100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қоғамдық кеңес мақалалары

                    

    Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңестің 2018 жылдың

    6 айында атқарған жұмыстары туралы.

     

    Қоғамдық институттың (қоғамдық кеңес) қажеттілігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99 қадамын іске асыру аясында құрылған. Демек, қоғамдық кеңес азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын, оны келешекте азаматтық коғамға бет бұрыс жасауға  бағытталған жаңа стратегиясы ретінде қарастырылып, қарапайым сөзбен айтқанда қоғам мен биліктің өзара іс қимылының жаңа формасы деп саналады.

    Осы ретте қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері – ол аудан тірлігіне қатысты  қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұршылықтың пікірін ескеру, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту,  қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдастыру,  қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процессіне тарту басшылыққа алынған.

    Осы ауқымды жұмыстарды атқару қызметіне байланысты   17 мүшесі бар  қоғамдық кеңес, басшылық органы Президиум және 3 тұрақты қомиссиялармен  жасақталған. Осы мерзімде 4 қоғамдық кеңестің отырысы, оның ішінде 1 облыстық кенеспен бірлесіп өткізілді. Қаралған мәселелер ауқымы – мәселең жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік көмектер сияқты  мемлекеттік бағдарламалардың ауданда  іске асырылуы жайлы қаралды, сол стияқты  аудан әкімі мен мәслихат хатшысының 2017 жылдағы атқарған жұмыстары туралы есебі және осы тұрғыда аудандық қоғамдық кеңесі төрағасының есебі, маңызы зор  ауданда үдемелі – инновациялық дамыту ахуалы жайлы кәсіпкерлік бөлімінің басшысының есебі талқыланды. Осы мерзімде 1 қоғамдық тыңдау жиыны орталық мәдениет үйінде  өткізілді (125 адам қатысты)  –  мұнда аудан орталығында қоғамдық тәртіптің сақталуы, мал-мүлік ұрлығы жөнінде  полиция жұмысының есебі және Мойынқұм  ауылы әкімінің халықты ауыз және егін суымен қамтылу жайы, малдың бағылуы мен оның  жайлымы проблемасы туралы хабарламасы талқыланып, халық тарапынан нақты сындар мен проблемалар ашық айтылды.  Айтылған ұсыныстарға орай нақты шаралар белгілеу тапсырылды, оның орындау барысы жөнінде қосымша хабарлама жасау тиесілі орган басшыларына жүктелді.  Демек, 6 айда 4 қоғамдық кеңес отырысында  9 мемлекеттік орган басшыларының есебі тыңдалды, күн тәртібіне 14 мәселе қойылды. Оларға айтылған ұсынымдарға сәйкес  нақты шаралар белгілеу тапсырылды. Қадағалау барысы кеңес президиуымы мен қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларына жүктелді.

    Сонымен қатар, осы мерзімде кеңестің 3 тұрақты комиссияларында 18 НҚА жобасы қаралды, кайсы біріне әсіресе бюджеттік жобаларға қатысты комиссия тарапынан  нақты ұсынымдар беріліп ауыл округтеріне байланысты мұқтаж жерлерге өңірлерді дамытуға қаржы қарастыру жайлары ескерілуіне  жағдайлар жасалынды. Мәселең бұл жайды  су тоғанын ( каналды ) тазалауға  қатысты қаржы бөлу жағын айтуға болады.

    Комиссиы отырыстарында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасын орындау жөнінде 2 округ әкімінің есебі ауданның Нұр Отан партиясы ұйымымен бірлескен жиында талқыланды. Ал жоғарыда айтылған ауданда үдемелі   инновациялық даму бағдарламасы есебін тыңдау мәслихат депутаттарының қатысуымен өткізілді.

    Осы мерзімде 2 қоғамдық мониторинг өткізілді, немесе ауданда азық-түлік, азық-түлік емес тауарлардың ақылы қызметтердің жұмысын тұрақтандыру туралы аудандық штабтың жұмысын және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмыстары зерделенді. Осы тұрғыда мекеме басшысы мен  мамандарының есептері тыңдалды. Қажетті ұсынымдар жасалды, кемшіліктерді болдырмау шараларын іске асыру тапсырылды.

     

     

    Қоғамдық кеңестің төрағасы                                         Б.Сатыбалдиев    

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     Қоғамдық кеңес –көпшілік пікірдің  көшбасшысы

    Қоғамдық институттың (қоғамдық кеңес ) қажеттілігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99 қадамын іске асыру аясында құрылған. Демек, қоғамдық кеңес азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын, оны келешекте азаматтық коғамға бет бұрыс жасауға  бағытталған жаңа стратегиясы ретінде қарастырылып, қарапайым сөзбен айтқанда қоғам мен биліктің өзара іс қимылының жаңа формасы деп саналады.

    Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері – ол аудан тірлігіне қатысты  қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту,  қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдастыру,  қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту басшылыққа алынған. Кеңес мүшелері билікке қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныс айта алатындай мәртебеге ие. Кеңес мүшелері Ұлт жоспарында нақтыланған осы талаптардың уәдесінен шығып, аудан тұрғындарына біршама жақындай түсті. Кеңес мүшелері  мемлекеттік саясатты іске асыруда оның  сенімді өкілі болуды басты міндет санайды.

