100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Шығанақ ауылдық округі

    Шығанақ   ауылдық  округ  әкімінің міндетін уақытша атқарушы

      Н. Мешкованың  есебі

    Тәуелсіздіктің  жиырма алты жылдығына қадам басқан еліміз  үшін  2017 жыл тарихи  оқиғаларға толы  табысты  жыл болды. Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамуының жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдімін.

    Қазақстан Республикасы Президентінің  15 тамыз 2013 жылғы №  615 «Әкімдердің халыққа  есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес есепті кездесулер өткізіліп келеді. Ауылдық округ бойынша 3352 адам есепте тұрады.

    Шығанақ ауылдық округінің тұрғындары теміржол саласында және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді. Тұрғындардың көбісі балық аулаумен, оны өңдеумен және сатумен айналысады. Округте мал басы  2017 жылы     МІҚ  265, қой, ешкі  823, жылқы  126, құстар 300 бас.  Жыл ішінде  80 қаңғыбас  ит атылды. Сарып, туберкулез, құтыру аурулары  анықталған жоқ.

    Коммерциялық дүкендерге заттар Алматы қаласынан және ауыл-шаруашылық зат Шу қаласынан көтерме бағамен алынады, оған қосылатыны 35-40%. Былтырғымен салыстырылғанда күнделікті  қолданатын тамақтардың бағалары бір қалыпты.

    Округте тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ақылы қоғамдық жұмысқа 2017 жылы 16 адам тартылды. Мұнымен қатар тазалық жұмыстарымен айналысатын ЖК «Нұрсейіт» жұмыс атқарып жатыр. Қазіргі таңда олар Алматы-Астана тас жолында тазалық жұмыстарымен айналысуда. Ауылдың ішінде Абай көшесінің 1 шақырым жолы жөнделді.

    Округте күл-қоқыс полигоны бар, олардың жері заңдастырылған. Күл-қоқыс белгіленген жерге шығарылады.  «Ақбұлақ » бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз су тәулігіне 4 сағат беріліп тұр.    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Шығанақ ауылында    2017  жылы Сейфуллин,  Алтынсарин көшелері түгелдей жарықтандырылды.

    Округ бойынша 37 отбасы мемлекеттік 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатын болса,  21 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. Тәртіп сақтау бойынша жыл ішінде   4 арыз-шағым тіркелді, 1  ұрлық, 2  нашақорлық,  1 көпшілік орында ұсақ бұзақылық жасалған. Бұл істің бәрі ашылды.

    Шығанақ ауылындағы мешіт  ауданда тіркеліп, намазханаға жөндеу жұмыстары жасалған. Діни экстремизмге қарсы  24 дәріс, семинарлар өтіп және басқа да  жұмыстар атқарылып жатыр.  Оқушылар арасында жұма намазға төрт бала келеді.

    Өрт қауіпсіздігіне байланысты 15 адаммен комиссия құрылып, УПЧ мекемесінен автокөлік және «Мөлдір су» мекемесіне 4 кубтық сыйымдылық  насосымен бөлінген.

    Мүлікті жариялау бағытында Шығанақ ауылдық округінен 3 мүлік өтті. Алдағы уақытта барлық күш-жігеріміз бен қабілетімізді ауылдың экономикалық ахуалын одан әрі жақсартып, халқымыздың тұрмыстық жағдайын көтеруге, бірлесе еңбек етуге жұмылдырылатын боламыз.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района