100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

    Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке
    куәліктер беру

     

    Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты не уақытша тұратын жері бойынша Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері  көрсетеді.
    Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке басын куәландыратын мынадай құжаттар береді:

    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін береді.

    Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

    Жеке басты куәландыратын құжаттар иесінің қалауы бойынша мемлекеттік тілде немесе орыс тілдерінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырылады. Паспортта ұлты туралы жазба азаматтың қалауы бойынша көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және электронды жеке куәлігі азаматтардың қалауы бойынша, жасына қарамастан, жарамдылық мерзімі он жылға беріледі. Азаматтың өтініші бойынша паспорттың жарамдылық мерзімін облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері паспорттың бос бетіне тиісті жазба жазыла отырып, мөртабан үлгісіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы паспортының жарамдылық мерзімін ұзарту туралы мөртабан қою арқылы азаматтың өтініш білдірген жері бойынша тағы бір жылға ұзартады, ол паспорттық елтаңбалы мөрмен бекітіледі және Ішкі істер департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі бастығының немесе оның міндетін атқаратын адамның қолымен расталады. Елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматы паспортының жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері ұзартады.

    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болып табылады.

    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі жарамдылық мерзімі он жылға беріледі.

    Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігін жоғалтқан, одан әрі пайдалануға жарамсыз болған кезде және жеке басын куәландыратын құжаттары адамдарға олардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін  уақытша жеке куәлік жарамдылық мерзімі 3 айға дейін беріледі.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района