Жасампаздыққа толы 25 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылының ішінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша 2011-2016 жылдары аралығында аудандық маңыздағы және елді мекендердегі көше аралық автомобиль жолдарының күрделі, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі  жөнінде

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 11 желтоқсанда өз алдына ел болып, тәуелсіздігін алған уақытта біздің экономикамыз төмен дейге болғандығын, аудан орталығындағы көшелер, облыстық маңыздағы және республикалық тас жолдын жағдайы нашар болғанын білесіздер. Алайда Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігінің, көшбасшылығының, стратегиясының арқасында бүгінгі таңда еліміз тыныш, жұртымыз аман. Еліміздің экономикасы дүниежүзіндегі алпауытты елдердін қатарында.

Елбасымыздың арқасында халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының сапасы жылдан жылға артып, жолаушылар  жайлы жүріп тұруда.

Мойынқұм ауданы бойынша 1138 шақырым автомобиль жолдарымен жолаушылар қауіпсіз жүруде. Оның ішінде: республикалық – 342 шақырым, облыстық – 512 шақырым және аудандық – 284 шақырым жол тораптары бар.

Аудан  бойынша  аудандық  маңызы  бар  автомобиль  жолдары  284  шақырымды  құрайды.  2010  жылы  жалпы  284 шақырымның   65,3 шқ  жақсы  жағдайда, 101 шқ  қанағаттанарлық  жағдайда  болса, 118 шқ  қанағаттанарлықсыз  жағдайда  болған. 2016  жылы  284  шақырымның   142,6 шқ  жақсы  жағдайда, 98,8 шқ  қанағаттанарлық  жағдайда  болса, 42,6  шқ  қанағаттанарлықсыз  жағдайда  болып  тұр.

Атап айтқанда:

           2011 жылы  аудан  бойынша  автомобиль  жолдарын  орташа   жөндеу  жұмыстарына  барлығы   350 млн.  теңге  бөлініп,  жалпы  ұзындығы – 29  шақырым  жол  жөнделді.

2012 жылы  аудан  бойынша  автомобиль  жолдарын  орташа   жөндеу  жұмыстарына  барлығы   145 млн. 799 мың  теңге  бөлініп,  жалпы  ұзындығы – 14,9 шақырым  жол жамылғылары  жөнделді.

2013 жылы  аудан  бойынша   орташа  жөндеу  жұмыстарына  барлығы  180,1 млн.  теңге  бөлініп,  жалпы ұзындығы – 7,1  шқ  жол жамылғылары  жөндеуден  өтті.

2014  жылы  аудан  бойынша  орташа  жөндеу  жұмыстарына  барлығы  189,6  млн  теңге  бөлініп , жалпы  ұзындығы – 11  шқ  жол  жамылғылары  жөнделді.

2015  жылы  аудан  бойынша  орташа  жөндеу  жұмыстарына  барлығы  206,3  млн.  тенге  бөлініп,  жалпы  ұзындығы – 14,4  шқ    жол  жамылғылары  жөндеуден  өткізілді.

2016 жылы аудан бойынша орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 201,7 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы -16,15 км жол жамылғылары  жөнделді.

Сонымен қатар ауданымыздағы облыстық мәндегі Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел автомобиль жолының 2014-2015 жылдарға  орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 участок бойынша жалпы құны 1 млрд. 064 млн. 693 мың теңге бөлініп, жалпы ұзындығы – 61 шақырым жол жамылғысы жөнделді.

2015-2016 жылдары Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел облыстық мәндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге барлығы 771,7 млн теңге қаражат бөлініп, жалпы ұзындығы – 42 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті.

Ауданымыздан өтетін 342 шақырым республикалық тас жолына 2016 жылы 2 участок бойынша, атап айтқанда: Меркі-Шу-Бурылбайтал және Астана-Алматы тас жолдарына жаңа жол жамылғысын салуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2017 жылы тас жолдын жаңа құрылысы басталады деп күтілуде.

2016 жылы аудан орталығы Мойынқұм ауылы Амангелді көшесінің 2 жақ бетіне жаяу жүргіншілер (тротуар) жолының және орталық көшедегі ағын су ағатын арықтын жөндеу жұмыстарына 35 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ ауданымыздаға 16 ауылдық округ, 25 елді мекен тұрғындарының түнгі мезгілде қолайлы жүріп тұрулары үшін бюджеттен 14 млн. теңге  қаражат бөлініп, бүгінгі таңда аудан орталығы Мойынқұм ауылына кіре-беріске жаңа энергия үнемдегіш түнгі көше бағаналары орнатылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын аудандық бюджетен 5 млн. теңге және Қазақстан  Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  өмір  сүру  сапасын  жақсарту  жөніндегі  2012-2018  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  іске  асыруға респубикалық және  облыстық бюджеттен 1 млн. 160 теңге қаражат бөлініп, Мойынқұм ауылына жаңа светодиодты бағдаршам мен зағип жандарға арналған дыбыстық сигналды апарат орнатылды.

Проблемалық мәселе:

        Мойынқұм ауданындағы Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел облыстық мәндегі автомобиль жолының 54 шақырымында орналасқан көпірдің техникалық жағдайын облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан тексеру жүргізіліп, бүгінгі таңда жаңа көпір құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Алайда аталған жолдың бойында 5 елді мекен орналасқандықтан көпірдін қазіргі жағдайын ескеріп, 2017 жылы құрылысы басталуы қажет.

Сонымен қатар Мойынқұм – Комсомол аудандық маңыздағы автомобиль жолының 5 шақырымдағы Радай өзегінен өтетін көпірдің апаттық жағдайда тұрғанына байланысты, 25 мал шаруашылығымен айналысатын жеке шаруа қожалықтарының тұрғындары жоғарыда аталған көпірден қатынаулары және көктем мезгілінде жоғарыда аталған автомобиль жолымен халықтын қатынауы қиынға соғып тұр. Ауданымыздағы  Қылышбай, Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек және Ұланбел ауылдарында кіре-берістеріндегі көпірлердінде техникалық жағдайын арнайы мамандардын қатысуымен тексеру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Сондай-ақ аудандық маңыздағы Жамбыл-Батырхан автомобиль жолының қазіргі уақыттағы жағдайын ескере отырып, жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

 

 

                                   Аудан әкімінің орынбасары

   М.Естаев 

 

 

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

       Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстанның жеткен жетістіктері жетерлік. Адам танымастай құлпырған мемлекетіміз дамыған 50 елдің қатарына қосылып, енді дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межелеп отыр.

