ХҚКО-ның жарияланатын мақалалары

ХҚКО-ның жарияланатын мақалалары

 

                                           «Азаматтарға арналған үкімет» болашақ аналарға арнап «Проактивті өмірді таңда!» атты акция ұйымдастырды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері болашақ аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, SMS арқылы проактивті тәсілмен алуға болатындығын түсіндіру мақсатында перинаталдық орталықтар мен емханаларда «Проактивті өмірді таңда!» атты акция өткізді.

Бұл акцияға облысымыздың 14 перинаталдық орталықтары мен емханалары қатысты. Шара барысында «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметкерлері 100-ге жуық болашақ аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алуға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратты.

Естеріңізге салай кетейік, Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып проактивті тәсілмен қызмет көрсетуді жүзеге асырған, ал өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыныла бастады.

Аталған режимдегі қызметті алудағы басты шарт – мобильді азаматар базасына тіркелу. Оны ХҚО-да немесе электронды үкімет порталының жеке кабинетіңізде жүзеге асыра аласыз. Ол үшін ЖСН-і ұялы телефон нөміріне байланыстыру жеткілікті.

Жалпы бүгінгі дейін аталған қызмет түрі бойынша облысымызда  6000-нан астам анаға СМС-хабарлама арқылы құттықтау жіберілген. Күн санап мобильді азаматтар базасына тіркеліп, бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен алуға ынта білдірушілер саны артып келеді. 

 

 

 

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. 

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ,автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында біз мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан,  біз бұл қызметті электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздің корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетілді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемелкеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетпекпіз», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ  автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы  рет тіркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

 

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.

 

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. «ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз», – деді ол.

Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктің сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де проактивті нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. «Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердің 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оның үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздің фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмнің жоқ екендігін айту керек», – деп ой түйді Абылайхан Оспанов.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

   

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. 

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ,автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында біз мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан,  біз бұл қызметті электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздің корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетілді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемелкеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетпекпіз», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ  автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы  рет тіркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

 

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым салу мүмкіндігі болатындығын айтты. Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен жұмыс  жүргізіліп жатыр.

«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», – деп түсіндірді Оспанов.

Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы аптаның соңына дейін алғашқы кезеңде электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылады. Әрбір портал қолданушылары осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.

Екінші кезең – жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисті іске қосу. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскері қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.

Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.

А.Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курстары қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға  шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері  «Connection Point» арқылы 4,5 млн.-нан аса кеңес беріліп, 4 млн. қазақстандық өздігімен қызмет алған.

«Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың 4 айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді», – деді А.Оспанов.

Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.

 

 

 

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміжеңілдетіледі

 

Әділет министрлігі көрсететінжылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі жуық арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартуға, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, бүгінгі таңда азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болады.

Нотариалды куәландырылмаған шарттар мен құқықтарды тіркеу бойынша қызметті алу тәртібі де өзгереді. Қазір қызмет алушы алдымен Әділет министрлігінің жергілікті бөлімшесіне барып, нотариалды куәландырылмаған шарттар бойынша қызметті алады, сосын корпорацияның фронт-офисіне барып, құқықтарды тіркеу үшін құжаттарды тапсырады. Функциялар мемкорпорацияға өткенде, азаматтар ХҚО-ға келіп, екі қызметті бір өтініш бойынша ала алады.

Сондай-ақ мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚО операторының көмегімен жөндей алады.

 

 

 

 

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

 

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

 

 

 

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

 

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл  қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

 

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

 

 

“Азаматтарға арналған үкімет” коммерциялық емес акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін…

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға қатысты статистикалық көрсеткішке көз жүгіртуді ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгінген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетеді. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгінеді. Оның жартысынан көбі әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзім ішінде берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі.

Автоәлемге қатысты көрсеткіштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншісінде. Ал 337 мыңға жуық нәзік жанды көлік құралына құқықтарын тіркеген.

Қазіргі таңда елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818  әйел зейнетақы алып отыр.

 

 

“Азаматтарға арналған үкімет” коммерциялық емес акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

 

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

«Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», – деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», – деді министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттік қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың ішінде  «Анықтамасыз қызмет» – «Paper free»  сервисі де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғалар электрондық үкімет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда іске қосылған бала туу бойынша проактивті қызмет желісімен де бөлісті. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттік қызметтерді телефон арқылы алу ұсынысымен  SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Проактивті мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тіпті үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлік пен тиісті жәрдемақыларды рәсімдеуге, сәбиді балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегімен тұрғылықты жерге тіркеу қызметі де іске қосылады.

«Биыл біз жылжымайтын мүлік иесінің мәліметтерінің өзгеруіне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік төленуіне, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу мен атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету барысын да проактивті тәсілге көшіреміз», – деді А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазіргі таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылы мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» – «Paper free»  сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисі енгізілсе, оқу орындары электрондық үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске бару міндетінен құтылады.

