«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті

Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы « 17» шілдесіндегі № 321 қаулысымен бекітілген

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны –қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылтәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:
көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы өтініші.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығында» келтірілген.

«Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша
білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00