100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қызылотау ауыл әкімі есебі

    .Қызылотау ауылдық округінің әкімі

    А.Сарышөкеннің есебі

    1.    Кіріспе

    Өздеріңізге белгілі  2013 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына   сәйкес, бүгін міне  2016 жылы атқарған жұмыстарым  туралы есепті  назарларыңызға  ұсынғалы  тұрмын.

    Жамбыл облысы әкімінің аппаратында және  жергілікті атқарушы органдарда іс-жүргізу, құжаттардың орындалуын ұйымдастыру жөніндегі №211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы №215 қаулысымен бекітілген  Нұсқаулыққа және басқа да қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда:  «Өсім, Реформалар, Даму» атты Жолдауында:

    Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін деген болатын.  Жолдауда айтылған тапсырмаларын  іске асыру шараларына байланысты Қызылотау ауылдық округі бойынша да тиісті шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ  округке қарасты ауылдардағы  мекеме ұжымдарымен кездесулер және «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Тараз қаласынан арнайы ақпараттық насихат тобы келіп Амангелді атындағы орта мектетерінде кездесу жиындарын өткізді.

    Қызылотау   ауылдық   округі  әкімінің   аппараты    2016   жылдың  қорытындысы бойынша  60 өкім,  2  шешім шығарып, әкімшілікке келіп түскен кіріс құжаттар айналымы  кіріс 413, шығыс  құжаттар 386   бірлікті құрады.  Кірістелген және шығысталған  құжаттардың  барлығы дерлік қазақ тілінде рәсімделген. Қызылотау ауылдық округі әкімдігі жыл басынан бері жеке  қабылдау  бойынша   27 азаматты  қабылдап,  нәтиежесінде  олардың өтініштері толықтай қанағаттандырылды.  Өтініштердің барлығы «Айқын» бағдарламасына енгізілген. Сенім телефондары жұмыс істейді. Газет бетіне жарияланған.

    Қызылотау  ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық және оның алдын-алу шараларына байланысты  топ құрылған. Топ жетекшісі округ әкімі болып табылады. Әкімшілік  мемлекеттік  қызметшілеріне  тиісті актілерді қабылдау кезінде  заң  бұзушылықтарға жол бермеу керектігін, қабылданған нормативтік актілер  заң талаптарына сай жүргізу қадағалаушы органдардың назарында болатындығы  үнемі ескертіліп отырады.  Алдағы уақытта да  сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын-алу шараларына байланысты жұмыстар атқарыла беретін болады.

    1. 2016 жылғы округтің  әлеуметтік экономика

    Ауылда  107  отбасы, барлығы округ бойынша – 602 адам  тұрады.

    Қызылотау ауылдық округі бойынша 2016 жылғы есептелген  мүлік салығы 6 300 теңге және  жер салығы  101 700 теңге жиналып, төлеуге міндетті  есептелген салықтар 100 пайызға орындалды. Осы салықтар бойынша І-ІІ топ мүгедектері, «Алтын алқа» иегерлеріне жеңілдіктер беріліп белгіленген тәртіппен салықтан босатылды.

    «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда биылғы 2016-2017 оқу жылында Амангелді орта мектебінде 129 оқушы білім алуда. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ел ертеңі десек, оларды ақылды, парасатты етіп тәрбиелеу ұстаздардың борышы. ХХІ- ғасыр білімділер ғасыры,- дейтін болсақ оқу үрдісінің негізгі міндеті жоғары нәтижеге жету. ҰБТ сапалы дайындық ұйымдастыру үшін жыл басында арнайы жоспар құрылып, атқарылатын іс-шаралар белгіленді. Сол іс-шараның нәтижесінде өткен 2016 жылғы оқу жылында білім сапасы бойынша 5 оқушы  ҰБТ-ға қатынасты. Биылғы оқу жылында қысқы маусымға байланысты 200 тн көмір отыны түсіріліп, арнайы бастырманың астына кіргізілген. «Ыстық тамақпен» 1 сынып оқушылары қамтылған.

     

    Мектеп жанынан ашылған шағын орталықта бүгінгі таңда 25 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Ата-аналардың айлық жарнасы 4200  теңгені құрайды.

