100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға

    мүлтіксіз қызмет көрсетіледі

     

    Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  тапсырмасына сәйкес, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық жасалып келеді. Бір ғана мысал, «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында кембағал жандардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуіне мол мүмкіндік қарастырылуда. Қамкөңіл азаматтарға қолдау көрсету бағытында халыққа қызмет көрсету орталықтары да аянып жатқан жоқ. Мемлекеттік қызмет алу мақсатында орталыққа келген әрбір мүмкіндігі шектеулі жанға жан-жақты көмек көрсетіледі.  Осы орайда инспекторларға ымдау тілін оқыту жұмыстары жолға қойылған.

    Жақын күндері «ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалына қарасты бөлімдерде жұмыс істейтін тағы 25 инспектор ымдау тілін үйрену бойынша семинарға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. 20 күндік оқу курсының бергені мол. Инспекторлар ымдау тілі бойынша  қызмет көрсетуді бір кісідей меңгеріп шыққан. Мұны олар сертификат тапсырылған салтанатты шарада да дәлелдеп берді. Семинар модераторлары марапатталатын қызметкерлердің аты-жөнін айтпай, ымдау тілімен ортаға шақырып көрді. Оқу курсына қатысқан инспекторлардың бәрі де ишараны бірден түсініп, орнынан тұрып жатты.

    -Халыққа қызмет көрсету барысында жұмыс орнымызға мүмкіндігі шектеулі жандар жиі келіп тұрады. Олармен сөйлесу қиындық тудырады, әрине. Міне, сондықтан да осындай семинарлардың  маңызы зор. Енді мен, бұл бағытта еркін қызмет көрсете алатын болдым,- дейді  «ХҚКО» РМКЖамбыл облыстық филиалы Сарысу аудандық бөлімінің инспекторыЖаңаберген Әлжанов.  Өз кезегінде Тараз қалалық №4 бөлімнің инспекторы  Райхан Ыбышева да қуанышты екендігін жеткізді.

    -Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Бүгінгі семинар да соның бір дәлелі. Біз ымдау тілінмеңгеріп қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға бағытталған дәрістергеқатыстық. Ең бастысы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созаалатындығыма қуанып тұрмын, деді Р.Ыбышева толқынысын жасыра алмай.

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлтіксіз қызмет көрсетуге бағытталған мұндай семинарлар алдағы да жалғасын табатын болады.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района