Бұл сервисті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет.  «Анықтамасыз қызмет» механизіміне сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды. Азамат екі сағаттың ішінде жауап беруі тиіс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған «Paper free» нәтижесінде қағаз жүзіндегі анықтамалар саны 24 миллионға дейін кеміп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің қатары да азаяды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәрестенітұрғылықтыжерібойынша SMS арқылытіркеугеболады

Енді SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынатын проактивті қызметтердің аясын кеңейту туралы отырысында осындай шешім қабылданды.

Қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретінде өзі тіркеуде тұрған жердің мекенжайын жазып жіберсе, меншік құқығы туралы мәліметтер тексеріліп, меншік иесі рұқсат берген жағдайда нәрестені көрсетілген тұрғылықты жерге тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бірігуінің арқасында баланың өмірге келуіне байланысты көрсетілетін композиттік қызметтер проактивті принциппен ұсыныла бастады. Соған сәйкес нәрестені тіркеу өтініштері автоматты түрде жасалып, жаңа босанған аналардың телефонына бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді SMS-хабарлама арқылы алуға ұсыныс жіберіледі.

Нәтижесінде, балалы болған ата-аналар «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистеріне бармай-ақ, телефон көмегімен туу туралы куәлік пен тиесілі жәрдемақыларды рәсімдеу, балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы проактивті принциппен көрсетілетін қызметтер қатарына сәбиді тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеу қызметі де енгізілді.

Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

 

 

 

 

Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейін кәсіпкерлер үшін алкогольдік өнімдерді сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді.

Қазір кәсіпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкімет порталында мәліметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткілікті. Ал өзге де қажетті мәліметтерді мемлекеттік органавтоматты түрде тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткізу мерзімі он бес жұмыс күнінен бір күнге дейін қысқарады. Ал этил спирті мен темекі өнімдерін шығару лицензиясын алу мерзімі он бес күннен он жұмыс күніне дейін шегеріледі.

Еске сала кетейік, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдік өнімдерді сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК, ауылдық елді-мекендерде – 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсімдеу – лицензия  берілгендегі төлемнің 10%, көшірмесін жасату – 100% құрайды.

 

 

    «Азаматтарға арналған үкімет»

    мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық

    емес акционерлік қоғамының

    баспасөз қызметі

 

 

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

 

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртіпте іске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесінде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін 446 мыңнан астам шетелдік азамат пайдаланған.

Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестілік тәртіпте жұмыс істеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлік көмекшілер мемлекеттік қызметті өз бетінше алып жатқан азаматтар үшін айти-кеңесші рөлін атқарады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтініштер береді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуге үйретеді. Бір сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.

 

 

 

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі іске асырыла бастады

 

           Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік табыс етілді.

2017 жылғы 29 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді.

Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өміріне келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылады. Жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.

Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін және сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection рoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгінгі таңда аталған қызмет түрі облысымыздың 14 перинаталдық орталықтарында қолданылуда.

 

          

 

 

 

 

Қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазіргі таңда бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Бүгіннен бастап проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс»,- деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көретуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.

 

Анықтама ретінде: пилоттық жоба іске қосылғаннан бері 1208 әйелмемлекеттік қызметті алу ұсынысымен смс хабарламаалды.

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

 

 

 

 

«Азаматтарға

 

 

арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

 

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерге проактивті тәсілмен қол жеткізу үшін азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін порталдағы жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне бекітуі тиіс.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жүйесіне байланысты жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының жауапты қызметкерлері және департаменттің қалалық, аудандық бөлім басшыларының қатысуымен бірлескен семинар өткізілді.

Сондай-ақ, халыққа арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару жүйесі бойынша ҚР азаматтары «ХҚКО» жүгінген жағдайда әлеуметтік мәртебесін «Электрондық Үкімет» порталы арқылы анықтап, мемлекет кім үшін төлейтіндігі туралы ақпараттық жаднамаға сәйкес, «ХҚКО» қызметкерлері тарапынан толық кеңес берілуде. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінген мемлекеттік қызмет алушылардың мәртебесін анықтауда тиісті ақпаратты сапалы ұсынуды ұйымдастыруға баса назар аударылуда.

Сондай-ақ департаменттің менторларымен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша департамент бөлімдерінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша 17 «ХҚКО» департаментінің барлығында халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері орналасқан.

Бүгінгі таңда «Ресепшн» секторында Жұмыспен қамту орталығына жүгінген азаматтардың құжаттарын қабылдау, жұмыссыз жандарды тіркеу, оларды әрі қарай еңбекпен қамту немесе оқыту курстарына жіберу, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жұмыссыз статусын беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қызмет көрсетілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің баспасөз қызметі

 

Мобильдік ХҚКО құрамына еңбек комитеті және жұмыспен қамту

басқармаларының өкілдері қосылды

 

Шалғай ауылдық округтерінің халқына ыңғайлы болу үшін құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетілетін кеңестердің ауқымын кеңейтті.  Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттерінің қызметкерлерімен бірге еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шығатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға мобильдік ХҚКОлары арқылы қолжетімді. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 66 бірлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттік қызметтерді ғана алып қоймай, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелері бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары                           Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша мобильдік ХҚКОлар жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бекітілген кестелер бойынша шығады. «Мобильдік ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған болатын. Көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сервистерін кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшін неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай ішінде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елді мекенді қамтыды», – дейді Әбділманов.

