Кітапханалар

Кітапханалар

                   Кітапханалар:
« Мойынқұм ауданы  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана
жүйесі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    Мойынқұм   аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рсалдиева Дария Рсалдықызы
КІТАПХАНААДАМЗАТ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ІНЖУ-
       МАРЖАНЫН   БОЙЫНА ЖИНАП, ОЛАРДЫ
      ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗЕТІН    КИЕЛІ ОРЫН.
                         
                                         АЙБЕК
Кітапхана –ол тек кітап қоймасы ғана емес,ілім мен білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі – кітапхана адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы іспетті , сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі, өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгі бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.
 
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері:
 
·        Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық және электронды пайдаланушыларының ұйымдастыру жүйесін тұрақты жолға қою;
·        кітапхананың ақпараттық және компьютерлік пайдаланушыларының білім деңгейін  жоғарылату;
·        ИНТЕРНЕТ пайдаланушыларының санын арттыру;
·        кітапхана қызметкерлерінің кәсіптік білім деңгейін арттыруға жағдай жасау;
·        кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту;
·        кітапханашылардың кәсіби біліктігін жоғарылату;
·        кітапхана беделін талапқа сай көтеру;
 
·        жастар арасында халқымыздың тарихын,салт-дәстүрін,тілін,дінін насихаттай отырып,имандылыққа тәрбиелеу;
·        оқырмандардың шығармашылық , интеллектуалды қабілеттерін
     дамытуда,белсенді жұмыс түрлерін енгізу.
                                                                                                               -2-
     Кітапхана қабырғасына келіп,кітап бұлағынан сусындайтын тәуелсіз мемлекетіміздің оқырмандарына аудан кітапханашылары қызмет көрсетуде.
    Аудандық орталық кітапхана  1965 жылы құрылды. Содан бері талай кезендерден , уақыт сынынан өтіп , өз қызметін тоқтақтан емес.
     1976 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне көшірілді . Аудан бойынша кітапханалар саны 39-ға өсіп , барлық ауылдық елді мекендерде кітапханалар саны арта түскен болатын. 1997 жылы оңтайландыру кезінде  барлық кітапхана – филиалдары қысқартылып, аудандық орталық кітапхана ғана қалған еді.  2000 жылы Мәдениетті қолдау жылына байланысты кітапханалар жүйесі қайтадан ашыла бастады. Аудан әкімінің шешімімен кітапханалар жүйесі қайтадан ашыла бастады. Кітап қорында 65мың дана ғана әдебиеттер қалған болатын.
      Қазіргі таңда жүйе бойынша 19-кітапхана,оның ішінде 1 аудандық,18 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет етуде. Осы уақыттың ішінде кітапхана ұжымы көптеген жоғары жетістіктерге жетті. 2001жылы 26 қаңтар айында Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі алғашқы болып Заңды тұлға шеңберінде жүзеге асыру құқығы берілді.
      Кітапханаларда кітап қорына жаңа түскен әдебиеттерге ұсыныс тізімдері,жарнамалық парақшалары ұйымдастырылып,оқырман сұранысын табуға көмектесіп,жөн сілтейтін библиографиялық картотекалар мен каталогтар жұмыс істеуде. Кітап беташары,оқырмандар конференциясы,пікір сайыстар,әдеби кештер,еске алу,кездесу кештері,мамандар күндері,пікір сайыстар,дөңгелек үстелдер т.б іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде. Кітапханашылар оқырмандармен тығыз жұмыс жүргізуде . «Ақ бота», «Ақ отау », «Әжелер», «Ақ баян », «Ардагер »т.б қызығушылық клубтары  ұйымдастырылуда.
      Кітап қоры қазіргі таңда  237446данаға жетіп, соның ішінде мемлекеттік тілінде-127755 мың дананы құрап отыр.
 Кітапханалардың ашылуы мамандардың өсуіне әсерін тигізіп ,жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда барлығы 29адам еңбек етіп келе жатса , оның 27 кітапхана қызметкері , 2-шаруашылық қызметкер.
 Білім жағына тоқталсақ: 21 қызметкерлердің арнаулы кітапханалық білімдері бар, қалғандары басқа маман иелері.
Аудандық орталықтандырылған   кітапханалар жүйесінде   төмендегідей бөлімдер жұмыс істейді:
 
