Білім беру мекемелері жөнінде АНЫҚТАМА

Білім беру мекемелері жөнінде АНЫҚТАМА

Білім беру мекемелері жөнінде АНЫҚТАМА

 

Білім беру мекемелері жөнінде АНЫҚТАМА

 

Мойынқұм ауданы бойынша 44 білім мекемесі бар.

Б.Омаров көшесі 71

 

Білім мекемесі Саны
1 Орта мектеп 23
2 Бастауыш мектеп 2
3 Балабақша 14
4 Мектептен тыс мекемелер 5

 

 

Білім мекемелерінің ғимараттары:

 

Типтік  жобадағы ғимаратта Ыңғайластырылған ғимаратта
1 20 орта мектеп 5 орта мектеп

 

 

 

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағытындағы жұмыстардың жүргізілуі туралы

 

«Жалпыға бірдей оқу қоры» есебінен соңғы үш жылды оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамту көрсеткіші

 

Жылдары Оқушылар саны Қаражаты (мың теңге)
2012 2118 17927,0
2013 2227 21741,0
2014 2373 18767,0
2015 2576 101885

 

 

Ыстық тамақ беру жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы мәлімет

 

Аудан бойынша  25  мектептің 23-де  асханасында ыстық тамақ , 2 орта мектепте буфеттік тағам ұйымдастырылған.   Ыстық тамақпен  25  мектепте  2576 (100  %) бала қамтылып отыр. Осы баланың  2456 ( 100 % ) 1-4 ші сынып оқушылары, 120-ы аз қамтылған отбасы балалары болса, 1570–ы          ата-аналардың демеушілігімен  ыстық тамақпен қамтылып отыр. Ал тиісті мектебі жоқ елді мекендегі бастауыш мектептердегі балалар ыңғайластырылған мектепте (ыстық шай,булочкамен) қамтылып отыр.

Қазіргі таңда асханадағы тамақтандырудың  бір балаға  шаққандағы қаражат көлемі  230 теңгені құраса, буфеттік тамақтандырудың қаражат көлемі 160 теңгені құрап отыр.

Жалпы аудан бойынша бір мезгіл ыстық тамақпен қамту мақсатында жалпыға міндетті оқу қорынан 8363,0  мың теңге бір мезгіл ыстық тамаққа,    4713,0  мың теңге киім-кешекке, 6060,0мыңы сауықтыруға бөлінген.

 

 

Балаларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру

 

Мектебі жоқ елді мекенде тұратын балаларды оқумен қамту-білім беру ұйымдарының басты міндеті. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету » бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне сәйкес, Мойынқұм ауданы әкімдігінің  қаулысына сәйкес тасымалданып оқытылады.  Балаларды тасымалдау мақсатында 1 газель автокөлігі жұмылдырылған.

 

Жылдары Қанша елді мекеннен тасымалданады Қанша мектепке тасымалданады Тасымалданатын балалардың саны
2011-2012 3 3 94
2012-2013 4 3 99
2013-2014 2 2 19
2014-2015 2 2 20

 

 

  Мойынқұм ауданы бойынша білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы:

Жөндеу жұмыстарына (күрделі, ағымдағы) қанша бюджеттік қаржы жоспарланған және іс-жүзінде игерілгені

    Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен – 52,7 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен – 5 854 мың теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын – «АБ-К 2005» ЖШС жүргізді.

Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен – 33,6 млн, ал жергілікті бюджеттен – 3,7 млн теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын «АБ-К 2005» ЖШС жүргізуде. Амангелді мектебінің қазандығының құрылысы мен жылу жүйесін қайта құрылымдау жұмыстары үшін облыстық бюджеттен- 46,9 млн теңге бөлінді. Мектеп қазандығының құрылысы мен жылу жүйесін қайта құрылымдау жұмыстарын – «Аркантас» ЖШС жүргізді.

Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруға аудандық бюджеттен 1 925 мың теңге бөлініп, мердігер «Мойынқұм –Сервис» ЖШС жұмыстарды атқарды. Қазандық ғимаратына қосымша бөлме салынып, оған КТГ-300 маркалы қазаны (котель) қойылды

Назарбеков ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің қазандығында қазан (котель) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде (Өз күшімізбен) және жылу жүйесіндегі темір батареялардың 46 данасын шойын (чугун) батареяларға ауыстыру жұмыстарын аяқтадық.

Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебінің қазандығына КТГ-550 маркалы қазанын орнатылды.

Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазандығына КТГ-250 маркалы қазаны қойылды. 40 метр жылу трассасы ауыстырылды.

Қияқты ауылындағы Ағыбай батыр атындағы орта мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен 3 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын Мойынқұм Сервис ЖШС-і орындады.

Ақсүйек ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінің шатырын жөндеу жұмыстарына 40 рулон және 400 кг битум жұмсалды. Жөндеу жұмыстарын білім бөлімі өз күшімен жүргізді

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері туралы 

Ауылдық жерлерде кезекте тұрған балалар саны  0 жас 1 жас 2

 жас

3 жас 4 жас 5 жас 6 жас 3-6 жас Мектепке дейінгі білім мекемесіне жалпы кезекте тұрған балалар саны

(0-6 жас )

Мектепке дейінгі білім мекемесіне жалпы кезекте тұрған балалар саны (3-6 жас ) Мектепке дейінгі білім мекемесіне жалпы кезекте тұрған балалар саны

(1-6 жас )

Мойынқұм ауылы   75 98 41 42 38 12   104 306
Ұланбел ауылы   43 23 10 12       22 88
Шығанақ кенті   30 24 30 19 20 17   86 140
Биназар ауылы   2 20 10           32
Мирный кенті       4         4  

 

Балабақша ғимараттарының мемлекеттік  стандарттарға сай болуы

 

Аудандағы  14 балабақшаның  ғимараттары:

 

 

 

Типтік жобадағы ғимараттар

 

 

Ыңғайластырылған ғимараттар

1 14 0

 

     Аудандағы білім мекемелеріндегі  шағын орталықтар жұмысы туралы  мәлімет.