Республиканың 14 өңірінде 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКОлар 127 063 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапарлар кестесін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкімдіктердің және өңірлік БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтеміз.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтарға арналған үкімет жұмыскерлері асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелі кеңестер өткізді

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері Қазақстанның барлық өңірлерінде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерге көшпелі кеңестер өткізді

“Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Бүгін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясыныңжұмыскерлері отбасы негізіндегі балалар үйлерінде қорғаншылықты ресімдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресімдеу және т.б. әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету бойынша көшпелі кеңестер өткізді,”- дейді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттік корпорация жұмыскерлері кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, “Азаматтарға арналған үкіметтің” қарағандылық филиалының өкілдері балалармен футболдан жолдастық кездесу өткізіп, 16 жасқа толған жеткіншектерге дайын жеке куәліктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердің күтімін жасайтын құралдар түрінде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгінгі күні мемлекеттік корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Олардың ішінде зейнетақы төлемдері, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтік маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтері бар.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде “Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы” РМК, “Жылжымайтын мүлік орталығы” РМК, “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы” РМҚК және “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз.

 

 

 

 

“Азаматтарға арналған үкімет”

 мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ

 баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

 

 

 

 

Мобильдік ХҚКО құрамына еңбек комитеті және жұмыспен қамту

басқармаларының өкілдері қосылды

 

Шалғай ауылдық округтерінің халқына ыңғайлы болу үшін құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетілетін кеңестердің ауқымын кеңейтті.  Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттерінің қызметкерлерімен бірге еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шығатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға мобильдік ХҚКОлары арқылы қолжетімді. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 66 бірлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттік қызметтерді ғана алып қоймай, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелері бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары                           Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша мобильдік ХҚКОлар жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бекітілген кестелер бойынша шығады. «Мобильдік ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған болатын. Көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сервистерін кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшін неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай ішінде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елді мекенді қамтыды», – дейді Әбділманов.

Республиканың 14 өңірінде 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКОлар 127 063 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапарлар кестесін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкімдіктердің және өңірлік БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтеміз.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылғы  09 маусым                                                                                         Астана қ.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Ақтөбе қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде  бір күндік жалақыларын  аударды

 

 

Елімізде ұлттық аза тұту күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы орталық аппаратының және дирекцияларының қызметкерлері Ақтөбе қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде  бір күндік жалақыларын  аударды.

«Ақтөбеде орын алған қасірет әрбір қазақстандықтың жүрегіне терең әсер етті», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Данияр Еренчинов– «Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің атынан бұл бақытсыздыққа ұшыраған әрбір отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіремін. Террорлық әрекет құрбандары мен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау үшін ақшалай қаржы есеп шоттарына жолданды».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығуын тілейді.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»”

 мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

 баспасөз қызметі

 

тел.: 8 7172 27 06 58 (109)

 

 

 

2016 жылғы 8 маусым                                                                                                     Астана қ.

 

Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне

тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады

 

 

Жетінші маусымнан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» және «В1» кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне таратылады.

Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын жеңілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.   «Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаңыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріңізге баруыңыз керек еді, енді сіз өзіңізге ыңғайлы қаланың мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз», – деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков айтады, – «Жаңа енгізілім қызметті алушылардың уақыты мен қаржысын маңызды үнемдеуге жол береді».

Жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріңізге саламыз. Айтпақшы, қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың кабинеті жұмыс істейді.

Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады.              40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдың басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

 

 

 

 

 

 

 

 

Мобильдік ХҚКО құрамына еңбек комитеті және жұмыспен қамту

басқармаларының өкілдері қосылды

 

Шалғай ауылдық округтерінің халқына ыңғайлы болу үшін құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетілетін кеңестердің ауқымын кеңейтті.  Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттерінің қызметкерлерімен бірге еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шығатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға мобильдік ХҚКОлары арқылы қолжетімді. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 66 бірлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттік қызметтерді ғана алып қоймай, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелері бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары                           Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша мобильдік ХҚКОлар жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бекітілген кестелер бойынша шығады. «Мобильдік ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған болатын. Көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сервистерін кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшін неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай ішінде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елді мекенді қамтыды», – дейді Әбділманов.

Республиканың 14 өңірінде 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКОлар 127 063 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапарлар кестесін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкімдіктердің және өңірлік БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтеміз.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «ЖМО» дирекциясының директоры Бахыт Әбішев. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік. Біздің Республикамыздың астанасында отырғызылған 100 ағаш «100 қадам» бағдарламасының орындалуын, атап айтсақ жүзінші қадам – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанын білдіреді».

