100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

    Құрметті салымшылар!

     

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тараз қаласы 14 га «Арай» алқабы тұрғын үй кешені №1 жер телімі, 1-ші белгісінде орналасқан 65 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға «Жамбыл облысы Әкімі аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесімен Ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды, 1 ш.м. бағасы 116 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 4 тоқсаны.

    Жалға алушылар және сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау уақыты, болжаммен 2015 жылдың 3 тамызынан 3 қазанына дейінгі аралықта өтеді.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 9 «Б» мекенжайында орналасқан Банктің филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурстарында көруге болады.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района