Мирный ауыл әкімі есебі

Мирный ауыл әкімі есебі

Мирный ауылының әкімі Ғ.Тлешовтың 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы

 

 

Бүгін сіздердің алдарыңызда маған бекітіліп берілген функциялар мен жүктелген міндеттердің өткен 12 айдың ішінде орындалуы туралы есеп бергелі отырмын.

Өздеріңіз білесіздер, біздің ауыл аумағында негізінен бірнеше шағын өнеркәсіп кәсіпорындары мен бюджеттік мекемелер орналасқан. Енді солардың атқарған істеріне қысқаша тоқталып кетейін.

Атап айтатын болсам өткен есепті кезеңде «Құлан-көмір» ЖШС-і 25 мың тонна көмір өндірді Ал «Көптас» ЖШС-і осы уақыт ішінде 26250000 мың теңгеге 1750 мың тонна гранит өндірді. «Оргстрой» ЖШС-інде 2700 куб гранит өндіріліп, оның түсімі 28000000 мың теңгені құрады.Осы аталған өндіріс орындарында 59 адам жұмыс істейді, олардың орташа айлық жалақысы 45000 теңге болып отыр. «Казгранит» ЖШС-і жұмыс істеп тұр. Ол келешекте 30 мың шаршы метр брусчатка және 6 мың шаршы метр гранит блоктарын шығаратын болады. Бұл жоба 2015-2018 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Бізде «Айғаным» шаруа қожалығы тіркелген. Мұнда өткен 2016 жылы мал басы 2015 жылмен салыстырғанда біршама өсті. Бүгінгі таңда қой-ешкі 2852 басқа,жылқы 124 басқа жетіп отыр.

Есепті кезеңде 55 мүйізді ірі қара, 2852 қой –ешкі, 124 жылқы «Сібір жарасына» қарсы, 55 мүйізді ірі қара, 2852 қой-ешкі «Аусыл» ауруына қарсы, 55 бас мүйізді ірі қара «Қарасан» ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Мирный ауылы бойынша Бурыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі жұмыс атқарады. Бұл мекеменің жалпы жер көлемі 392 550 гектар. Мекеме екі орманшылыққа бөлінген, Хантау орманшылығының жер көлемі 216 402 гектар және Бурыл-Байтал орманшылығынның жер көлемі 176 148 гектар.

Есепті мерзімде 2 рейд жүргізіліп, аң аулау ережесін бұзғаны үшін 12 хаттама толтырылып, заң орындарына тапсырылды.

Ауылда жеке кәсіпкерлікпен 10 адам айналысады. Бізде 6 дүкен, 1 дәріхана, 1 жанар-жағармай стансасы, 2 наубайхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұларда 11 адам жұмыспен қамтылған.

Мирный-Қияқты 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 206,7 млн теңге бөлінген.Бұл жұмыс осы жылы толық аяқталды.

Аудан әкімдігінің «Мойынқұм ауданы елді мекендерін көктемгі, күзгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы» қаулыларының орындалуын жүзеге асыру мақсатында ауыл әкімі аппаратының іс-шаралары жасалынып, есепті мерзімде бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Аудан бюджетінен бөлінген 45000000 теңгені, ауыл ішіндегі күл-қоқыстан тазартуға жұмсалды.

Атап айтқанда, өткен жылында ауыл бойынша 8 көше тазаланып, үйлер әктелді және қоршаулар сырланды.100 тонна күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды,Әкімшілік ғимаратының қасындағы орталық алаңға балалар ойын ойын алаңы соғылды.Көшелер күл-қоқыстан тазартылды және көшелерге құм-шағал төселіп тегістелді. 30-40 талдардың түбі әктелді. Сондай-ақ Мирный бұрылысы мен Бурыл-Байтал бұрылысы аралығындағы автожолдың екі жағы түрлі баклашкалар мен целофандардан тазартылып тұрды. Осы мерзім ішінде 17 сенбілік ұйымдастырылып, оларға 25 адам қатысты.

