Мойынқұм ауыл әкімі есебі

Мойынқұм ауыл әкімі есебі

Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Т.Көпбаевтың ауыл тұрғындарының  жалпы жиынында 2016 жылы  атқарған жұмыстары туралы есебінің тезисі.

                                                    13    қаңтар   2016  жыл.

 

                            

2016 жыл еліміз үшін ерекше мерейлі меже жылы болды.Бүкіл халық болып қастерлі Тәкелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.Жас мемлекетіміздің ширек ғасырылық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды.Бұл біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ия, еліміз 25 жылда үлкен жетістіктерге жетті. Оны барлығымыз көріп – біліп отырмыз. Оның жемісін жеудеміз. Тәуелсіздік жылы дүниеге келген бала 25 толды, азамат болды. Ауылымыз жаңарып, көріктенді. Оны күнделікті өмірде өздеріңіз көріп жүрсіздер.

Есепті кезеңде ауданымыздың, мәдениетіміздің орталығы болып саналатын Мойынқұм ауылдық округі бойынша саяси – әлеуметтік, экономикалық, рухани мәдениет саласында да игілікті істерді жүзеге асыра отырып, біраз жұмыстар атқарылды.

Мойынқұм ауылдық округі аппаратының негізгі міндеті «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  талаптарын сақтай отырып ауыл тұрғындарымен қоян – қолтық араласа отырып, бүгінгі күннің талабына сай  жылдық, тоқсандық іс-жоспарға сай жүргізіледі. Атап айтсақ округ әкімінің аппараты өзінің жұмысын округте орналасқан мемлекеттік органдармен,ұйымдармен және азаматтармен өзара тығыз қарым – қатынаста жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңға Мойынқұм ауылында 9173 адам тұрады, бұд былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  304 адамға көп.Отбасы саны 1848. Оның ішінде 4485 ер адам болса, 4688 әйел адам. Округте 29 ұлттың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Округте   4690 адам жұмыспен қамтылғандар. Мекемелердің барлық түрінде 2405 адам,  өз  бетінше жұмыс істейтіндер 2202 адам. Зейнеткерлер 907 адам.Мектеп жасына дейінгі балалар саны – 876.

Есепті мерзімде округке аудан әкімі аппараты мен мекемелерден 632 құжат келіп түсіп, 1044 құжат шығысталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарынан 112 жазбаша  және  елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 182 өтініш қабылданды. Заңды тұлғалардан 12, ауызша  45 өтініштер келіп түсті. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңына сәйкес қаралып, өтініш иелеріне жауаптары уақтылы берілді.Осы келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі жеке отбасының шаруасы болса, біраз бөлігі ауылдық күнделікті тыныс  тіршілігін жақсартуға бағытталған ұсыныс – пікірлер.

Бүгінгі таңға дейін округ әкімінің аппаратына келіп түскен барлық шағымдар қанағаттандырылып, жауаптары берілді.       Бүгінгі таңда округ әкімінің  219 шешімі, 169 өкімі қабылданды. Осының ішінде 107 ауыл тұрғындарының үй соғуға жер сұрап берген өтініші қанағаттандырылып тиісті шешім шықты.

2015 жылдың қаңтар айында өткен есепті кездесуде ауыл тұрғындарынан бақшалық судың тұрақты берілуі, ауыл тазалығы, ауылдың жекелеген көшелерін жөндеу, жекелеген көшелерге түнгі электр жарықтарын орнату туралы ұсыныстар түскен болатын. Есепті мерзімде ауыл тұрғындарының ұсынысы мен өтініштеріне сай Аманкелді көшесінің екі жағынан жаяу жүргіншілер жүретін жол (тротуар)  35 млн теңгеге салынды. Ауылдың 6 көшесі (А.Күлекеева, 0,3 шақырым, Т.Нарбаев 0,5 шақырым, Қ.Нұрбеков 0,55 шақырым,Ғ.Мұратбаев 0,25 шақырым, Момышұлы 0,32 шақырым, С.Нарымбетов 0,3 шақырым ) 3 млн 815 мың теңгеге құм – шағыл төселіп жөнделді.С.Құлбаев көшесіне 272 мың теңгеге, Абылайхан көшесініңмен ТүАубакиров көшесіне 301 мың теңгеге түнгі электр шамдары қойылды.Бақшалық су беру ауыл әкімінің тұрақты назарында болып тұрақты берілді.

ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамыту  бағдарламасын іске асыру барысында біршама жұмыстар атқарылды.Бүгінгі күні мал басы МІҚ 6502 бас, осының ішінде 35 бас асыл тұқымды , қой-ешкі  24302 бас, жылқы 1053 бас, түйе 117  басқа жетті.Есепті кезде 1660 бұзау, 15870 қозы – лақ, 177  құлын, 17 бота алынды. Осы мерзімде 5186 цн ет, 128,5 цн сүт өндірілді.

«Алтын асық»  бағдарламасы бойынша облыстық «Аграрлық несие корпарациясы арқылы «Бақнұр» шаруа қожалығы (жетекшісі Баялиев Жупарбай) 8,1 млн теңгеге 300 бас қой 15 қошқар сатып алды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Мұхтар»  шаруа қожалығы  асыл тұқымды 75 бас бие, 5 бас айғыр сатып алды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына 14 адам тартылып, жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның 2 бағыты бойынша  30 адамға 3 млн теңге көлемінде несие берілді.Олардың 25 мал шаруашылығын дамытуға,1 асхана ашуға,3 адам тігін цехын ашуға, 1 адам ТЖО ашуға, 1 адам сут өңдеу цехын ашуға, 1 адам жылы жай соғуға, 1 адам жиһаз цехын ашуға несиелер алды.Бағдарламаның 3 бағыты бойынша 4 адам қайта даярлау курсынан өтті. ( 1 шаштараз, 3 дәнекерлеуші)

«Жастар ісі тәжірибиесі» бойынша 60 жас маман тәжірибеден өтті.

Әлеуметтік жұмыс орындарында 90 адам жұмыс атқарды.

Атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы алса, балалардың жәрдем ақысын 153 отбасы алады. Ақылы қоғамдық жұмыспен 39 адам қамтылды.

Округ бойынша    3 акционерлік қоғам бөлімшесі, 68 жеке кәсіпкер, 55 шаруа қожалығы  жұмыс істейді. Сонымен қатар 19 халыққа қызмет көрсету орындары, 15 қоғамдық тамақтандыру орны жұмыс істейді. Осы салаларда барлығы 244 адам жұмыспен қамтылған.

Мойынқұм ауданының орталығында медициналық қызмет көрсету үшін 160 орындық орталық аурухана, құрамында емхана бар. Медицина саласында 56 жоғары білімді дәрігер, орта буынды 242 медбике қызмет етеді. Ауруханада жан – жақты емделуге барлық жағдайлар жасалынған. Емдеу  бөлімдері мен қатар  реабилитациялық көмек түрлері де көрсетілуде.орталық ауруханада ана мен бала денсаулығын жақсарту, өлімін төмендету үшін мақсатты топтағы халық арасында жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді.

Округ бойынша 2 орта мектеп, Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы, № 8 Мойынқұм колледжі,1 жасөспірімдер орталығы, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 спорт мектебі, 2 бала бақшада жұмыс істейді.

Округте Қ.Р. Президентінің  2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен беітілген «Қ.Р – нда білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған » мемлекеттік бағдарламасы орындауда біршама жұмыстар атқарылып келеді.Округтегі 2 орта мектепте, Жамбыл атындағы мектеп гимназиясында және № 8 Мойынқұм колледжінде барлығы 1927оқушы білім алуда.Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған. Ауданда алғашқы рет осы үш мектепте «Электронды оқу жүйесі » бойынша жұмыстар жүргізілде бастады. Қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

№ 8 Мойынқұм колледжінде білімгерлерге сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалынған. Колледжде 4 оқу корпусы, 25 орындық жатақхана, 1 спорт залы бар. № 8 Мойынқұм колледжінде 3 түрлі мамандық дайындалады Олар фермер мамандығы бойынша 50 бала, электро- монтер 50 бала, электр данекерлеуші 25 бала  оқиды.Барлығы 125 бала білім алуда.