Уақыт өткен сайын көктемдей құлпырған еліміздің болашағы жарқын десем артық айтқаным емес. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біздің ауылдың да әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. 1440 адам тұратын ауылдық округте 259 түтін бар. Округ бойынша 707 адам жұмыспен қамтылған. Оның 127-сі ауылдағы мекемелерде жұмыс жасаса, 580 адам өз-өздерін жұмыспен қамтыған. Ал жұмыссыздар саны 22 адамды құрап отыр.  Жалпы ауылда 8 дүкен, 1 автокөлік жөндейтін шеберхана, 18 асхана, 1 наубайхана, 1 шаштараз халық игілігіне қызмет жасауда.
Өткен жылы мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Н.Байқоңыров, Ә.Әйтішев, М.Қыдырбаев көшелерін жарықтандыруға 600 мың теңгеден аса қаржы бөлініп, толық игерілсе, кейін үлкен тас жолы бойындағы ауыл маңын жарықтандыруға 497 мың  қаржы жұмсалып, жарықтандырылды.

Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішті ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 389 мың  теңге  қаржы жұмсалып, қазір ескерткішіміз қалпына келтірілді.

Ауылымызда мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Болат Тілеубаев 3,0 млн теңге алып, өз үйінің бақшасынан мал бордақылау пунктін ашып жұмысын жүргізсе, аталған бағдарлама бойынша жеке кәсіпкер Нұрлан Рысқұлов 1 млн 700 мың теңге несие алып, тігін цехының жұмысын бастап кетті.

О.Жандосов атындағы орта мектепте 42 мұғалім 292 оқушыға білім беруде. Сонымен қатар ауылда «Өнер және қосымша білім беру» мектебінің филиалы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда хореография, бейнелеу өнері және қол өнер топтарында 40 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ «Балдәурен» балабақшасы О.Жандосов мектебінің оң жақ қанатының 1-2 қабатында орналасқан 65 орындық балабақшада қазір 55 бала бар. Өткен жылы аталған балабақшаға ауыз су кіргізілді. Ауылда фельдшерлік амбулаториялық пункті жұмыс жасайды. Онда 3 медбике, 1 акушер, 1 санитар халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы емханада 12700 адам қаралып, скринингтік тексеруден өткізілді. Ауылда 2015 жылы 30 бала өмірге келіп, ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2007 жылдан бері «Мөлдір» ауыз су мекемесі жұмыс жасап тұр. Су құбырлары ауылдың 8 көшесіне тартылып, 147 ауыл тұрғындары су құбырларын өз аулаларына кіргізіп алған.

2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткізілген ауылдық клубқа 80 жаңа орындық қойылды. Бұл клубта қазір ауылдағы барлық мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Жылу жүйесі шағын қазандық арқылы жұмыс істеп тұр.

Ауылдағы 1440 адамның 336-сы яғни 26,2%-ын 14 пен  29 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағы жастар саны 235 адам. Жыл басынан бері осы жастар арасында 18 түрлі іс-шаралар өткізілді. Ауыл бойынша 121 адам спортпен шұғылданады.

Биыл ауыл ішіндегі барлық мекемелердің алдына 400 түп терек, 6 түп арша, бірнеше түп роза гүлі отырғызылды. Сондай-ақ жұма және сенбі күндері ауылдағы барлық мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, үнемі ауылды таза ұстауға ат салысуда.

Ауылда 1238 бас ірі қара, 12815 қой-ешкі, 507 жылқы, 28 түйе, 3450 үй құстары бар. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 3 жас маман келіп, мал дәрігері болып қызмет атқаруда. Әр жас маман бағдарлама бойынша баспана алудың кезегінде тұр, әрқайсысы 129 мың теңгеден көтерме ақшаларын алған.

Біздің ауыл негізінен ауданға үлкен тас жолының бойындағы асханаларымен танымал. Өйткені үлкен кеме іспеттес салынған «Мубарак» кафесі аудан ғана емес, одан тысқары жерлерге де танымал. Кәсіпкерлікпен айналысатын халық жағдайы төмен болуы мүмкін емес. Ауылда 50 орындық «Қамысбек қажы» мешіті бар. Жұма намазына тұрақты 10 адам келеді.

Міне, Ел Тәуелсіздігі біздің жағдайымызды осыншалық көтерді. Келешегі кемел еліміздің болашағы жарқын екеніне біз сенеміз.

 

БЕРЕКЕ, БІРЛІК – БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ

      Егемендіктің алғашқы жылдарында өзге өңірлердегі секілді біздің округте де көптеген қиыншылықтардың болғаны рас. Дегенмен, халық бойға біткен төзімділік пен еңбеккерлігінің арқасында бұл тығырықтан да лайықты жол тауып шықты. Жыл өткен сайын тұрғындардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы біртіндеп түзеліп, жаңа бағытпен дамуға, жарқын келешекке ұмтылуға күш салдық. Ауылдық жерлердің жан-жақты дамуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатынан туындаған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге аса бастады. Сонымен қатар, әр өңірде кәсіпкерлік нысандар ашылып, ол өз кезегінде жергілікті жұрттың жұмыспен қамтылуына өз септігін тигізді. Тұрғындар банктерден несие қаражат алып, сол арқылы өз тұрмыстарын түзей бастады. Ауыл өмірі өркендеп, тіршілік тынысы жаңа арна тапты. Мұның бәрі ел Тәуелсіздігінің арқасында жүзеге асқан игі істер еді.

Бүгінгі таңда Мойынқұм ауылдық округінде 8885 адам тұрады. Оның 4570-і еңбек жасындағы азаматтар. Мекемелердің барлық түрінде 2615 адам, шаруа қожалықтарында 185, жеке кәсіпкерлер 319, өз бетінше 1883 адам жұмыспен қамтылған. Округ бойынша ауыл шаруашылық мақсатында берілген жерлердің көлемі 39692 гектарды құрайды. Округ халқы жеке кәсіпкерлікпен айналысудың тиімді екеніне көзі жетіп, өздерінің жаңа кәсіптерін ашуда. Округте 4 жанар-жағар май стансасы, 5 мейрамхана, 6 шағын асхана, 98 шағын дүкен, 3 шаштараз, 3 нотариус, 3 наубайхана, 1 фотостудия, 1 тігін, 2 аяқ киім жөндеу, 3 көлік жөндеу, жуу шеберханалары халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ауылда 160 орындық орталық аурухана, тіс емдейтін «Стом и К» емханасы бар. Мұнда 35 жоғарғы білімді дәрігер, 114 медбике қызмет етеді. Ауруханада жан-жақты емделуге барлық жағдайлар жасалынған. Округ бойынша 2 орта мектеп, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, №8 Мойынқұм колледжі, 1 жасөспірімдер орталығы, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 спорт мектебі, 2 балабақша бар. Оларда 2000-ға жуық балалар тәрбиеленуде.

