100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бірлік ауыл әкімі есебі

     Бірлік ауылдық  округінің әкімі Т.Мұсақұловтын 2016 жылдың қортындысы бойынша өзіне жүктелген функциялары мен  міндеттерінің орындалу барысы туралы есебі және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар жоспары.

     

     

    Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

    Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне, басшылыққа үлкен міндеттер жүктейді.

    Барлық Қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту, және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б айтылғандарды орындауға міндетпіз. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

    Өткен 2015 жылдың қорытындысы бойынша округ әкімінің есепті жиналысында қойылған  ұсыныс – пікірлерімен  олардың орындалу барысы:

    1. Бірлік ауылындағы ауыз су мәселесін шешуге 5,0 млн тенге бөлініп эерделеу жұмыстары жүргізілуде.
    2. Ауылдағы Б.Абдыкадыров көшесін жарықтандыру толық шешімін тапты.

    Басқа сұраныстар болған жоқ.

     

    Ауыл шаруашылығы.

     

    Егіншілік.

    Ауылға қарасты суармалы жерлер екі магистралды каналдар арқылы суарылады, олар – Бірлік және Оңғарбай каналдары, Бірлік каналы жеке кәсіпкер А.Оразалиевтың есебінде 25 жылдай жөндеу көрген жоқ, канал бойындағы гидросооружениялардың тозығы жеткен, шлюздардың қақпақтары қолмен ашылып жабылады, жеке кәсіпкер А.Оразалиев өзінің жекеменшігіндегі каналдарға мүлдем күтім жасамайды. Егін су жетіспеуінен ауылдағы 1814 га суармалы жерден 915 га (2015 жылы – 912га) ғана игерулуде. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары қысқы мал азығымен толық қамтамасыз етілген.

     

       

     

     

     

       Егілген егін 2016  жылға  2015 жылға егілген егін мен алыған өнім                                                                   

                                              2016 ж                                  2015 ж

     

    Арпа                             23 га                                  22 га     310 ц

    Жұгері                          22 га                                  22 га     1034 ц

    Күнбағыс                       2 га                                      2 га       28 ц

    Картоп                          10 га                                  9 га      1333 ц

    Бақша                            38 га                                 37 га     7674 ц

    Көкөніс                         37 га                                 36 га      77116 ц

    Жоңышқа                     780 га                                784 га    47212 ц

    Барлығы                  915 га                                    912 га

     

    Мал шаруашылығы.

                   

    01.01.2016ж.         01.01.2015ж.

     

    Мүйізді ірі қара                                    1321 бас               1347 бас.

    алынған төл                                          389 бас                308 бас.

    Қой-ешкі                                               13831 бас            12971 бас.

    Оның ішінде   төл                                     7300бас              5330 бас.

    Жылқы                                                     558 бас                566 бас.

    Оның ішінде  құлын                                  130 бас                  104 бас.

    Түйе                                                                 1 бас                       4 бас

    Құс                                                            4200 бас               4000 бас.

     

     

    Алынған  өнім.

    2016ж.                          2015ж.

     

    Ет                                              4175цн                                3849 ц

    Сүт                                            5060 цн                                4420 ц

    Жұмыртқа                            130000 дана                           1230000 дана

     

    Округ бойынша 2013-2015 жылдар аралығында «Сыбаға» бағдарламасымен 6 шаруа қожалығы, оның ішінде  «Дартай»- 7,0 млн тенге, «Мәдуар» – 25,0 млн тенге, «Керім» – 25,0 млн тенге, «Ынтымақ» – 9,5 млн тенге, «Білжан» – 6,0 млн тенге, «Данияр» 6,0 млн тенге несие алып, мал өсірумен айналысуда. 2 мал бордақылау алаңдарын соғылды.

    Сонымен қатар, 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Болашақ» шаруа қожалығының жетекшісі Б. Иманбеков 10 млн тенге несие алып, оған 47 бас сиыр, 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алса, «Алтын сақа» бағдарламасы бойынша «Ырыс» шаруа қожалығының жетекшісі С.Үкітаев 6,5 млн тенге несие алуға құжаттарын өткізсе, «Еркебұлан» шаруа қожолығының жетекшісі Д.Шолпанқұлов «Құлан» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды жылқы асырауға несие алуға құжаттарын дайындауда. «Байтас» шаруа қожалығы жетекшісі А.Медерова қой шаруашылығы бойынша асыл тұқымды шаруашылыққа өтті.