    Осы ауқымды жұмыстарды атқару қызметіне байланысты   17 мүшесі бар  қоғамдық кеңес, басшылық органы Президиум және 3 тұрақты қомиссиялармен  жасақталған. Үш жылдық  өкілетті мерзімінің екінші жылында жоспардағы 6 қоғамдық кеңестің отырысы  орнына 9 өтіп,  22 мәселе қаралды. Жалпы қарауға ұсынылған барлық құжатқа шешім шығарылды. Нормативтік – құқықтық актілер бойынша 19 жобаға келісім берілді. Қоғамдық кеңесте 2 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды, 5 мемлекеттік органдар басшыларының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері тыңдалды. Қоғамдық бақылаудың басты бір тетігі ретінде 4 қоғамдық мониторинг жүргізілді, онда 2 мекеме басшысының есебі тыңдалды. Қабылданған шешімдер тиесілі атқарушы және өкілді органдарға жолданып, бақылауға алынды.

    Кеңес жиыны мемлекеттік органның, атап айтқанда аудан әкімінің және мәслихат хатшысының, қоғамдық кеңес төрағасының жыл ішінде (2016 жыл қорытындысы бойынша) атқарылған жұмыстары туралы есептері 2017 жылы ақпан айында кеңейтілген ардагерлер кеңесі президиумы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Мұнда тәжірибесі бар, көрегендігі мол қариялар мен көзқарастары бүгіңгі күн талабына сай қоғамдық кеңес  мүшелері  оңды ұсыныстар айтып, ауданда қордаланып қалған кейбір келелі, түйінді мәселелердің шешімін табуына  аудан әкімі Б.Нүркеновтің назарын  аудартты.  Мәселен, ауданның өнеркәсіп өңірінде бірқатар жер асты байлығын пайдаланушылар салық төлеушілерге жатқызылмағаны, бірқатар егін алқаптары бар округтерде су жүретін тоғандар мен гидроқұрылымдардың жарамсыздығы егін және  мал шаруашылығын дамытуға кері әсерін беріп отырғаны, жылы жай  құрылымының (теплицаның) өріс алмауы, ағын су көлемінің кепілді болмауы  айтылды. Бұл бұрыннан қордаланған жай екені белгілі. Аудан әкімі орынды пікірлерді ескере келе, қаржы көзін тауып бірқатар мәселелерді оңтайлы шешуге  қол жеткізуде.

    Келесі бір ауқымды мәселе қоғамдық кеңес ұсынысымен  Мойынқұм ауылы тұрғындарының жаз айында жеке  ауладағы   ірі қара малдарының  кенеттен көптеп  шығынға ұшырауына байланысты қоғамдық кеңес тарапынан  комиссия құрылып, бұл жайды  аудан әкімдігінде қаралуына  себепкер болуы. Бұл көпшілік жиынға 100-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімі мен мамандары, мал дәрігерлері, ветеринарлық қадағалау инспекция мамандары  қатыстырылды. Нәтижесінде жасалынған қажетті шаралар арқасында малдың өлім-жітімі тоқтатылды.

    Қоғамдық кеңестің көпшілік жиынында  екі мәрте қаралып, бірінде ауданда лауазымды тараптарға жала жазылған арыздар легіне қарасты,  сонымен қатар Мойынқұм ауылында  орын алған келеңсіз жайдың шиелінісуінің  алдын алу бағытындағы атқарылған нақты  шаралар ауданда психологиялық ахуалдың қалыптасуына себепкер болды.

    Ауылдық жерлерде қоғамдық кеңестің функциясын жергілікті қоғамдастық жиындары атқарады. Аудандық қоғамдық кеңес оларға қажетті жағдайларда практикалық көмектер көрсетіп отырады. Мәселен, Биназар ауылының осы тұрғыдағы жұмыстары зерделеніп, қоғамдастықтың жұмысын ұйымдастыруда сол жерге барып нақты ұсыныстар жасалынып, қөмектер берілді.

    Қоғамдық кеңесте құрылған тұрақты 3 комиссия  өткен жылы жергілікті бюджет  пен ауданның әлеуметтік дамуы, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізді, 19 комиссия отырысы өтті. Бюджетке қатысты жобалар алдын ала талқыланып, ұсыныс пікірлердің орындалуы бақылауға алынған. Мәселен, өткен жылы қазан айында  бюджеттік  жобаның бір қаралымында бюджеттік комиссия  аудан орталығындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының талапқа сай жасақталмағаны, оны  жаңа  форматта, жарасымды  үлгіге сай орналастырылуы қажет деп тауып, тіптен үлгі жобаға қатысты  смета жасауға қаражат бөлуді сұрап, арнайы хат аудан әкіміне жолданды.

    Біздің басты мақсатымыз – аудан аймағындағы әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары мәселелерді елеп-екшеп, билік органына халықтың үнін жеткізіп қана қоймай, халық соның нәтижесін көретіндей іс-қимылдар жасау.  Осы арқылы мемлекет пен қоғамға көмек беру. Осы шеңберде кеңес мүшелері Ж.Қалыбаев, Ж.Даниярова, Т.Ақбалаев, Б.Жамбыловтар ел тірлігіне жаны ашитын, өткір мәселені қаймықпай бетке айта алатын  жандар. Сөзімді түйіндей келе айтарым, әр ауылдағы жергілікті қоғамдастықтар, тұрғындар мен  аудан азаматы бүгінгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой-пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады.

    Б. САТЫБАЛДИЕВ аудандық  қоғамдық

                      кеңестің  төрағасы.                                                   .

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ортақ іс – табысқа бастайды

    Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиевтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті.

    Кеңес мүшелері, еңбек арда­герлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан оты­рыста аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков, аудандық қоғамдық кеңестің төр­ағасы Болат Сатыбалдиевтер 2016 жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жылғы міндеттері жайлы кеңес мүшелеріне өз есептерін берді.