Ауылда 1 Мәдениет үйі, 1 орталықтандырылған, 1 балалар кітапханасы бар. Кітапханада 231 мыңнан астам кітап қоры бар. Ауылда 1 стадион, 5 спорт зал, 2 кіші стадион халыққа тұрақты қызмет етеді.

2015жылы «Бейбарс» газ толтыру тұрағы  іске қосылып, бүгінгі таңда ол аудан, ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз етуде. Мұнда 5 адамға жаңа жұмыс орны ашылды. 2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылдағы су құбыры жаңартылды. Ауыл халқы 30 шақырым қашықтықта тереңдіктен шыққан таза ауыз суын пайдалануда. Сонымен қатар ауыл көшелері жарықтандырылды. 2010 жылдан бері 40 көшеге асфальт төселді.

1980 жылы салынып, бүгінгі таңда түрлі мәдени, саяси шаралар өткізіліп жүрген аудандық Мәдениет үйі ғимаратының шатыры ауыстырылып, іші күрделі жөндеуден өткізілді.

2003 жылы М.Жұмабаев атындағы үш қабатты жаңа типтегі заманауи 400 орындық жаңа мектеп, 2014 жылы 140 орындық «Құлыншақ» балабақшасы, 2015 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш халық игілігіне берілді. Ал Қ.Рысқұлбеков атындағы жастар саябағы ішінен шағын футбол алаңы, 2015 жылы Спорт кешені салынып пайдалануға берілді.

Көпшіліктің сұранысына орай «Бәйтерек» монументі Абылайхан атындағы орталық алаңға көшірілді. Ауылдың кіре берісіндегі «Тәуелсіздік» монументі аумағына 8729140 теңгеге Жәнібек пен Керей ханның ескерткіштері орнатылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен Ақиық арнасы бекітіліп, Амангелді көшесінің шамдары ауыстырылды. Мойынқұм-Ұланбел автожолы мен Мойынқұм ауылы аралығындағы тас жол ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ауылдағы үш көшенің қиылысына бағдаршам орнатылып, Абылайхан алаңы мен аудандық мешіттің маңы жарықтандырылды. Ауылдағы А.Күлекеев, Т.Нарбаев, К.Нұрбеков, Ғ.Мұратбаев, Б.Момышұлы, С.Нарымбетов атындағы көшелерге тас төселіп, асфальтталды. Радай өзегі байланып, Мойынқұм-Ұланбел автожолы бойындағы көпір ағымдағы жөндеуден өткізілді.

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған обелиск, «Ақиық» арнасының көпірі, көктемгі көріктендіру, күзгі тазалық, абаттандыру, Шу өзені бойындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктеріміз ең әуелі Тәуелсіздіктің, өңірдегі, жалпы еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың жемісі деп білемін. Алдағы уақытта да еңсесі биік егемен елімізде көппен бірге, ауызбіршілік арқылы талай биік белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Темірбек КӨПБАЕВ,

Мойынқұм ауылдық округінің әкімі

АУЫЛЫМ АЛЫН БЕСІГІМ

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Бұл қазақ халқы үшін үлкен мерейтой. Егеменді ел болғалы басымыздан талай қиындықтарды өткере отырып, биік белестерді бағындырдық.  Бұған ауызбірлік, ынтымақтың арқасында қол жетті. Өзіміздің тәуелсіз мемлекет екенімізді әлемге дәлелдедік. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына еніп, енді алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің арасынан көрінуді мақсат етіп отырмыз. Мемлекет басшысының елімізді дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалары жүзеге асып жатса, сол бағдарламалардың орындалу барысы  еліміздің барлық ауыл-аймақтарында да өз көрінісін  табуда.

Ауыл –алтын тамыр. Олай дейтін себебіміз халықтың игі мәдени дәстүрлері ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақ­жайлылық, имандылық, барлық үлгі-өнегенің көрінісі ауылдан басталады. Демек, адами құндылықтардың негізі ауылдық тәрбиеде десек, қателеспейміз. Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қаймағы бұзылмай ауыл өмірінде біте қайнасып сақталып келеді. Жаhандану дәуі­рінде иманды ұл мен ибалы қыз тәрбиесінде ауылдық тәрбиенің орны ерекше. Ұлттық сана-сезім, ру­хани байлықтың қайнар көзі де ауылда. Кішіпейілділік, бауыр­малдылық сынды асыл қасиеттерді ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарының тәрбиесінен аларымыз сөзсіз. Ел аузында жүрген осындай ауылдардың бірі біздің Жамбыл ауылы.

Ауыл күн санап өсіп, өркендеп келеді. Ауылдарды дамыту бағытында кіші кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарына жергілікті басқару органдары тарапынан жүйелі түрде қолдау қажеттігін ескере отырып, «Бизнестің жол картасы», «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары аясында ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының жетекшілеріне үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалықтың құжаты өткізілді. Округ бойынша мал саны мүйізді ірі қара 2546, қой-ешкі 20422, жылқы 607, түйе 397 басты құрайды. Бүгінде малға жемшөп дайындалуда. Жалпы округте 33 шаруа қожалығы тіркелеген. Олардың арасында Дария Бектенова, Бану Салибекова мемлекеттен несие алып, шаруашылықтарын кеңейтуде. Міне, осындай бағдарламалардың бәрі ауылдың тұрмысын жақсартуға, ауылдың экономикалық қуатын арттыруға бағытталып отыр.

