100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мыңарал ауыл әкімі есебі

    МЫҢАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ  ӘКІМІ З.Т.КАМИЕВАНЫҢ ЕСЕБІ

     

    Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

    Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне , басшылыққа үлкен міндеттер жүктейді. Барлық Қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту, және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б айтылғандарды орындауға міндетпіз. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

     

    Өнеркәсіп

    «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 2016 жылы14399,4  млн теңгеге 1214,9 мың тонна цемент өндірді. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырсақ ақшалай өнім көлемі 89,3 пайызға құрап, 1719,1 млн. теңгенің өнімі артық өндірілді.

    «Мыңарал компаниясы» ЖШС 2014 жылдың желтоқсан айында ашылып, пайдалануға берілді. 2015 жылдың қорытындысымен 71,4 млн. теңгеге 183,2 мың кг. балық өндірді.

    Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы

    «Мыңарал Тас Компани» ЖШС, жалпы құны 34,9 млрд теңгені құрайтын, жылдық қуаты 1,2 млн.тонна цемент шығару

    Cонымен қатар 2013 жылы Мыңарал ауылында орналасқан «Мыңарал компаниясы» ЖШС аумақтық индустриалдық картасына ұсынған, жалпы құны 600,0 млн.теңгені құрайтын, жылына 1,5 мың тонна балық өндейтін, зауыт құрылысы 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталып, жүзеге асырылған жоба.  Зауыт соңғы модификациядағы құрал – жабдықтармен жабдықталып, өзінің балық аулауға арналған қайық флотымен қамтылған. Зауытта балықты мұздатып, балықтан өндейтін – балықтың сыртын тазалайтын 2, балықтың ішкі құрылысын тазалайтын 1 және балықтың басын кесетін аппараттар, дайын өнімді буып түю, ұнтақ жасайтын цех, сондай-ақ, мұз жинақтайтын қойма жұмыс істейді. Сондай – ақ, зауытта аталған аппараттармен балық етінен филе жасауды бастады. Осы жұмыстарға жергілікті халық арасынан жұмысшылар қабылданып, қазіргі таңға зауытта 38 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар,  балық аулайтын  9  қайық, 25 және 10,5 тонналық  балық қабылдайтын 2 трейлер жөндеу жұмыстарынан  өткізіліп су айдынында балық қабылдау жұмыстарын жүргізіде. Қосымша 4 қайық жөндеу жұмыстарынан өткізілуде.

    балық аулаумен зауыттың балықшылары айналысады, бүгінгі таңға күніне барлығы  700 ден 1500 кг балық ауланады (жоспар бойынша 4-4,5 тонна). жалға алынған су айдынынан жылына 800 тоннаға дейін балық ауланады, дегенмен зауыт ол айдындар үшін квотаға, жалға алу ақысын, балық өсіру жұмыстарына өз тарапынан шығындарды көтереді, ол зауыт үшін өте қолайсыз, сондықтан бірінші шешуді талап ететін мәселе ол тендерге қатысып су айдынын алу жұмыстары, ол үшін облыстық органдар тарапынан көмек қажет.

    Зауытта балық өндеуден қалған қалдықтардан ұнтақ жасалады, қазіргі кезде балық аз көлемде өнделелуіне байланысты күніне  270-300 кг ұнтақ шығарылады.

    Зауыт өзінің автономдық қазандығымен қамтылған, оған жергілікті Карасай кенінде өндірілетін және Карагандының көмірі пайдаланылды. Кәсіпорын өзінің асханасымен қамтылған.

     

     2015-2019 жж арналған Үдемелі индустриалды – инновациялық бағдарламасы аясында және Инвестиция тарту барысында атқарылып отырған жұмыстар.