    Аудан әкімі мен қоғамдық кеңестің жыл ішінде атқарған жұ­мыстары аудандық газетте ал­дын-ала жарияланғандықтан атал­ған екі баяндамашы да өз есептерін ықшамдап жеткізді.  Аудан бас­шысы Бақытжан Балтабекұлы 2016 жы­лы атқарылған жұмыс­ты слайд арқылы баяндап, ал­дағы міндеттер жайлы да сөз етті. Ауданның 2017-2020 жыл­дарға арналған әлеу­меттік-экономикалық даму ба­ғыттарын Елбасымыздың жа­қында ғана жарияланған «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­дауымен байланыстыра отырып жеткізді. Аудан әкімі өз есебінде әрбір ауылдық округтерде өткен жиындарда айтылған ұсыныс-пікірлер зер­деленіп, басшылыққа алынатыны,  ал  кейбір мәселе­лерді шешу жергілікті әкімдерге тап­сырылғанын да атап өтті.

    Аудандық мәслихаттың хат­шысы Ш.Исабеков өз есебінде жыл ішінде аудандық мәслихаттың 8 сессиясы өтіп, онда ауданның өзекті деген мәселелері қарал­ғанын айтты. Сондай-ақ тұрақты комиссиялардың 14 отырысы өт­кізіліп, онда 40-қа жуық мәсе­лелер қаралған. Оның ішінде аудан бюджетіне өзгерістер ен­гізу, бюджеттің атқарылуы, елді-­мекендердегі құрылыс, жол жөн­деудің жағдайы, мәдениет үйлері мен кітапханалардың жай-­күйі де халық қалаулылары назарынан тыс қалмаған.

    2016 жылы Қазақстан Прези­денті Жарлығына сәйкес 4 рет қайта сайлау өтіп, 7 ауылдық округ әкімдері сайланды. Ауданда жергілікті полиция қызметі ашы­лып, облыс әкімінің ұсынысына сәйкес жергілікті полиция қыз­меті басшысына депутаттар өз келісімдерін берді.

    Облыс  әкімдігінің құрылыс,  жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасының басшысына депутаттық сауал жолданып, оған тиісті жауап алынды. Жыл ішінде жеке тұлғалардан 1, заңды тұлғалардан 20 өтініш қабылданып, оларға өз мерзімінде жауаптар қайтарылған. Ал жеке қабылдауда 12 азамат болған.

    Аудандық қоғамдық кеңестің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Елбасының «100 нақты қадамы» бойынша өмірге келген кеңес жыл ішінде біршама жұмыстар атқарды. Дәлірек айтқанда, жыл ішінде қоғамдық кеңестің 12 отырысы өтіп, онда 14 мәселе қаралған. Олардың арасында жергілікті полиция қызметі бастығы мен ауыл әкімінің есебі, аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер заңдылығы мен игерілу барысы, кейбір елді мекендегі теріс көріністегі психологиялық ахуалдың жайы, халыққа қызмет көрсету мен әлеуетін жақсарту, денсаулыққа қатер тудыратын жайлардың алдын алу, Шу өзені суының қауіпсіздігі, тағы басқа бірнеше маңызды мәселелер бар. Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиялары отырысында да өзекті деген 9 мәселе қаралып, ондағы айтылған ұсыныс-пікірлерді шешу тиісті орындарға ұсынылды. Аудан орталығындағы дүкендерде бөлке нан бағасы 85-95 теңгеге дейін көтерілгені де қоғамдық кеңес мүшелерін бей-жай қалдырмады. Нәтижесінде нан пісіретін наубайхана иелерімен төмен бағамен әлеуметтік нан пісіріп, сатуға келісімге келді. Бұл жерде аудан басшылары наубайханаларға арзандатылған ұн алдырып беріп, жағдай жасағанында айта кеткен жөн. Міне аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиев өз баяндамасында осындай атқарылған жұмыстарды айта келіп, кеңес мүшелерін алдағы уақытқа да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

    Отырыста аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері Жамбыл Қалыбаев, Жақсыгүл Даниярова, еңбек ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары Стамқұл Садырқұлов, Төлеген Әбдікерімов, Сағын Әміреевтер сөз алып, ауданда жыл ішінде көптеген жұмыстардың атқарылғанын тілге тиек етіп, аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасының есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Сонымен бірге аудан орталығында ауыз судың тұрақты берілуі, бақша суының жаздық аптап ыстығында үзілмеуі, қоғамдық кеңеске бір заңгер штаты берілсе, Шу өзеніндегі шайылып кеткен су реттегіш тоспаның жағдайы, ауыл ішіндегі қалың қардың уақытылы тазаланбауы, аудан орталығында малдың қысы-жазы бей-берекет жүруі, мал бордақылау үшін алдымен жемшөп қорын жасау, суармалы егістікті көбейту, жеңілдетілген пайызбен несие алғандардың нәтижесін біліп отыру, ауданды газдандыру тәрізді мәселелерді көтерді.

    Аудан әкімі Б.Нүркенов көтерілген мәселелерге байланысты тиісті шаралар қолданылатыны жайлы айта келіп, оның кейбіріне сол жерде жауап берді.

     

     

     

           Қоғамдық кенес – Ұлт жоспарының нақты қадамының бірі.

