100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Биназар ауыл әкімі есебі

    БИНАЗАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

    Н.ӘБДІКЕРІМОВТІҢ ЕСЕБІ

    Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз үшін 2016 жыл тарихи оқиғаларға толы табысты жыл болды.

    Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдғы уақытты жоспарлау басты міндетіміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне үлкен міндеттер жүктеді.

    Биназар ауылындағы 260 отбасында 1440 адам бар. Округтегі әртүрлі мекемелерде 127 адам жұмыс істесе, 580 адам өз бетінше жұмыс істейді.        Ауыл бойынша мал басы МІҚ 1240, қой-ешкі 13050, жылқы 510, түйе 30, үй құстары 3450 бас.

    Округте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.

    «Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы бойынша 2016 жылға бөлінген қаржыға ауыл орталығынан құны 16 миллионға жастар алаңы соғылуда, құны 1 млн. 100 мың теңгеге жасөспірімдер ойнайтын алаң соғылды, жол жөндеуге 1 млн. теңге және ауылға кіре берістегі қақпаны жөндеуге 1,5 млн. ақша бөлініп, сметалық жобасы дайындалды.  Ауылдың күн шығыс жағынан  «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 2 га жерге 500 түп тал отырғызылды. Жұмыссыздар саны 22 адам болса, ресми тіркелгені  6 адам.  Жастар іс – тәжірибесі бойынша 6 айлық мерзімдік жұмысқа 3 азаматша жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа жағдайы төмен 23 отбасы  мүшесі тартылды.

            «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 2 отбасының 16 мүшесіне  шартты ақшалай көмектер төленді.

    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Еркебек Ошақбаев 5,0 млн. теңге алып мал бордақылаумен айланысуда. Кәсіпкер Біржан Тілеубаев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 24 млн. теңге алып, шаруашылығын жүргізуде.

           Биназар ауылында 8 дүкен, 1 автокөлік жөндеу шеберханасы, 18 асхана, 1 кіші наубайхана, 1 шаштараз халыққа қызмет көрсетеді.  Онда 57 адам жұмысқа қамтылған.

    Округ бойынша 17 шаруа қожалық тұрақты жұмыс істесе, онда 146 адам жұмысқа тартылған. Суармалы  410 га жердің  55 га ғана игерілуде. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары малдарына жем-шөпті өздері дайындайды.

    Ауылдық округ бойынша 2016 жылға арналған «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» жоспарына сәйкес мал дәрігерлік   алдын –ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру толық орындалды.

    «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда нақты жұмыстар атқарылуда. О.Жандосов атындағы орта мектепте 292 оқушы білім алып жатса, оларға 42 мұғалім сабақ береді. ҰБТ 2 оқушы қатысып, қорытындысы 88,5 пайыз болды. «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, 5 балаға қажетті киімдер мен құрал – жабдықтар демеушілердің көмегімен алынды.

    Ауылда «Өнер және қосымша білім беру» мектебінің филиалының «хореография» және «бейнелеу өнері» топтарында 40 бала тәрбиеленуде. Оларға  7 ұстаз дәріс береді.

    «Балдәурен» балабақшасында 55 бала тәрбиеленуде. Кезекте тұрған бала жоқ.

    ҚР денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған  «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.  Фельдшерлік амбулаторлық тірегінде 3 медбике, 1 акушер, 1санитар жұмыс істейді. Мұнда мамографиядан-33, цетологиядан-37, скрингттік тексеруден үлкендер 145, рентгеннен 530 адам тексеруден өткізілді.  Ауылда 25 бала дүниеге келді. Ана және бала өлімі тіркелген жоқ.

      Көктемгі, күзгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары толық атқарылды.

    «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2007 жылдан бері ауыз су берілуде. Су құбыры ауылдың 8 көшесіне тартылған. Күніне 2,5 сағат, түс мезгілінде су тұрақты беріледі. 168 ауыл тұрғыны су құбырын ауласына кіргізген.

    Орталық клуб пен кітапханада әртүрлі іс-шаралар тұрақты өтіп келеді. Кітапханада 743  кітап бар, оқырмандар саны  523.

    Ауылда 1440 адамның 336 яғни 26,2%  14-29 аралығындағы жастарды құрайды. Оның ішінде 18-29 жас аралығында құрайтын жастар саны 235. Жастар арасында мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларды өткізу  жұмыстары  жақсы жолға қойылған.  Жыл басынан бері 20 түрлі іс-шара өткізілген, оның ішінде 3 акция, 6 дөңгелек үстел, 2 кездесу, 7 спорт жарыстары өтті. Ауыл жастарының күшімен 2 сенбілік ұйымдастырылды.

    Ауылда 50 орындық «Қасымбек қажы»  мешіті бар. Осы мешітте Қуаныш Есқараев имам болып жұмыс істейді.  Діни экстремизмге қарсы күрес шаралары ұйымдастырылған, арнайы комиссия құрылған, жұмыс жоспары бар, терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған.

    Ауылда халыққа газет-журналдар уақтылы таратылып, басқа да айлық – жалақы, зейнетақы өз уақтысында қамтамасыз етілуде.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района