100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ұланбел ауыл әкімі есебі

    ҰЛАНБЕЛ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ  ӘКІМІ К.Х.  БЕЛЬГИШЕВТІҢ   ЕСЕБІ

     

    Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2016 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды.

    Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне , басшылыққа үлкен міндеттер жүктейді. Барлық Қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту, және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б айтылғандарды орындауға міндетпіз. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

     

    Ауданның әлеуметтік  – экономикалық  дамуы 

    Ауданның   әлеуметтік  – экономикалық  дамуының  Аудан  Әкімінің  31.10.2016 жылғы  № 311 қаулысын   басшылыққа   ала   отырып біршама   жұмыстар   атқарылды.  Атап  айтқанда  Жер,  мүлік,  көлік  салықтары   түсімдері  орындалды,  бюджетке  – 1750,1 мың,  теңге  қаржы  түсті.  Бюджет  қаржысының  жұмсалуына  мониторинг  жүргізіліп,  оның  бағыт  –  бағдары  жөнінде  жергілікті  қауымдастық  комиссиясының  ұсынысы  ескерілді.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  жазылу  тапсырмасы  өз деңгейінде  орындалды.  2016 жылы    Ұланбел  ауылының  Қазпошта  бөлімшесі      ауыл  тұрғындарына    салық,  кредит   және   жеке   счет  ашылуларына   Әкімшілік  тарапынан  арнайы   бөлме  босатылып,   автоматтандырылған   жүйесімен   жұмыс   атқаруда.

    Білім беру саласы

     

    Білім саласы бойынша «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда мемлекеттегі білім сапасын көтеруге мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған.  М.  Әуезов  орта   мектебінде   206 оқушы,   даярлық   тобында  26 оқушы,  білім  алуда,  39 мұғалім  қызмет  атқарады.   ҰБТ   қорытындысында  орта   мектеп  оқушылары  әр  жылда  сапалы   білімін   көрсетуде.  Облыстық   бюджеттен  50 млн   теңге  бөлініп,  мектептің   қазандығы  сыртқа   ауыстырылып   жылу   жүйесі   жаңартылды.  Мектеп   ауласы   қоршалып   жаңа   әжетхана  соғылды   және   мектептің   терезелері (пластик)  толықтай   ауыстырылды,   сыныптарда   температуралық   режимдер   сақталуда.

     

    Денсаулық сақтау саласы бойынша

     

    Ауылда  1 дәрігерлік  амбулатория   халыққа   қызмет   көрсетуде.  Аурудың   алдын   алу   мақсатында  арнайы   скрининг  тексеруден  ауыл  тұрғындары   кестеге  сай   өтіп   тұрады.   Жалпы   диспанцерлік   есепте   тұратын   ауруларға  «Ересектерге»  838716 мың   теңгеге    тегін   дәрі   дәрмектер   беріліп   тұрады.  Жүрек  қан   тамырлар  ауруын  алдын  алу  мақсатында   111 адам  скрининг  тексеруден  өтті. 10 адам  диспансерлік  есебіне   алынды.

     

    Автомобиль жолдарының жөнделуі туралы.

     

    «Берікболсын»  ЖШС  – гі   Бірлік  – Мойынқұм  – Ұланбел   тас  жолы ,

    Ақкөл  – Ойық – Ұланбел   тас  жолы,   Ұланбел  подьезд   кре  беріс  тас  жолы  порталға   түсіп   оған   28млн   теңге    бөлініп   оны   жеңіп  алды.  Ұланбел   – Тараз   тас  жолының   77 км   ағымдағы   жөндеуден   өткізіп,  жолдарға   тұз  араласқан   құмдар   себілді.