               2015 жылдың 2 қарашысында қабылданған ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» заңы басшылыққа алынып, соңынан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы шешімімен Мойынқұм ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже қабылданды, яғни келешекте өркениетті даму барысында заматтық қоғамның өріс алуына қозғаушы күш ретінде  қоғамдық ұйымның тұсауы кесілді. Осы ретте Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы жігін ажыратып  айтатын болсақ-ол аудан тірлігіне қатысты  қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, осы ұйым қызметінің мақсаты болып табылыды. Қызметтік міндетіне қатысты оның ауқымы – біріншіден азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұршылықтың пікірін ескеру, екіншіден – жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту, үшіншіден – қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдасытыру нәтижесінде жергілікті атқарушы және өзі-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын, және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, осы органдардың қызметіне сенім денгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процессіне тарту мінтеттері басшылыққа алынған. Осы ауқымды жұмыстарды атқару үшін құрамында  17 мүшесі бар  қоғамдық кеңес, басшылық органы ретінде  Президиум мен 3 тұрақты комиссия  құрылған.

    Әр жылда қоғамдық кеңес өзінің атқарған жұмыстары туралы бұқаралақ ақпарат құралдары арқылы 2 мәрте есеп беруге тиіс. Кеңестің ағымдағы жылдың жартысында атқарған жұмысы жайлы ақпаратты  есеп 2016 жылдың шілде айында 12-де  аудандық газет бетінде кеңінен жария болғандықтан бұл мерзімге тоқталудың қажеті болмас. Сол себепті, бір жылдағы жұмыстарды тізбектей келе, негізінен екінші жартыжылдықта атқарылған шараларға тоқталуды жөн деп есептеймін.

    2016 жылдың өкілетті мерзімінде  қоғамдық кеңестің 12 отырысы өтті, онда 14 мәселе қаралды, оның ішінде 2 ұйымдастыру мәселесі, 1 – мақсатты индикаторға қол жеткендігі туралы аудан әкімінің есебі, 1 – жергілікті полиция бастығының есебі, 1 – ауыл әкімінің есебі, 3 – аудандық бюджетке енгізілген  өзгерістер заңдылығы мен игерілу барысы, 1 – ауданда кейбір елді мекендерде  теріс көріністегі  психологиялық ахуалдың жайы туралы, 2 – халыққа қызмет көрсету мен әлеуетін жақсарту, ден саулығына қатер тұғызатын жайлардың алдын алу мәселелері, 1  – Шу өзені мен оның таралым өзектерінің қүз – көктем мерзіміндегі елді мекендерге қатысты қауіптілік зардабының алдын алу мәселелері маңызды деп табылып, кеңес отырысында ауданның еңбек ардагерлері мен қариялардың, сол сияқты атқарушы органдардың осы мәселеге тиесілі басшылар кеңінен қатыстырылды. Қабылданған шешімдер атқарушы органдарға жіберіліп, оның орындалуы тиесілі тұрақты комиссиялар арқылы бақылауда болды. Осы кеңесте қаралған мәселелер аудандық газеті бетінде және электрондық сайттарда жария етілді.

    Бүгіңгі талап деңгейіне қарай ауданның атқарушы органдары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілері регламентке сай қоғамдық кеңестің қарауына тапсырылды. Қоғамдық кеңес өз ұсынымымен  ұсынған нормалардың  мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау, шектеу, залал келтірмеу тұрғысынан зерделеп 19 НҚА жобаларына ұсыныстар берді, 2 жобаға тың пікірлер мен ұсыныстар беріліп қайта қарауға қайтарылды. Сонымен қатар, кеңестің тұрақты комиссиялар отырысында бұдан бөлек 9 мәселе қаралды, оның ішінде  2- жол мәселесі, 1 – ауылдың тазалық пен көгалдандыру жайы, 2 – көпір, 3 – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, 2 халықтың ден саулығына қатысты зардаптардың алдын алу, сонымен қатар азық-түлік тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі  мәселелер туралы.

    2016 жылдың екінші жартысында қоғамдық кеңесте талқыланған, аса маңызды деп танылған   мәселелерге тоқталатын болсам, ол 14 қыркуйекте қаралған Шу өзенінің «Радай» өзегіне қатысты байлау бөгетін салу және осы өзектің «Комсомол» бағытындағы  көпіріне қатысты болды. Себебі осы жайларға шаралар қолданбаса өзектің оң қапталындағы Мойынқұм ауылы округінің шаруа қожалықтарына жол қатынасы мүлдем болмау қәуіпі туындаған еді, оның зардабы төменгі ауылдарға да  қауіп тұғызды.  Кеңес отырысына аудан әкімі Б. Нүркенов және оның орынбасарлары, бөлім,  тиесілі мекеме мен ұйым басшылары, аудан тұрғындары  қатысты. Жиында жылға жетпей Шу өзеніндегі жаңа соғылған су реттегіш гидроқұрылымның істен шыққаны, оны қалыпқа келтіру мәселесі де  қозғалды. Аудан әкімі бекінісі шыдамды байлау бөгетін салу уәдесінен шыға білді, тиесілі қаржы бөлініп қажетті техника мен адам күштері жедел ұйымдастырылды, ал апатты болған гидроузел құрылымы құрылысын алдағы уақытта  жүргізу ісі  бақылауда екенін айтты. «Комсомол» бағытындағы апатты көпірдің жайына орай аудан әкімі сметалық жобалау құжаттары жасалады деді. Осындай оң тұжырым  Мойынқұм – Ұланбел транзиттік көпіріне байланысты  қабылданды.