           Аудандық орталық кітапханасында      мына бөлімдер бар:
     Әдістемелік бөлім
Анықтамалық- библиографиялық бөлім
Кітап қорын толықтыру және ұйымдастыру бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесіне: (Абонемент ,оқу залы балалар және мерзімді басылымдар бөлімдері )
     Электронды зал
                                                                                                                  -3-
Ауылдық кітапхана-филиалдар:
 
1.Жамбыл      ауылдық      кітапхана-филиалы
2.Қылышбай     -/-                           -/-
3.Назарбеков     -/-                          -/-
4.Қызылту         -/-                           -/-
5.Бірлік              -/-                          -/-
6.Айдарлы          -/-                          -/-
7.Биназар            -/-                          -/-
8.Хантау             -/-                           -/-
9.Мирный           -/-                          -/-
10.Шығанақ          -/-                          -/-
11.Мын-Арал        -/-                          -/-
12.Ақбақай             -/-                         -/-
13.Ақсүйек             -/-                         -/-
14.Ұланбел             -/-                         -/-
15.Қарабөгет          -/-                          -/-
16.Құмөзек              -/-                        -/-
17.Күшаман            -/-                          -/-
18.Сарыөзек            -/-                           -/-
 Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
     Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету(абонемент) бөлімінде 28192 кітап қоры бар.Оның ішінде 15952данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер.
 Оқырмандар саны – 1287.
Бөлімде 2 кітапханашы қызмет атқарады: 1- жоғары , және 1 – арнаулы орта білімді.
 Абонемент бөлімі кітапхананың жеке абонемент арқылы әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын құрылым болып табылады.
 Бөлімдегі оқырмандар әр топқа бөлінген.Оқырмандардың ойын ұшқырлайтын қазіргі заманға сай көпшілік мәдени шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып тұрады.
     Оқырмандар арасында « Ақ отау» атты қызығушылық клубы мүшелерімен әр түрлі тақырыпта көпшілік мәдени жұмыстар ұйымдастыруда. Кітапханада « Мәдени мұра достық кепілі», « Туған ел түлектері», « Жастар біздің болашағымыз», « Дана-Абай, дара-Абай» тақырыптарында   кітап көрмелері мен көпшілік іс шаралар өз деңгейінде өтті.
15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
       8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Дүние аналармен көрікті ғой » атты кездесу кеші өтті. Кешке батыр ана Т.Күлекеева және осы аудандық кітапханада қызмет істеп, зейнет демалысына шыққан Г.Сейітжанова лар арнайы шақырылып сонымен қатар  мектеп оқушылары мен әр мекеменің қызметкерлері қатысты.
 «Әйел – аты-Ұлылық » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
                                                                                                                     -4-
31 – мамыр саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебіндегі ескерткіш  алдында кітап көрмесі ұйымдастырылып оған библиографиялық шолу жасалынды.
Рәміздер күніне орай өткізілген «Рәміздерім-мақтанышым» атты дөңгелек үстел басында әңгіме ұйымдастырылды.
 
Оқу   залы бөлімі.
 