Ауылымыздың тұрғындар саны 1306 адамды құрайды. Ауыл тұрғындарына мектеп, балабақша, клуб, дәрігерлік амбулатория, кітапхана, пошта, «Жексенбай Ата» мешіті қызмет көрсетеді. Биыл ауылымызда Ж.Жабаевтің ескерткіші қоршалып, ауыл ішінде балалар алаңы соғылды. Ауылдың орталық алаңына жаңадан сахна орнаттық. Ауылдағы Бердіғұл Бласовтың отбасы «Мерейлі отбасы-2016» аудандық байқауында бас жүлде, облыста 1-орынды иеленіп, республикалық байқауға қатысып қайтты. Ауыл жастары ҚР «Конституция күні» мерекесіне орай, волейболдан өткізілген аудандық турнирге қатысып, 2- орынды иеленді. Ауылда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауыл тұрғындарының қатысуымен марафон өтті.

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз суға қол жеткіздік. Ауыл халқы үшін «Жексенбай Ата» мешіті соғылып, типтік пошта ашылды. Ауылда «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған мектеп жанынан 65 орындық «Ақбота» балабақшасы жұмыс істейді. Онда 10 педагогикалық қызметкер жұмыс атқарады. Абай орта мектебінде 45 ұстаз 146 оқушыға білім мен тәрбие беруде. Ал биылғы мектеп бітірген түлектердің бірі ҰБТ-леуде 110 балл алды. Мектеп бітірген 10  оқушының екеуі мемлекеттік грантқа түсіп, 7-і ақылы бөлімде білім алуда.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында Жамбыл амбулаториялық дәрігерлік пункті ашылды. Онда 4 медбике, 2 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Міне мұның барлығы кейінгі 3-4 жылда ел Тәуелсіздігінің арқасында қол жеткен жетістіктер екенін ұмытпауымыз керек.

Кітапханада кітап қоры 9700-ді құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар 4423. Кітапханаға келетін оқырман саны 515. Кітапханада кітап көрмелері, «Ел тірегі –Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел, «Жылдың ең үздік оқырманы» атты жарыстар өткізілді.

Жеке кәсіппен айналысып жүрген 6 азамат дүкен ашып, халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылдық клубта «Ақ әжелер», «Отбасылық ансамбль», «Қыз-келіншектер» клубтары жұмыс істейді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай концерттер, дөңгелек үстелдер жастар арасында өтіп тұрады. Дөңгелек үстелдер «Елімнің бақыты тербеткен Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік менің байтақ Отаным». Сонымен қатар, ауылымызда жерлесіміз, екі мәрте Социалистік Еңбе Ері, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 120 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналып ас берілді. Мүшайра, концерт ұйымдастырылды. 30 үй тігіліп, аламан бәйге, көкпар, қазақша күрес ұйымдастырылды.

Округте діни араздықты болдырмау мақсатында діни ақпараттық топ құрылған. Ауыл тұрғындары, оқушылармен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жиындар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Мемлекетіміздің «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша биыл 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданып, жұмыс істеп жатыр. Жастар іс тәжірибесі бойынша 2 азамат қабылданып, тәжірибеден өтуде.

Ауылда көріктендіру, когалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл іші және үлкен жолдың бойы күл-қоқыстан тазартылып тұрады. Ауыл ішінде өзгерту, жаңарту, безендіру жұмыстары жүргізілуде.

Ахат ҚАНАТОВ,

Жамбыл ауылының әкімі

АҢСАҒАН АРМАННЫҢ ЖЕМІСІ – ТӘУЕЛСІЗДІК

       Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Осы уақыт ішінде мемлекетіміз таң қаларлықтай жетістіктерге жетіп, биіктен көрініп келеді. Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін 1996-98 жылдарға таман халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп, жұмыс орындары жабылып, жалақы айлап берілмей халық әдбен әбігерге түскен кез әлі есімде. Кейін келе-келе есін жиып, еңсесін тіктеген елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы аз уақытта адам танымастай өзгерді. Көптеп халық жұмысқа тартылды, кәсіпкерлер саны көбейді, шаруа қожалықтары ашылып, мал басы өсті. Бұғанда құдайға шүкір дедік. Ал қазір ше? Қазір  әр ауылдың өзіндік тыныс-тіршілігі бар.

Хантау ауылдық округіне 2 елді мекен қарайды. Халық саны 1182. Бұл аймақ негізінен өндірістік аймаққа жатады. Өйткені мұнда «АСIG» АҚ цемент зауыты, асфальт зауыты, «Альбасар» гранит өңдейтін цехы және темір жол орналасқан.

Хантау цемент зауыты  2014 жылдың 1 қарашасында пайдалануға берілген болатын. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың тонна цементі құрайтын зауытта 300 адам жұмыс жасайды. Оның 140 адамы ауданымыздың тұрғындары болса, 70 адам Хантау ауылынан. Ондағы орташа айлық жалақы 75000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ ауыл маңында орналасқан асфальт зауытының жұмысы қызып тұр. Онда 30 адам жұмыс  жасайды. Оның 15-і Хантау ауылының тұрғындары.

«Аль-Басар» гранит өңдейтін цех Қияқты стансасында орналасқан.  2014 жылы іске қосылған гранит цехінде алғашқы жылдары 87 адам жүмыс істеген болатын, орташа айлық жалақылары 57 мың теңгені құралған болатын, алайда 2015 жылы цех өндіріске қаражаттың жетіспеуінен және өндірілген өнімге сұраныстың азаюына байланысты өнім өндіре алмай отыр.

Мал шаруашылығына келер болсақ ауыл халқында 526 бас мүйізді ірі қара, 8250 қой-ешкі, 190 бас жылқы, 1 бас түйе, 65 бас құс бар. Өткен жылдың басымен салыстырғанда қой-ешкі 2746 басқа, ірі қара 100 басқа, жылқы 10 басқа артқан.

Ауылымыздағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 30 мұғалім 184 оқушыға білім берсе, Қияқты стансасындағы Ағыбай  батыр атындағы негізгі мектебінде 18 мұғалім, 67 оқушыға білім беруде. Биыл ҰБТ-дің білім көрсеткіші 69,8% құрады.

Денсаулық саласына қатысты Хантау ауылында 1-фельдшерлік-акушерлік пункт, 1-мед пункт қызмет жасап тұр. Онда 4 дәрігер ауыл тұрғындарының денсаулығын үнемі бақылауда. 2015 жылы 21 нәресте өмірге келсе, биыл 9-айда 15 нәресте өмірге келді. Бір жасқа дейінгі бала өлімі тіркелген жоқ. Ал Қияқты ауылында қазіргі таңда 5 келушіге арналған медициналық пунктің құрылыс жұмысы аяқталуға жақын қалды. Алдағы уақытта медициналық көмектен Қияқты ауылының тұрғындары шет қалмайтын болады.