Өткен жылы жалпы өтініш берген жұмыссыздар саны 148 адам болса, ресми тіркелгендер 8 адам. Осы кезеңде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар іс-тәжірибесімен 1 адаммен келісім-шарт жасалып, ауыл әкімдігіне 6 айлық мерзімге жұмысқа қабылданды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа екі кезеңде 16 адам тартылды. Аз қамтылған 11 отбасы анықталып, оның мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Ал 18 жасқа дейінгі 5 отбасының 12 балаларына жәрдемақы тағайындалып, толықтай төленді.

Ауылда орта мектепте 112 бала білім алуда, мектеп жанындағы шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде. Мектепте 20  компьютер бар, интернет жүйесі орнатылған. 1-4 сынып оқушыларына және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына 1 мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Фельдшерлік-акушерлік тіректе 3 медбике жұмыс істейді. Өткен жылы 7 сәби дүниеге келсе, нәресте өлімі тіркелмеген. 2016 жылы туберкулезбен алғашқы ауырған науқас тіркелген жоқ.

Есепте мерзім ішінде 15 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оларға 40 адам қатысты. Ауылдық кітапханада 13800 кітап қоры бар. Оның мемлекеттік тілдегісі 8300 дана, оқырмандар саны 600 адам. Бұған дейін кітапхана ғимараты жеке үйде орналасып келген болса, 2015 жылдың мамыр айынан бері ауыл әкімдігінің ғимаратына көшірілді. Ал клубтың жайы мәз емес. Себебі ол жекеменшік үйде орналасқан, ал оның электр қуатын пайдаланғаны үшін қаражатын төлеу мәселесі шешілмегендіктен, өткен жылдың күзінен бері клуб үйі электр жүйесінен ажыратылған. Оның үстіне клубтың материалдық-техникалық базасы жоқтың қасы. Осының бәрі ауылда мәдени шараларды өз дәрежесінде өткізуге кері әсерін тигізуде. Бұл туралы көптен бері әр жиында айтылып келеді, бірақ бәрі «бас» қалпында. Ал кеңес кезінде салынған үлкен мәдениет үйінің ғимараты бірнеше жылдан бері қаңырап бос тұр, талан-таражға түсіп жатыр. Ол ғимарат аудандық мәдениет бөлімінің теңгерімінде тұрса да, ешкімнің басы ауыратын емес. Мұны бір жағына шығару керек сияқты.

Есепті мерзімде 5 бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіліп, оларға 20 адам қатыстырылды. Былтырғы жылы денешынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың саны ауыл тұрғындарының 35% пайызын, яғни 210 адамды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 50 адамға артып отыр.

Ауылда тұратын 838 адамның, яғни  26 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Жастар арасында түрлі спорттық, патриотттық тәрбиелеуге байланысты іс-шаралар өткізіліп тұрады. Олардың ішінде Елбасының Жолдауын насихаттау, дөңгелек үстел, акциялар, жастар сенбіліктерін өткізу жатады. Жастар арасындағы жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында жастар ісі жөнінде бір штат бірлігі берілсе.

Ауылда учаскелік тірек пункті жұмыс істейді.Ауыр және аса ауыр қылмыс болған жоқ. Пәтер, мал ұрлығы тіркелмеген.

2016 жылы ауыл әкімінің 1 шешімі, 130 өкімі, қабылданды.Есепті мерзім ішінде аудан әкімдігінің 14 қаулысы бақылауға алынып, жинақтау папкілері ашылды.

Өткен жылы ауыл әкімінің аппаратына барлығы 6 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 4, заңды тұлғалардан 2 өтініш тіркелген. Олардың 1 жер мәселесі,5 әртүрлі мәселелер жөнінде түскен.

Өтініштердің барлығы қанағаттандырылып, тиісті жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00