Кеңес ауыл әкімі есебі

Кеңес ауыл әкімі есебі

Кеңес ауылдық округінің  әкімі Ә.Мукашевтің ауыл тұрғындары алдында есеп беруі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында:

Бүгінгі күнге Кеңес ауылында 362  жанұя , халық саны  2120 адам тұрады.  Оның ішінде  қазақтар 1906,  4  орыс, 2  неміс, 2 қырғыз,  6 ұйғыр,  189  күрт өкілдері тұрады.

Аудан және Округ әкімінің 2016 жыл басында өткен аудан және ауыл әкімінің ауыл тұрғындарының алдындағы есепті жиналысында Д.Итбасова көшесін жарықтандыру туралы  1-ұсыныс пікір түскен болатын. Оларды орындау барысында ұсынысқа байланысты жергілікті маңызы  бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін –өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражаты 1160590 тенгеге сеталық жобасы жасалып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 611 мың тенгеге жеңімпаз   ИП «NUR STROY»   жарықтардыру жұмыстарын жргізілді,көшеге жарық белгіленген уақытымен берілуде.

Жұмыспен қамту -2020 жол картасы бағдарламасы бойынша

2016 жылы Б.Расилов «Расил» ш/қ жетекшісі 2,7  млн тенге, Д.Егимбаева – 2,6 млн тенге, Ш.Букенов 6 млн тенге, А.Есенбаев 1 млн тенге, несие алып мал сатып алып  бордақылаумен  айналысып, жұмыс орындарын ашуда . Барлығы : 12.3 млн тенге несие алды.

2016 жылы төлеуге  міндетті жер, мүлік  салықтары 322177  тенге. 100 пайызға  орындалды .

Өңірлерді дамытуда  биылғы  жылы «Жасыл белдеу » бағдарламасы бойынша  8 га  жерге «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау » мемлекеттік мекемесінен   270  түп  терек, 4270түп  қарағаш  барлығы 4540  түп  алып  отырғызылды . Осы егілген тал теректің 2 га жерін қоршау үшін сеталық жобасы жасалып , 24 мамыр 2016 жылы 1214 млн тенге парталға салынып  01.06.2016 жылы Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алду  қорытындысы бойынша жеңімпаз « Саңыраулардың қазақ қоғамы» ҚБ Тараз оқу- өндірістік кәсіпорнымен келісім шартқа жасалып, аталған тал теректің 2 га жер қоршал.

Биназар көшесінің жартысына,  кезінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолына,  шағал тас төгіп тегістеу  жұмыстарына 1428810 тенгесеталық жобасы жасалып, 15 маусым 2016 жылы парталға салынды. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша  жеңімпаз   ИП «Тулебаев Исак Раткулович»  анықталып жөндеу  жұмыстарын жүргізіп толық аяқтады.

2016 жылы маусым айындағы аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуінде айтылған  ауылтұрғындарының ұсыныс пікірлерін  орындауда Жазылбек Куанышбаев көшесіндегі  Ж.Куанышбаевтың тұрған үйіне осы үйде тұрғаны туралы тақтайша орнатылды. Ж.Куанышбаев, А.Орынбаев көшелеріне шағал тас төсеп жөндеу  үшін сметалық жобасы жасалып,  «Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 8  млн қаржы бөлінді: А.Орынбаев көшесіне 3 млн. Ж:Қуанышбаев көшесіне 5  млн. тенге Бөлінген қаржыны  Мойынқұм ауданы  әкімдігінің Тұрғын  үй  комуналдық  шаруашылық , жолаушылар  көлігі   және  автомобиль көлігі  және  автомобиль  жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен Конкурстық тәсілмен ойнатылған қаржыны Мойынқұм ауылының «Талас-Сервис құрылысы» ЖШСеріктестігі ұтып алды. Аталған серіктестік  көшелерге жоба бойынша жұмыстарын жүргізуде.

