Қарабөгет ауыл әкімі есебі

Қарабөгет ауыл әкімі есебі

                                                          Округ әкімінің 2017 жылғы жылдық есебі!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғару оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес есепті кездесуді өткізу жоспарланған болатын, осыған орай округтегі халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеруге көмектесетіні анық.

Округ әкімінің былтырғы жылы халықпен есепті кездесуінде 30 ұсыныс түскен, оған тиісті іс-шаралар жасалынып жұмыстар атқарылды.

Округте 288 отбасы, 1633 адам тұрады, әр ауыл бойынша айтатын болсақ Құмөзекте 129 отбасы, 750 адам, Қарабөгетте 85 отбасы, 498 адам, Сарыөзекте 74 отбасы, 385 адам тұрады.

Округте 3 орта мектеп, 2 балабақша, 1 шағын орталық, 3 дәрігерлік тірек, 3 пошта, 1 учаскелік полиция бөлімі, 3 кітапхана, Құмөзек ауылында ауыз су тарату мекемесі, РЭС бөлімі, телекоммуникация және 7 азық-түлік дүкендері халыққа қызмет көрсетеді.

Округте «Алтын, күміс» алқаларын алған 64 ана бар, оның ішінде Құмөзекте 31, Қарабөгетте 19, Сарыөзекте 14 ана тұрады.

Көркейту, көгалдандыру, абаттандыру туралы.

Округте көктемгі-күзгі қоғамдық орындарды көгалдандыру, көгеріштендіру санитарлық тазалық айлықтарына байланысты елді мекендерде адам өміріне қауіпті 110 түп ағаштар кесілді, 345 түп тал-дарақтар түбі әктелді, 280 түп бағаналар әктеліп, сырланды. 100 шаршы метр жерге гүлзарлар отырғызылды. 600 метр көшелер мен арық-тоғандар тазаланды. 70 түп жеміс-жидек және қара ағаштар отырғызылды. 23 сенбілік ұйымдастырылып, 995 адам қатыстырылды.

Құмөзек ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға орнатылған ескерткіш және Үсіпбеков Әбдіамитке арналған ескерткіш қоршалып, әктеліп, сырланып және айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Білім беру туралы.

Округтегі 3 орта мектептерге биылғы жылы 344 оқушы қабылданды.

«Балапан» – бағдарламасы аясында 2 балабақша мен 1 шағын орталықта 100 бала тәрбиеленеді.

Орта мектептерде 2 спортзал және 3 спорт алаңдары ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Биылғы жылы Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебіне республикалық бюджеттен 191 млн теңге қаржы бөлініп мердігер ИП «Тиберда» күрделі жұмыстарын жүргізді.

Қарабөгет ауылындағы «Айгөлек» балабақшасына 900 мың теңгеге ИП «Нарейн» асхана, азық-түлік қоймасының шатырын жаңартты.

Ауыл шаруашылығы туралы.

Округтегі тұратын халықтың әл-аухатының артуы мен тұрмыстық жағдайының жақсаруы ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығымен тікелей байланысты.

Округте 2018 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 3756 бас, қой-ешкі 12892 бас, жылқы 537 бас, түйе 33 басқа және үй құстары 3600 басты құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 26 басқа, қой-ешкі 156 басқа, жылқы 50 басқа, түйе 4 басқа және үй құстары 30 басқа артқан.

Округте тіркелген 24 жеке шаруа қожалығы жұмыс істейді, шаруа қожалықтарында 25 адам жұмыс істейді.

Округ бойынша мал бастарына жоспарланған 10004 тонна орнына, 10980 тонна табиғи шөп дайындалды.

2017 жылы  ауданды дамыту жоспары бойынша Қарабөгет ауылдық округі ІІІ-басымдық аймағына жатады. Осыған орай округта мал шаруашылығын дамыту мақсатында екі отбасылық бордақылау алаңы ашылып, үшіншісі 2018 жылға жоспарланып отыр. Аталған отбасылық бордақылау алаңын Қарабөгет ауылының тұрғыны Асенаев Ерқанат 12 мүйізді ірі қара малын ұстаса, Оразалиев Советхан 50 бас қой малын бордақылау үстінде.

Округтегі ауыл тұрғындары мен жеке шаруа қожалықтарындағы төрт түлік мал бастарын бірдейлендіру және түрлі ауруларға қарсы мезгілдерде емдеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Кәсіпкерлік саласы жөнінде.

