Хантау ауыл әкімі есебі

Хантау ауыл әкімі есебі

Хантау  ауылдық округінің  әкімі М.Абдикаримовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша өзіне жүктелген функциялары мен  міндеттерін

орындау туралы  есебі.

 

 

Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

Бұл жыл округтегі  талай жылдардан бері қордаланып келген мәселелердің түйіні табылып, оның бірқатары оң шешімін тапқан жемісті жыл болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  2015 жылғы 30 қарашадағы  «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын әлемдік дағадарыстағы Қазақстанның қолға алатын нақты іс-әрекеттеріне арнады. Ең басты мемлекеттік құжатта Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы 5 бағытты ұсынды.  Біздің ендігі дамуымыздың бағдаршамына айналатын бұл құжаттың өңірлерде іске асуына анаулықтардың да лайықты үлес қоса алатындығы  ауылымыздң бүгінгі тыныс-тіршілігінен айқын көрініс тауып отыр. «Өткенге есеп берілмесе, болашаққа бағдар жасалмайды» деген халқымызда даналық сөз бар.  Ауданымызда  2016 жылы атқарылған  жұмыстардың  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы жақында аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде  жарияланып, сіздердің назарларыңызға ұсынылды.  Сондықтан бүгінгі кездесуде  мен оны түгел қайталамай, тек нақты атқарылған шаралар мен алда тұрған нақты  міндеттер туралы баяндап бергенді жөн санап отырмын.  Біз пайдалы қазбалардың мол қорына ие болып отырғандықтан, өнеркәсіп саласы ауымыздың экономикасында ауыл шаруашылығы саласымен  қатар жетекші  салаға айналып келеді.

 

Хантау ауылдық округі әкімінің 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы жөніндегі есеп беру кезеңіндегі, округ тұрғындарынан  2 ұсыныс – пікір түсті, атап айтқанда :

Хантау,  ауылының кіреберіс Биназар көшесіне асфальт жол салу, Қияқты стасасындағы ескі мектеп ғимаратына жөндеу жүргізіп балабақша ашу.

Бақылауда тұрған 2 ұсыныс – пікірдің екуіде қаражат тапшылығына байланысты  орындалмады. Тек Хантау,  ауылының кіре беріс, Биназар көшесіне асфальт жол салу 2016 жыға жоспарланып отыр.

Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы (Индустриалдық карта) 2010 – 2014 жж.

 

Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған индустрияландыру   картасына  енгізілген «Хантау цемент зауыты» жобасының

бастапқы жоспарланған құны 8,3 млрд. теңге және жылдық өндірістік қуаты 500 мың тонна цемент өндіру болып белгіленген. 2014 жылдың 1 қарашасынан зауыт толықтай пайдалануға берілді. Зауыт  2016 жылы  268 тыс. мың тонна цемент өндірді. Оны ақшаға шаққанда 3 миллиардқа жуық теңге. Зауыт  өндірістік қуатын жобалық межесіне жетіп толықтай жұмыс жасағанда, жылына 500,0 мың тонна цемент өндірмекші. Бүгінгі күнге зауытта 238 адам жұмыс істеуде. 165 адам Мойынқұм ауданының азаматары, оның 62-і Хантау ауылының тұрғындары. Орташа айлық жалақы 75000 теңге. Жұмыссыздарды қайта даярлау бағдарламасы бойынша Хантау ауылының 20 азаматы, оның 10-ы матаушы (страпольшик) 10-ы жөндеуші (слесарь-ремонтник) қайта даярлау курысынан оқып шықты, солардың 16-ы зауытта жұмыс істуде.

2014 жылы  кәсіпкер Сәтбай Қожамқұлов өз қаражатына округ аумағынан асфальт зауытын ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып отыр. Зауытта 30  адам жұмыс атқарды, орташа айлық жалақы 80000 теңге.

Зауыт 2014 жылы 14мың 600 тонна асфальт өндірсе.

2015 жылы 17 мың 500 тон на өндірген яғни 290 мың тонна асфальт артық өндірген.

2016 жылы  7671тонна асфальт, 3291 тонна шебень, 5584 тонна отсевь шығарды.

Ауданның үдемелі индустриялық – инновациялық бағдарламаға енгізілген «Аль – Басар» ЖШС  Қияқты стансасында жалпы құны 570,0 млн. теңге тұратын (3,9 млн. АҚШ долл.), жылдық өндірістік қуаты 4900 текше метр гранит өңдейтін цех жұмыс атқарады. 2014 жылы цехта барлығы 87 адам жұмыс істеген, оның ішінде Мойынқұм ауданынан 71, бұлардың орташа айлық жалақылары 51000 теңгені құраған болатын, алайда   2016 жылы цех өндіріске қаражаттың жетпеуінен және өндірілген өнімге сұраныстың азайуына байланысты дүние жүлік дағдарыстыңда ықпалынан өнім өндіре алмай отыр.

