Хантау ауылдық округі

Хантау ауылдық округі

Мойынқұм ауданы әкімі мен Хантау ауылдық округі әкімінің халық алдындағы бірлескен есебі

Хантау ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде өткен есеп беру жиынында округ әкімі Е.Абасов өткен жылы атқарған жұмыстары туралы қортындылап және алдағы 2019 жылға жоспарларын, соның ішінде Хантау ауылдық округіне демеушілер көмегімен «сахна» салдыратынын, 2 көшенің жолдарына күрделі жұмыс жасататынын және де жарығын қосатынын айта кетті. Содан соң аудан әкімі М.Мұсаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар жайлы баяндап берді.
Жиында ауыл тұрғындары аудан әкімінен балабақша салып беруді, газет кешігіп келетінін және цифрландыру орталығын ашып беруді сұрады. Аудан әкімі халықтың сұранысы бойынша алдағы уақытта жұмыс жасалатынын айта кетті.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00