        Оқырмандарға ақпаратты және кітапханалы-библиографиялық дербес қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету,олардың білімін жетілдірудегі,іскерлік оқуындағы,оны одан әрі дамытудағы сұраныстарын қанағаттандыру,кітапхана қорында бар кітаптарды,мерзімді басылымдарды,және де басқа материалдарды оқу залында пайдалануына береді.
   Оқырмандарды оқу мәдениетіне тәрбиелеу,оларға кітапханалық библиографиялық білімді насихаттау
Оқырмандар үшін атаулы даталарға,еске алынатын күндерге,өзекті мәселелерге арналған кітап көрмелері жасалынады.
     Аудандық орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде 10765 кітап қоры
 бар,оның ішінде  4558 данасы қазақ тіліндегі  әдебиеттер бар. Бөлімде
 «Алтын босаға» қыз келіншектер клубы жұмыс істейді.
   Клубтың мақсаты: ата-бабаларымыздың дәстүр-салтын,тілін,дінін,әдет-
 ғұрпын насихаттау; Әйел ананың қоғамдағы ролін көтеру,ұрпақ
 тәрбиесіндегі беделін арттыру.
Оқу залында ұйымдастырылған кітап көрмелері мен өткізілген іс-шаралар тіліміздің мәртебесін көтеруге арналған «Ана тілім айбыным» атты жас ақындар мүшәйрасы өз дәрежесінде ұйымдастырылды.
Ақын М. Мақатаевтың 83- жыл толуына орай,«Есіңе мені алғайсың тақырыбында жыр кеші,Ұлы Жеңіске арналған «Ұлы Жеңіске – 69 жыл » тақырыбындағы кітап беташары безендірілсе, Астана күніне арналған «Үлгі болып басқаға,асқақтай бер Астана!» тақырыбында  дөңгелек үстел басындағы сұхбат әсерлі өтті.
           Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
 
      Әр саладағы жетістіктер бойынша қазақ тіліндегі өлкетануға байланысты әдебиеттерді толықтырып отыру басым бағыттардың бірі.Оқырмандар сұранысын ескере отырып,құжаттарды іріктеу,сұраныс тапсыру,алу қызметін жүзеге асырады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде :есептік,алфавиттік,жүйелілік каталогтары жүргізіледі.
2000 жылдан бастап жергілікті бюджеттен кітап қорын толықтыруға қаржы бөлініп,орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қоры жылдан –жылға қазақ тіліндегі жаңа әдебиеттермен толықтырылуда.
                                                                                                                    -5-
2000 жылы – 50мың теңге;
2001 жылы – 50мың теңге;
2002 жылы –   100мың теңге;
2003 жылы –   100мың теңге;
2004 жылы –   100мың теңге;
2005 жылы –   100мың теңге;
2006 жылы –   300мың теңге;
2007 жылға – 500мың теңге;
2008 жылға – 500мың теңге;
2009 жылға-    1млн. теңге;
2010 жылға–   1млн. теңге;
2011 жылға – 2млн. теңге;
2012 жылға – 1млн. теңге;
2013 жылға-   1млн.теңге.
                                    Балалар бөлімі.
 
         Балалар бөлімінің мақсаты- рухани жан дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары,талап –талғамы терең,білімді ұрпақ тәрбиелеу.
       Оқырманды қалыптастыру оның бойындағы кітапқа деген сүйіспеншілікті,кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Олар негізінен 2-16 жас арасындағы балалар,олардың ата-аналары,ұстаздар,тәрбиешілер.
            Жас оқырмандарға арнап алфавиттік және жүйелі каталогтар
       ұйымдастырылған.
          Қазіргі таңда кітап қоры 15580 данаға жетсе,оқырмандар саны 616
      адамды құрайды.
       Сонымен қатар аудандық балалар бөлімі ,аудандық психологиялық-
     педагогикалық түзету мекемесімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп
     келеді.Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік көрсетіп,іс-
     шаралар ұйымдастырып,кітаптармен қамтамасыз етуде.
         Аудандық балалар бөлімінде жас ұрпақтың патриоттық сезімін
    оятатын,елін жерін,Отанын сүйетін, елінің парасатты азаматы болып
    өсуіне тәрбиелеу.
 
                                                -6-
 
Автоматтандыру,Интернет,РАБИС бағдарламасы
 
     Жаңа ғасыр жаңа технологиялар ғасыры,ақпараттар ғасыры дейміз.Осы орайда Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жұмыстар жүргізілуде.
    Жүйе бойынша қазіргі таңға Жамбыл ,Бірлік ауылдық филиалдары мен орталық кітапхана компьютерлендірілген, аудандық орталық кітапхана Интернет жүйесіне қосылған және Электронды залы  ашылды.
РАБИС бағдарламасымен жұмыстар  жоспарлы түрде жүргізілуде.
 
