Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ –

НАРЫҚТЫҚ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы  өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Сондықтан да, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жұмыс жасауда. Соның бірі «Бизнестің жол картасы» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарламаға енгізілген кезекті жеңілдіктермен аудан кәсіпкерлерін таныстырғымыз келіп отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджет қаржысының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Бағдарламадан ірі кәсіпкерлік субъектілері алынып тасталды.Бағдарламадан облыс пен қалалық әкімшіліктер жанында жұмыс істейтін Өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) алынып тасталды. Енді шағын жобалардың несиесіне субсидия беруде шешімді «Даму» Қоры қабылдайды. 180 млн теңгеден аспайтын несиелерді Қор 5 жұмыс күні ішінде қарастырса, 180 млн. теңгеден астам несиелер бойынша шешімді бірыңғай бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі 21 жұмыс күні ішінде қабылдайды. Кепілдікті тоқтату шарттарына қойылатын талаптар да жеңілдеді. Ол бойынша енді несие 100% мақсатты түрде жұмсалмаған жағдайда ғана кепілдік беру тоқтайды.Несие мөлшерлемесін субсидиялау мерзімі бұрын үш жыл болса, қазір ұзартусыз без жылға өзгерді. Берілетін кепілдеменің мерзіміне шек қойылмайтын болғандықтан, енді кепілдік мерзімі несие мерзімінен аспайды.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша сусбсидияланатын немесе кепілдік берілетін несиенің тұрақты бекітілген максималды мөлшерлемесінің орнына өзгермелі мөлшерлеме енгізілді. Субсидия Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 пайызға ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлерлемесі бар несиелерге беріледі. Кепілдік шарт бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы кесте бойынша, яғни ҚР ҰБ базалық ставкасы + 5% деп есептеледі. Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен базалық сыйақы мөлшерлемесі – 9,75% құрайды, яғни бағдарлама сыйықы мөлшерлемесі  – 14,75%. Оның 30-50 пайызын үкімет саласына қарай субсидиялайды, айырмасын кәсіпкер өзі төлейді. Қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алу бағытында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне Бағдарламаның шектеу қойылатын критерийлері тізімінен алынып тасталды.

Құрметті аудан кәсіпкерлері! Сіздерді мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау тетіктерін қолданып, кәсіпкерліктеріңізді дамытуға шақырамыз. Туындаған сұрақтар бойынша 2-41-59 телефоны арқылы жауап алуға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00