    Ветеринария саласы.

    Бірлік ауылдық округі бойынша 2016 жылға жоспарланған эпизотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалды.

    Қырым қанды безгек ауруының алдын алу мақсатында мал жайылатын

    жайылымыстар, мал қоралары, ауылдың іші  3 рет дәріленді. Ауыл бойынша 612 аула, көлемі 217872 шаршы метр, 1405 бас мүйізді ірі қара, 12451 бас уақ мал, 548 бас жылқы, 3 бас түйе дәріленді, мал тоқыту орындары белгіленген.     Уақтылы шара қолдану себебінен барлық адамдар дін аман.

    Мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқыры  2014 жылы ашылған,  ауылдың мал өлекселері сонда тасталынады. Сібір жарасының екі ошағы бар.

    Ауылдағы малдәрігерлік пункт толық малдәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары жеткілікті). Шешімін таппай отырған мәселе ветеринариялық ғимаратының жоқтығы.

     

    Кәсіпкерлік.

    Бірлік ауылында 22 дүнгіршек, 1 автокөлік жөндеу орны, 2 АЗС, 1 ГАЗС,  4 кафе, 1 тойхана, 2 кіші наубайхана, 2 шаштараз, 1 жиһаз жасау цехі және 1 ағаш өндеу цехі жұмыс істейді, онда 52 адам жұмыспен қамтылған. Округ бойынша 96 шаруа тіркелген, олардың 78-і жұмыс істейді, бұл салада 146 адам жұмыспен қамтылған. Округке қарасты шаруа қожалықтарын ірілендіру, ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құру мақсатында «Бірлік-Арго-К-Көктерек» АӨК-і құрылып, Әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Осы салада тағыда жұмыстар жүргізілуде.

     

    Жеке үй және коммуналдық шаруашылық.

    Тазалық айлықтары кезінде  5740  түп тал-дарақтар егіліп, 1500 түп ағаштардың  бұтақтары кесілді, 7  км жуық арық-тоғандар тазалаланды, қоқыс төгуге рұқсат берілмеген 2  орын тазартылды, 3 кіші сәулет формасы, 4 ескерткіш маңы, 1 саябақ, 3 демалыс орны ретке келтірілді, 6400  ш.м. аула тазартылды, 400 тоннаға жуық күл-қоқыс белгіленген жерге төгілді, ауылдағы, автожол бойындағы талдар әктеліп, бағаналар әктеліп,сырланды, 8  билборд жаңартылды.

    Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жер учаскесі бөлініп заңдастырылған.

    Ауылдың 9 көшесінде түнгі жарық орнатылған.

     

    Білім беру саласы.

    Бірлік ауылындағы 90 жылдық тарихы бар орта мектеп 1927 жылы құрылған. 1975 жылы 1200 оқушыға арналған типтік жаңа мектеп салынған, қәзір Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп деп аталады. Білім саласы бойынша «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда мемлекеттегі білім сапасын көтеруге мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Бүгінгі таңға мектепте 150 адам жұмыс істейді, оның  97 мұғалім, 599 оқушы  және 40 дайындау топтағы оқушы білім алады.

    Мұғалімдер құрамы төмендегідей :

    –         жоғарғы категория  – 35 мұғалім.

    –         бірінші категория    – 21 мұғалім.

    –         екінші категория     – 24 мұғалім.

    –   категориясыз           – 17 мұғалім.

    Мектептің жалпы жағдайы – ескірген, күрделі жөндеуді қажет етеді, қазандығына түтін сорғышпен циклон орнату қажет.

    Оқушылар 97 пайызға оқулықтармен  қамтылған, мультимедийный кабинет – 1, ноутбук – 13 дана, моноблок – 64 дана, компьютерлер – 30 дана, жылдамдығы – 512 кб.

    Мектепте 4 спорт түрінен 8 үйірме жұмыс істейді, онда 84 оқушы қамтылған.