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, 2 395 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді. Ал астаналық филиалдың қызметкерлері тіпті Есіл өзенінің жағалауында бірлескен флешмоб жасады.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», – деді «Халыққа қызмет көрсету орталығы»дирекциясының қызметкері Кездикбаев Еркін – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

 

 

 

Электрондық цифрлық қолтаңба

 

Қазақстан Республикасының “Электрондық үкіметін” пайдаланушыларға кейбір мемлекеттік қызмет  түрлеріне электрондық цифрлық қолтаңба керек. Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Қарапайым ғана мысал, кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба –қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. Тағы бір айта кетерлігі, ЭЦҚ тегін беріледі және мерзімі 1 жыл уақытқа жарамды.

2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436  тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам.

 

 

 

 

 

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады

 

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат. Кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ,  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні.

Патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес.

ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс:  патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі.

Сондай-ақ, бұл қызметті «Электрондық Үкімет» порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз компьютеріңізде отырып алуға да болады. Ол үшін ғаламторға кіріп порталға тіркелесіз және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек.  Құжаттар тізімі ХҚКО-ға ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

 

 

 

 

Жайлы жағдай жасалуда

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына баса мән берілген.  Әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды. Облыстық  филиал,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.

Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жыл басынан бері  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 260 тапсырыс қабылданып, 385 құжат қолға берілді.

Сонымен қатар, ыммен сөйлесуді қажет ететін мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы 15 қызметкерлермен оқыту жұмыстары жүргізіліп сертификат берілді. Өткен жылдың қыркүйек айында тағы да  25 қызметкер  оқу курстарынан өтті. Халық игілігіне бағытталған жұмыстар ары қарай да жүйелі жалғасын таба беретін болады.

 

 

 

 

Жүйелі жұмыстың  жемісі

Татулығы мен достығы жарасқан, тұрақтылық пен рухани келісімнің алтын бесігіне айналған  жас Қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Төл тәуелсіздігінің жиырма бес  жылында еліміз   өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті.

Тәуелсіздіктің тәтті дәмінің бірі де бірегейі-тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың қарым-қатынас тіліне айналды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін өзге ұлт өкілдерінің қатарында  мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді қалайтын азаматтардың көбейгендігі қуантады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы 2015 жылдың қорытындысына сәй»кес, мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңіп алды. Байқаудың 16 филиалдың арасында өткендігін ескерсек, бұл үлкен нәтиже.  Әрі жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың жемісі. Барлық талаптар бойынша өзгелерден озық шыққан облыстық филиалға  Құрмет грамотасы мен сыйақы табыс етілді.

«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,  тіліміздің тұғырына қонып,  тынысын кеңейткені  баға жетпес байлық емес пе?  Бір сөзбен айтқанда,  мемлекеттік тіл-баршамыздың мерей-мақтанышымыз. Мемлекеттік тіл-елдігіміздің  ең басты ерекшелігі. Мемлекеттік тіл-құтты құндылығымыз.

 

 

 

 

Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды

 

Үстіміздегі  жылдың  қаңтар айынан бастап  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыс бойынша филиалының №1 Тараз қалалық бөлімінде   «Инвесторларға қызмет көрсету секторы» ашылып, жұмыс атқаруда.   Жаңа  секторда ағылшын тілін меңгерген 3 инспектор қызмет көрсетеді.

Сектор жұмысын жандандыру мақсатында  облыс  әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту басқармасы  мен  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесулер өткізіліп,  шетелдік және отандық инвесторларға бірлесе  қолдау көрсету туралы шешім қабылданған. Бұған қоса, инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысын күшейту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп Ынтымақтастық меморандумын бекіту жоспарланған.  Қазір бұл құжаттың жобасы талқылану үстінде.

Енді инвесторларға қажетті мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді алу үшін әртүрлі мекемелерге барудың қажеті жоқ. «Бір терезе» көмегі арқылы, бюрократиялық және әкімшілік жүктемелер біршама қысқартып, барлық рұқсаттарды және лицензияларды алуға мүмкіндік туды.

Кез-келген инвестор өзінің бизнесін кеңейткісі келсе, барлық рұқсат құжаттарын рәсімлеу немесе кеңес алу үшін жолығуына болады.

 

 

 

 

Жаңа ғимараттың жайлылығы жоғары

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 16 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Жеке тоқталып айтқанда  4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде.  Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы  Отар ауылында  2 сектор ашылған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі жылдан жылға жақсарып келеді. Соның жарқын мысалы биылғы жылы Меркі аудандық бөлімінің жаңа ғимаратқа орналасқанын айтуға болады.

Меркі ауылындағы бұрын автобекет болған еңселі ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне ұсынылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы талапқа сай жаңа қондырғылармен және жиһаздармен жабдықталған. Жарық, жылы әрі кең күту залдарына жағалай орындықтар қойылған.