    Мыңарал ауылдық округі Қашкантеңіз ауылында орналасатын  «Тенардит» ЖШС – жалпы құны 890,0 млн. теңгені құрайтын Қашқантеңіз кен орнында сульфат натрий мен техникалық тұз өндіретін, келешекте осыдан сульфат натриидің А, В маркасын және йодталған тұз шығаратын зауыт құрылысы жобасы жоспарланып отыр. Зауыттың жылдық қуаты заттай көлемде  – 5,0  мың тонна товарлық сульфат натрия және 20,0 мың тонна иодталған тұз болса, ақшалай көлем 461,5 млн. теңге сульфат натрия,  600,0  млн.теңге йодталған тұз (барлығы –  1061,5 млн.теңге) құрайды. Жобаның іске қосылу мерзімі 2016 жылдың III тоқсанына көзделсе, жоспар бойынша жоба 2017 жылы толық қуатына жетеді. Жоба жүзеге асқан кезде 28 адам жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асырушы кәсіпорын Алматы қаласында тіркелген болатын. Биылғы жылдың 14 шілдесінде Мойынқұм ауданында тіркелуден өтті. Қазіргі кезде жоба иелері Инвестиция және даму Министрлігінің жер қойнауын пайдалану бойынша департаментіне жер қойнауын пайдалануға рұқсат алуға қазан айында өтініштерін берді, шешімі күтілуде. Жоба басшысымен үнемі байланысты болып отырмыз, дегенмен рұқсат алу жұмыстары аяқталмай отыр деп хабарлады.

     

    Ормандар  дүниесін қорғау саласы

    Бурубайтал орман шаруашылығынан 180 түп терек дайындалып, округ мекемелеріне таратылып берілді.

    «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша

    Мынарал ауылының кәсіпкері Бухарбаев Жолдас Алматы – Астана тас жолы бойында қызмет көрсету орталығын (кемпинг) соғуды жоспарлап отыр. Ол жерде қонақ үй, автокөліктерге түрлі қызмет көрсету, жанар – жағар май станциясын орналастыру жоспарланып отыр. Жоба құны 50,0 млн. теңгені құрайды. Жоба иесі бизнес жоспарын, жобалық сметалық құжатын жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, қортындысын алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несие алу көзделіп «Сбербанк» (Тараз қ. филиалы)  екінші деңгейдегі банкіге құжаттарын тапсырған болатын, алайда ағымдағы жылдың қазан айында құжаттардың толық жинақталмауына байланысты қайтарылды. Жоба инициаторы бүгінгі таңға құжаттарын қайта жинақтауда.

    Туризм

    Мыңарал  ауылдық округі – Балхаш көлінің жағасы- демалыс орындары – балық аулау, құс ату, аң аулау, қайықпен серуендеу, су айдынындағы спорт ойын түрлері,  тағы да басқа ойын сауық түрлері.

     

    Білім беру саласы

    Білім саласы бойынша «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда мемлекеттегі білім сапасын көтеруге мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Осы бағытта К.Қасымов мектебінде 1 мұғалім өз біліктілігін арттыру мақсатында 3деңгейлі курстан өтіп, 3 мұғалім біліктілігін арттыру мақсатында курстар өтті, 140 оқушы, 131-і 1 мен 11 сынып арасында, 13 мектеп алды тобында. К.Қасымов даярлық топта 26. Қашқантеңіз стансасында мектепте 1 сынып 5 оқушы, 3 сыныпта 2 оқушы, 4-ші сыныпта 1 бала білім алуда. ҰБТ қорытындысы бойынша К.Қасымов мектебінде 5 бала 72% пайыз, Мыңарал орта мектебінде 5 бала -57,66 пайыз көрсеткіш көрсетті.

    К.Қасымов мектебінде 163 млн. теңгеге жылу қазандығын бөліп шығаруға смета жасалынды.

    4,9 млн. теңгеге мектептің ауласын қоршауға «Айгерім» ЖК ұтып алып,жұмыс жасалынды.

     

    Денсаулық сақтау саласы бойынша

    Округте қан қысымы және жүрек ауруымен ауыратын 7 адам есепке алынды. 2016 жылы 23 бала. Оның ішінде Мыңарал стансасында 12 бала, 11 бала- Мыңарал ауылында. Жаңа туылған нәрестелер мен аяғы ауыр әйелдер 16 адам, медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

     

    Автомобиль жолдарының жөнделуі туралы.

