Мойынқұм ауданының Тәуелсіздік жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Мойынқұм ауданының Тәуелсіздік жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

                          Мойынқұм ауданының Тәуелсіздік жылдардағы

                                                                          әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

2016 жылдың 1 қаңтардағы аудан бойынша халық саны 32,8 мың адамды құрап, жиырма төрт жылда 14,6 мың адамға кеміген.

Жалпы Мойынқұм ауданының аумағы – 5045,1 мың.шаршы шақырым, елді мекендер саны – 25, ауылдық  округтер саны  – 16.                                                                                                                                                                                  

Мойынқұм ауданы 1965 жылы құрылған. Аудан Жамбыл облысының солтүстігінде орналасқан. Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу аудандарымен және Қарағанды, Алматы облыстарымен шекаралас жатыр. Аудан орталығы – Мойынқұм ауылы мен облыс орталығының қашықтығы – 380 шақырым.

Негізгі экономикалық бағыты: – өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы

Аудандағы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1991-1995 жылдары арасында 310,0 млн. теңгеден 880,0 млн. теңгеге дейін артып өсу динамикасы 2,8 есеге дейін артса, 1995-2010 жылдар арасында өнеркәсіп өнім көлемі 5,5 есеге дейін артып, 4 млрд.760,5 млн. теңгені құраған.

Ауданда өнеркәсіп өнімінің күрд өсуіне аудан бойынша  Республикалық индустриалдық картасына (2010-2014 жж) енгізілген жалпы құны- 51,9 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаның іске қосылуы әсер еткен.

Олар «Мыңарал Тас Компани» ЖШС, жалпы құны 34,9 млрд теңгені құрайтын, жылдық қуаты 1,2 млн.тонна цемент шығаратын заводы;

«Хантау цемент зауыты» жоба инициаторы «ACIG» акционерлік қоғамы, жалпы құны 8,2 млрд. теңгені құрайтын, жылына 500,0  мың тонна цемент өндіру;

«Альбасар» ЖШС-гі жылына 4900,0 текше метр гранит өнімдерін шығаратын, жалпы құны 570 млн теңге;

«Ақбақай алтын алу фабрикасын қайта жаңарту» жобасы жылына 1,0 млн.тонна кен шығаратын, жалпы құны 8,1 млрд. теңге.

Cонымен қатар 2013 жылы Мыңарал ауылында орналасқан «Мыңарал компаниясы» ЖШС аумақтық индустриалдық картасына ұсынған, жалпы құны 600,0 млн.теңгені құрайтын, жылына 1,5 мың тонна балық өндейтін, зауыт құрылысы 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталып, жүзеге асырылған жоба.

Ал 2015 жылдың қорытындысымен 30,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің өсу динамикасы 24 жылда 1,0 мың есеге дейін артқан.

1995 жылдан 2015 жылға дейін ауданның жалпы кірістер бойынша бюджеті 6,0 есеге дейін артып, 1995 жылғы 400,0 млн. теңгеге қарағанда 2015 жылы 2,4 млрд теңгені құрады.

Бюджетке төленетін салық тар мен басөада төлемдердің артуы аудан көлемінде жоғарыдағы аталған өндірістік кәсіп орындардың өнім көлемдерінің артуы, жаңа жұмыс орындарының артуы әсер еткен.

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00