Теміржол салсы бойынша

Хантау ауылдық округінің аумағында орналасқан Жамбыл теміржолына қарасты, ШЧ – 35 торабының 4 учаскесі / СЦБ, УП / , 2 теміржол стансасы / НОД / және  электр қуатын беретін 2 бөлімшесі / ЭЧ / теміржол қызметкерлері еңбек  етуде.

2016 жылдың 12 айында теміржол бөлімшесіне қарасты 2 стансадан  Жүк тиеп, түсіру – Қияқты стансасы бойынша барлығы 2015 жылы 4475 вагон  280391 тонна жүк жөнелтілген.  2015 жылы 4721 вагон 300217 тонна жүк жөнелтілген..Атап айтсақ гранит  блоктары 184 вагон тиелген, 420 вагон көмір, 3722 вагон цемент жөнелтілген.Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі сақталуда. Өткен 12 айда   Шу, Шығанақ теміржол дистанциясының 2-ші,14,20,9,11,13 стрелкалары бойынша  200 дана, сол сияқты 3,4,6 стрелкалрының шпалдары, 2- типті 250 дана железобетонный шпалмен ауыстырылды.

 

 

Мал шаруашылығы бойынша

Мал басын өсірумен мал өнімдерін өндіруде 2015 жылдың 12 айында 1362 центнер ет, 6,0 центнер сүт, 1450  жұмыртқа, 921 центнер жүн өндірілді.  2016 жылдың 12 айында 1500 центнер ет, 7,9 центнер сүт, 5900 дана   жұмыртқа, 1500 центнер жүн өндірілді. 2016 жылмен салыстырғанда 138 центнер ет, 1,9 центнер сүт, артық өндірілген.

2015 жылдың басында  440 бас мүйізді ірі-қара, 7600 бас қой – ешкі, 167 бас жылқы, 1 бас түйе, 1000 бас құс тіркелді. 2016 жылы 526 бас мүйізді ірі-қара, 8500 бас қой – ешкі, 190 бас жылқы, 1 бас түйе, 650 бас құс тіркелді. Жылдың басымен салыстырғанда   қой мен ешкі 900 басқа, ірі-қара 86 басқа артқан,  жылқы 23 басқа құс 350-ге кеміген.

Хантау ауылдық округінде 2015 жылы және 2016 жылында атқарылған мал дәрігерлік алдын-ала егу және аллергиялық тексеру жұмыстары.

Округтің елді мекендеріне малдың жұқпалы ауруларына қарсы алдын – ала емдеу жұмыстары, бірдейлендіру, чиптеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырылады.

 

 

Ауру атауы Мал түрі 2015 жыл бойына

(бас)

2016 жыл бойына

(бас)

1 Сібір жарасы ауруына егу

 

 

 

Ірі қара 520  
Уақ мал 12500  
Жылқы 158  
Түйе 1  
 

2

Құтыру (бешенство) ауруына егу Ірі қара 350  
Уақ мал 25000  
Жылқы 60  
Түйе  
Ит 140  
Мысық 20  
3 Аусыл (ящур) ауруына егу

 

Ірі қара 1100  
Уақ мал 25000  
4 Оба (чума) ауруына егу Уақ мал 7607  
Түйе    
5 Қарасан (эмкар) ауруына егу Ірі қара 360  
6 Күл ауруына егу Уақ мал 800  
7 Құс тұмауына егу Үй құсы 2000  
8 Эхинококкоз ауруына дәрілеу Ит 800  
9 Туберкулез ауруына тексеру Ірі қара 800  
Түйе 680  
10 Маңқа (сап) ауруына тексеру Жылқы  

 

                          ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

 

Аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылар, округ әкімшілігінің үнемі назарында болып келеді. Осы жылдың 12 айында 4  отбасындағы 18 жасқа дейінгі 18 балаға 116478 теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж 1 азаматқа 36000 теңге жәрдем ақы төленді.

Жалғыз басты әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж болып отырған Азимбаева Бикүл   апайға демеушілердің көмегімен тәуелсіздіктің 25 жылдығына түрлі – түсті теледидар берілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «НұрОтан» бастауыш партия ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанаты «Спорт – салауатты өмірдің негізі» акциясы аясында жоғарғы сыныптар арасында волейбол, футбол, спорт түрлерінен басқа ауыл командалары қатысатын аймақтық жарыстарды жүйелі түрде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырды. Осы жиынды пайдалана отырып, округ кәсіпкерлерді, мектептің спорт мамандарын,  ауыл жастарын спорттық іс – шараларға қатысуын сұраймын. Әрбір атаулы мерекеде спорттың әр түрінен ауылда жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Білім салсы бойынша Хантау ауылының С.Сейфуллин орта мектебінде 30 мұғалім, 184 оқушыға білім беруде. 2015 – 2016 оқу жылында   С.Сейфуллин орта мектебінің мектеп бітіруші 6 түлегі ҰБТ-ке қатысып, көрсеткіші  69,8 пайызды құрады.