    Мектеп директоры –  Қалтаева Ләззат Шайдахметқызы, 2014 жылдың жазынан бастап жұмыс істейді.

    Балабақша.

    Ауылдағы балабақша 1940 жылдардан бастап жұмыс істейді, 1985 жылы 140 балаға арналған типтік жаңа балабақша іске қосылған. Бүгінгі күнге балабақша «Балапан» бағдарламасына сай жұмыс істеуде, балабақшада 56 адам жұмыс істейді, оның 25-сі тәрбиешілер, 31 адам кіші техникалық  қызметкерлер.   Келесі жылға балабақшаға сантехникалық жүйесін жүргізу, ойын алаңдарын жабдықтау қажет.

    Балабақша меңгерушісі – Карибаева  Эльмира  Амановна, 2014 жылдың ақпанынан жұмыс істейді.

    Денсаулық сақтау саласы.

        Бірлік дәрігерлек амбулаториясы 25 төсектік типтік дәрігерлік аурухана болып 1975 жылы соғылған, құрамында перзентхана, инфекциялық, хирургия терапия бөлімдері болған.

          Бүгінгі таңда Бірлік дәрігерлік амбулаториясында 2 дәрігер –  санатсыз, медбикелер 27 адам, 24 адам басқа жұмысшылар (техперсонал) жұмыс істейді.

    Амбулаторияда күндізгі стационар және жедел жәрдем бөлімі жұмыс істейді.

    Жедел жәрдем бөлімі Бірлік ауылына, Биназар ауылына, Кенес, Хантау ауылдарына қызмет көрсетеді.

    2016 жылы 65 бала дүниеге келді. (Өткен жылы 53 бала) Жаңа туылған нәрестелер мен аяғы ауыр әйелдер медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

    Амбулатория  ғимараты іске берілген кезінен күрделі жөндеуден өтпеген, есік-терезелері ескірген, ауыстыруды қажет етеді, мекеменің иелігіндегі автокөлік (жедел жәрдем беру көлігі) күрделі жөндеуді қажет етеді.

    Емхана дәрігері –  Мамытбекова Кулухан Мамытбековна, 2014 жылдың наурыз айынан жұмыс істейді.

     

    Мәдениет саласы.

    Бірлік ауылында «Желтоқсан» клубы жұмыс істейді. Негізінде клуб ғимараты типтік емес, бұрынғы кинотеатрдің ғимараты, 2014 жылы күрделі жөндеуден өткізілген, материалдық-техникалық базасы жоқ тек залда 150 орындық қойылған. Биыл Аудан әкімінің ұсынысымен клубқа жаңа дыбыс күшейткіш аппаратура алынып берілді.

    Ауылдық клуб штатында 4 адам бар – клуб меңгерушісі, 1-әдіскер  және 2 адам – техперсонал.

    Клубта 5 үйірме жұмыс істейді – қол өнері, әжелер үйірмесі, аталар үйірмесі.  Үйірмелерде 81 адам бар.

    Ауыл клубында клуб жөнделгеннен кейін атаулы күндерге арналған түрлі мәдени іс шаралар өткізілуде. 2016 жылы ауылдық клубта 37 түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 12330 жуық адам қатысты

    Ауылда 5 ескерткіш бар, олар :

    –  Биназар – батырға

    –  Қ.Рысқұлбековке (екеу)

    – Ж.Қуанышбаевқа

    – Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер.

    Осыдан басқа Хантау тауында Биназар батырға арналған мемориалдық комплекс бар.

    Ауылдағы кітапханаға келетін болсақ ауылдық кітапхана қорында 12972 (2014 жылы – 12772)  кітап бар, жылда жаңартылып турады, кітапханада 998 оқырман тіркелген. Кітапхананың арнайы ғимараты жоқ, Клуб ғимаратына орналасқан.

    «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау.

    Аталған бағдарлама бойынша 2016 жылы «Ақбөпе» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеуге  11 млн тенге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді, ол жұмыстарға ауыл тұрғындарынан 3 адам тартылды. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша  2016 жылы 4 адам  3,0 млн. теңге несие алып, мал бордақылаумен айналасуда.

    Ауыл бойынша 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 34 адам жолданды, әлеуметтік жұмыс орнына  қатысқандар – 4 адам, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау  – 1 адам.