    Балабақшада әр мереке қарсаңында ертеңгіліктер, ашық сабақтар өткізіліп тұрады. Бала бақша ұжымы даталы мерекелік жиындар, қоғамдық жұмыстар тазалық айлығы және ауыл көлемінде өтетін барлық іс-шараларға белсене араласады.

    Жыл басынан бері Қызылотау  ауылдық округі бойынша 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы аудан әкімдігінің жұмыспен қамсту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тағайындалды.

             Денсаулық сақтау саласына байланысты 2016  жылы  ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде біршама жұмыстар атқарылды. Тегін дәрі –дәрмектермен  «жоғары қан қысымы» «жүрек қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастар «қант диабетімен ауыратын» науқастар және диспансерлік есепте тұратын ауруларға және аяғы ауыр әйелдерге, 2 және  5 жас аралығындағы  балаларға гепатит «А» түріне ем жүргізілді. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге В вирусты гепатитке екпелер егілді. 2016 жылы   Күшаман ауылында 21 нәресте  дүниеге келді.  Алдын ала тексеру бойынша 246 (флюра) тұрғын дәрігерлік тексеруден өтті. Аудандық орталық ауруханадан әртүрлі саладағы дәрігерлер келіп тұрғындарға алдын ала тексеру жүргізіп отырады. 1жастан  14 жасқа дейінгі балаларға туберкулездің алдын алу үшін Манту R сынамасы 129 балаға жасалды. Жаңа туған нәрестелерге апта сайын патронаж жасалады. Алғашқы көмекке дәрі дәрмектер бар. Медициналық тірекке  2016  жылғы қысқы маусымға байланысты  10 тонна көмір отыны түсірілді.

    Округ бойынша 2 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетеді.

    «Ауыл шаруашылық» жұмыстарына байланысты  сәуір мамыр айларында округ бойынша егін суы берілді. Округке қарасты ауылдардағы шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі суармалы жерлерін игерді. Сонымен қатар шаруа қожалықтары жетекшілеріне және мүшелеріне тиесілі жерлері игерілмеген жағдайда қайтарып алынатындығы ескертіліп отырады.

    Жыл бойында мал есебін жүргізу бірдейлендіру жұмыстары жолға қойылып, округ бойынша 4 түйе,  жылқы 128 бас, ірі-қара  544 бас, 2200 бас  қой –ешкі бірдейлендіріп, компьютерге енгізіліп, базаға  кіргізілді.

    Қырым қанды безгегіне қарсы ірі-қара және қой-ешкі малдарына профилактикалық ем-дом, қора жайларға  дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы бекітілген  2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында  ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Күшаман ауылында  «Ауыз су» құбыры  жұмыс істейді.  Ауылдағы 107 үйдің 46 үйдің ауласына су кіргізілген.  Мекеме «Мөлдір» КМК-не сенімгерлік басқаруға келісім-шартпен берілген. Штат саны  бойынша 5 жұмысшы жұмыс істейді.

    Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2013 жылғы «16» маусымдағы №636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына байланысты жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру бойынша  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ресми тіркеуде тұрған 12 азамат уақытша ақылы қоғамдық жұмыс орындарына және 1 жас маман «Жастар іс-тәжиірбесі» бойынша жұмыстар атқарды.

    Қызылотау ауылдық округі бойынша кітапханашы Д.Ибраева. Кітапханада -6000 дана кітап қоры бар. Бақылау көрсеткіштері:

    1. Оқырман саны – 296;

    Күшаман ауылында 2017 Жаңа жылды қарсы алу кешін кітапханашы және клуб меңгерушісі  жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді.

    «Мәдениет» саласында  ауылда  клуб меңгерушілері жұмыс атқарады. Округ бойынша жыл бойына жасалған іс- шара жоспарына сәйкес әр түрлі мерекелік іс-шараларды ауыл жастарымен және мекеме ұжымдарымен бірлесе отырып атқарылуда. Аудандық және облыстық деңгейде өтетін байқау, жарыстарға ауыл өнерпаздары үнемі қатысып отырады.

     «Жастар» Округ бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 179  адам.  Мектептерде 14-18 жас аралығындағы  білім алушылар саны – 62  адам. әскер қатарында – 2 адам.