    Ауданда  психологиялық ахуалдың бірқалыпты болмауы, жалған атпен жазылған және дәлелсіз  арыздардың жазылу деректері кең етек алуы ел-жұрттың мазасын және ашуын алып бітті. Ауыл қариялары мен зиялы қауыммен  пікірін ескере  келе осы мәселені талқыға салуды қоғамдық кеңес мүшелері  жөн деп тапты. Әлеуметтік шиелініске ұласып кетуі мүмкін және осы жайдың алдын алу мақсатында мәселе күн тәртібіне қойылды. Кеңес отырысына 40 жуық қария және ауыл тұрғындары  қатысып ақыл – кеңестері мен бөлісті. Тұрғындар арасында психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды заңмен белгіленген өкілеттіктер шеңберінде  жүргізуді қолға алу қажеттігі айтылды.  Әсіресе мемлекеттік қызметкерлері тарапынан заң талаптарына сәйкес әдеп Кодексі  тәртібінде  белгілеген мерзімде өзін-өзі ақтап шығуға қам-қаракет жасау қажеттілігі айтылды, қорытындылап айтқанда оның ар-ожданына тиетін арыздар жазылып жатса, кінәлі тарап заң жүзінде жазаланатынын қалың жұрт түсінуі керек. Жиын барысында  бір қалыпта негізсіз қайталанып  жазылған  арыз қаралмау жөнінде ұсыныс қабылданып, біреудің атын жамылып жазған адамды анықтап оларды қоғамдық талқылауға салу  қажеттігі, бұл шаруада әр ауыл ақсақалдарының белсенділік таныту қажеттілігі кеңес шешімінде көрсетілді.

    Туберкулезға қарсы диспансердің шайынды қалдықтарын төгетін сырттағы  шұңқырдың қоршалмағаны, оның малға жетімді болғанын, сондай-ақ сол маңға шайынды қалдықты апаратын жолдың ми батбаққа айналып, соның салдарынан шайынды қалдықтар жол жиегіне төгілетіні аудан орталығы  ауыл жиынында   талай рет сөз болған. Қоғамдық кеңес отырысында осы мәселені толық шешетіні жөнінде Мойынқұм ауылының әкімі Т.Көпбаев өз жаупкершілігіне алды, соңынан ауыл әкідігі есебінен тиесілі қаржы бөліп осы жұмысты атқара білді.

    Осы жылдың қараша айының соңына таман Мойынқұм ауылындағы сауда орындарында бөлке  нан бағасы  85-95 теңгеге жеткені орын алды. Қоғамдық кеңеске осы жөнінде ренішті пікірлер  халықтан келе бастады. Кеңес мушелері халықтың бір топ өкілдерімен осы жайды зерттегенде нан бағасының көтерілгені анықталды. Осы мәселені анық-қанығын тексеріп зерделеуді  қоғамдық кеңес тарапы аудан әкімдігіне мәселе  етіп қойды.  Аудан әкімі міндетін атқарушы М.Естаев азық түлік бағасын реттейтін штаб отырысын ұйымдастырып, оған наубайхана иелерімен дүкен сатушыларын қатыстыра отырып екі жақты келісімге келіп нан бағасы бұрынғы қалпына түсті. Жұрттың жағдайына қараған кәсіпкерлерге рахметтен басқа  айтарымыз жоқ.

    Ағымдағы жылдың қараша айының 20 – да аудандық қоғамдық кеңестің  отырысы аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауданның 2017-2019 жылдарға араналған бюджет жобасын талқылауға арналды. Қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттарының осы маңызды қаржылық құжатқа берілген ұсыныстарына осы жиынға қатысқан аудан әкімі Б.Нүркенов түсіністікпен қарап қажетті деп табылған тұстарға өзгерістер енгізуге келісіммен қарады.

    Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары мәселелерді елеп-екшеп, жоғары жаққа халықтың үнін жеткізу. Осы арқылы мемлекет пен қоғамға көмек беру. Осы шеңберде біздің кеңестің жанынан құрылған 3 комиссия нәтижелі жұмыс істеп келеді. Кеңес мүшелері Ж.Қалыбаев, Т.Ақбалаев, .Жамбылов – ел тірлігіне жаны ашитын жандардың аты –жөндерін ілтипатпен атай аламын. Сөзімді түйіндей келе айтарым, әр ауылдағы қоғамдық куымдастықтар, тұрғындар мен  аудан азаматы бүгіңгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады.  Сол себепті белсенділікті арттырған жөн.

     

          Мойынқұм ауданы қоғамдық  кеңесінің  төрағасы                                                   Б. Сатыбалдиев.

    Өндірістік оң үдеріс байқалады

    Кеңестің 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында

    атқарған жұмысы жайлы

     

    Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаның 100 нақты қадамы», Ұлт жоспарында айтылған міндеттер мен басым­дықтарды жүзеге асыру мақсатында ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат осыған қатысты 22 ақпан 2016 жылы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын және осы жылдың 26 ақпанында Қоғамдық кеңес туралы Ережені өз шешімімен бекітті. Кеңестің құрамы 17 адам болып белгіленді, оның үштен екісі азаматтық қоғамның өкілдері. Жалпы оның 14-і үкіметтік емес ұйымдардың, 2 өзін-өзі ұсынғандар, 1 мемлекеттік орган өкілі. Қоғамдық кеңес отырысы арасында оның қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін Кеңес төралқасы сайланды. Қоғамдық кеңестің қарамағындағы мәселелерді алдына-ала қарау және дайындау, оның шешімдерін іске асыруға ықпал ету шегінде ауданның барлық құрылымдық саласын дерлік қамтыған 3 тұрақты комиссия құ­рылған.
    Ережеге сәйкес Қоғамдық кең­­­ес­­тің кезекті отырысы қажет­тілікке байланысты өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес болуы тиісті. Осыған сәйкес Қоғамдық кеңестің және оның тұрақты комиссияларының жылдық жоспары белгіленген.

