктендіру және көгалдандыру айлықтарының барысында біршама жұмыстар атқарылды. Бекітілген іс-шараға сәйкес барлық көшелер, қоғамдық жерлер мекемелерге бекітіліп берілген, жалпы есепті 545 тонна күл-қоқыс шығарылды. А.Қ«А.К Алтын-Алмас Ақбақай филиалы арнайы бөліп жиналған күл-қоқыстар  белгіленген  арнайы орынға апарылып тасталынды.

 

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы

ақылы қоғымдық жұмыс орындары

Ақылы қоғамдық жұмысқа 6 жұмыссыз тартылып жұмыс істеді.Оның ішінде 1 адам ауыл әкімшілігіне тұрақты жұмысқа орнгаласты.Жастар іс-тәжірибесі бойынша 1 азаматша қабылданып,6 ай наурыз айынан қыркүйек айы аралығында іс-тәжірибеден өтті.Бүгінгі таңда  ауыл әкімшілігіне мемлекеттік қызметке орналасу үшін құжаттарын жинастыруда.

 

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарлама» бойынша жеке кәсіпкерлер «Айгерім» «Талас»  порталдан ұтып алып балалар ойын алаңын соғу жұмыстарын  жүргізді.

 

 

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы (ГДП)

Әлеуметтік көмек саласы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатын 2 отбасының құжаттары өткізіліп  жеті балаға арнайы жәрдем ақы төленді. «Өрлеу» пилоттық  жобасы бойынша бір отбасыға көмек көрсетілді.

 

Дене шынықтыру және спорт жұмыстары туралы

Спортпен 128 адам айналысады. Ауылдық жерде мәдени тұрмысты жақсарту, жастарға мәдени демалыс ұйымдастыру, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған ауыл жастары қатыстырылды.

ҚЫЛМЫС

Ауылдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ауылдағы жергілікті полиция  өкілдері арқылы бақыланып отыр.Есепті мерзім ішінде ауыл бойынша   қылмыс тіркелген жоқ.

 

ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР БОЙЫНША.

8- наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, ардақты ауыл әжелеріне  концерттік бағдарлама қойылды.

22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай киіз-үйлер құрылып, концерттік бағдарламалар өтті.

1 маусым –Балаларды қорғау күніне концерттік бағдарлама мен кішкентай бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды.,сыйлық берілді.

7 шілде – Астана күніне «Астана – отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды;

29 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

      1 қыркүйек –  Білім күніне «Алғашқы қонырау» салтанат жиын болды.

29 қыркүйек – «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды;

15 қазан – Аз қамтылған отбасыларға  А.Қ«А.К Алтын-Алмас Ақбақай филиалы  мал сойып таратты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

14 желтоқсан – ауыл әкімшілігі мен Ақбақай  мектебі оқушыларымен бірігіп ел тәуелсіздігін атап өтті.

31 желтоқсан –Ақбақай орта мектебінің акт залында Жаңа жылдық шырша қойылып, концертік бағдарлама  болып ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен ән айтып ,би билеген  халыққа  сыйлық таратылды.

Мүлікті жария ету

2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы» Заңына байланысты 2014 жылы 29 тамызда   осы заңды іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №959 қаулысы қабылданды және 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Мүлікті жария ету  ауылдағы тұрғындарға түсінік  жұмыстары жүргізілді.

Мүлікті жария ету бойынша ешқандай нысан анықталмады.

 

Құжат айналымы

Әкімшілік ғимаратында азаматтардың арыз шағымдарына арнайы орнатылған жәшікке өтініш түскен жоқ. 

Нормативтік актілер бойынша: 390 шығыс,245кіріс,1 шешім,80 өкім шығарылды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 36шығыс, 37 кіріс құжат тіркелді.

    Жеке тұлғалардың өтініш тіркеу бойынша 1 өтініш тіркеліп уақытылы шешімін  тапты.

    Заңды тұлғалардың өтінішін тіркеу бойынша ешқандай  өтініш тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00