 

 

Шағын орталығы бар мектептер саны

 

Бала саны
1 8 300

 

 

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың  алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың деңгейі

 

Аудандық жасы кәмелетке толмағандар есебінде

 

2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
18 34 36 29

 

Балалардың өзіне -өзі  қол жұмсаудың алдын-алуға бағытталған шаралардың мазмұны аудан бойынша тіркелген суицид оқиғалары туралы мәлімет

 

2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
     1 0

 

Информатика кабинетінің талапқа сай болуы

  1. Компьютерлендіру:

Аудандық білім бөліміне қарасты барлығы (23-орта, 2 бастауыш) барлығы компьютермен толық қамтамасыз етілген. Аудан бойынша 796 оқу үрдісінде компьютер бар.

2013-2014 оқу жылында аудан бойынша 1 компьютерге 7 оқушыдан келеді.

2013-2014 оқу жылында есептен шығаруды  қажет ететін 110 компьютер есептен шығарылды.

Мультимедиа  және  лингафонды  кабинеттер 17   мектепте бар. Олар: Жамбыл м-г, М.Жұмабаев о.м, Рысқұлов тірек метебі,  Кеңес о.м,Абай о.м, Қ.Рысқұбеков о.м, Шығанақ о.м, К.Қасымов о.м, М.Әуезов о.м, О.Жандосов о.м, Б.Момышұлы о.м, Ақбақай о.м, Ә.Төлепбергенов о.м, Терешкова о.м, Т.Рысқұлов тірек мектебі, Ы.Алтынсарин о.м, С.Сейфуллин о.м.

Интерактивті тақта  6  мектепте бар,Олар: Жамбыл м-г(5), Т.Рысқұлов тірек мектебі(5), М.Жұмабаев о.м (5), Қ.Рысқұлбеков о.м (5), С.Сейфуллин о.м (5), Шығанақ (5) орта мектептері. Барлығы: 30 тақта  жұмыс істеуде.

 

  1. Интернет:

Аудандық  білім бөліміне қарасты барлығы 26 мектеп  телефон байланысымен қамтамасыз етілген және барлығы  кең  жолақты бүкіл әлемдік Интернет желісіне 100 пайыз қосылған. Оның 23 орта, 2 бастауыш мектеп.

Интерактивті тақта арқылы интернет желісін пайдаланатын он-лайн  режимінде «Интерактивті оқыту» жүйесі жүзеге асырылуда. Интерактивті тақтамен Жамбыл м-г, Т.Рысқұлов тірек мектебі, М.Жұмабаев о.м, Қ.Рысқұлбеков о.м, С.Сейфуллин о.м, Шығанақ орта мектептері интерактивті тақтамен қосылып он-лайн режімінде сабақ жүргізуде.

 

Электрондық  оқыту жүйесі:

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 5 мектеп,   2012-2013 оқу жылында Жамбыл м-г, Т.Рысқұлов тірек мектебі, М.Жұмабаев о.м, Қ.Рысқұлбеков о.м, С.Сейфуллин о.м. ЭОЖ-не енді.

2014-2015 оқу жылында Шығанақ о.м. электрондық оқыту жүйесіне енгізіледі.

Осы аталған білім беру ұйымдарында қазіргі  таңда жаңа буынды компьютерлер оның ішінде  (30-моноблок, 1-мультимедиялық кабинет, 1-мобильный класс, 14 -ноутбук), 5 – серверлік  құрал-жабдықтар мен сынып жиһаздары орнатылды және жоғары жылдамдықты оптикалық талшықты кең арналы интернет желісіне қосылды.

Мектептерде құрал-жабдықтар монтаждалды, электротехникалық қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен 100 пайыз қамтылған.

Педагог кадрлардың электрондық оқыту жүйесі бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында жобаға енген 5 мектептің директоры және  барлық пән мұғалімдері қайта даярлау курстарынан өтті.

 

  Мектептердегі өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуы

Өрт дабылдары 25 мектепте бар. Шатырларды өртке қарсы қоспалармен өңдеуге 1665,0 теңге бөлініп жұмыстары 25 мектепте 100 пайыз жүргізілді. 2015 жылы білім беру мекемелері бойынша шатыр астын өңдеу жұмыстарына 19 млн 997 мың теңге бөлінді.

 

 

     Білім беру мекемелерінде балалардың денсаулық сақтау құқығының қамтамасыз етілуі туралы

   

2014 жылы 2400 адам тегін медициналық тексеруден өткізуге – 6062,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Ал 1-11 сыныптарда 5265 баланың барлығының да денсаулық кітапшалары бар, барлық оқушылар жан-жақты дәрігерлік тексеруден тегін өткізіледі, аудандық стомотологиялық  кабинеттерде тістерін емдеуге тегін қызмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда  23 орта мектеп 2 бастауыш мектеппен  14  балабақшада дәрігерлік кабинет бар. Барлық мектептер мен балабақшалар дәрігерлік кабинеттері 100 пайыз дәрігерлік құралдармен жабдықталған, кабинеттер лицензияланған.

2014 жылы 5747,0 мың теңге дәрі-дәрмекке жұмсалды. Алғашқы медициналық қызмет көрсету үшін арнайы орта білімді және жоспарлы білімін  жетілдіріп, аттестациядан өткен мейірбикелер жұмыс атқарады.

2015 жылы дәрі-дәрмекке 5 млн 521 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 2 млн 600 мың теңге вакцинаға.

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00