Округтегі өндіріс зауыттарының демеушілігімен ауыл ішіндегі, маңындағы күл-қоқыстар арнайы орынға төгіліп жатыр.

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Мирный-Қияқты ауылдарына ауыз су құбырлары жүргізілуде. Бұл құрылыс жұмыстарының аяқталуына Республикалық бюджеттен қаражат бөлінсе ел толық шешімін табар еді. Міне Тәуелсіздік алғалы бергі кішкентай ауылдың өзі көркейіп, дамып келеді. Келешегіміз баянды, халықтың, елдің әлеуметтік жағдайы ажарлы, атқарылған жұмыстар ауқымды. Мұның бәріне кең пейілді қазақтың бағына берілген Елбасының сара саясаты себеп болып, қайратты елдің тұғырлы Тәуелсіздігі өркендеуде.

 

Мұрсалы ӘБДІКЕРІМОВ,

Хантау ауылдық округінің әкімі

 

ШАЛҒАЙДАҒЫ ШЫРАЙЛЫ АУЫЛ

        Ұланбел ауылы аудан орталығынан шалғай, елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан елді-мекен. Көршілес Сарысу, Талас аудандарымен шекаралас жатқан ауылымыз жер қашықтығына қарамастан жыл сайын өсіп-өркендеп келеді. Кезінде мал шаруашылығымен аты шыққан ауылымыз Кеңестер Одағы кезіндегі 80 мыңға жуық малды сақтап қалмағанымен халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі осы малға қатысты болып отырғанын жақсы біледі.

Округте 1240 адам тұрады. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда   11 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл халқымен бірге оларда 18135 қой-ешкі, 2666 бас мүйізді ірі қара, 575 бас жылқы, 80 бас түйе бар.

Сержан Кәдірімбетов басқаратын «Мақсат» шаруа қожалығы мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алып, жылқы малын көптеп өсіруде. Ол өткен жылдан бері 25 басқа арналған мал бордақылау алаңын соғып, ауыл тұрғындарын арзан етпен қамтамасыз етіп отыр. Ауылдың тағы бір тұрғыны «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының  жетекшісі Әбілқасым Қарнақбаевта мал бордақылауды қолға алды.  Ал «Ерсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі Жолшыбек Елубаев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алуға құжаттарын рәсімдеуде. «Ағзат» шаруа қожалығының жетекшісі Ерболат Сағынтаев көршілес Талас ауданынан  шөп дайындап, ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз етуде.

Ауылымызда жеке кәсіпкерлік жұмысы да жақсы дамыған. Оған дәлел шағын ауылда 10 жеке дүкеннің халыққа қызмет етуі. Олардың қатары жақында ғана ашылған Ә.Қарнақбаевтың тағы бір азық-түлік дүкенімен толықты. Ал Айжан Төлеубаева болса үлкен жол бойынан асхана ашып, жолаушыларға өзінің тіл үйірер, тәтті тағамын ұсынып отыр. Айман Чектиева үй жанынан наубайхана ашуға ниет білдіруде.

Мемлекеттің «Балапан» бағдарламасы аясында осыдан 4 жыл бұрын 50 орындық «Балдырған» балабақшасы ашылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы орта мектептің 36 ұстазы ауылдағы 233 оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Дәрігерлік амбулаториядағы ақ халатты абзал жандардың қызметіне ауыл тұрғындары дән риза. Алдағы жылы ауылдан жана типті дәрігерлік амбулатория соғылады деп күтілуде.

Биылғы жылы мектеп қазандығы сыртқа шығарылып, мектеп маңайы қоршалды, жаңа әжетхана соғылды. Бұған аудандық, облыстық бюджеттен 50 миллионға жуық қаржы бөлінді. Сол сияқты балабақшаның асханасын соғуға 1 млн 269 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Округ әкімшілігі алдындағы С.Сейфуллин, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарға арналған ескерткіштер маңайы ретке келтіріліп, талдар отырғызылды.

Ауылдағы ең күрделі мәселе ауыз су болатын. Бұл Кеңестер Одағы кезінде де өз шешімін таба алмағанын жасыруға болмайды. Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бұлда өткен жылдары өз шешімін тапты. Бүгінде ауыл тұрғындары түгелдей  таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы дауылпаз ақын Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасына арқау болған Құралай сұлудың кесенесі бой көтерді. Сондай-ақ қазақтың біртуар ұлы, революционер Сәкен Сейфулиннің Шу өзенінен өткен өткеліне белгі қойылды. Ауыл жастары спортты серік етсе, өнерденде құралақан емес. Жақында ғана жас отбасы Нұргелді, Әйгерім Шыныбаевтар аудандық байқауда үздік шығып, облыста аудан намысын қорғап қайтты. Міне ауылдағы атқарылып жатқан осындай игілікті істер биылғы жылы тойланғалы отырған ел Тәуелсіздігінің жемісі екенін жақсы білеміз.

Ауыл іші таза, бұрынғы күл-қоқыстар сыртқа шығарылды. Көшелерге жарық орнатылып, байланыс жақсы жолға қойылды. Ауыл азаматы Кенжебек Жүсіпов өз күшімен ауыл ішінен автомашиналарға май құю стансасын, сондай-ақ автомашинаның қосалқы бөлшектері сатылатын дүкен ашуды жоспарлап отыр.

Бір кездері ауылымызды тасты жер, тал шықпайды деушілерде болған. Алайда кейінгі екі жылда «Балдырған» балабашқасы, пошта мекемесі мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері ескерткіші маңайына бірнеше түп тал егілді. Бүгінде көктеп тұр. Алдағы уақытта бұл іс жалғасын тауып, ауылымыз бұданда шырайлана түсетін болады.

Біздің ауылымыздағы Тәуелсіз еліміздің жастары Кеңестер Одағы кезінде өз ауылымыздан шыққан Кеңестер Одағының батыры Мәди Бегенов, Социалистік Еңбек Ері, шопан Сәмет Көшеков, СССР Жоғарғы Советінің депутаттары болған Мешітбай Қойшыбеков,  Нұржамал Туғанбаева, басқа да орденді, сыйлы болған аға-апаларымыздың жолын қуып, ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өздерінің мол үлестерін қоса беретін болады.

