Мемекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемекеттік қызмет көрсету стандарты


Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік стандарттары негізінде көрсетеді. Қазіргі уақытта 160 мемлекеттік қызмет стандарты бар. Соның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 2014 жылдың 24 ақпандағы № 136 қаулымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Тіркеу куәліктерін беру үшін қажетті құжаттар тізбесі мыналар:
1) жеке тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдірген кезде –қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады.

      2) заңды тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
заңды тұлға үшін заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама не заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі;
3) «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесінің қатысушылары:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті мен клиенттің арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану туралы келісім немесе қосымша келісім болу қажет.
Жеке басын куәландыратын құжаттар салыстырылып тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайта қайтарылады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00