Ескі орталық тар болғандықтан, тұтынушылар күту залына сыймай, ара-тұра наразылық туындап жататын. Ал, енді  жаңа ғимаратта 20 инспектор күніне 600-700 адамға қызмет көрсете алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жасақталған.

-2015 жылы Қордай аудандық бөлімінің ғимараты кеңейтіліп, қайта жаңғырды. Бұрын бұл ғимараттың ауданы 201 шаршы метр болатын. Қазіргі таңда ол 369 шаршы метрге  ұлғайды. Сол сияқты  биылғы  жылдың басында Меркі аудандық бөлімі заман талабына сай толықтай күрделі жөндеуден өткен 317 шаршы метр  көлемдегі еңселі ғимаратқа орналасты.  Ал, бұрынғы ғимараттың ауданы  131,28 шаршы метр ғана  болатын,-дейді «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков.

Ендігі кезекте Шу және Жуалы аудандық бөлімдерінің ғимараттарын кеңейту міндеті тұр. Бұл мәселелердің де оң шешімін табатын күні алыс емес.

 

 

 

Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат

 

Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет.

Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-“Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу“;

Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады.

Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын «Электрондық Үкімет» порталында кезекті онлайн брондауға болады.

 

 

 

 

 

«Мәңгілік Ел» пойызы-Жамбыл жерінде

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осыдан бір ай бұрын ел ордасы-Астана қаласынан жолға шыққан  «Мәңгілік Ел»  пойызы 30 елдімекенді  артқа тастап, облысымыздың Жаңатас және  Тараз қалаларына да аялдады.

Делегация мүшелері бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі мекеме-кәсіпорындарда кездесулер өткізді. Құрамында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Әлібек Есенқұлов, облыстық филиалдың директоры Данияр Медетбеков бар  топ  кәсіпорынның облыстық филиалына қарасты №1 Тараз қалалық бөлімінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті кеңестер берді. Толғандырған мәселелері бойынша нақты жауаптар қайтарды.

Мысалы, жеке кәсіпкер Талғат Сүйіндіковтың  тұрғылықты мекенжайы  Астана қаласында екен. Еңбек демалысын Тараз қаласында өткізіп жатқан ол шұғыл шетелге шығу қажеттілігіне  байланысты   «Төлқұжатты Астанаға бармай-ақ, осы жерде рәсімдеуге бола ма?» деген сұрақ қойды. Азаматқа төлқұжатты рәсімдеу үшін Астанаға барудың қажет еместігі, оны кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында  рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.

Бұл күні ауыл шаруашылығы саласы бойынша  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы білгісі келгендер де көп болды. Тұтынушылардың барлығына да мәнді мәліметтер берілді.

Жамбыл облысында екі күн аялдаған  «Мәңгілік Ел» пойызы  келесі кезекте Алматы облысын бетке алды.

 

 

 

 

 

 

Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде

Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы  төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай  елді – мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік  ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213   қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері  –  184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

 

 

 

«Электронды үкімет» порталы

 

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға  қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден,  қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді».

Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады.Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген.

 

 

 

Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады.

Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер  қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-ға өткізу қажет. Кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде бірнеше мәрте алуға шек қойылмайды. Сонымен қатар дербес несиелік есепті ХҚКО-нан басқа www.myth.kz. www.egov.kz» электрондық үкімет порталында немесе почта арқылы   алуға болады.

 

 

Қызмет алу қолжетімді

 

«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар е-қызметін өз бетінше алып, салықтар мен айыппұлдарды жабу, коммуналдық қызметтер төлемі және тағы да басқа электрондық сервистерді қолдана алады. 2015 жылы «Connection Point» секторында 474 333 электрондық анықтамалар берілді. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128  анықтама берілді.

Сонымен қатар азаматтарға жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктің бірі ретінде  «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді.

Бөлімдерде азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде қоғамдық қол жеткізу орындары бар.

 

 

 

Атқарылған жұмыстар баяндалды

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда.

Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 085 қызмет көрсетілді.

Әр бөлімде азаматтарға өз бетінше дербес электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы «Электронды үкімет» порталының көмегімен, қызмет алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында, арнайы кеңес беретін қызметкерлер бекітілген. 2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436 тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам. «Connection Point» орындары арқылы 2015 жылы алынған электрондық анықтамалар саны – 474 333. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді.

Бұдан өзге шалғай елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс колемінде мобильдік топтар құрылды. Жамбыл облысы бойынша 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елдімекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

Брифинг соңында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Д.Медетбеков журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

 

Шалғайдағы шарапат

 

Өткен жылдың желтоқсан айында  «ХҚКО» РМК мен Жамбыл облысы әкімдігінің ортақ келісімен сәйкес  шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындары үшін  қос бірдей  халыққа қызмет көрсету секторы ашылған болатын. Оның бірі Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылынан ашылып, жұмысын бастады. Мұнда қазіргі таңда 4 инспектор еңбек етуде.