Қанат БЕЛГІШЕВ,

Ұланбел ауылдық округінің әкімі.

 

 

Ауылым – алтын бесігім

Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы азғантай уақыт ішінде елімізде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осындай бар болғаны 25 жылдың өзінде біздің еліміз мерейі үстем, көркейген, өркендеген, алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кірген ұлы мемлекетке айналды. Біздің елімізді тек көршілес елдер емес, төрткүл дүние танитын болды. Ал мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты, іскер басшылығы арқасында қол жеткен жетістік екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Біздің ауыл тұрғындары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл тұрғындарында 888 мүйізді ірі қара, 4871 қой ешкі, 150 жылқы, 19 түйе, 840 құс бар.

«Көркем» шаруа қожалығының жетекшісі Әлімхан Бұзаубаев «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алып, мүйізді ірі қара шаруашылығын дамыту үстінде. «Ер-Ай» шаруа қожалығының жетекшісі Қарлығаш Садырқұлова өз ісін бұдан 5 жыл бұрын азғана қоймен бастаған болса, қазіргі уақытта 3 отарға жеткізіп, 4-5 отбасыны жұмыспен қамтып отыр. Малдарын асылдандырып, мүйізді ірі қара өсіруді жоспарлап, шаруасын одан әрі дамытуға несие алмақшы. Қазіргі таңда несиеге құжаттарын дайындау үстінде. Сонымен қатар,  «Ынтымақ» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен қатар айналысып, 5 отбасыны жұмыспен қамтуда. Қазіргі таңда бұл қожалықта 100 бас мүйізді ірі қара, 600-700 дей қой, жылқы өсірілуде.

Күшаман ауылындағы 102 отбасында 602 адам тұрады. Ауылымызда 22 шаруа қожалығы тіркелген, олардың дені тары егумен айналысады. 1 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталық, «Ар-Рахман» мешіті бар. Жаңа үлгідегі дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, 3 азық-түлік дүкені, пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ауылдағы «Қырбас ата» кесенесі қалпына келтірілді. Ауылымызда ауыл жастарының демеушілігімен шағын спорт алаңы соғылуда. Мектеп ауласында Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған боздақтарға арналған ескерткіш те ауыл көркін келтіруде.

Күшаман шағын ғана ауыл болса да Керім Шалабаев, Көпбай Тоқбаев, Шынжарбек Өскенбаев сынды үш бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан, батырлар ауылы.

Ауылда Бабақұл Қарсыбеков басқаратын аргерлер ұйымы, Әтіркүл Бақбергенова жетекшілік ететін әйелдер кеңесі, Алмазхан Оразбеков бастаған жастар ұйымы бар. Бізде даулы мәселелер туындап жатса, ауыл  ақсақалдары жиналып, сотқа жеткізбей екі жақты келістіре отырып өзара шешеді. Міне, бұл да үлкендердің айтқанын екі етпейтін, ауызбірлігі жарасқан халықтың белгісі.

Амангелді атындағы орта мектепте 22 ұстаз 122 оқушыға дәріс береді. Биыл 6 оқушымыз ҰБТ тапсырып, оның біреуі «Серпін» бағдарламасы бойынша грантқа түссе, қалғаны ақылы жоғары оқу орнында оқиды. Арнайы жабдықталған химия кабинеті бар. Мектепте жаңа үлгідегі қазандық пен көмірхана соғылған. Биылға 200 тонна көмір түсірілді.  Мектеп жанынан ашылған 25 орындық мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істеп тұр.

Ал өнер саласына келетін болсақ клуб меңгерушісі Әтіркүл Бекбергенова бастаған ауылдық клубта термеші Жазылбек Ахметов, бишілер Құралай Жұмасіл, Шұғыла Әлмахан, әнші Айғаным Мұрат және тағы басқа да өнерпаздар ауыл мәдениетін дамытуға ат салысуда. Кітапханада 6000 кітап қоры бар. Оны оқушылар саны 500-ге жуықтады.

Ауылдағы үш Социалистік Еңбек Ері атына берілген 3 көше бар. Барлық көшелер жарықтандырылған, көшелерге құмшағал төселіп жатыр.

Ауыл таза ауыз сумен қамтылған. Күніне екі мезгіл су беріледі. 2012 жылы «ТемірСтрой Сервис» ЖШС-і 144 млн теңгеге соғып берген су айдайтын нысан тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 10 орындық дәрігерлік амбулаторияда 2 медбике ауыл халқының денсаулығын ұдайы бақылауда ұстауда.

Ауылымызда айтулы механизатор болған Айдархан Өстібаев Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. Профессор Лазыр Керімов,  КПСС-тің ХХV-съезге делегат болған Зарлық Қоғабаев сынды тағы да басқа орден, медаль алған сыйлы азаматтар аз болған жоқ. Ғалым Лазыр Керімов пен Көпбай Тоқбаевтың ұрпақтары аталарының бюстін ауыл әкімшілігінің алдында орнатты. Оның маңайына гүл егіліп, жарықтандырылды. Бұл ауылдағы көрікті жерлердің біріне айналып отыр.

Ауылда әр сенбі күні ауылдағы мекемелер және ауыл тұрғындары тазалықпен айналысып, ауылымыздың таза, әрі көрікті болуына өз үлестерін қосып жүр.

 

Асхат САРЫШӨКЕН,

Қызылотау ауылдың

округінің әкімі.

БІРЛІКТЕГІ ТІРЛІК БЕРЕКЕЛІ

        Биыл еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 25 жыл толғалы отыр. Бұл уақыт тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен мемлекетіміз осынау санаулы жылдарда әлемдегі алпауыт мемлекеттермен иық тіресетіндей дәрежеге жетті. Олардың қайсібірі болмасын біздің мемлекетпен санасатындай болды. Елбасымыздың ел басқарудағы саясаты, даму стратегиясы үнемі ел экономикасын ілгерілетіп келеді. Аталған уақытта еліміздің облыс, аудан, ауылдарындағы халықтың жағдайы жақсарып, ауыл шаруашылығы өсіп, өндірістік орындар көптеп бой көтерді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біздің аудан ауылдарының да жағдайы біршама жақсарды. Кезінде аудан орталығы болған, бүгінде аудан орталығынан кейінгі  халық көп шоғырланған біздің ауыл болып есептеледі.