Егін шаруашылығы. Ауыл экономикасының аграрлық секторын негізінен  шаруа     қожалықтары мен  жеке шаруашылықтар құрайды. Ауылда егін  шаруашылығымен айналысатын қазіргі уақытта 79 ш/қ тіркеліп жұмыс істеуде. Округ бойынша 2016 жылы  жер көлемі  57859 га  оның ішінде : жайылымдық 50508 га,  суармалы 1932  га.

2016 жылға 30 га арпа , жүгері 20 га , тары 25 га , күнбағыс 13 га , картоп 11 га, бақша 325га, көкеніс 35га, көпжылдық шөп жоңышқа 727 га, барлығы – 1193 га жер суармалы жер игерілді.

Жалпы округтегі  мал шаруашылығы бойынша

Мал басы: Ірі қара малы – 2217 бас , қой- ешкі – 12520 бас,                     Ешкі -1310 оның ішінде аналығы –819 бас, Жылқы -693 бас, Түйе  -49 бас

          Кәсіпкерлік . Кеңес  ауылында 10 дүкен,  2 жанар жағар май бекеті,  1 кафе,  1 кіші наубайхана, 1 тін шкберханасы , халыққа қызмет көрсетеді. Жеке кәсіппен жылыжайда 2 адам, тігін цехында 2 адам, мал бордақылаумен 3 адам, мал бағумен 4 адам, барлығы 9 адам, адам тасумен 10 адам барлығы  37 адам жұмыспен қамтылған. Барлығы салық басқармасында тіркелген.

Биылғы 2016-2017 оқу жылында «Кеңес» орта мектебінде 1-11 сыныптарда 338 оқушы, 2 даярлық сыныбында 40 оқушы білім алады. Оған 64  мұғалім сабақ берсе, 30 тех.қызметкерлер жұмыс жасайды. Жоғарғы санатты – 24 мұғалім, І – санатты – 17 мұғалім сабақ береді.

Білім беру ұйымдарының жылыту маусымына дайындық барысында мектептің ауласында күзгі-қысқы тазалық жұмыстары 200 мың теңге қарастырылып ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқы маусымға 235тонна көмір түсіріліп, қазандық қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.

          Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен

Кеңес ауылында «Балапан » балабақшасы 2 мамыр 2013  жылы ашылды .  үш  топта  25- баладан 70  бала балабақшада . Штат бойынша  29 адам  жұмыс атқарапды

  Дірігерлік амбулатория «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда   15-49 жас қа дейінгі қыз-келіншектер дәрігерлік тексеруден өткендер саны-292. Қант диабетімен есепке алынғандар саны – 1. Екпе егу алған балалар саны 317.  Ем егу алған аурулар саны 810.  Диспансерлік есепте тұрған аурулар саны 148. Диспансерлік есепте тұрғандар:  артериялық гипертензия – 75, қант диабеті – 12,  Хр. Холецистит – 8, Хр.Пилонефрит – 20,  Хр.Бронхит – 15, Язвалық аурумен – 4, ЗОБ – 3, туберкулез ауруымен ауырған  науқас – 1,  ИБС-пен ауыратын науқастар саны – 11, зоб  ауруымен ауыратын  науқастарға ай сайын тегін  дәрілер таратылады.

Ауылда мәдениет саласы, кітапхана, спорт , жастар жұмыстары   өз дәрежесінде жұмыстар жүргізілуде.

 Ауылдық кітапханада     13474 кітап қоры бар . Оның ішінде қазақша -7329 дана, шет тілдегі  6145 дана. 2014 жылы 375  дана  жаңа  туынды  кітаптармен толықтырылды .Кітапханада үш  түрлі басылымдар бар .