«Ең үздік ауылдық кітапхана »байқауына қатысқан ауылдық кітапханалардың меңгерушілері өз еңбектеріне сай әр түрлі марапатқа иеленді.
 Атап айтсақ : жыл сайын өтетін  дәстүрге айналған үлкен іс- шараның бірі облыстық «Ең үздік ауыл кітапханасы »   байқауы. Онда атқарылған жұмыстардың нәтижелері қортындыланып өз бағасын беруде.   Бірлік  ауылдық кітапхана меңгерушісі Ш.Асанғабылова – үшінші орынды жеңіп алған, оған компьютер және стол мен орындықтар берілді. Биназар ауылдық кітапхана меңгерушісі Д. Абдрахманова – ынталандыру сыйлығына – арнайы мебельдер берілсе , Жамбыл ауылдық кітапхана меңгерушісі Б.Сабанбаеваға   – Мақтау Грамотасы , Қылышбай  ауылдық кітапхана меңгерушісі Н.Үсіпжановаға – Алғыс хатпен марапаттарға   ие болған еді.
                                      
 Жамбыл ауылдық   кітапханасы
 
        Жамбыл ауылдық кітапхана-филиалының меңгерушісі  Сабанбаева
  Бибігүл . Білімі арнаулы орта , мамандығы  кітапханашы.
  Кітап қорында 9372 дана , оқырмандар   саны 512 адамды құрайды.
     Кітапхана ауылдық клуб үйінің ғимаратында орналасқан..Кітапханада түрлі тақырыпта кітап көрмелері,тақырыптық папкалар жинақталған .Атап айтатын болсақ «Мектеп-білім тірегі,Ұстаз   – оның жүрегі» атты әдістемелік құрал және библиографиялық құралдар.«Менің елім тәуелсіз Қазақстан» «Отты жылдар елесін,кітаптан оқып білесің..»,т.б атты тақырыпта іс-шаралар өткізіліп,мерзімді басылымдарға жарияланып отырады.
Алфавиттік және жүйелі каталогтар оқырман игілігіне пайдалануда.Өзекті мәселелер, жаңа түскен әдебиет туралы ақпаратты оқырмандарға үнемі насихаттап отырады.
 