Ауылдық округте 3384 халық тұрса, бұл 8 ұлттың өкілдерін біріктіріп отыр. Олар бір-бірімен ынтымақта өмір сүруде. Тұрғылықты отбасылар саны 604. Ауыл халқы негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады. Өткен жылдарға көз жүгіртсек халық жағдайы едәуір жақсарып келеді. Өйткені 2013-2015 жылдар аралығында мал шаруашылығын дамытамын деген жеке шаруа қожалық иелері мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша үлкен сомада несие алып, бірі малдарын асылдандырса, енді бірі мал бордақылайтын алаң соқты. Оны көрген басқа да шаруа қожалық иелері «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын дайындауда. Ауылда 79 шаруа қожалығы болса,  оның 45 егін шаруашылығымен айналысады. Биыл 23 га арпа, 22 га жүгері, 2 га күнбағыс, 10 га картоп, 780 га жоңышқа, 37 гектарға көкөніс өсірілді. Өкініштісі сол егін суы уақытылы  жетіспегендіктен 1814 га суармалы жеріміздің 915 га ғана игеріліп отыр.

Ауылымызда қазіргі жағдайға байланысты жеке кәсіпкерлікте жақсы дамып отыр. Ауылдан көптеген ілкімді азаматтар шығып, өз кәсіптерін кеңейте түсуде. Оған халыққа қызмет көрсетіп жатқан ауылдық округтегі 22 дүкен, 1 автокөлік жөндеу орталығы, 2 жанар-жағар май стансасы, 4 кафе, 1 тойхана, 2 кіші наубайхана, 2 шаштараз, 1 жиһаз жасау цехы және 1 ағаш өңдеу цехы  дәлел бола алады.

Сонымен қатар 1200 оқушыға арналған типтік жобадағы мектеп, «Желтоқсан» клубы, ауылдық кітапхана, 140 балаға арналған балабақша, малдәрігерлік пункті, 25 төсектік дәрігерлік емхана, орман шаруашылығы мекемесі, 200 адамға арналған мешіт, полиция бөлімшесінің пункті, 7 спортпен айналысатын нысан бар. Бұдан бөлек мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны Ақмарал Қасенова 3 млн теңге көлемінде несие алып, тігін цехын ашты. Қазір Ақмарал өзінің соңғы үлгідегі тігін машинасымен мектеп формасын, түрлі құрақ көрпелер, сұраныс бойынша киімдер тігіп жатыр. Мұндай несиеге қол жеткізген тағы бір ауыл тұрғыны Еркін Мадияров. Еркіннің  бизнес жоспары бөлек. Ақмарал тігін цехын ашса, Еркін жылыжай салып, бақша өнімдерін өндіруді қолға алмақ. Қазір жылыжайдың құрылысы аяқталып қалды. Жылу жүйесін жүргізіп болған соң көкөністі қысы-жазы өсіретін болады. 350 шаршы метрлік жылыжай құрылысы биыл толық бітетін болса, әсіресе қыз мезгілінде ауыл халқының сұранысын  өтейді деп отырмыз.

Ауылдық округте мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын несие алып,  мемлекеттің беріп отырған жеңілдігін пайдаланып жатқандар да аз емес. Кәсіптің  түбі – нәсіп екенін ескерген ел тынбай тіршілік жасауда.

Мешіт маңынан Қ.Рысқұлбеков мектебінің 20 жылдық түлектері азаматтық танытып, өз қаражаттарына 120 шаршы метрлік хатымхана соғып жатыр. Бұл 1976 жылғы ауыл жігіттеріне жамағат дән разы.

Ауылдағы Амангелді, Қуанышбаев, Исабеков, Терсебаев көшелері асфальтталған. Сондай –ақ ауыл ішіндегі он көше жарықтандырылды. Оған қоса үлкен жолдың бойы,  Биназар батыр ескерткіші маңайы да түнде жарық болып тұрады.

Білім саласында да  қол жеткен жетістіктер аз емес. Биыл  Қ.Рысқұлбеков орта мектебі түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі көрсеткіші 70 пайызды құрап, аудан мектептері арасында алғашқы орындардан көрінді. Аталған мектепте қазіргі таңда 93 ұстаз оқушыларға білім беруде. Оның 83 жоғары, 15 арнаулы орта білімді.

Мәдениет саласында біздің жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Өйткені ауылымызда «Көктерек», «Сыр сандық» ардагерлер, әжелер ансамбілінің құрылғанына 10 жылдан асты. Олардың ішінде есімдері ауданымыздан да тысқары жерлерге танымал Қалибек Шайжан, Біржан Толыбаев, Раушан Жетібаева сынды ұйымдастырушылық қабілеттері зор, үлкен өнер иелерін мақтанышпен атап өтуге болады. Спорт саласының футбол, волейбол, әсіресе қазақ күресінен ауыл жастарының жеткен жетістіктері, бағындырған биіктері көп. Оған ауылымыздағы қазақ күресінен спорт шебері, Азияда алаугері Ерқадыр Жұмабаевтың қосып отырған үлесі көп-ақ. Бұл азамат жастарды үнемі спортпен айналысуға шақырып, шәкірт тәрбиелеп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Ауылдағы әрбір мәдени, спорттық іс-шараларға аудандық мәслихаттың депутаттары Қайрат Хасенов пен Мадияр Жақсыбаев үнемі демеуші болып, ортақ іске өзіндік үлестерін қосып келеді. Олар сондай-ақ өз сайлаушыларының талап-тілегі, сұраныстарының оңды шешілуіне де ден қойып отырады.

Ауылдың бірлігі мен тірлігі тығыз байланыста. Ел игілігін үнемі назарға алу біздің міндет. Аудандағы тірек ауылдарының бірі болып саналатын ауылымыздың болашағы зор деп ойлаймын. Біз алдағы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін осындай толымды табыстармен қарсы алатын боламыз.

 

Талғат МҰСАҚҰЛОВ,

Бірлік ауылдық округінің әкімі.

АУЫЛДЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ ЖАНЫҢДЫ ЖАДЫРАТАДЫ

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. 1991 жылы еліміз Тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басты. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем төрінде мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.