    Жұмыспен қамтылғандар саны – 15.

    Округте  нашақорлық  және маскүнемдік жолға түскен жастар жоқ. Округ жастары аудан көлемінде болған мәдени көпшілік және спорттық-іс-шараларға үнемі ұйымшылдылықпен қатысып отырады.

    Округ бойынша 1 пошта бөлімшелері бар. Ондағы қызметкерлер мекемелердің айлық жалақысын және зейнеткерлерге зейнетақы таратып беру қызметін, әртүрлі газет-журналдарды таратып берумен және жаздырумен айналысады.

    «Тазалық жұмыстары» бойынша тазалық айлығы басталған наурыз айынан бастап  округ әкімінің шешімімен әр мекемеге әр аптаның  жұмыс күндері мекемелер айналасын және жұма, сенбі күндері қоғамдық орындарды тазалау туралы тазалықтың іс-шарасы бекітіліп берілді. Сол іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылды. 12 сенбілік өткізіліп, оған 200 жуық  адам қатысып, 2 тоннаға жуық күл-қоқыстар сыртқа шығарылды. Орталық көшелердегі бағаналар сырланды  және  тал-дарақтардың түптері әктеліп бұтақтары кесілді.  «Жасыл белдеуге» байланысты  150  түп әртүрлі талдар егілді. Жалпы тазалық жұмыстарына округке қарасты ауылдардағы барлық мекемелер ұйымшылдықпен қатасып отырады.

    «Қоғамдық тәртіп» сақтау барысында учаскелік инспектор Д.Бегелиев қызмет көрсетеді. Ауылда қоғамдық тәртіп сақтау, қылмысқа қарсы күрес, алкоголь өнімдерінің айналымын ретке келтіру, нашақорлыққа қарсы күрес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, мал ұрлығын болдырмау шараларына байланысты жоспарға сай мекеме ұжымдарымен және білім беру мекемелерімен кездесіп, «дөңгелек үстелдер» кездесулер өткізіп тұрады.

    Округке қарасты ауылдардағы барлық мекемелердің және ауылдық клуб меңгерушілерінің  арасындағы тығыз  қарым-қатынастың негізінде  барлық  мерекелік іс-шаралар  мүмкіндігінше аталып өтілді.  «Жаңа  жыл», 8 Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекелері, 22 Наурыз «Ұлыстың Ұлы күні», мамыр айында аталып өтілетін атаулы мерекелер, 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі және 6 шілде «Астана күні», 1-қазан «Қарттар күні», Жаңа жыл    мерекелері кең ауқымды және жоғары деңгейде аталып өткізілді.

     

     

     

     

    1. Бағдарламалардың орындалуы туралы.

     

    Республикалық «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  бойынша 2016 жылға бөлінген  460 мың  теңге қаржы  қарастырылып, К.Тоқбаев көшесіне құм шағалдар төселіп, ретке келтірілді.

    Сонымен  қатар К.Шалабаев көшесіне  2 067 мың теңге, Ш.Өскенбаев көшесіне 3 100 мың теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды.

    1. Ұсыныс –пікірлердің орындалуы туралы.

     

    Есеп беру жиналысының  алдында аудан және округ  әкімдерінің  есебіне орай ауыл тұрғындарының өтініш, ұсыныстарын білу үшін ауыл әкімшілігі, мектеп ғимараттарына ұсыныс-пікірлеріне арналған жәшік қойылған. Бүгінгі күнге ешқандай ұсыныс түскен жоқ.

    Құрметті ауыл тұрғындары сіздердің назарларыңызға 2016 жылғы атқарылған жұмыстарымды  баяндай  келе алдағы уақыттарда да сіздермен өзара тығыз  байланыспен жұмыс істеп, ауылымыздың келешектегі өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешетіндігімізге және ауылдың әлеуметтік – экономикалық өсіп – өркендеуіне   нақты және жүйелі түрде жұмыстар атқарып,  жүргізетініме толық сенім білдіремін.

    Барлығыңыздың отбасыларыңызға   бақ – береке, дендеріңізге саулық,  еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын – деп тілеймін.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района