 
                                                                                                        -7-
Құмөзек ауылдық      кітапханасы
               Құмөзек ауылдық   кітапхана-филалының меңгерушісі Иманқұлова Гүлмира. Білімі арнаулы орта , мамандығы кітапханашы.    Кітап қоры – 11661 дана, оқырман саны 586 адамды құрайды. Жаңа түскен әдебиеттерді жарнамалау мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында көпшілік мәдени жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырады. Жыл сайын кітапхана мерзімді басылымдарды алып арнайы картотека жасап отырады.Оқырмандар арасында  акция өткізілуде. Кітапханаға келіп кітап бетін ашқан әрбір оқырманның кітапханадан алары мол.
Тәрбие негізі –білім , ал білім кітаппен, оқумен келеді.
Бірлік ауылдық кітапханасы.
      Бірлік ауылдық кітапхана-филиалының меңгерушісі Асанғабылова Шырбат. Білімі арнаулы орта , мамандығы кітапханашы. Кітапханада түрлі тақырыпта кітап көрмелері,тақырыптық папкалар жинақталған сонымен қатар жергілікті ақын-жазушыларға «Мақтанышым-Мойынқұм»атты кітап көрмесі жасалынған.Алфавиттік және жүйелі каталогтар оқырман игілігіне пайдалануда.Кітап қоры – 12511 дана, қазақ тілінде – 6561дана,оқырман саны – 890адамды құрайды.
                                               Биназар ауылдық кітапханасы
       Биназар ауылдық кітапхана меңгерушісі Абдрахманова Дамира. Білімі арнаулы орта ,мамандығы есепші.   Кітапханада көпшілік мәдени іс шаралар ұйымдастырып , оқырмандарды кітапханаға тарта біледі. Жыл сайын кітапхана мерзімді басылымдарды алып отырады. Кітап қоры – 7345дана,қазақ тілінде – 4418 дана, оқырман саны – 563 адам есепке тіркелген.
Кітапханашы өскелең ұрпақпен патриоттық тәрбие беруге өз үлесін қосуда.
Биназар ауылдық кітапханасы 2011 жылғы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауына қатысып ынталандыру сыйлығын және Алғыс хаттың иесі болған.
                                                                                                                -8-
                      Шығанақ ауылдық     кітапханасы
      Шығанақ ауылдық кітапхана меңгерушісі Исакова Бақыт. Білімі арнаулы жоғары , мамандығы заңгер.
 Ауыл тұрғындарына жылдың атаулы және еске алынатын күндеріне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,оқырмандармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Сонымен қатар халыққа кітапханалық қызмет көрсетіп,кітапхана қорындағы басылымдарды насихаттап,жаңа түскен әдебиеттерге ,мерзімді басылымдарға жарнама парақшаларын таратып,шолулар жүргізіп отырады.Жыл сайын кітапхана мерзімді басылымдарды алып отырады.
               Кітап қоры – 15181 дана,    қазақ тілінде – 7032 дана,
            оқырман саны – 586 адамды құрайды.
                                             Қызылту   ауылдық   кітапханасы
         Қызылту ауылдық филиалының меңгерушісі Алыпбаева      Дариякүл. Білімі жалпы орта. Жыл сайын кітапхана мерзімді басылымдарды алып отырады. Кітап қоры- 12137 дана, қазақ тілінде – 5968 дана,    оқырман саны – 586 адамды құрайды.
   Ана тілімізді қастерлеуге ұмытпауға шақыратын «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты кітап көрмесі оқырманның сұранысын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына,Мәдени мұраға,Ұлы жеңіске, ана тіліне,Ата Заңымызға,жаңадан келіп түскен кітаптарға тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Алфавиттік және жүйелі каталогтар оқырман игілігіне пайдалануда. Оқырман қауымды кітап әлемімен таныстырып, олардың кітапқа деген құмарлығын арттырып ақыл кеңесін беруде.
                                     Айдарлы ауылдық       кітапханасы
        Айдарлы ауылдық кітапхана меңгерушісі Сұлтанова Майса . Білімі арнаулы жоғары ,мамандығы кітапханашы.   Кітап қоры – 13474 дана, қазақ тілінде – 7329 дана, оқырман   саны – 622 адамды құрайды.
      Кітапханада алфавиттік   және жүйелі каталогтар   ұйымдастырылған. Жоспарлы түрде іс-шаралар өтуде, мысалы: «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»,«Қасымды  тану-қазақты тану», «Жаңа кітаптар –оқырмандар игілігіне т.б.
                                                                                                                  -9-
    Жас оқырмандардың болашақта сауатты да, іскер маман  болып шығуына үлес қосуда. Жылдың атаулы және еске алынатын күндеріне орай түрлі іс-шаралар   ұйымдастырып, оқырмандарды кітапханаға тарта білді.
                                      Хантау ауылдық    кітапханасы
        Хантау ауылдық кітапхана меңгерушісі Түйешиева Қанат
Білімі арнаулы орта ,мамандығы клуб қызметкері.
Кітап қоры – 10589 дана, қазақ тілінде – 5977 дана,оқырман саны – 618 адамды құрайды. Алфавиттік және жүйелі каталогтар оқырман игілігіне пайдалануда. Кітапханашының ұйымдастыруымен көпшілік іс-шаралар,кітап беташары,оқырмандар конференциясы, пікір сайыстар,әдеби кештер,еске алу,кездесу кештері мамандар күндері,пікір сайыстар,дөңгелек үстелдер т.б өткізілуде. Кітапханада «Ақ баян », қыз келіншектер клубы жұмыс істейді.
                          Қылышбай ауылдық кітапханасы
 