Мәдениет жағына әкімшіліктен арнайы бөлме берілген. 2016 жылғы  қаңтар айынан бастап  жоспарға сәйкес әр түрлі мерекелік іс-шараларды ауыл жастарымен және мектеп ұжымымен бірлесе отырып атқаруда.  Ауылда анайы  Мәдениет үйі жоқ.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша  2009 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесі пайдалануға берілген. Қазіргі таңда  12 үйге және мектеп, балабақша ,  дәрігерлік амбулаториясына енгізілген. 25 ауыл тұрғыны үйлеріне кіргізуге өтініш берді. 2015 жылы қазан айында «Мөлдір» КММ-сінің  баланысына күтіп ұстау үшін берілді.Ауыз су мезгілімен  уақтылы беріліп келеді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Аудан әкімдігінің  2016 жылғы 25 ақпандағы  «Мойынқұм ауданының елді мекендеріндегі көктемгі   көріктендіру , абаттандыру  және  санитарлық  тазалау жұмыстары туралы» 135 қаулысының  орындалуы  туралы

  1. Ауылға кіреберіс елді мекеннің атауы   жаңадан сырланып жазылған, ауыл ішіндегі  көшелерге  тазалық  жұмыстары  жүргізілді,  әкімшілік тарапынан күл қоқыс шығару  жөнінде ескертулер  жазбаша  ескертілді.

Мемлекеттік мекемелер Дәрігерлік амбулотория ,Кеңес орта мектебі, Әкімшілік  айналасы безендендіру және  тазалық  жұмыстары  толық әктеу, сырлау, күл қоқысты  шығару  жұмыстары  жүргізілді .

Көшелер әр түрлі  қоқыстан  тазарту  жұмыстары  жүргізіліп жатыр ,үй  аулары, маңының тазалығы  үнемі бақылауда

«Сұнқар» демалыс  орнынан бері  ауылға  дейін  1780 тал,  түгел  бұталып түбі    әктелді . Жол  бойындағы 230 электр бағаналары  әктеліп  сырланды.

Ауылдық Мешіт 1-еу, Биназар көшесі № 37 мекемеде орналасқан. Діни экстремизмге қарсы күрес ұйымдастырылған, арнайы комиссия құрылған, жұмыс жоспары бар, терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған.

Мүлікті жария ету.

«Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасына тұруға  ыхтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық  жасау туралы» Заңына байланысты аудан орталығында аталған заң бойынша құрылған комиссия жұмыс істеуде. Биыл елімізде жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру шараларының соңғы кезеңі басталды. Кеңес ауылынан үш отбасы үйлерін заңдастырды.

 

Әскерге шақырту –  2016 жылы  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне   шақырылғандар 35 азамат.Ооның  ішінде: .11  студент, оның ішінде оқып жатқандығы туралы  анықтама әкелкелмегені 3 азамат,  шақырылғандар ішінен қорғаныс бөлімне 24 азамат барды.  Оның ішінде  .3 азамат   әскер қатарына алынып отан қорғау  борышын өтеуде .     40-күндік ақылы әскерде   4  борышын өтеді.

Ауыл жастары –  Ауыл жастары 527. Оның ішінде 254 – ер азамат, 273 – қыз бала тіркелген. 14-18 жас аралығында 90 оқушы   мектепте  білім  алуда,  жоғарғы  оқу   және

        арнаулы  оқу  рындарында  оқитын  студенттер 120,  шаруақожалықтарында  90,

кәсіпкерлікпен 15,  уақытша өзін-өзі  жұмыспен  қамтып  жұмыс  істейтіндер 12,  отан алдында  әскери  борышын өтеп жүргендер- 11,әскер қатарында келісім шартта-13 азамат,  үй  шаруасымен  және  бала  тәрбиесімен 54 жас бар.Жастар  арасында  құқықтық  тәрбие  жұмыстары  үнемі  жүргізілуде. Учаскелік полиция  инспекторымен  бірге  мектеп  оқушыларымен  «Ұрлық  түбі  қорлық», «Есірткісіз  болашақ», «Өз құқығымызды  білеміз бе»  тақырыптарды  дөнгелек  үстел, кездесулер  өткізіп  ауыл  ішінде  кешкілік бақылаулар  ұйымдастырылып  тұрады.

Ауыл көлемінде 2016 жылға арналған спорттық іс-шара  жоспары жасалып,  осы іс -шараларға байланысты ай сайын спорттық ойындар ұйымдастырылып, демеушілердің қолдауымен бағалы сыйлықтар беріліп келеді.Мерекелік күндері  спорттық ойындар ұйымдастырылып тұрады.

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00