     

    Көріктендіру,  абаттандыру  және санитарлық  тазалау жұмыстары

     

    Аудан   Әкімінің   2016 жылғы   25 ақпандағы  «Мойынқұм ауданы   елді мекендерін көктемгі  көріктендіру,  көгалдандыру,  абаттандыру  және  санитарлық  тазалау  жұмыстары туралы» №135 қаулысының  орындалуы   туралы  іс  – шара   жоспары   жасалынып,  жоспарға   сәйкес   жұмыстары   атқарылды.   Жасыл   белдеу  бағдарламасы   бойынша  60 түп  қара ағаш  және  гүл   көшеттері  отырғызылды.. Бекітілген іс-шараға сәйкес барлық көшелер, қоғамдық жерлер мекемелерге бекітіліп берілген, жалпы есепті 850 тонна күл-қоқыс шығарылды. «Мөлдір» КММ мекемесі техникасымен 950 тонна күл-қоқыс жиналып, арнайы орынға апарылып тасталынды.

     

    «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы

    ақылы қоғымдық жұмыс орындары

    «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын бойынша Жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелген 7 жұмыссыздардың 7-і тұрақты жұмысқа орналасты: 2-і әкімшілікке,  4-і мектепке,  1 -і «Балдырған»  балабақшасына   тәрбиші   қызметіне.  Ақылы қоғамдық жұмысқа 7 жұмыссыз тартылды.  Жастар  іс  – тәжірбиесіне  2 адам   Әкімшілікке   жұмысқа   тартылды.

     

    Округ  елді  мекендердегі  фонар, түнгі  жарықтандыру,  

    билборд  және  стендтер

    «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарлама» аясында

     

    Өңірлерді   дамыту  бағдарламасы   бойынша  1,073 мың  теңге   қаражат  бөлініп,  осы  қаражатқа   С.  Сейфуллин   және   Ұлы   – Отан   соғысының  ескерткішіне   қоршау   жұмыстары   жүргізілді.   Мемлекеттің  өзін  – өзі   басқару   туралы   заңын қолма   – қол   бақылау  шотына  түскен  қаражатты  1,074 мың   теңгеге  қауымдастық   жиынының  шешіміен   Абдықадыров   көшесінің  бойындағы    1940 текше   метір  күл  – қоқыс   тазартылып  арнайы    орынға   апарып   тасталынды

    Округ   бойынша   бүгінгі  таңда  фонар – 14, түнгі жарықтандыру – 14, билборд -8, стенд –жоқ.

     

    Балапан  бағдарламасы   бойынша

     

    «Балдырған»  Балабақшасы  Ауыл  тұрғындарына  қызмет атқаруда.  Балабақшада  23 ұжым  қызметкерлері  бар,   бала   саны   50 баланы  құрап  отыр.  Балаларды   4 тәрбиеші,  2 тәрбиешінің  көмекшісі  тәрбиелеуде. Ол  балаларға   1 маусым  балаларды  қорғау   күні  де   ескерусіз   қалған  жоқ.  Балаларға   «Мақсат»   шаруа   қожалығының   жетекшісі   Мақсат Кадрымбет  балмұздақ   пен  тәтті  кампиттер   үлестірді.  Жазғы  шілде   айында    балабақша   толық   ағымдағы   жөндеуден  өтті.  Қыс маусымына   60 тонна   Шұбаркөл   тас   көмірі   түсірілді.

     

    Ақ   – бұлақ    бағдарламасы   бойынша

     

    Ауыл   тұрғындарын  сапалы  ауыз   сумен  қамтамасыз  ету   мақсатында .  Ақ  – бұлақ  бағдарламасы   бойынша   2014 жылдың   қараша   айының   2 – ші  жұлдызында   жаңа   су   құбыры   халыққа   пайдалануға   берілді.   Ауызсумен   қамтамасыз  ету  нысаны   «Мөлдір»  КМК  берілген.   Ауыл   бойынша   70 үйдің   ауласына   кіргізілген.   Қызметтік  автокөлікпен   қамтамасыз   етілген.   4 адам  жұмыс  атқарады.