Жаңа сектор  аудан орталығынан 200 шақырымнан қашықтықта жатқан Шығанақ, Мыңарал, Бурылбайтал, Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз  ауылдарында тұратын ағайында тиімді қызмет көрсетуде. Сонымен қатар дәл осындай бөлімше Қордай ауданындағы Отар елдімекенінде іске кіріскен болатын. Ағымдағы жылдың 10 айында аталған бөлімшелер арқылы  8 963 қызмет көрсетілген.

 

 

 

Алыстағы ағайынның қамы үшін

 Шалғай елді – мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда әкімшілікпен, көші-қон полициясымен, ЗТМО-мен жасалған меморандум негізінде 9 мобильді ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Мобильді топтардың қызметі   аудан орталығынан алыста жатқан ауылдардың тұрғындары үшін тиімді болып тұр.  қатынау қиындық тудыратын тұрғындар үшін тиімді. Тұтынушылардың көп болуына байланысты әр елді мекен әкімдіктерінің  сұраныстарына байланысты жоспардан тыс шығуда болып тұрады. Сонымен қатар мобильді ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 1 және 2 топ мүгедектеріне қызмет көрсететіндігін атап өту керек.

Биылғы жылы облыста мобильді топтар  елді-мекендерге 818 рет сапарға шығып, халықтан 41 069 құжат қабылданды.

 

 

Қамқорлық құшағында

Бүгінде  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына аса мән берілген.  Мұқтаж адамдар  үшін әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылған.

Биыл Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 25 қызметкер  арнайы ыммен оқудан өтіп, сертификаттарға ие болды.Облыстық  филиал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.Бірыңғай байланыс орталығы  арқылы  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 1186 тапсырыс қабылданып, 2023 құжат қолға берілді.

 

  Басты мақсат- тиімділікті арттыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң бес институционалдықреформаныжүзегеасыружөніндегі 100 нақтықадам – Ұлтжоспарыніскеасыруға, «Үкімет – азаматтарүшін» Мемлекеттіккорпорациясынқұруғажәнемемлекеттікқызметтеркөрсетусапасынжақсартуғабағытталған.

Бұл заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау.

Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация біріншікезеңде 522, ал екіншікезеңде 700-ден астаммемлекеттікқызметкөрсетеді. Қызметтердііріктеуүшінведомствоаралық комиссия құрылады, оныңқұрамынақызметкөрсететінбарлықмемлекеттікоргандардыңөкілдерікіреді. Қызметтердімемлекеттіккорпорацияға беру шарттарыныңбіріолардыоңтайландыружәнеавтоматтандыруболыптабылады.

 

 

 

 

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКОарқылы ала алады

 

ЕндіжекетұлғаларғажекекәсіпкерлерпатентіналуүшінМемлекеттіккірістеркомитетінебаруміндеттіемес. ПатенттіХалыққақызметкөрсетуорталықтарындаресімдеугеболады.

Патенттіресімдеубіржұмыскүнініңішіндедайындалады, бірақХҚКО-ғажүгінгенкездеқұжаттардықабылдаукүнімемлекеттікқызметтікөрсетумерзімінекірмейтіндігінескерукерек.

Айтакетейік, мемлекеттікқызметтегінкөрсетіледі, алкімніңуақытытығызболса, кезектіэлектрондықүкіметпорталындаброньдапалуынаболады. ТіптіЭЦҚ-сыболмасада, клиентөзінеқолайлыХҚКО-ныжәнеуақыттытаңдайалады.

ХҚКОарқылыпатенттіресімдеуүшінмынадайқұжаттарқажет: нысанбойыншаесепайырысу, жекекуәліктіңтүпнұсқасыменкөшірмесі, соныменбіргепатентқұнынтөлеужөніндетүбіртек. Толықемесқұжаттартоптамасынұсынбағанжағдайдағанақұжаттарқабылданбауымүмкін.

Сондай-ақ, электрондықсандыққолтаңбасыбаркөрсетілетінқызметтіалушыпатенттіэлектрондықүкіметпорталы, СалықтөлеушініңкабинетіжәнеСалықесептілігінөндеусервистеріарқылыдаалаалатындығынұмытпаукерек.

 

 

 

 

 

Болашақшылар кепілхатын ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады

«Болашақ» халықаралықстипендиясыныңстипендианттарыретіндеоқуғакеткендерүшінкепілхатынберу» мемлекеттікқызметінХалыққақызметкөрсетуорталықтарыарқылыалуғаболады.Бұлқажеттіқұжаттыалужолдарынәлдеқайдажеңілдетеді, себебі ХҚКО-ғақұжаттардыаптаныңалтыкүніндесағаттаңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейінтүскіүзіліссізжүзегеасыруғаболады.

Аталмышкепілхатыналуүшінкелесіқұжаттарқажет: толтырылғанөтініш; жекебасынкуәландыратынқұжат, ЖОО-да бағаларықойылғансоңқызметберушініңатынатранскриптіңкөшірмесі.

