100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қылышбай ауыл әкімі есебі

    Қылышбай ауылының әкімі Елеусізов Қызыр 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы

     

           «Қазақстан бүгінде әлем назарына бейбіт бастамаларымен, қарқынды дамуымен іліккен жаңашыл, өркениетті мемлекет» деп айтуымызға барлық негіздер бар.

          Отанымыздың жетістіктері  – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

    «Қазақстан  – 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы.  Стратегияны мүлтіксіз орындау ортақ парыз, абыройлы міндет.

          «Қылышбай ауылдық округі әкімінің  аппараты »  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы » Заңы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Жамбыл облысы және Мойынқұм ауданы әкімдерінің  актілеріне, өзге де нормативтік – құқықтық актілерге, сондай – ақ «Қылышбай  ауылдық округі әкімінің аппараты » коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.

    Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппаратына 2016 жылдың

      Мектепке дейінгі балалар мекемесіне жолдама беру үшін ауыл тұрғындарынан 13  өтініш түсіп, «Бөбек» балабақшасына жолдама беріліп,

     13  бала балабақшаға орналасты.

      Округ бойынша 220 отбасында 986 адам тұрады. Осы тұрғындарға мектеп, балабақша, клуб, дәрігерлік пункт, кітапхана, почта, қазақтелеком бөлімшесі, «Рәтқұл ата» мешіті қызмет керсетеді.

    Білім беру саласы бойынша.

     Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселелері ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында «Бөбек» балабақшасында педагог мамандығы бойынша 8 бірлік, кіші техникалық 16 қызметкер жұмыс істейді.

    Қазіргі таңда 1 топта 25 бала тәрбиеленуде.

    2016 жылдың жоспар бойынша белгіленген іс – шаралары толықтай өз уақытында өткізіледі.

      Қазіргі таңда білімнің мазмұны мен оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістерін тимді қолдана білу – заман талабы. Осы орайда Ә. Төлепбергенов орта мектебінде 30  жоғары білімді,  4 арнаулы орта білімді мұғалім қызмет атқарады. Қазіргі таңда мектепте 180 оқушы білім алады. 4млн 900 мың теңге мектеп ғимаратының қоршауына бөлініп, қоршау жұмыстары жүргізілді.   Мектеп ғимаратының бірінші қабат терезелеріне 5 млн. теңге бөлініп, ауыстырылды.  Мектепте окушыларға жан-жақты тәрбиемен білім беру үшін барынша жағдай жасалған. Білім ордасында мәжіліс залы , спорт залы,  асхана , медкабинет , интернет жүйесіне қосылған, информатика кабинеті, бір мультимедиялық кабинет, интерактивті тақтамен  жабдықталған физика , биология ,  тарих кабинеттері бар . Пән кабинеттері жаңа талапка сай безендірілген. Оқу бөлмелері жаңа жиһазбен қамтамасыз етілген. Ә.Төлепбергенов орта мектебінде 4 бірлестіктен құралған әдістемелік  кеңес  жұмыс жасайды . Бірлестік жұмыстарды  дұрыс жолға қойып , әр бірлестіктің жыл бойы атқарған жұмыстарына талдау жасалып , жеткен жетістіктері талқыланып отырады. 

    Денсаулық саласы бойынша.  

        Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 2 медбике, 1 акушер халыққа қызмет көрсетеді.

    2016 жыл басынан 13 бала  дүниеге келді.

    Округ бойынша гипертониямен 66 адам, қант диабетімен 7 адам есепте тұр. Аз қамтылған, көп балы отбасыларға 1 жасқа дейінгі есепте тұрған 10 балаға дәрігерлердің бақылауы бойынша жасанды тамақ берілді. Ай сайын жедел жұқпалы ауруларға, қан аздыққа тегін  дәрі – дәрмек таратылды. 1 жасқа дейін 30 бала, 5 жасқа дейін 25 бала алдын алу екпелерін алды.  Ауыл бойынша қазіргі таңда туберкулезбен тіркелген азамат жоқ.

    Туберкулезге қарсы 180  балаға манту  салынды. Тұмауға қарсы 9 жүкті анаға және балабақшаға баратын 25 балаға, көп балалы отбасының мектепте оқитын 50 балаға тұмауға қарсы тегін вакцина егілді.