    ҚР «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңының 5 бабына сәйкес 2 тармақ, 10 тармақшадан тұратын мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері белгіленген. Негіздеп айтқанда – мемлекеттік органдардың бюджеттік бағ­дар­ламалар әкім­шісінің бюджеттік бағдарлама­ла­рының жобаларын және олар­дың орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы, мақсатты индикаторларға қол жеткендігі туралы атқарушы органдардың есептері тыңдалып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік- құқықтық актілердің жобаларын қарауға, сондай-ақ заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп оны мемлекеттік органдарға енгізу құқы берілген. Кеңестердің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие, бірақ олардың қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті болып саналады.

    Орталық атқарушы орган­дар­дың талабы бойынша Қоғамдық кеңестердің жұмысы әрбір жарты­жылдықтың және жылдың қорытындысымен БАҚ және интернет ресурсындағы ақпарат арқылы халыққа хабардар етілуі тиіс. Жыл қорытындысында аудан халқы алдында аудан әкімі есеп берген жиында Қоғамдық кеңестің төрағасы қосымша баяндамашы ретінде есеп беретін болады.

    Жоғарыда мен Қоғамдық кеңестің рөліне тоқталдым, себебі оның Заңмен қарастырылған мақсаты, міндеттеріне және өкілеттіктерін айшықтамай есеп беру маңызы түсініксіздеу болар еді. Ал бүгіңгі қоғам тынысында азаматтық қоғамға бетбұрыс жасалғанын осы Заңның қабылдануының өзімен бағалауға болады. Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты, қарапайым сөзбен айтқанда азаматтық қоғамның (оның бір құрылымы аудандық қоғамдық кеңес) – қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру. Сол себеп­тен де аудандық Қоғамдық кеңес өзінің наурыз айындағы бірінші отырысында аудан әкімі Б. Нүркеновтің ауданның 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы есебін тыңдады. Жиналысқа округ әкімдері мен мекеме басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімі өз сөзінде осының алдындағы жақын арада барлық окугтерде халық алдында есеп бергенін, онда жетістіктер мен қатар проблема болған мәселелерге толығымен тоқталды. Әр ауылға қатысты, оның дамуына нақты шаралар белгіленгенін, аудан негізінен өндірістік аймаққа айналғанын нақты дәйектер арқылы келтірді. Ауданның экономикасының шешуші факторы болып өндіріс орындары қалыптасу ретінде оңды үдеріс барлығын, мұнда кезекті жаңа өндіріс орындарының ашылып жатқанына, ауыл шаруа­шылығы өндірісіне қатысты аудан аймағы екі бағытта – бірі егінмен, екіншісі мал шаруашылығымен айналысуға бағыт алғанын, осы салада мемлекеттік бағдарламалардың асырылуына тоқталды.
    Қоғамдық кеңес мүшелері Т.Ақбалаев Шу өзеннің суын бөгейтін жаңа гидроқұрылғының бұзылуына байланысты Шу өзегінін төменгі арнасының бойындағы шабындық су астында ұзақ уақыт қалып қою қатерінің барлығын, Шу – Ұланбел жолы бойындағы көпірдің құлауы транзит жол көліктерінің аудан орталығымен жүрудегі қауіптілігі жайы туралы Б.Сатыбалдиев Шу өзені бойында істен шыққан жаңа гидроқұрылым қашан жөнделетінін, осы жердегі тоспа (дамбы) маңын­да қыс мезгілінде тәулік бойы ұйымдастырылатын кезекшілік жапан – далада өткізілетінін, мұнда не бір жылытылатын қарапайым баспана салынбағандығын айтты. Ал Б.Жамбылов екі мәрте Социалистік Ең­бек Ері Ж.Қуанышбаевтың 120, Ж.Жабаевтың 170, Халық Қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың 50 жылдығын ауданда арнайы ша­ра белгілеп, атап өтілу қажеттігіне тоқталды. Аталған ұсыныстарға аудан әкімдігі нақты шаралар белгілеп, ол жүзеге асты.

    Ағымдағы жылдың сәуір айында Қоғамдық кеңесте «Мойынқұм ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутын ұйымдастыру мен қол жетімді тариф қалыптастыру» мәселесі күн тәртібіне қойылды. Шын мәнінде бұл мәселе аудан орталығы тұрғындарының және мұнда келген адамдардың көңіл – күйі жағынан бұрыннан туындаған жайлар еді. «Жол азабын жүрген біледі» демекші адамға өте зәру бол­ған емхана ауылдың бір шетінде болса, балабақшаға күніне екі рет қатынауға тиесілі адамдардың көліктен көрген қиыншылығы қаншалықты ауыр екені белгілі. Ал таксидің бағасы 200 – 300 теңге. Осы жайды Қоғамдық кеңесте қарап, аудан орталығында маршруттық шағын автобустар шығару керектігін, оған маршруттық бір жақтық қатынау тарифін багажбен қоса есептегенде 40 теңгеге белгілеу ұйғарылды. Қажетті қосымша шығынды бюджет есебінен субсидиялау жөнінде аудан әкіміне сұрау салынды. Осыған сәйкес транспортпен тасымалдау жөнінде тендер өткізу ұсынылды. Кеңеске қатысқан аудан әкімінің орынбасары М. Естаев, әкімдіктің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Есдәулетов бұл істі іске асыратындарына сендірді. Бүгінде осыған қатысты бюджеттік қаражат аудан әкімдігі тарапынан толығынан бөлінді. Қатынауға тиесілі маршруттық автобустар белгіленуде. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау барысында олардың санаттарына орай жеңілдіктердің болғанын айта кеткеніміз жөн. Ол жақын арада аудандық газет бетінде жария етілді.
    2016 жылдың 17 маусымында аудан әкімдігігің мәжіліс залында кеңес отырысында 4 мәселе қаралды. Жиынға аудан әкімі Б. Нүркенов, әкімнің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары және мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