      Қылышбай ауылдық филиалының меңгерушісіҮсіпжанова Нұрбәтіш.
Білімі арнаулы орта , мамандығы кітапханашы.
          Кітап қоры – 10886 дана   қазақ тілінде – 5867дана ,оқырман саны -565
          адамды құрайды.
          Жаңа түскен жарнамалау мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандары
          арасында оқырман бейнефисі ұйымдастырылып отырады.Жыл сайын
          кітапхана мерзімді басылымдарды алып отырады.Оқырмандар арасында
          Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай таным сағаты
          өтті.«Рәміздерім -мақтанышым»,«Тәуелсіздік тірегі
тіл », «Жарқын болашаққа жол».т.б.  Болашақ ұрпаққа мұра болып қалатын, еліміздің тарихының асыл қазынасын сақтау-адамзаттың құндылық тұрғысынан қарау,бүгінгі жастарға насихаттап жүргізу.
                          Мирный ауылдық кітапханасы
                  Мирный ауылдық кітапхана меңгерушісі Исаева Салима.   Білімі арнаулы орта, мамандығы кітапханашы.
Ауыл тұрғындарымен мәдени кітапханалық қызмет көрсету кітапхана қорындағы басылымдарды насихаттап,жаңа түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды жарнамалап,ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Жылдың атаулы және еске алатын күндеріне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,оқырмандарды кітапханаға тартып еліміздің болашағын
                                                                                                                      -10-
жастардың білімділігі мен біліктілігін арттырып жетілдіруге өз үлесін қосып келеді. Кітап қорында 13081 дана кітап бар, қазақ тілінде – 6406дана, оқырман саны – 531 адамды құрайды.
Кітапханада алфавиттік және жүйелі каталогтары жұмыс істейді.
                       Назарбеков ауылдық кітапханасы.
 
           Назарбеков ауылдық кітапхананың меңгерушісі Жаманқұлова Арайлым. Білімі арнаулы жоғары  ,мамандығы кітапханашы.
Кітап қоры – 10150 дана, қазақ тілінде – 6148 дана,оқырман саны -353
 адамды құрайды. Кітапханада алфавиттік   және жүйелі каталогтар жүргізілген. Мына тақырыптарға іс-шаралар ұйымдастырылды: «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар», «Қасымды тану-қазақты тану», «Жаңа кітаптар –оқырмандар игілігіне »т.б. айтулы даталарға байланысты кітап көрмелері ұйымдастырылып,жарнама парақшалары таратылып отырады.
   Кітапханаға келіп кітап бетін ашқан әрбір оқырманның кітапханадан алары мол. Тәрбие негізі –білім , ал білім кітаппен, оқумен келеді
 
Мың-Арал ауылдық кітапханасы
      Мыңарал ауылдық кітапханасының меңгерушісі Сейсенбекова Сандуғаш.
 Білімі арнаулыжоғары, мамандығы кітапханашы.
           Кітап қоры – 9225 дана, қазақ тілінде – 4321 дана
 оқырман саны – 535 адам есепке алынған.
      Кітапханада тұрақты кітап көрмесі сонымен қатар түрлі іс шаралар,картотекалар жасалынған. Мысалы:
-«Жаңа кітаптар –оқырмандар игілігіне»,
– «Рәміздерім – мақтанышым»,
– «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде»т.б
Алфавиттік және жүйелі каталогтар оқырман игілігіне пайдалануда.Өзекті мәселелер, жаңа түскен әдебиет туралы ақпаратты оқырмандарға үнемі насихаттап отырады.   Ауыл тұрғындарына мәдени іс-шараларды насихаттап, ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.
                 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                               -11-
Сарыөзек ауылдық кітапханасы
 