     Ауыл шаруашылығы. Ветеринария саласы бойынша.     

        Округ бойынша барлық суармалы жер көлемі 643 га, оның ішінде игеріліп отырғаны 215 га.

       Ауылдық округ бойынша мүйізді ірі қара – 1982 бас, қой – ешкі – 6607 бас, жылқы – 438 бас, түйе -18  бас. Мал басын аман сақтау мақсатында аса қауіпті ауруларға қарсы төрт түлік малдар бірнеше қайтара емделеді. Аусыл ауруына қарсы қой – ешкі 13200 бас,ірі қара-4200 бас, қарасан ауруына қарсы мүйізді ірі қара малы – 1400 басқа егу жұмыстары жүргізілді.

    Құтыру ауруына қарсы-  ірі қара-1500,уақ мал-1600, жылқы-120, түйе-20,

     Сібір жарасына қарсы ірі қара – 1710 бас, қой – ешкі 6600 бас, жылқы – 430 бас, түйе – 22 бас.

     Бруцеллез ауруына мүйізді ірі қара  – 1758 бас, кой – ешкі 4480 бас, туйе – 20 бас малдар тексеруден өткізілді. 

    Спорт және жастар.  

       Елбасымыздың басты ұстанымы жастар мәселесі.Спортты дамыту және оны жетік меңгеруге рухы биік азаматтар тәрбиелеуде атқарылып жатқан іс – шаралардың маңызы зор.

      Округ бойынша 29 жасқа дейін 220 жас есепте  тұр. Оның 125 ер азаматтар, 95 әйел азаматтар. 

      Дене тәрбиесі мен спорт –азаматтардың денсаулығын жақсарту, жастарды рухани және дене мәдениеті арқылы тәрбиелеу мақсатында Ә. Төлепбергенов атындағы орта мектебінің спорт залы, сыртқы аулады футбол және волейбол алаңы,  спорттық іс – шаралар өткізуіне қызмет көрсетеді. Әр аптада ауыл жастарымен волейбол, баскетбол ойындарынан жарыстар  өткізіліп тұрады. Ауыл жастарынан құрылған футбол, волейбол командалары аудан көлемінде өткізіліп жүрген іс – шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

     Мәдениет

    Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қылышбай ауылдық кітапхана филиалында 11640 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақ тілінде 6198 кітап. Аудандық бюджеттің есебінен 8 түрлі газет журналдар келіп тұрады.

        Ауылдық клубта мәдени тұрмысты жақсарту, халыққа мәдени демалыс ұйымдастыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.  

    Почта

    Қылышбай ауылдық почта бөлімінен ауыл бойынша таратылатын газет – журналдар саны -245 дана, аптасына 2 рет таратылады.

    Зейнетақы алатын тұрғындар саны – 87

    Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы адлатындар саны – 16

    4 және одан жоғары көп балалы жәрдемақы алатындар саны –  18

    Кәсіпкерлікті қолдау аясында 5 жеке кәсіпкер, 1 наубайхана халыққа қызмет көрсетеді. Округ бойынша ауыл тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерде 130 телефон нүктесі жұмыс істеп тұр. Ауыл әкімшілігі мен Ә. Төлепбергенов мектебіне интернет жүйесі қосылған.

    Әлеуметтік сала

         Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша 3 азамат несие алуға ниет білдіріп құжаттарын жұмыспен қамту орталығына өткізген. Қазіргі таңда 2 азамат несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.  «Жұмыспен қамту  – 2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарынан 8 азамат  6 ай мерзімге ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды . 2 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар іс-тәжірибесі бойынша 3  азамат  ауыл әкімшілігінен 6 ай мерзімге іс – тәжірибеден өтті.  

    Отбасы табысы күн көріс себеті деңгейінен төмен 4 отбасыға ­«Өрлеу» пилоттық жобасы аясында шартты ақшалай көмек көрсетілді.                      Жергілікті салық түрлерінен жоспар бойынша жер салығы -227571  тенге мүлік салығы  6995 теңге жиналып жоспар 100 % – ға орындалды.

       «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 717 мың, теңге ауыл саябағын қоршауға игерілді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района