Шығанақ ауыл әкімі есебі

Шығанақ ауыл әкімі есебі

ШЫҒАНАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ  ӘКІМІ К. Т. ЖАПАРОВТЫҢ ЕСЕБІ

 

Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне , басшылыққа үлкен міндеттер жүктейді. Барлық Қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту, және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б айтылғандарды орындауға міндетпіз. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

 

Өнеркәсіп

«Шығыс кең басқармасы «Эврика Барит»» ЖШС 2016 жылы 1110,500 млн теңгеге 105,6 тонна барит өндірді. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырсақ ақшалай өнім көлемі 76,5 пайызға құрап 1450,900 млн теңгеге теңгенің өнімі аз өндірілді.

2016 жылы Шығанақ округінде 4 жаңа үй салынды, бірақ казіргі таңға құрылыс тоқтап тұр, өйткені бас жоспар бар болғанымен «детальный план » жоқ , сондықтан жер беруге мүмкіндік жоқ.

Шығанақ ауылдық  округінде мал басы былтырғы жылға қарағанда МІҚ ұш басқа кеміген 2015 ж – 247 бас болса 2016 ж – 244 бас. Ал қой,ешкі 2015 жылы 582 басты құраса 2016 жылы – 633 бас.Жылқы басы 2015 ж –  96 болса,2016 ж – 105 басты құрайды.

Тағыда айта кететін мәселе қаңғыбас иттерді жою бойынша 143 ит жойылды.

 

Ормандар  дүниесін қорғау саласы

150 әр түрлі ағаштар (қарағаш, алма, терек, шие, алмұрт) дайындалып, округ мекемелеріне таратылып берілді.

 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша

Шығанақ ауылының кәсіпкері Асылов Тұрсынхан Алматы – Астана тас жолы бойында қызмет көрсету орталығын (СТО) соғылып жатыр. Жоба құны   9 млн. теңгені құрайды.

 

 

Туризм

Шығанақ ауылдық округі – Балхаш көлінің жағасы- демалыс орындары – балық аулау, құс ату, аң аулау, қайықпен серуендеу, су айдынындағы спорт ойын түрлері,  тағы да басқа ойын сауық түрлері.

 

Білім беру саласы

Білім саласы бойынша «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда мемлекеттегі білім сапасын көтеруге мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Осы бағытта Шығанақ орта мектебінде 3 мұғалім өз біліктілігін арттыру мақсатында 3деңгейлі курстан өтіп, 5 мұғалім біліктілігін арттыру мақсатында курстар өтті, 460 оқушы, 1 мен 11 сынып арасында, даярлық топта 59. ҰБТ қорытындысы бойынша Шығанақ орта мектебінде 76,8 пайыз орта көрсеткіш көрсетті.

Айта кететін бір құанышты мәселе биылғы жылдын 30 тамызында 140 орындық бала бақшаның ашылғаны, 52  жұмыс орын ашылды.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Шығанақ ауылдық округінде бір дәрігерлік амбулатория, үш дәрігер, бір жедел жәрдем пункті төрт фельдшерімен бар. 2016 жылда 43 нәресте дүниеге келді. 56 жүкті әйелі. Туберкулез ауыруымен 3 адам анықталды.

 

 

Көріктендіру,  абаттандыру  және санитарлық  тазалау жұмыстары

Ауылдық округ аумағында абаттандыру, көріктендіру және көгалдандыру айлықтарының барысында біршама жұмыстар атқарылды. Бекітілген іс-шараға сәйкес барлық көшелер, қоғамдық жерлер мекемелерге бекітіліп берілген. «Мөлдір» КММ мекемесі техникасымен 750 тонна күл-қоқыс жиналып, арнайы орынға апарылып тасталынды.

 

Дене шынықтыру және спорт жұмыстары туралы

Спортпен 863 адам айналысады. Ауылдық жерде мәдени тұрмысты жақсарту, жастарға мәдени демалыс ұйымдастыру, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған ауыл жастары қатыстырылды.

 

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарлама»

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  Шығанақ ауылында  999мыңға кіші парк салынды.

Наурыз көшесіне 900 мың теңгеге 11 столб және 14 жарықшамы орнатылды.  Амангельды  көшесіне төрт  жарықшамы орнатылды. Бұрыл байтал стансасына  екі жарықшамы орнатылды.ҰОС ның ардагерлеріне арналған ескерткішті абаттандыруға  аудандық бюджеттен 950 мың тенге бөлінген етін , қазіргі таңға ЖК «Марат» мердігер   645 мың теңгеге ұтып  алды. Ауылдық клуб  Республикалық бюджеттен жөнделді.  Алдағы уақытта  Абай және Сейфуллин көшелеріне жарықшамдар орнатылады.  Шығанақ әкімшілігі  ғимаратының шатыры күрделі жөндеуден өтті,  пандус салынды  және ғимараттың алдына брусчатка төселді.