    Мыңарал ауылының 2015 жылы орташа жөндеуден өткен 3,7 шақырым кіре-беріс жолының сапасы төмен болғандықтан қайта жөндеу үшін мердігерлермен байланысу мақсатында 2016 жылы 22 ақпанда №26 шығыс хаты аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданып, жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлердің екі жылғы кепілдігі бар болуына байланысты ағымдағы жылдың маусым айында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол карта-2020» бағдарламасы бойынша «Мойынқұм құрылысы» ЖШС –і  А.Бұхарбаев көшесіне 6 949 600,00 теңге тас жолының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

     

    Көріктендіру,  абаттандыру  және санитарлық  тазалау жұмыстары

    Ауылдық округ аумағында абаттандыру, көріктендіру және көгалдандыру айлықтарының барысында біршама жұмыстар атқарылды. Бекітілген іс-шараға сәйкес барлық көшелер, қоғамдық жерлер мекемелерге бекітіліп берілген, жалпы есепті 680 тонна күл-қоқыс шығарылды. «Мөлдір» КММ мекемесі техникасымен 750 тонна күл-қоқыс Қашқантеңіз стансасында жиналып, арнайы орынға апарылып тасталынды. Мыңарал ауылында 5 мың тонна «Мойынқұм Сәулет» ЖШС-нің техникасымен күл-қоқыс жиналып, арнайы орынға апарылып тасталынды.

     

    «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы

    ақылы қоғымдық жұмыс орындары

    «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын бойынша 20 адам оқытылып, оның 3-і «Компания Мын-Арал» ЖШС –на жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелген 17 жұмыссыздардың 7-і тұрақты жұмысқа орналасты: 2-і әкімшілікке,2-і мектепке,3-і «Компания Мын-Арал» ЖШС-на орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 19 жұмыссыз тартылды. 2-і Қашқантеңіз стансасынан, 2-і Мыңарал стансасынан, 15-і Мыңарал ауылынан .

    Биылғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 4 маман келіп мектепте жұмыс істеуде.

     

    Округ  елді  мекендердегі  фонар, түнгі  жарықтандыру,  

    билборд  және  стендтер

    «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарлама» бойынша Мыңарал ауылдық округі бойынша 2016 жылдың І тоқсанында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарлама» аясында Мыңарал аулының Р.Садыков көшесінің жарықтандырылуына 714 339 мың теңге порталға салынып, 557 760 мың теңгеге және Мыңарал стансасы Мөлтек көшесінің жарықтандырылуына 535 732 мың теңге порталға салынып, 435,0 мың теңгеге «Абдирахманов Саулет Муратович» ЖК ұтып алып, 2016 жылдың 24 наурызында аталған екі көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

    Округ   бойынша   бүгінгі  таңда  фонар – 10, түнгі жарықтандыру – 12, билборд -6, стенд –жоқ.

     

    18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы (ГДП)

    Әлеуметтік көмек саласы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатын 1 отбасы тіркеуде тұр.

     

    Дене шынықтыру және спорт жұмыстары туралы

    Спортпен 486 адам айналысады. Ауылдық жерде мәдени тұрмысты жақсарту, жастарға мәдени демалыс ұйымдастыру, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған ауыл жастары қатыстырылды.

    ҚЫЛМЫС

    Ауылындағы учаскелік полиция жұмысына тоқталсақ, 9 қылмыс тіркелді. Оның 3-і нашақорлық, 6-ы мал ұрлығы-оның барлығы ашылды, 1-і әкімшілік құқық бұзушылыққа хаттама толтырылды.

     

    ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР БОЙЫНША.

    8- наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, ардақты ауыл әжелеріне дастархан жайылып, сыйлықтар таратып, концерттік бағдарлама қойылды.

    22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай киіз-үйлер құрылып, концерттік бағдарламалар өтті.

    1 маусым –Балаларды қорғау күніне концерттік бағдарлама мен кішкентай бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды.

    7 шілде – Астана күніне «Астана – отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды;

    26 тамыз – «Мектепке жол» акциясы бойынша мүгедек балаларға, жетім балаларға көмек беру ұйымдастырылды;

    29 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    30 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Семей тарихы мекен» атты тақырыпта сурет салу байқауы өтіп, жеңімпаздарға жүлделі орын беріліп бағалы сыйлықтар таратылды;

    1 қыркүйек –  Білім күніне «Алғашқы қонырау» салтанат жиынаға

    8 қыркүйек – Аудандық «Жас отбасы – 2016» байқауына дайындық жұмыстары жүргізілді;

    20 қыркүйек – қарттар күніне орай мереелік іс-шараға дайындық;

    29 қыркүйек – «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды;

    15 қазан – Аз қамтылған отбасыларға қыстық отын түсіріліп берілді;

    Қазан айында ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Жас қаламгер» атты шығарма жазу байқауы өткізілді;

    20 қазан – «100 мейірімді іс» қайырымды көмек акциясы Қашқантеңіз стансасында тегін нан таратылды;