Қияқты стансасындағы Ағыбай батыр негізгі орта мектебінде 18 мұғалім, 67 оқушыға білім беруде.  Мектепте оқушыларға тегін  ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. 36 оқушы тамақ ішуде.

Денсаулық саласы бойынша округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункті. 1-медпункт қызмет атқарады, онда 4 адам жұмыс істейді. Бір жасқа дейінгі нәресте өлімі болған жоқ. Округте 2015 жылы 28 нәресте өмірге келсе, 2016 жылы 23 бала өмірге келген.

Облыстық денсаулық басқармасының бөлген 48,0 млн теңге қаражатына 2016 жылы 1-желтоқсан «Тұғыш президент» күніне орай Қияхты стансасында 5 адамға арналған жаңа типтегі медпункт пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында жүргізілуде.  Әр түрлі ауруға қарсы сан.бюллетендер шығарылып, есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек беріліп тұрады. Алдын-ала егу жұмыстары уақтылы жүргізіліп отырылады.

Мәдениет саласы  бойынша

Ауыл клубы мен кітапхана ауылдық әкімшілік ғимаратына орналсқан. Кітапхан, клуб өздерінің жұмыс жоспары бойынша жұмыс атқаруда. әр датлы мереке күндері концер, түрлі қойылымдар, оқырмандар арасындаәр түрлі тақырыпта дөңгелек стол, кездесулер өткізіліп тұрады. Кітап қоры 2015 жылы 10705 дана болса, 2016 жылы 205 кітәппен толығып 10940 дана болды.Клубымызға  2015 жылы 45 дана жаңа көрермен отыратын орындық алынды.

                                 Салық түсімдері                                

2016жылға белгіленген мүлік салығы – 29300 теңге, орындалғаны 29300 теңге  100 пайыз, жер салығы – 47600 теңге, орындалғаны 47600 теңге  100 пайызға,  көлік салығы – 1млн.957,7 теңге орындалғаны 1 млн. 957,7 теңге, 100 пайыз.

Аудан әкімдігінің 2016 жылдың 25 ақпан күнгі «Мойынқұм ауданының елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары  туралы» № 135 қаулысын  орындауда біршама жұмыстар атқарылды.

Хантау ауылындағы Хантау цемент «АCIG» ЖШС –ы, Қияқты ауылында , Құлан ТБ ЖШС –ларының демеушілігімен күл – қоқыстар  жиналып, арнайы белгіленген полигондарға күл- коқыс төгілді.

Құрылыс саласы

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Мирный – Қияқты ауылдарына ауыз су құбырын тартуға 384,0 млн.теңге қаралған, 2013 жылы осы жұмыстарды атқаруға 112 млн.теңге бөлініп игерілді. 2014 жылы  166 млн.теңге ,2016 жылы 106 млн. теңге игеріліп, Қияқты стансасның көшелеріне су құбыры жүргізілді.    Бұл құрылыс жұмыстарына 2017 жылы 200,0млн. теңге бөлініп отыр.

Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау саласы

 

Бұрыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жер көлемі 392550 га. Мекеме екі орманшылыққа бөлінген, Хантау орманшалығының жер көлемі 216402 га және Бұрыл-Байтал орманшалығының жер көлемі 176148 га. Орман қоры жерінің 250 шақырымына өртке қарсы миниралды жолақтарды жанарту жұмыстары жүргізілген. 9 ай ішінде 47 рейд жұмыстары жүргізіліп, аң аулау ережесін бұзғаны үшін 6 хаттама толтырылып, заң орындарына тапсырылды. Заңсыз  дәрілік шөп дайындағаны үшін 2 хаттама,  4 хаттама заңсыз аң аулағаны үшін толтырылып айыппұл салынды.

 

                                           ДІН САЛАСЫ

Мешіттер мен намазханалар және  имамдар туралы.

Бүгінгі күнге округте  мемлекеттік тіркеуден өткен  1 мешіт қызмет атқарады. Мешіттің имамы бар.  Басқа діни сенімдегілердің құдайға табыну, ғибадат үйлері (шіркеу, т.б) тіркелмеген.

Шет елде діни білім алған  және оқып жатқан студенттер туралы:

Байділдаев Ерғали Бижағанұлы 1994 жылы туылған, Египетте 1- жылдық оқуды оқып қайтты. Казіргі кезде Талғар қаласындағ «Нұр Муббарак» университетінің дайындық курсына дәріс беруде.

 

Хантау ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы жөніндегі есеп беру кезеңіндегі, округ тұрғындарынан  2 ұсыныс – пікір түкен атап айтқанда :

Хантау,  ауылының кіреберіс Биназар көшесіне асфальт жол салу, Қияқты стасасындағы ескі мектеп ғимаратына жөндеу жүргізіп балабақша ашу.

Бақылауда тұрған 2 ұсыныс – пікірдің екуіде орындалды.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00