             Сарыөзек ауылдық филиалының меңгерушісі Абдралина Гүлмира. Білімі арнаулы орта ,мамандығы кітапханашы.Тақырыптық папкалар,жарнама парақшалары,көпшілік іс- шаралар ұйымдастырылып өтеді.Кітап қоры – 5636 дана, қазақ тілінде – 5057дана, оқырман саны – 415. Кітапханада алфавиттік   және жүйелі каталогтар жүргізілген. Мына тақырыптарға іс-шаралар ұйымдастырылды: «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар», «Қасымды тану-қазақты тану», «Жаңа кітаптар –оқырмандар игілігіне »т.б. айтулы даталарға байланысты кітап көрмелері ұйымдастырылып,жарнама парақшалары таратылып отырады.
                                  Ақбақай ауылдық кітапханасы
   
              Ақбақай ауылдық филиалының меңгерушісі Бейсенқұлова Лаура. Білімі арнаулы орта, мамандығы кітапханашы.
Кітап қоры – 6643 дана, қазақ тілінде -4018 дана, оқырман саны – 863 есепке тіркелген.Кітапханашы кітаптарды насихаттау саласында көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Кітапханада жаңа түскен әдебиеттерге ұсыныстық тізімдер,жарнама парақшалары ұйымдастырылып,оқырманның сұранысын табуға көмектесіп,жөн сілтейтін библиографиялық картотекалар мен каталогтар жұмыс істейді. Тұрақты кітап көрмелері жасалынған.
Ақсүйек ауылдық кітапхана
       Ақсүйек ауылдық филиалының меңгерушісі Гаевская Наталья Ивановна.
 Білімі арнаулы жоғары, мамандығы кітапханашы.
 Кітапханада тұрақты кітап көрмесі сонымен қатар түрлі іс-шаралар, каталогтар мен картотекалар тақырыптық папкалар ұйымдастырылған.
        –      кітап қоры – 6852 дана
        –      қазақ тілінде -2462 дана
       –      оқырман саны – 539 адам есепке алынған.
 
 
 
                                                                                                              -12-
Қарабөгет ауылдық   кітапханасы
                   Қарабөгет ауылдық кітапхана меңгерушісі Солтанқұлова Дәмеш. Білімі арнаулы орта, мамандығы есепші. Оқырмандар санын көбейту мақсатында,жергілікті тұрғындармен отбасылық формулярын жүргізуді кітапхана ісіне енгізіп отыр. Жылдың атаулы күндеріне және еске алынатын күндеріне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,насихаттау мақсатында жұмыстарын жүргізуде. Кітап қоры – 8160 дана, қазақ тілінде – 5874 дана, оқырман саны – 401адам есепке тіркелген.
Күшаман ауылдық кітапхана
 
            Күшаман ауылдық кітапхана меңгерушісі Ибраева Динара. Білімі
 арнаулы жоғары ,мамандығыіс қағазын басқарушы.
    Оқырмандар санын көбейту мақсатында көпшілік мәдени жұмыстарды жақсы жолға қойған.Жылдың атаулы күндеріне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқырмандар мен тығыз байланыста жұмыстар ұйымдастыруда. Кітап қоры -6044 дана, қазақ тілінде – 5125 дана , оқырман саны – 480 адам.
Кітапхананың негізгі міндеттері: үйге кітап беру және көпшілік мәдени жұмыстарды ұйымдастыру.
   Оқырмандар арасында « Әжелер » атты қызығушылық клубы мүшелерімен әр түрлі тақырыпта көпшілік мәдени жұмыстар ұйымдастыруда. Кітапханада « қарыз оқырман» болдырмау мақсатында, үнемі оқырмандармен байланыста отырады.
                       Ұланбел ауылдық кітапханасы
     
            Ұланбел ауылдық кітапхана меңгерушісі Жантаева Мария. Білімі жалпы орта.
 Ауыл тұрғындарына жылдың атаулы және еске алынатын күндеріне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,оқырмандармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Сонымен қатар халыққа қызмет көрсетіп,кітапхана қорындағы басылымдарды насихаттап,жаңа түскен әдебиеттерге,мерзімді басылымдарға, жарнама парақшаларын таратып,шолулар жүргізіп отырады. Кітап қоры – 13962 дана, қазақ тілінде – 7437 дана ,оқырман саны – 539адам тіркелген. Кітапхананың каталогтары мен картотекалары іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00