    25 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 8 – сынып мектеп оқушылары арасында «Қазақстан тарихына саяхат» атты тақырыбында интеллектуалды тарихи-танымды ойын өтті;

    28 қазан –  ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 7- сынып мектеп оқушылары арасында «Қазақстан тарихына саяхат» атты тақырыбында интеллектуалды тарихи-танымды ойын өтті;

    15 қараша – «ДОПТЫ АУАДА ТЕБУ ТУРНИРІ» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 15 қараша – Ұлттық валюта күні мерекесіне орай оқушылар арасында турнир өтті;

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желілік кесте бойынша Мыңарал ауылдық округінде біршама шаралар ұйымдастырылды атап айтсақ;

    18 шілде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай іс-шараға дайындық ретінде ауыл жастарымен кездесу өткізілді;

    22 шілде күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауыл жастары арасында Волейболдан жарыс ұйымдастырылды;

    Әр аптанын сенбі күндері «Сенбілік» ұйымдастырылды;

    12 тамыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас өспірімдер арасында футболдан жарыс өткізілді;

    13 тамыз күні «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты тақырыбында ауыл жастарына брашура таратылды;

    14 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын К.Қасымов орта мектебі мен Мыңарал орта мектебінің  9 сыныптар арасында өтті;

    25 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын К.Қасымов орта мектебі мен Мыңарал орта мектебінің  8 сыныптар арасында өтті;

    28 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын К.Қасымов орта мектебі мен Мыңарал орта мектебінің  7 сыныптар арасында өтті;

    ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын өз жалғасын 5 және 6 сыныптар арасында болмақ;

    1 қараша – «25 МЕЙІРІМДІ ІС» ардагерлерді ардақтайық атты тақырыпта елді-мекенде қарт кісілерге тегін нан таратылды.

    10 қараша – «Саламатты өмір – нұрлы болашақ» атты ұранмен жас шамасы 29-ға дейінгі ұстаздар арасында крос турнирі өтті;

    6 желтоқсан – «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында жастармен кездесу өтті;

    7 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында «ЕЛОРДА АТАУЫ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН АТАЛСА» атты тақырыбында дебат өтті;

    14 желтоқсан – ауыл әкімшілігі мен Мыңарал мектебі оқушыларымен бірігіп ел тәуелсіздігін атап өтті.

    31 желтоқсан –Мәдениет үйінің алдында Жаңа жылдық шырша қойылып, концертік бағдарлама мен аз қамтылған отбасы, толық емес отбысыларға сыйлық таратылды.

     

    Ауыл мешіті  туралы мәлімет

    Ауылдық округте Шалғынбайұлы Бейсенбай мешіті Мыңарал ауылында (№2508-1919-Ф-л 22.10.2012ж) орналасқан. Онда Мойынқұм аудандық мешітінде сауат ашудың  3 айлық курсын, Хибатулла мешітінде 2 айлық сауат ашу курсын бітірген  Мамыр Бейсенбаев (13.11.1936 ж) қызмет атқарады.

    Мүлікті жария ету

    2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы» Заңына байланысты 2014 жылы 29 тамызда   осы заңды іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №959 қаулысы қабылданды және 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

    Осы қаулының негізінде Мүлікті жария ету жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің  29 тамыз 2014 жылғы №226 өкімімен ауданда мүлікті жария етуді өткізу үшін комиссия құрамы бекітіліп, басқа қызметке ауысуына, зейнетке шығуына байланысты комиссия құрамына екі мәрте өзгеріс енгізілді.

    Мүлікті жария ету бойынша 50 нысан анықталған, 40 нысанға техникалық төлқұжат жасалынды, бұнын ішінде 30 нысанға жария етуге шешім шықты.

     

    Құжат айналымы

    Әкімшілік ғимаратында азаматтардың арыз шағымдарына арнайы орнатылған жәшікке өтініш түскен жоқ. 

    Нормативтік актілер бойынша: 264 шығыс,301кіріс,6 шешім,139 өкім шығарылды.

        Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 30шығыс, 32 кіріс құжат тіркелді.

        Жеке тұлғалардың өтініш тіркеу бойынша 6 өтініш жер телімін заңдастыру бойынша  тіркеліп, 6 шешім шығарылды.

        Заңды тұлғалардың өтінішін тіркеу бойынша 11 өтініш тіркелді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района