 

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы (ГДП)

Округ бойынша отыз екі отбасына мемлекеттік 18- жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдем ақы алады, өмірлік қиын жағдайын туындаған төрт азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы

Ақылы қоғымдық жұмыс орындары

«Жұмыспен  қамту» бағдарламасы бойынша  2015 жыл 12 адам тартылса . ал 2016  жылы 15 адам   тартылды. Осы 15 адамның 11 балабақшаға және мектепке  тұрақты жұмысқа орналастырылды

«Жастар іс тәжіребесі» бойынша  үш маман тартылды.

 

 

Қылмыс

Ауылындағы учаскелік полиция жұмысына тоқталсақ, 12 қылмыс тіркелді. Оның екеуі ашылған жоқ (Дович-телевизор, Ахметов –ямаха40)

 

ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР БОЙЫНША.

8- наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, ардақты ауыл әжелеріне дастархан жайылып концерттік бағдарлама қойылды.

22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай киіз-үйлер құрылып, концерттік бағдарламалар өтті.

1 маусым –Балаларды қорғау күніне концерттік бағдарлама мен кішкентай бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды.

7 шілде – Астана күніне  салтанатты кеш ұйымдастырылды

26 тамыз – «Мектепке жол» акциясы бойынша мүмкіндік шектеулі балаларға, жетім балаларға көмек беру ұйымдастырылды;

29 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

30 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ашық сынып сағаттар өтті;

1 қыркүйек –  Білім күніне «Алғашқы қонырау» салтанатты жиын

29 қыркүйек – «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды;

1 қазан – «Пейілі кең» атты акциямен мүмкіндіктер шектеулі жандарға сыйлықтар таратылды

20 қазан – «100 мейірімді іс» қайырымды көмек акциясы кәсіпкер А. Аубакирова тегін нан таратылды;

25 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 8 – сынып мектеп оқушылары арасында «Қазақстан тарихына саяхат» атты тақырыбында интеллектуалды тарихи-танымды ойын өтті;

28 қазан –  ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 7- сынып мектеп оқушылары арасында «Қазақстан тарихына саяхат» атты тақырыбында интеллектуалды тарихи-танымды ойын өтті;

15 қараша –ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 15 қараша – Ұлттық валюта күні мерекесіне орай мұғалімдер  арасында эстафеталық жарыс өтті;

1 желтоқсан –  ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама және сыныптық сағаттар өтті

1 желтоқсан – «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты акция өтті

14 желтоқсан – мерекелік концерт және волейболдан жарыс өтті.

31 желтоқсан – мерекелік концерт және лотерея ұйымдастырылды

 

Ауыл мешіті  туралы мәлімет

 

 

Діни бірлестіктің атауы

 

Заңды

мекен-жайы

Жетекшісінің  аты –жөні,  туған жылы,байланыс телефондары Имамның тағайындалу бұйрығы, діни білімі
1 Дөсеке Абсатұлы мешіті Шығанақ ауылы  Алтынсарин  көшесі 14в Тусупов Рахымбай

01.01.1953 ж. тел:87711584421

Тараз қаласындағы «Әбдіқадір» медреседе 6 ай оқыды.

2013 ж.  қантар айыннан бастап 2013 ж. наурыз айына дейінгі аралықта Облыстық орталық «һибаттулла Тарази» мешітінің жанынан ашылған 2 айлық «Діни сауат ашу» курсында дәріс алды. Бұйрық №493

 

Мүлікті жария ету

2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы» Заңына байланысты 2014 жылы 29 тамызда   осы заңды іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №959 қаулысы қабылданды және 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Осы қаулының негізінде Мүлікті жария ету жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің  29 тамыз 2014 жылғы №226 өкімімен ауданда мүлікті жария етуді өткізу үшін комиссия құрамы бекітілді.

Мүлікті жария ету бойынша 35 нысан анықталған, 31 нысанға техникалық төлқұжат жасалынып, жария етуге шешім шықты.

 

 

Құжат айналысы

Әкімшілік ғимаратында азаматтардың арыз шағымдарына арнайы орнатылған жәшікке өтініш түскен жоқ. 

Нормативтік актілер бойынша: 412- шығыс, 471-кіріс, 21- шешім,      144 өкім шығарылды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша шығыс-129,  кіріс-211 құжат тіркелді.

    Жеке тұлғалардың өтініш тіркеу бойынша 14 өтініш тіркелді.

   Заңды тұлғалардың өтінішін тіркеу бойынша 16 өтініш тіркелді

Алдағы уақытта барлық күш-жігеріміз бен қабілетімізді ауылдың экономикалық ахуалын  одан әрі жақсартып, халқымыздың тұрмыстық жағдайын көтеруге , бірлесе еңбек етуге жұмылдыратын боламыз.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00