     

    Агробизнес  бағдарламасы  бойынша 

     

    Ауыл   тұрғындарының   негізгі    бағыты   мал   шаруашылығымен  айналысу    Округ  бойынша   мал   басы   саны  МІҚ – 2215 бас,  Қой  – Ешкі  – 14985 бас, Жылқы  – 496 бас,  Түйе  – 72 бас,   Құс  – 440 басқа   жетті.  Конго   – Қырым  геморогиялық  қызбасының   алдын   алу   мақсатында   арнайы   дук  автокөлігімен   келіп,   профилактикалық   жұмыстар   жүргізілді.  Округ   бойынша   ауылшаруашылығына   пайдалану   жерлерді   зиянкес  азиялық   шегірткелерді   жою  мақсатында   алдын ала   профилактикалық   жұмыстары   жүргізілді  Округте   табиғи  өрттің   алдын алу   мақсатында  іс  – шара   жоспары   жасалынып  бекітілген.  Өрттің   алдын алу   және   сөндіру  штаб   құрылып  арнайы   техникалармен  қамтамасыз   етілді.  Қыс  маусым   айларында   қардың  мөлшердің  көп   түскен  жағдайда,   арнайы   көлігі   бар,  ауыл  тұрғындарымен   келісім  – шарт   жасалынды.  «Ерсұлтан»  шаруақожалығы   «Сыбаға»  бағдарламасына  құжаттарын   дайындап   «Мойынқұм Агро»  серіктестігіне    өткізілді.

     

    18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы (ГДП)

     

    Ауыл   әкімшлігі  әлеуметтік  жағынан   аз  қамтылған,  көп   балалы   отбастарына  жәрдемақы  төлену,  тұрмысы   төмен  отбасына   материалдық  көмек   барысын   өз  назарында  ұстауда,  оларға  демеушілік  көмектер  көрсетілуде.  2 отбасыға  тегін  сексеуіл  отыны   түсірілді.  Әлеуметтік  көмек  ретінде  18  жасқа   дейін   балалары   бар  26 отбасының   101  баласына  2,228 мың   теңге,  «Өрлеу»   пилоттық  жобасы  бойынша   1 отбасының  5 адамына  45600 теңге   төленді.

     

    Дене шынықтыру және спорт жұмыстары туралы

     

    Спортпен 250 адам айналысады. Ауылдық жерде мәдени тұрмысты жақсарту, жастарға мәдени демалыс ұйымдастыру, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған ауыл жастары қатыстырылды.

     

     

    Ормандар  дүниесін қорғау саласы

    Төменгі  Шу  орман   бөлімшесі  3928 г   орман  қоры  бар.  Осы  қорықта  10  орманшы   жұмыс  атқарады.  Әр  орманшы  өздеріне   бөлінген  оралымды  тиянақты  қорғауда. Көктем  айында  осы  бөлінген  3928 г   жерге   бензин  бөлініп  обход  ревизия   жасап,  квартальный  столбиктерді  аншлагтарды  бояп  шықты.  Ұланбел  – Мойынқұм  тас  жолының  70 км  мин  поля  соқамен  Амангелді  газға   дейін  60 км  өрт  қауіпсіздігіне  жолаға  жыртылып  дайындалды.

     

    ҚЫЛМЫС

     

    Жастар   мен  жас өсіпірімдер  арасында    қылмыстық   әрекеттердің   алдын   ала   мақсатында,   учаскелік  полиция   өкілімен  қажетті  профилактикалық  істерін   атқарылуда.  Сонымен  қатар  бұзақылық   бейім  балалардың   отбастарымен   ауыл   ардагерлері   кеңесі  бірлесіп  қажетті   шаралар  жүргізеді.  Әкімшілік  құқық   бұзған   3 азаматқа   хаттама   толытырылды.

     

    ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР БОЙЫНША.

    8- наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, ардақты ауыл әжелеріне дастархан жайылып, сыйлықтар таратып, концерттік бағдарлама қойылды.