Ал, тілдікдайындық, академиялықоқуғажәнетәжірибеденөтугебіріншіретбаражатқандарүшін – мамандығы, оқубағдарламасы, оқуғақабылдаумерзімікөрсетілгеншақыртухатыныңкөшірмесіқажет. Егертәлімгерөзі ХҚКО-ғакелеалмайтынжағдайларболсаоныңатынанкелетінадамданотариалдыкуәланғансенімхатыболуышарт.

Астанақаласыныңтұрғындарыкепілхатты 15 күнтізбеліккүнішіндеалса, басқаөңірлердебұлхат 15 жұмыскүніішіндеберіледі. Осыретте, ХҚКО-ғақұжаттардытапсырғанкүнесепкеалынбайды.

ЕгерХҚКО-ғакезектіалдыналаброндауқажетболса, оныэлектрондықүкіметпорталыарқылыЭЦҚ-сыздажүзегеасыруғаболады.

 

 

 

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

 

      ҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкі сағат 20.00 минутке дейін жүгінуге болады», – деп қосып өтті Балташева.

Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері – 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тізімін http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негізде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы – электрондық нысанда көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталығы мүгедектерге үйіне барып қызмет көрсететін болды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ілкі режимде мемлекеттік қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды.

Мұндай қызметпен ХҚКО-на өз бетімен келуге мүмкіндігі жоқ І-II топтағы мүгедек азаматтар мемлекеттік қызмет алу мақсатында пайдалана алады.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бақылау жасау және ХҚКО қызметін үйлестіру Комитетіні «мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші ХҚКО-на жеке өзі жүгінуге тиіс. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бұл талапты орындау қиын болғандықтан мұндай адамдарға ХҚКО-ның қызметкерлері өздері соғатындығын» еске салды.

Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі адам мемлекеттік қызмет көрсету қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 1414 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруы керек. Бұдан кейін клиентке ыңғайлы уақыт келісілген соң ХҚКО-ның қызметкері қызмет көрсету үшін сол адамның үйіне барады.

Мойынқұм ауданы ХҚКО

 

 

Мобилді ХҚКО халық игілігі үшін

Мойынқұм  ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде аудан орталығынан алыс қашықтықта орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін  Халыққа қызмет көрсету орталығының мобилді тобы жұмыс атқарады. Мобилді топтың  2015 жылға арналған округтерге жүру кестесі бекітілді. Кестеге сай аудан орталығынан қашық елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін аудан орталығына бармай-ақ,тұрғылықты жерінде өздерін толғандыратын сұрақтар бойынша қажетті кеңестерді, азаматтарды құжаттандыру саласы бойынша сұрақтарға жауап, мекен-жай туралы, жылжымайтын мүлкінің бар немесе жоғы туралы, салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтамаларды, электронды сандық қолтаңбаны т.б. да мемлекеттік қызметтердің түрлерін ала алады.

 

 

Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен сал­дарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия – Елбасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.  Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың халық­аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

 

 

 

1414 – Бірыңғай байланыс орталығының қызметтері.

 

1414.kz – электрондық үкімет порталының кері байланысы болып табылатын форум. Осы форумда Сіз электрондық үкімет порталының электрондық қызмет көрсетулері бойынша ұялы телефонмен ақысыз 1414 нөмерін теріп өтінішті беру, анықтамалар алу, салық немесе айыппұл төлеу, және де сол сияқты басқа да қызметтер туралы сұрақтар қоюыңызға болады. Порталда тұрақты түрде жылжымайтын мүлік, отбасылық қарым-қатынас, білім, мәдениет, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық, көлік, денсаулық, туризм және басқа да адам өміріне қажетті салалар бойынша тақырыптық бөлімдерде көптеген  электрондық қызмет көрсетулер пайда болды, сондықтан Сізде 1414 телефон арқылы  жауап бере алатын көптеген сұрақтар туындауы мүмкін.Мысалы 1 және 2 ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға осы телефон арқылы (1414) хабарласып керекті анықтамаларды мүгедек екендігін хабарлап,алуға болатынын айта кетеміз.Қосымша ақпарат 1414 телефонына хабарласқан кезде толығырақ хабарды ала аласыз.

  ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрі.

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызметтерге қазіргі таңда көп ие болып жатқан қызмет түрі некені тіркеу болып табылады.Қызметті төлеу үшін банктерге кезекке тұрып уақытыңызды құрдан-құр жоғалпау мақсатында мемлекет электронды түрде төлем жасауға мүмкіндік берді. Төлем жеке банкомат (VIZA ELEKTRON) карточкасы арқылы онлайн төленеді. Осыған мысалға некеге тұру үшін:

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін АХАЖ таңдау.

Өтінімге  электронды цифрлық қолтаңба қажет.

Бұрынғы ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы » тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.

Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Егер өтінішті беруші төлемесе, қызметті төлеу қажет.