    18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы (ГДП) 100 отбасына тағайындалды.

    «Өрлеу» пилоттық жгобасы бойынша  5 отбасының  26  мүшесіне 1905,0 мың тенге шартты ақшалай көмектер төленді.

    Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2015 жылы протез-ортоп алған мүгедектер – 5 адам, гигиеналық құралдар алған – 6 адам, үйден әлеуметтік қызмет алушылар – 6 адам, үйден оқып, жәрдемақы алатын мүгедек балалар – 4 бала, жеке көмекші 5 мүгедекке берілген, сурдо-тифло құралдар – 1 адамға берілді.

    Мереке күндеріне орай округ бойынша 14 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 15,0 мың тенгеден, 2 соғыс жесіріне 15,0 мың тенгеден, Ауған соғысының 2 ардагеріне 30,0 тенгеден, Семей полигонының зардабын шеккен 1 адамға 30,0 мың тенге  жәрдем ақы төленді.

    Барлығы ауыл бойынша 2015 жылы 644 адамға 11831,0 мың тенге әлеуметтік жәрдем ақы берілді.

     

    Жастармен жұмыс және спорт.

    Ауылда 3384 адамның 886, яғни 28,3%  14-29 аралығындағы жастар құрайды. Оның ішінде 18-29 жас аралығында құрайтын жастар саны 530 адам.

    Жастар арасында мәдени-көпшілік, спорттық іс- шаралар өткізу  жұмыстары  кеңінен қойылған. Жыл басынан бері  22 түрлі іс-шара өткізілген, оның ішінде 1 байқау, 6 дөңгелек үстел, 3 кездесу, 7 спорт жарыстары өтті. Ауыл жастарының күшімен 3 сенбілік өткізілді.  Өткізілген іс-шараларда «Атадан – аманат, ұрпаққа ұлағат» атты ауыл ақсақалдарымен кездесу,     Елбасының Жолдауын насихаттау жұмыстары, жастар арасында велодода, баскетболдан ауыл әкімінің ауыспалы кубогі үшін турнир т.б. іс-шаралар.

    Ауылдағы жастармен және спорт жүмыстарын жастар ісі жөніндегі әдіскер А.Әлімбетовпен ауыл әкімдігінің спорт әдіскері Р.Мураталиевтер бірігіп жүргізеді.

    Ауылда 1 спортзал, 2 футбол , 2 волейбол, 2 баскетбол алаңдары бар, барлығы 7 объект. Ауыл бойынша 900-ге  жуық адам спортпен шұғылданады.

    Шешілмей жатқан мәселелер –  футбол алаңы қоршалмаған, жер телімі заңдастырылмаған.

    Ауылдағы спортты дамыту үшін кіші футбол алаңы, спорт комплексі қажет.

    Құқықтық тәртіп.

    Бірлік ауылында бүгінгі күнге полицияның учаскелік өкілі бар, қылмыстық фактілері тіркелген жоқ. Тірек пункті бар, телефон байланысы орнатылған.

    Дін мәселесі.

    Ауылда бір мешіт бар, сиымдылығы 200 адам. Басқа дін өкілдерінің дін үйлері жоқ. Мешіттің имамы Әбдібеков Мейрамбек Өсербайұлы, 1971 жылы туылған, ұлты қазақ, үйленген, үш қызы бар, білімі – 1997 жылы Меркі ауылындағы екі жылдық медресені  бітірген, ауыл имамы болып Қазақстан Респубдикасы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының бастығы, Бас Муфтий А. Дербісәлінің  2002 жылдың 2 сәүірдегі № 38 бұйрығымен бекітілген, жалақысыз жұмыс істейді.

    Ауыл мешіті Жамбыл облысының әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген, тіркеу № 0300470, күәлік № 1113-1919-Ф-л.

    Діни экстремизмге қарсы күрес ұйымдастырылған, арнайы комиссия құрылған, жұмыс жоспары бар, терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған.

    Жұма намазға 15-50 адам келеді, ауылдық мектептен 4-5 оқушы балалар  намазға қатысады. Облыс мешітінің өкілдері жылына 2 – 3 рет тексерумен келеді, ескертпе жоқ.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района