100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауылдық округінің әкімі есебі.

     

    Жамбыл  АУЫЛЫНЫҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ  ӘКІМІ АХАТОВ ҚАНАТТЫҢ ЕСЕБІ

             Тұрғындар. Жамбыл ауылында 1306 адам тұрады, оның ішінде зейнеткерлер саны 119 адам, 41 мүгедек, ауған соғысының ардагері-1, тыл ардагері-2 адам. Округте 45 ана алтын және күміс алқамен марапатталған.                       Сонымен қатар, 29 ана 4 балаға арналған жәрдемақы алады.

    Ұлт құрамын қазақтар (99,92%), орыстар (0,08%) құрайды.
            

    Білім. Білім беру саласында ауылда Абай орта мектебі жұмыс істейді. Мектепте 209 оқушы оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымын 48 мұғалім құрайды. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.  Жабдықталған 5 (физика, химия, биология) кабинет бар оның ішінде 1 мультимедиялық кабинет және 1 лингафондық кабинет бар. Мектепте 4 интерактивтік тақта бар.
    Денсаулық сақтау. Ауылда Жамбыл дәрігерлік амбулаториясы бар. Дәрігерлік амбулаторияда 4 медбике жұмыс істейді. Медициналық пункттың арнайы ғимараты бар, оның ішінде арнайы егу және қабылдау кабинеттері бар. Биылғы жылы  622 адам медициналық тексеруден өтті

             Әлеуметтік қорғау. Аппарат жұмысының негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындар есебі және оларға әлеуметтік қолдау көрсету болып саналады. 2016 жылы  4 отбасына бала күтімі жөніндегі жәрдемақы төленді.

             Мәдениет. Ауылда мәдениеттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің 1 кітапханасы жұмыс істейді. Кітапханалық қоры 9909 дананы құрайды, оның ішінде 4527 дана мемлекеттік тілде, оқырмандар саны 518 адам. 1 компьютермен жабдықталған. Кітапханашы қызметін 1 адам атқарады. Сонымен қатар, 1 клуб жұмыс істейді. Ауылдық клубта «Ақ әжелер», «Қыз-келіншектер» клубы жұмыс істейді.

             Жұмыспен қамту.  Ауылда  37 шаруа қожалығы, 19 жеке кәсіпкерлер және ірі «Түрікпен» агрофирмасы жұмыс атқарады. 2016 жылы 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, 3 жас жастар іс-тәжірибесінен өтті.   Биылғы  жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер «Темірлан» Сәлібекова Баян  5 млн 800. мың теңге,  Сұлтанов Ғалымбек 3 млн 800 мың. теңге және «Ақжол» шаруа қожалығының иесі Бектенова Дәрия 4 млн 500 мың. теңге алып, қазіргі таңда мал бордақылау алаңын соғып, жұмыс істеуде.

     

    Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер.  2016 жылы ауыл аумағын дамыту үшін бағдарламалар бойынша бөлінген және игерілген қаражаттарға келесі жұмыстар жасалды:

    «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 597 000 (бес жүз тоқсан жеті мың) теңгеге И.Сарымсақова және Жазылбек Қуанышбаев көшелеріне көше жарығы орнатылды және  395 000 (үш жүз тоқсан бес мың) теңгеге балалар ойын алаңы соғылып пайдалануға берілді.   
             «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бюджеттік бағдарламасы» бойынша 885000 (сегіз жүз сексен бес мың) теңге қаржы бөлініп, қаржыға ауылға кіре-берістегі Ж.Жабаев ескерткішін қоршап, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    Ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бюджеттік бағдарламасы бойынша 439000 (төрт жүз отыз тоғыз мың) тенге бөлініп, бөлінген қаржыға әкімшілік ғимаратының алдына пандус соғылды.

    Жергілікті өзін-өзі басқару шоты арқылы 675000 (алты жүз жетпіс бес мың) тенге қаражат бөлініп, орталық алаңға сахна орнатылды.

    Сонымен қатар, биылғы жылы округте «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Әміребек Әжібаев және Тілеш  Байғожаев көшелеріне құм-шағал төселініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жергілікті тұрғындардың, оның ішінде жастардың саламатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулығын сақтауға ықпал ету және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылда шағын футбол алаңы соғылды.

     

     

    2017 жылға ауыл аумағын дамыту үшін бағдарламалар бойынша жоспарланған жұмыстар:

             Ауылға кіре беріс көшенің 2,2 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн. теңге қаржы қаралып,  «Алайғыр» каналының  шлюзін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша ауыл жанынан 6 гектарға  тал-теректер егу жоспарлануда.
     

    Жалпы мәселелер.

    Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.

    Тұрғындар арасында құқықтық бұзудың алдын алу және құқықтық тәртіп сұрақтары бойынша ауыл әкімшілігімен бірге жергілікті учаскелік полиция инспекторы айналысады.

    Таза ауыз су мәселесі де шешілген, 1 ауыз су құбыры жұмыс істейді.  Тұрғындарға ауыз су күніне 2  мезгіл беріліп тұрады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района