Құмөзек ауылында Асқарова Гүлзираның бастамасымен «Ақниет» наубайханасы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Алайда наубайхана жұмыстарын дамыту үшін несие ала алмай жүргенін айтуымыз керек. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету мақсатында азамат Абдрахманова Гүлшаттың жаңа «ДОС» дүкені ашылды.

Денсаулық сақтау саласы туралы.

Округтегі үш елді мекендерде 3 дәрігерлік тіректер жұмыс атқарады. Және де бір жедел жәрдем автокөлігі бар. 2017 жылы медпунктерге

қабылдауға 620 адам тіркелген, ол адамдар әр түрлі сырқаттармен ем қабылдаған. Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі арқылы медициналық профилактикалық және скринингтер қолға алынып, жылына бір рет ұйымдасқан түрде ауданнан білікті мамандар арнайы көлікпен келіп, халықтың денсаулығын бақылауға алып, тексерулер жүргізіп отырады. Сонымен қатар ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында жүкті әйелдер үнемі бақылауда болады. Осы жылы 32 сәби дүниеге келді. Ана мен баланың денсаулығын күнделікті бақылауға алып жүрген ақ халатты абзал жандарымызға алғыс айтамыз.

Дін туралы

Округтегі Құмөзек ауылында мешіт үйі жұмыс істейді. Түрлі террористік ағымдарға байланысты мешітке келіп кеткен адамдарды бақылау жөнінде мешіттің кіре берісі мен ішіне бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Мәдени және спорттық іс – шаралар туралы.

Округте мерекелік іс-шаралар жоспары жасалынып өткізіліп отырады. 3 клуб, 3 кітапхана жұмыс істейді. Кітапханаларда 25700 дана кітап қоры бар. 1961 оқырман тіркелген.

Атқарылған жұмыстар туралы.

2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Құмөзек ауылының Д.Ашкеев және Гагарин көшелеріне 700 мың теңге, Қарабөгет ауылының Жамбыл көшесіне 500 мың теңге және Сарыөзек ауылының Қуанышбаев көшесіне 350 мың теңгеге ИП «Жанасыл» жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты қаражаты есебінде тұрған барлығы 4602858 теңге болды.

1504510 теңгеге Құмөзек ауылының кіре беріс Жамбыл көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Сарыөзек және Ескі Байталға қатынайтын жолды көтеріп қалпына келтіру үшін 1 млн 959 мың 530 теңге жұмсалды.

220000 теңге округтегі мемлекеттік мекемелердің ауласына гүлзарлар жасау үшін питуния гүлінің көшеттері алынды.

Қазіргі таңда қолма-қол ақшаны бақылау шотында 924820 мың теңге бар.

«Нұра Транс Сервис» 2017 жылдың сәуір айынан бастап «Мойынқұм-Құмөзек-Қарабөгет-Сарыөзек» ауылдарына қоғамдық көлік маршруты халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылы облыстық және аудандық бюджеттерден аудандық мәндегі Сарыөзек ауылына кіре беріс жолы және Ж.Қуанышбаев көшесін 5,4 шақырымға 106 млн теңгеге жөнделді.

Қарабөгет ауылына кіре беріс және С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Жамбыл көшелеріне 51 млн теңгеге автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты Туған жерге туыңды тік аясында Қарабөгет округі бойынша ең басты өзекті мәселелерінің бірі ұялы байланысы болған. Соңғы он жылда өз шешімін таппай келген мәселені шешуге Құрметті Бахытжан Балтабекұлы өзіңіз бастап, демеушілерді іздестіріп жолын тауып бергеніңіз үшін округ халқы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұған Айтишев Бекболат бастаған 1970 жылғы түлектер мен, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары және Құмөзек ауылының қариясы Саурықов Байұзақ, ауыл жастары ұялы байланыс телефонын орнатуға көмек көрсетті. Бүгінгі күнде округ халқы ұялы байланыс желісін қолданып, қызығын көруде.

Құмөзек ауылындағы №2 бөлімшеге қатынайтын Сарытөбе көпірі «Мөлдір су» коммуналдық мекемесінің көмегімен қайта қалпына келтірілді.

2018 жылы атқарылатын жұмыстар туралы.