    Күн тәртібіне мына мәселелер қойылды:

    1. Мойынқұм ауданының жер­­гілікті полиция бастығы Н.Нұрғожаев­тың қызметтік міндет­терін атқару жөнінде ағымдағы жылдың 5 айында атқарған жұмыстары жайлы есебі.
    2. Мойынқұм ауданына қатыс­ты Балқаш көлі жағалауында шаруа­шылық жүргізу және өндірістік орындардың қажетті нысандары мен әлеуметтік объектілерінің орналасуына қолайсыздықтардың орын алғаны жөнінде аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің бастығы М. Абданбаевтың хабарламасы.
    3. Шөл және шөлейт аумаққа жататын Мойынқұм ауданына қатыс­ты, оның табиғи ерекшеліктеріне орай мұндағы шаруа иелеріне несиелік және мүлікті кепілге қоюда жеңілдіктер қарастыру жөнінде –аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы К. Исабаеваның хабарламасы
    4. «Жайылым туралы» ҚР Заң­ы­ның жобасын талқылау мен ұсы­ныстар еңгізу жөнінде – Қоғам­дық кеңес төрайымының міндетін атқарушы Б. Сатыбалдиевтың хабарламасы

    Бірінші мәселені талқылау бары­сында Қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Қалыбаев полиция органында бірқатар жұмыстар атқарылғанын, сонымен қатар мұнда полиция бастығы сайланбалы екеніне назар аудару қажеттігіне, демек жұмыс барысына ендігіде аудан халқы баға беретінін есте ұстау қажеттігін, Н.Нұрғожаевтың осы мерзімде атқарған есебін назарға алуға ұсыныс жасады. Кеңес отырысында менің тарапымнан учаскелік полиция тіректері орындарының жүдеулігі, біраздан бері жөндеу болмағанын, бірінші қажеттіліктегі құралдардың осы уақыттағы тапшылығы, 16 ауыл округінде 4-де ғана арнайы көліктің барлығы, бар штаттың жабдықталмауы айтылып, әр тоқсан қорытындысымен учаскелік инспекторлар халық алдында есеп беріп, қоғамдық кеңесте айтылған сын – пікірлерге шара белгілеу тапсырылды.
    Есепті талқылау барысында Қоғамдық кеңесте сөз сөйлеген аудан әкімі Б.Нүркенов тарапынан полиция басшысы Н.Нұрғожаевқа орынды сындар айтылды. Мәселең ауыл тұрғындарымен қарым – қатынасының өте төмен жәйы, олармен жиналыстардың сирек өтуі, жергілікті жастардың тәртіпті сақтау рейдтерге жұмылдырылмағанын, баяндамада боямалық фактілердің орын алуы, қылмыстық деректердің артуы, мал мен мүлік ұрлығының үдеуі, қоғамдық орындарда тәртіптің болмауы, жол-транспорт оқиғаларының толастамауы, басшы тарапынан талап пен ұйымдастырушылық деңгейінің төмендігі, полиция ор­нының мате­риалдық-техникалық жаб­дық­та­луы төменгі жағдайда екенін ес­керіп аудан әкімдігі биыл екінші жартыжылдыққа бюджеттен 6,5 млн. теңге қаражат бөліп отырғанын және ауыл әкімдеріне қаражат бөліп полиция тұрақ орындарын жөндеуді міндеттеді. Келешекте жергілікті полиция органына қаржылай көмектер болатынына сендірді.
    Осы тұрғыда Қоғамдық кеңес тарапынан жергілікті полиция жұ­мысына қатысты шешімдер қабыл­данып, кемшіліктерді жою мақсатында қажетті шаралар қабыл­дау ұсынылды.

    Күн тәртібіндегі 3-4 мәселелер бір­ге қаралды. Мұнда екінші мәсе­леге байланысты Мойынқұм ауданына қатысты Балқаш көлі жағалауында (ол шамамен 200 км аса ауқымды алады), 500 метрлік су қорғау аймағы мен белдеулері қаржы тапшылығынан дер кезінде жасалынбаған. Демек, осы шекара ішінде шаруаға жер алған шаруа қожалықтары мен өндіріс және әлеуметтік нысандарының орналасуы ендігіде заңды бұзу төңірегінде қаралуда. Кеңес мүшелері Ж.Қалыбаев, Б.Сатыбалдиев, Б.Жамбыл­ов тарапынан төмендегідей ұсыныстар жасалды. Айталық осыншама көлемдегі аймаққа су қорғау белдеулерін жасауға ең біріншіден қанша қаржы қажеттігін зерделеу керек немесе осыған ЖСҚ дайындауға тапсырыс беру керек. Ауданның мұндай қаржыға шамасы жетпейтіні осы бас­тан белгілі болып отыр. Осы мәселені аяқсыз қалдырмау үшін облыс, республика басшылығына, Парламент депутаттарына сұраныс жасау керек. Ал аудандық Қоғамдық кеңес қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру құқығын пайдалану мақсатында осы мәселеге қатысты жоғарғы органдарға қосымша қозғау жасау үшін облыстық Қоғамдық кеңеске осы шешімді жолдауды дұрыс деп тапты. Аудан әкімі Б.Нүркенов өз тарапынан осыған қатысты қажетті тапсырмалар болатынын айтты.

