100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес

    Жемқорлыққа жол жоқ

     

    Баршаға белгілі, елімізде тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізіліп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап берген бес халықтық реформада да бұл мәселеге айрықша басымдық берілді. Елбасы 100 нақты қадамның 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы қадау-қадау міндеттер қойды.

    Қазіргі таңда біздің Жамбыл облысында 16 халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы  Отар ауылында  2  сектор жұмыс атқаруда.  Сонымен қатар  Сортөбе және Бұрыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда.

    «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  РМК  Жамбыл облысы бойынша филиалы сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылық фактілерінің алдын – алу мақсатында  іс – шаралар жоспары бекітіліп, соған  сәйкес филиал бөлімдерінде «Нұр Отан» партиясы, ішкі істер департаментінің  өзіндік қауіпсіздік басқармасы, прокуратура, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстелдер, құқықтық оқыту сабақтары, семинар кеңестер тұрақты түрде өткізіледі. Биылғы жылдың өткен 9 айында жоспарға сәйкес Филиал бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әртүрлі форматта  890 іс- шара ұйымдастырылды.

    Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық  фактілерінің алдын – алу мақсатында филиалда және бөлімдерде бейне таспа орнатылып, күнделікті Астана қаласында орналасқан ахуалдық орталығы мен филиалдың мониторинг және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қызметінің қызметкерлері тарапынан  қадағаланып отырады. Филиалда және оның бөлімдерінде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған. Сонымен қатар әр бөлімде «Арыз-шағымдарды тіркеу кітабы» бар.

    Таяу күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім әзірлеген болатын. Үстіміздегі жылдың 30 қазанында «ХҚКО» РМК бас директоры аталған келісімге қол қойды. Келісім шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді нығайту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өзара уағдаласты. Сондықтан да ел дамуына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы мақсатты жұмыстар одан әрі жандана түсетін болады.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района