Тәуелсіздік алғалы бері жағдайымыз түзеліп, экономикасы дамыған елдермен иық теңестірдік. Бүгінде ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, нәпақасын табуға мол мүмкіншілік бар. Біздің ауыл тұрғындары негізінен тары егу мен мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл тұрғындарында ірі қара 1181 бас, 9787 қой-ешкі, 472 жылқы, 23 түйе, 2030 құс бар.

Ауылымыз тары егуден атағы шыққан. Округ бойынша 185 гектар жерге тары, 38 гектарға жүгері, 30 гектарға арпа егілді. «Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Жамбылбай Бүркітов тары егуде мол тәжірибе жинақтаған жан. Биылда ол мол өнімге қол жеткізді. Дайын өнімін сауда орындарына өткізеді. Тарыдан басқа көкөніс, күнбағыс және 373 гектар жоңышқа егіліп, мол өнім жиналып алынды. Округ халқы 6000 тонна шөппен қамтылды.

«Бағлан», «Сүрменде»  шаруа қожалықтары 2 га жерге алма отырғызып, ауыл тұрғындарын жеміспен қамтамасыз етпек. «Мұхит» шаруа қожалығы 600 бас «Еділбай» қойын бордақылаумен айналысады.

Округке Көкжелек және А.Назарбеков ауылдары қарайды. Округ бойынша 255 отбасында 1337 халық тұрады. 7 жеке кәсіпкерлік, 37 шаруа қожалық бар. 2 мектеп, балабақша мен мектепке дейінгі орталық бар. 2 дәрігерлік амбулатория бар, оның бірі жаңа үлгіде соғылған. Әр ауылда пошта, кітапхана, клуб, «Шопан Ата» мешіті, 3 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдың түлектері ауылға деген қамқорлығын білдіріп, ауылына өз пайдасын тигізу мақсатында елеулі жұмыстар атқарып келеді. Бірі демеп, бірі қолдап, енді бірі ауылы үшін жаңа нысан соғып беріп жатыр. Бұл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің үрдісіне айналды. Элмира Дәуренбекова ауылда туып өскен түлектердің бірі. Қазіргі таңда Тараз қаласында тұрады. Өз күшімен соғып жатқан 200 орындық мейрамхананы қараша айында ашпақ. Ал, Әлкен Әбдікерімов бастаған 1976 жылғы түлектер 2013 жылы өз күшімен «Шопан Ата» мешіті құрылысын бастап, биыл пайдалануға берілді. Мешіт құрылысына ауыл халқы да өз үлестерін қосты. 1977 жылғы түлектер ұялы байланыс орнатты. 1975 жылғы түлектер Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арнап, соғыстан оралмағандар аллеясын толықтай қалпына келтірді.

Көкжелек ауылындағы кітапханада кітап қоры 12604 болса, оқырман саны 300 ге жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнлаған іс-шаралар, дөңгелек үстел, басқада іс-шаралар кесте бойынша өтуде.

Бюджеттен 53 млн теңге бөлініп, үлкен жолдан бастап ауылға кіреберіс 5,8 шақырым жол жөнделді. Кішкене ғана ауылға осыншама қаржы бөлінуі, бұл ел Тәуелсіздігінің жемісі. Басқа көшелер ауыл халқының күшімен ағымды жөндеуден өтті.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен 700 мың теңге бөлініп, 4 билборд орнатылды. Басқада жұмыстар атқарылды.

Көкжелек ауылында Болат Жақсылықов басқарған клубта 1 бишілер ұйымы, жаңадан ашылып жатқан вокал үйірмесі және өнер мектебі бар. Клубтың акт залы көптен бері жөндеу көрмегендіктен, ауылдың жігіттері қаржы жинап, 130 мың теңгеге құрылыс материалдарын толықтай алды. Енді жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінсе дұрыс болар еді.

Округтегі «Көкжелек барысы», «Мәңгілік ел ұланымыз» іс-шаралары жоғары деңгейде өтті. Аудандық жарыстарда спортшыларымыз жүлделі орындардан көрініп жүр.

2005 жылы Биназар атаның 200 жылдығы аталып өтілді. 2011 жылы Көкжелек атаға арнап ас беріліп, ауылға Көкжелек ата есімі берілді. Міне бұлда Тәуелсіздігіміздің арқасы екенін жақсы білеміз.

Округтегі көшелердің барлығы толықтай жарықтандырылған, отандық Казтелерадио мұнарасы ортатылды.

Медициналық пункт 2008 жылы ағымды жөндеуден өткен, 4 медбике халықтың денсаулығын бақылауда ұстайды. Меңгерушісі Мейраш Жанылапова 32 жыл бойы халыққа қызмет етіп келеді.

Көкжелек ауылында Бауыржан Момышұлы мектебінде жоғары білімді 36 педагог 197 балаға сапалы тәлім-тәрбие беруде. 7 млн. теңгеге шатыры толықтай жөнделді. 3 млн. теңгеге мультимедиялық кабинет ашылды. Қазандық 27 млн. теңгеге жөнделді. 6 оқушы Біріңғай ұлттық тестілеуден өтіп, оның үшеуі грантқа, қалғаны ақылы жоғары оқу орнына түсті. Мектепке 6 бейне-камера орнатылды. Асхана толықтай жөнделіп, керекті техникамен жабдықталды.

Оқушыларды патриоттық сезімге баулу мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып мектеп ауласында 25 түп алма ағашы отырғызылды. Алдағы уақытта мектеп директоры Ербозым Нүркеев бастауымен арнайы белгі немесе монумент орнату жоспарлануда.

А.Назарбеков ауылындағы А.Молдағұлова атындағы негізгі мектебі де ағымдағы жөндеуден өтіп, есік-терезелері ауыстырылып, жаңа жиһазбен жабдықталды. Жаңа қазандық соғылып, мектеп шатыры ретке келтірілді. Онда 25 педагог еңбек етеді. Мектеп алдында 2000 жылы Ұлы Отан соғысының 55 жылдығына арналып обелиск орнатылған. Ауыл халқы таза сумен қамтылған.

2014 жылы ауданды ұзақ жылдары басқарған Айтбай Назарбековке арналып ас берілді. Сол жылы ауылда жаңа үлгіде 20 орындық медициналық амбулатория ашылып, халықтың игілігіне жұмыс атқарып жатыр.

 

Бағдад НАУРЫЗБАЕВ,

Қызылтал ауылдық округінің әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00