Төлем туралы толығырақ

Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

*Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы  беру мүмкін емес.

Некені тіркеуге онлайн өтінішті некелесудің белгіленген күніне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын беру қажет.

Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасатын болады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.

Айта кететін жағдай:Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметке  төленетін  сомманы  (VIZA ELEKTRON) Салық органын көрсету.

ТТК 910 көрсету – Жалпы белгіленген тәртіп.

Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе «Сбербанк» АҚ ЕЮ дербес шоты арқылы).

Төлем картасының/дербес шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).жазу арқылы жүзеге асырылады.

 

«ХҚКО»  инспекторы

 

Ү.Сейділдаева

 

«Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді»

 

Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп жатырған жайымыз бар. Бұрын соңды электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, бүгінде анықтаманы да, кезекті де электронды түрде үйде отырып-ақ бір уақыт ішінде шаруаңды тындырасың. Некеге де электоронды құжат арқылы тұруға болады. Бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет. Осы және өзге де осы жобаға қатысты сауалдарымызға Мойынқұм аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесші инспекторлары жауап береді.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңнамасы, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитеті 74 интерактивтік қызмет көрсетеді. 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарлануда. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын, жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке сәйкестендіруші нөмірді (ЖСН) енгізіп және кілтсөзді ойлап табу қажет.«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметті пайдалану үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажет екенін білдіреді.2012 жылы порталға 6 жыл толды. Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды

 

«ХҚКО»  инспекторы

Б.Наушабеков

 

 

 

 

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі

 

Мемлекеттік қызмет  жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы объектіге орналастыруға паспорт беру  немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

ХҚКО-на жүгінген кезде:

1) мемлекеттік қызметті алушы өтінішті ХҚКО-на еркін нысанда ұсынады;

2) Жеке басын куәландыратын және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжаттардың мәліметтері.

 

3) Түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы.
4) Орындалу мерзімі бес жұмыс күн.

 

 

 

Қазақстан Республикасы   Үкіметінің2014 жылғы 11 наурыздағы№ 217 қаулысымен  бекітілген   «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызметі

«ХҚКО» ұсынылатын қажетті құжаттар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда);
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
6) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;
8) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), сондай-ақ осы тармақтың 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың мәліметтерін көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
Құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, оларды ХҚКО қызметкері сканерден өткізеді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
«ХҚКО»  инспекторы

 

Г.Абаева.

 

 

Қазақстандықтар төлқұжат пен куәлікті кез келген ХҚКО-нан ала алады

 

Төлқұжат  пен жеке куәлік алу үшін тұрғылықты мекен жайы мен тіркелген жеріне қарамастан, кез келген өңірдегі ХҚКО-ға барып, жаңа құжаттарға өтініш беруге болады.  Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ.

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді неке қию,некені бұзу туралы куәліктер бойынша,туғаны туралы акті жазбасына өзгерістер енгізбей ұлттық дәстүр бойынша анықтамалық деректерін ауыстыру туралы,құжат бүлінген, жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекен жайына қатыссыз, кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

Құжатты әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.

 

Мойынқұм аудандық

«ХҚКО»   инспекторы

Хасенова  Ж.М   

 

 

 

«Халыққа сапалы мемлекеттік  қызмет көрсету – Біздің басты мақсатымыз!»

 

 

Еңбектің өнімділігі мен сапасы – табанды тәртіп пен жауаптылықтан туындайды. Жүйелі қызмет көрсету үшін ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері сақталып, қызметкер азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын қабылдап, дайын болған құжаттарды берумен, көші – қон полициясы бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды тұрақты жері бойынша тіркеуге тұрғызу, тіркеуден шығару және құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп, халыққа қызмет етеді. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, ХҚКО қайта жаңғыртудан (модернизациялаудан) өтті.Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестері өзгертілді. Атап айтқанда: мемлекеттік қызмет алуға келген тұрғынға кедергісіз қызмет көрсету әдісі енгізілді; бірыңғай электрондық кезек ұйымдастырылды; egov.kz порталындағы мемлекеттік қызметтерді алуға қажет цифрлық электрондық қолтаңбаны (ЭЦК) алу туралы өтініштер қабылданады; орталықтың қызметкерлері тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті құжаттар туралы толық ақпараттар беріп, қоғамдық қолжетімдік пунктері (ҚҚП) арқылы жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, мекен жай анықтамасы мен зейнетақы аударымдары туралы электронды түрде мәліметтерді алуға болады. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мобильдік ХҚКО топтарының жұмысы сапалы ұйымдастырылуда. 2012 жылы Қазақстанда онлайн тәртібі бойынша төлемдердің деңгейі артты. Біздің ауданда, мемлекеттік қызмет көрсету орталығында, түрлі төлемдер «онлайн» тәртібі бойынша төленуде. Жол жүру ережесін бұзғаны туралы айыппұлдар төлеу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша төлейтін баж салықтары электрондық төлем жасаудың ұтымды екенін көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00