         Мойынқұм ауылында 1 мәдениет үйі, 1 орталықтандырылған кітапхана бар. Аудандық мәдениет үйінде 1 Ән-би  ансамблі, ұлт аспаптар оркестрі, 1 халық театры жұмыс істейді. Бұл ұжымдар ауданда өтетін барлық мәдени көпшілік іс-шараларға қатысады.

Мойынқұм ауылында 1  стадион, 5 спорт зал, 14 спорт алаңы халыққа тұрақты қызмет етеді. 3 спорт залы, 7 спорт алаңы жалпы білім беретін орта мектептерде орналасқан. Ауылда балалар мен жас өспірімдерге арналған бір спорт мектебі жұмыс істейді. 8 спорт үйірмесінде 22 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Ауылына қарап азаматын таны деген қасиетті сөз бар. Ауылды көркейту барысында да біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ:

2016 жылы «Абаттандыру мен көгалдандыру» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 14654000 теңгенің   жұмыстары атқарылды.

 

 

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 24987582 теңгенің жұмыстары атқарылды.

 

 

 

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттар есебінен 15083506

теңгенің жұмыстары жүргізілді.

 

 

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу бойынша 8214989 теңгенің жұмыстары істелді

 

 

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Сондықтан да Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген стратегиялық міндеттерді орындау жолында барлық күш – жігермен Сіздермен бірге белсене істеуді басты парызым деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Атап айтатын болсақ:

2016 жылы «Абаттандыру мен көгалдандыру» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар:

 

  1. Сәуір айында гүл отырғызуға  178571 теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
  2. Елді мекенді абаттандыру жұмыстары бойынша «Қарағаш» талының көшеттері  154800 теңгеге сатып алынып  отырғызылды.
  3. ҰОС обелискіні абаттандыру жұмыстары  142857 теңге  жүргізілді.
  4. Мойынқұм ауылы Шу өзенінің көпірін абаттандыру жұмыстары  179777 теңгеге   жүргізілді.
  5. Аманкелді көшесі бойындағы және Батырлар аллеясындағы аркаларға «Сәт сапар», «Жаз-ата саябағы» жазуларын 390000 теңгеге жасап орнату  жұмыстары жүргізілді.
  6. Ақиық арнасының көпірін (Аудандық әскери комиссариат артындағы көпір) ағымдағы жөндеу жұмысы  211839 теңгеге  жүргізілді.
  7. Бәйтерек монументін орналастыру және абаттандыру жұмыстары  896420 теңгеге  жүргізілді.
  8. Ауыл ішін күл-қоқыстан тазартуға барлығы 1103750 жұмыстар жүргізілді. 9. Күзгі абаттандыру Мойынқұм ауылы Шу өзені бойындағы көпірді абаттандыру жұмыстары  198000 теңгеге  жүргізілді.
  9. Тәуелсіздік монументінің аумағын абаттандыру жұмыстары «Жәнібек хан мен Керей ханның» ескерткіштерін орнатуға 8729140 теңгеге  жұмыстар жүргізілді.
  10. Ауыл ішіндегі күзгі мезгілде күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына 200000 теңгеге жұмыстар атқарылды.
  11. Аудан әкімдігі алдындағы фонтанды ағымдағы жөндеу жұмысына 312696 теңгеге жұмыстар жүргізілді.
  12. Мойынқұм ауылы Аманкелді көшесі бойындағы «Халықтар достастығы тақтайшасының» маңын қоршағанға 196270 теңгеге бөлініп жұмыстар жүргізілді.
  13. Аманкелді көшесі бойындағы «Жасыл  ел» бағында орналасқан электр желі бағаналарындағы электр желілеріне талдардың бұтақтары тиіп кедергі жасағанына байланысты, электр желілерді бағаналарымен орын ауыстыру жұмыстарына 212000 мың теңгенің  жұмыстары жүргізілді.
  14. Мойынқұм ауылының орталық көшелеріне қоятын тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын 26 дана контейнерлер жасатқанға 467879 теңге бөлініп, жұмыстар орындалды.
  15. ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мемлекеттік мерекесіне байланысты ауыл көшелерін абаттандыру жұмыстары баннерлер, аркаларды безендіргенге және бағаналарға, Тәуелсіздікке 25 жыл безендірілген туларды ілгенге 480000 теңгенің  жұмыстар жүргізілді.
  16. Мойынқұм ауылын жаңа жылдық абаттандыру жұмыстарына Аманкелді көшесі бойын көше жарығымен безендіру, аркаларды және орталық алаңды жарықтандырып безендіру жұмыстарына 600000 теңгеге  жұмыстар жүргізілді.  Барлығы: 14654000 теңге.