Округке «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 550 мың теңге бөлініп отыр. Құмөзек ауылына 700 мың теңгеге Кенешов көшесін ағымдағы жөндеуге, Қарабөгет ауылына 500 мың теңгеге кіре беріс арканы жөндеу және Сарыөзек ауылына 350 мың теңгеге ауылдың кіре берісіне билборд жасау жұмыстарын атқаратын боламыз.

2018 жылы Құмөзек ауылының үлгілі ауыл болуына байланысты аудандық бюджеттің есебінен Жиенбаев көшесі және Жиенбаев көшесінің қиылысының жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Құмөзек ауылы тұрғындарының бау – бақша егуге ауылға келетін каналдың сметалық құжаттары дайындалу үстінде және алдағы уақытта тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Құмөзек ауылының азаматы Саурықов Ерболат ағамыз «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында 36 млн. теңгеге мешіт, кіші футбол алаңын және жазғы демалыс саябағын салуға мемарандумға қол қойысты.

Алдағы уақытта барлық күш-жігеріміз бен қабілетітілігімізді ауылдардың экономикалық ахуалын одан әрі жақсартып, халқымыздың тұрмыстық жағдайын көтеруге, бірлесе еңбек етуге жұмылдыратын боламыз.

Баяндаманы ден қойып тыңдағандарыңызға рахме

 

 

 

 

                        Қарабөгет ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы  атқарған жұмыстары туралы баяндамасы.

 

Елбасы «Қазақстандық арманға бастайтын жол, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды деп атап өтті.

Біздің арманымыз – экономиканы дамыған, әлеуеті жоғары, халқы бақуатты өмір сүретін, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу, Мәңгілік елге айналу.

Қазақстандықтар жұмыла жұмыс істегенде ғана оған жетуге мүмкіндігі бар. Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттерді басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайларын одан әрі көтеру мақсатында тиісті іс-шаралар белгіленген. Оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету біздің алдағы уақыттағы басты міндетіміз.

Есепті кезеңде округ көлемінде саяси әлеуметтік, экономикалық, мәдениет саласында да бірқатар игілікті істер жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 15 тамыз 2013 жылғы  «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес Қарабөгет ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы қаңтар айында өткен ауыл тұрғындарымен есепті кездесуінде 2 ұсыныс түсіп, оған іс-шаралар жасалынып тиісті жұмыстар атқарылды.

Округте 289 отбасында, 1684 адам тұрады. Құмөзекте 129 отбасы, 768 адам, Қарабөгетте 85 отбасы, 506 адам, Сарыөзекте 75 отбасы, 410 адам тұрады.

Округте 3 клуб, 3 кітапхана, 3 пошта бөлімшесі, 3 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік полиция бөлімі, 3 орта мектеп, 2 балабақша, 1 шағын орталық, Құмөзек ауылында ауыз су тарату мекемесі, жарық беру бөлімшесі, телекомуникация бөлімі және 6 азық-түлік дүкендері халыққа қызмет көрсетеді.

 

Әлеуметтік қорғау

2016 жылдың ішінде ресми тіркелген жұмысшылар саны 37 адам. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жоғары немесе арнаулы оқу орындарын бітірген 5 азамат 6 айлық мерзімде жұмыс атқарды. Ақылы қоғамдық жұмысқа округ бойынша 27 адам тартылып, көктемгі, күзгі санитарлық тазалық айлықтарын жүргізді. Сонымен қатар «Мүгедектерді оңалту» бағдарламасы бойынша 1-ші топ мүгедегі Шағанбаев Тұрсынжанға жүріп тұруға қол арба және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты  Қарабөгеттен жалғаз басты ана К.Ушакбаева екеуіне теледидар берілді.

 

Білім беру.

Округтегі 3 орта мектепте 292 оқушы білім алады. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына» байланысты шалғайдағы балаларды тасымалдау үшін Ескі Байтал елді мекенінен 14 бала тасымалданады. «Балапан» – бағдарламасы аясында 2 балабақша мен 1 шағын орталықта 100 бала тәрбиеленеді.

Орта мектептерде 2 спортзал және 3 спорт алаңдары ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Орта мектептердің барлығы қазір ағымдағы жөндеуден өткізілген. Биылғы жылы Қ.Сәтбаев орта мектебінің жылу жүйелері толығымен ауыстырылды.