    22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай киіз-үйлер құрылып, концерттік бағдарламалар өтті.

    1 маусым –Балаларды қорғау күніне концерттік бағдарлама мен кішкентай бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды.

    7 шілде – Астана күніне «Астана – отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды;

    26 тамыз – «Мектепке жол» акциясы бойынша мүгедек балаларға, жетім балаларға көмек беру ұйымдастырылды;

    29 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    30 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Семей тарихы мекен» атты тақырыпта сурет салу байқауы өтіп, жеңімпаздарға жүлделі орын беріліп бағалы сыйлықтар таратылды;

    1 қыркүйек –  Білім күніне «Алғашқы қонырау» салтанат жиынаға

    20 қыркүйек – қарттар күніне орай мереелік іс-шараға дайындық;

    29 қыркүйек – «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды;

    15 қазан – Аз қамтылған отбасыларға қыстық отын түсіріліп берілді;

    Қазан айында ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Жас қаламгер» атты шығарма жазу байқауы өткізілді;

    25 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10 – сынып мектеп оқушылары арасында «Қазақстан тарихына саяхат» атты тақырыбында интеллектуалды тарихи-танымды ойын өтті;

    15 қараша – «Округ  әкімінің   кубогы» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 15 қараша – Ұлттық валюта күні мерекесіне орай оқушылар арасында турнир өтті;

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желілік кесте бойынша Ұланбел  ауылдық округінде біршама шаралар ұйымдастырылды атап айтсақ;

    22 шілде күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауыл жастары арасында Волейболдан жарыс ұйымдастырылды;

    Әр аптанын сенбі күндері «Сенбілік» ұйымдастырылды;

    12 тамыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас өспірімдер арасында футболдан жарыс өткізілді;

    13 тамыз күні «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты тақырыбында ауыл жастарына брашура таратылды;

    25 қазан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын  М.  Әуезов  орта мектебі  9 сыныптар арасында өтті;

    ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Қазақстан тарихына саяхат» интеллектуалды тарихи-танымды ойын өз жалғасын 7 және 9 сыныптар арасында болмақ;

    1 қараша – «25 МЕЙІРІМДІ ІС» ардагерлерді ардақтайық атты тақырыпта елді-мекенде қарт кісілерге тегін нан таратылды.

    7 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында «ЕЛОРДА АТАУЫ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН АТАЛСА» атты тақырыбында дебат өтті;

    31 желтоқсан –Мәдениет үйінің алдында Жаңа жылдық шырша қойылып, концертік бағдарлама мен аз қамтылған отбасы, толық емес отбысыларға сыйлық таратылды.

     

    Мүлікті жария ету

     

    2014 – 2016 жылдарға   арналған   мүлікті   жария   ету   оны   заңдастыру   мақсатында   ауыл   тұрғындарына  түсіндірме   жұмыстары   жүргізілді.  Мүлікті жария ету бойынша 28 нысан анықталған,  11 нысанға техникалық төлқұжат жасалынды, бұнын ішінде   10  нысан Әділет  басқарамасынан   тіркеуден  өтті.

     

    Құжат айналымы

     

    Әкімшілік ғимаратында азаматтардың арыз шағымдарына арнайы орнатылған жәшікке өтініш түскен жоқ. 

    Нормативтік актілер бойынша:  180 шығыс,  250  кіріс,  4 шешім, 118 өкім шығарылды.

        Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 32  шығыс, 32 кіріс құжат тіркелді. Жеке  қосалқы  шаруашылығы   болу  туралы   анықтама   беру   30 шығыс,   30 кіріс    құжат  тіркелді.

        Жеке тұлғалардың өтініш тіркеу бойынша 26 өтініш  түсіп,  оның 1 өтініші  жер телімін заңдастыру бойынша  тіркеліп, 1  шешім шығарылды. 25 өтініш   әкімінің   жеке  қабылдауында.

        Заңды тұлғалардың өтініш   түскен  жоқ.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района