 

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде:

 

  1. Радай өзегін байлауға және жағалауларын нығайтуға 14426347 теңгенің жұмыстары  жүргізілді.
  2. Мойынқұм-Комсомол жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 6785714 теңгебөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді.
  3. Мойынқұм ауылындағы Мойынқұм-Ұланбел тас жолы бойындағы көпірді ағымдағы жөндеу жұмысына 3000000 теңгенің  жұмыстары  жүргізілді.
  4. Мойынқұм ауылы Ш.Қалдаяқов көшесінің жолының негізін ағымдағы жөндеу жұмысына 775521 теңгенің  жұмыстары атқарылды.

Барлығы: 24987582 теңге.

 

 

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттар есебінен

  1. Ақиық арнасының бекітпесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1099997 теңгенің  жұмыстары жүргізілді.
  2. Аманкелді көшесінің шамдарын ауыстыру жұмыстары үшін 357000 теңгенің  жұмыстары орындалды.
  3. Мойынқұм ауылы «Қарағаштан Мойынқұм-Ұланбел тас жолы аралығындағы жолды ағымдағы жөндеу жұмысына 5588019,36 теңге бөлініп, жұмыстар орындалды.
  4. Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің қазандығы су құю бөшкесін ағымдағы жөндеуге  100000 теңге бөлініп тиісті   жұмыстар орындалды.
  5. Мойынқұм ауылы аудандық мешітті және Абылайхан алаңын жарықтандыру құрылғысын орналастыру жұмыстарына 356000 теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.
  6. Мойынқұм ауылындағы 6 көшенің (А.Күлекеев-0,3 км, Т.Нарбаев-0,5 км, К.Нұрбеков-0,55 км, Ғ.Мұратбаев-0,25 км, Б.Момышұлы-0,32 км, және С.Нарымбетов-0,3 км.) негізін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3815000 теңгенің жұмыстары жүргізілді.
  7. 272000 теңгеге Мойынқұм ауылы С.Кулбаев көшесіне жарықтандыру құрылғыларын орналастыру жұмыстары жүргізілді.
  8. 301490 теңгеге Мойынқұм ауылы Абылайхан көшесінің бұрылысы және Т.Аубакиров көшеслеріне жарық орналастыру жұмыстары жүргізілді.
  9. Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы туберкулез ауруына қарсы ауруханасының фильтрация алаңының қоршауын орналастыру жұмыстарына 950000 теңге  жұмсалды.
  10. Мойынқұм ауылы туберкулез ауруына қарсы ауруханасының фильтрация алаңына баратын жолдың негізін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2244000 теңгенің жұмыстары жүргізілді.

Барлығы: 15083506 теңге.

 

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу бойынша:

 

  1. «Радай» дамбысын қалпына келтіру және көтеру жұмыстарына 2016 жылдың қаңтар айында 1950000 теңгенің жұмысы  «Мөлдір» ШЖҚ КМК күшімен  жүргізілді.
  2. Өрт сөндіргіш құрылғысы 38 дана 642162 теңгеге  сатып алынды.
  3. Өрт сөндіргіштерге арналған костюм 12 дана 335988 теңгеге  тауар сатып алынды.
  4. «Радай» өзегі Ақиық арнасының бас жағы Шу өзенінің жағалауын нығайтып қалпына келтіру жұмыстарына 4340840 теңгеге «Мөлдір» ШЖҚ КМК ның күшімен жұмыстар жүргізілді.
  5. Мойынқұм – Комсомол мекеніндегі шаруа қожалықтарына баратын жолды жөндеп нығайтып қалпына келтіру жұмыстарына 945999 теңгеге бөлініп, бұл жұмыстарды «Мөлдір» ШЖҚ КМК  жүргізілді.

 

Барлығы: 8214989 теңге.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00