 

Денсаулық сақтау

Округ көлемінде 1 ФАП, 2 медициналық пункт қызмет көрсетеді, онда 7 орта буынды және 6 кіші буынды жұмысшылар жұмыс істейді. 2016 жылдың ішінде түрлі көмектер сұрап 1012 адам қабылдауға тіркелген. Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі арқылы медициналық профилактикалық және скринингтер қолға алынып, жылына бір рет ұйымдасқан түрде ауданнан білікті мамандар арнайы көлікпен келіп, халықтың денсаулығын бақылауға алып отырады. Сонымен қатар ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында жүкті әйелдер үнемі бақылауда болады. Ана мен баланың денсаулығын күнделікті бақылауға алып жүрген ақ халатты абзал жандарымызға алғыс айтамыз.

 

Мәдениет

Округ бойынша 3 клуб, 3 кітапхана жұмыс істеуде. Кітапханаларда 25700 дана кітап қоры болса, онда 1691 оқырмандар бар. Округ көлемінде мерекелік іс-шаралар жоспары жасалынып өткізіліп отырады. Әр ауылдағы клуб меңгерушілері бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарады. Осы іс-шараларға өнерпаздар мен бірге мектеп оқушыларымен ұстаздары  ат салысып келеді.

                             

Спорт

Округте 2 спортзал, 3 спорт алаңдары ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Әр аптаның сейсенбі, жұма күндерінде волейбол, баскетбол, футболдан ауылдар арасында жолдастық кездесулер өткізіліп отырады. Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында бұдан әрі жұмыстар атқара беретін боламыз.

 

Көркейту, көгалдандыру, абаттандыру.

Округте көктемгі көгалдандыру, көгеріштендіру санитарлық тазалық айлықтарына байланысты елді мекендерде адам өміріне қауіпті қураған 110 түп ағаштар кесілді. 345 түп тал-дарақтардың түбі әктелді. 280 дана бағаналар әктеліп, сырланды. 100 шаршы метр жерге гүлзарлар отырғызылды. Көшелер мен арық-тоғандар тазаланды. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерімен 11 сенбілік ұйымдастырылып, 995 адам қатыстырылды.

 

Кәсіпкерлік

Округ бойынша 6 шағын кәсіпкерлік тіркелген онда 6 адам жұмыс істейді. Кәсіпкерлікті қолдаудың тетігі шағын несие беру болып табылады «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Құмөзек ауылда осы үш ауыл тұрғындарына арналған  «Наубайхана» ашылып халыққа қызмет көрсетуде. Сарыөзек ауылынан жеке кәсіпкер Көпекбаев Қуаныш өз үйінің жанындағы 2 га жерге алма-алмұрт талдарын егіп, биыл 800 кг алма,400 кг алмұрт өнімін алды.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

Округте 2017 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 3730, қой-ешкі 12736, жылқы 487, түйе 29 және үй құстары 3570 басты құрады. 2016 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда МІҚ 177 басқа, қой-ешкі  357 басқа, жылқы 126 басқа, түйе 3 басқа және құс 150 басқа артқан.

Округте тіркелген 33 жеке шаруа қожалығы жұмыс істейді, шаруа қожалықтарында 43 адам жұмыспен қамтылған. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Абаш» жеке шаруа қожалығының жетекшісі Әділбеков Ғалымжан несие алуға құжаттарын дайындау үстінде.

 

Атқарылған жұмыстар туралы.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша осы жыл ішінде Құмөзек ауылына 550,0 мың теңге қаралып Жиенбаев көшесі мен Әшкеев көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 10 жарық шамдары қойылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 400 мың теңгеге Қарабөгет ауылындағы клубтың 38 метр жеріне қоршау жұмыстары атқарылды.

Мүгедектердің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Жергілікті бюджеттен» Құмөзек ауылының әкімшілік ғимаратының алдына 500 мың теңгеге пандус орнатылды.

Сарыөзек ауылы мен Ескі Байтал елді мекенінің арасындағы 6 шақырым жолдың кейбір жерлерін ағын су алуына байланысты жол табандары көтеріліп бөгеттер салынды.

Алдағы уақытта барлық күш жігеріміз бен қабілеттілігімізді ауылдардың экономикалық ахуалын одан әрі жақсартып, халқымыздың тұрмыстық жағдайын көтеруге, бірлесе еңбек етуге жұмылдыратын боламыз

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00