    Үшінші мәселеге қатысты түйін­деп айтқанда – ауданда қол жетімді несие алуда аудан кәсіпкерлері үнемі шеттеп қалуда. Себебі ешбір банк олардың мүлкін несиеге алмайды. Сол себепті, аудандық Қоғамдық кеңес Мойынқұм ауданы шөл және шөлейт климаттық жайға орналасуына сәйкес, оның осы ерекше деп айтуға болатын статусына орай, несиелік қаражат алуға және мүлікті кепілге қоюда қәзіргі стандарттардан бөлек осы ауданымызға тиесілі женілдіктер болу қажет деп есептейді. Осыған орай несиелендіретін банк тізімін анықтап осы ерекшіліктер ескеріліп, тиесілі нормативтік құқылық актілерге өзгерістер еңгізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізуді қажет деп тапты. Осыған байланысты жоғарғы органдарға қозғау салып, қабылданған шешім облыстық Қоғамдық кеңеске жолданды.
    «Жайылым туралы» ҚР Заңының жобасы туралы мәселеге байланыс­ты, Қоғамдық кеңес оны толығымен мақұлдады.

    Жалпы осы есепті мерзімде Қоғамдық кеңестің 3 отырысы өтті, онда 6 мәселе қаралды, ауданның тиесілі мемлекеттік органдарынын тұрақты комиссиялар арқылы 6 мәселе талқыланып, келісім берілді.

    Аудандық Қоғамдық кеңес өз жұмысын заңда белгіленген мақсаты мен міндеті және жергілікті жердегі өкілеттері арқылы жүзеге асыратын болады.

     

     

     

     

    ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

    Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, әкімнің орынбасары Бақытжан Қалымбетов, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция құрамы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Жиынды аудандық қоғамдық кенес төрайымының міндетін атқарушы Болат Сатыбалдие ашып, жүргізіп отырды.

    «Аудандық жергілікті полицияның 2016 жылдың 5 айында атқарған жұмысы туралы» жергілікті полиция бастығы Нұрбол Нұрхожаев есеп берді. Ал «Ауданға қатысты Балхаш көлі жағалауында шаруашылық жүргізу және өндірістік орындардың қажетті нысандары мен әлеуметтік нысандардың орналасуы туралы» аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәмбетәлі Абданбаев, «Шөл және шөлейт аумаққа жататын ауданға қатысты оның табиғи ерекшеліктеріне орай шаруа иелеріне несиелік және мүлікті кепілге қоюдағы жеңілдіктер туралы» аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қалима Исабаева, «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қоғамдық кеңес төрайымының міндетін атқарушы Болат Сатыбалдиевтар хабарлама жасады.

    Қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің мүшесі Ж.Қалыбаев өз пікірлерін білдірді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе төңірегінде аудан әкімі Б.Нүркенов жергілікті полиция қызметін өткір сынға ала отырып, келешекте жұмыстың бағытын жақсартуда өз көзқарасын білдірді. Оларға  жұмыстарын түбегейлі жақсарту мақсатында Н.Нұрхожаевқа нақты шаралар белгілеуді тапсырды. Биылдың өзінде осы органға қажетті материалдық құралдар алуға аудандық бюджеттен 6,5 млн теңге қарастырылғанын айтты. Сөз барысында аудан әкімі 2-3 мәселеге қатысты Балхаш көлі жағалауында су қорғау аймағы мен белдеулері болмауынан көл жағалау шекарасының 500 метр аймағында орналасқан шаруашылық нысандарға қолайсыздықтар туындағанын айтып, оны шешу жолдарына, сондай-ақ ауданда кәсіпкерлікті дамытуға несиелік қаржынығ қолжетімсіздігіне, кепілдік мүлікке банкілер тарапынан сұраныстың  жоқтың қасы екеніне тоқталды.

    Аудандық қоғамдық кеңес төрайымының міндетін атқарушы Б.Сатыбалдиев қорытындылаған жиын күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қарар мен шешімдер қабылдады.

     

    КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС

    Ауданда қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтіп, аудан әкімі Бахытжан Нүркеновтың есебі тыңдалды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы айтылып алдағы уақытта атқарылар нақты жұмыстарды белгіледі. Қоғамдық кеңестің өту тәртібі ол тек сынау ғана емес, бұл жерде елдің болашағы, ауданның дамуы туралы айтылып, кеңесіп пішкеннің тонның келте болмайтыны ескерілді. Әкім сөз басын,«біз бірігіп жұмыс істеудің арқасында ел көңілінен шыға аламыз. Ауданда 20% адам жұмыс істесе, 80 пайызы сол жұмыс істейтіндерге не істей алады екен деген сұраулы көзбен қарап отырады. Біз жұмыссыз жүргендерді жұмысқа тартуымыз керек. Аудан жаман болса, Айтбай Назарбеков 25 жыл осы ауданды басқарар ма еді? Сондықтан, жері бай, елі дархан Мойынқұм ауданының ертеңі бұлыңғыр болмауы тиіс. Сол үшін нәтижелі жұмыс жасау үшін, осы қоғамдық кеңес құрылған» деп бастады. Егер әділ жұмыс жасалынбаса, қоғамдық кеңесті таратуды сұрауға құқығы бар екенін айтқан әкім,  «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей аппарат басшысына разы екенін білдірді. Себебі, сегіз айда аппарат басшысы жасаған қыруар еңбекті, әкімнің қырағы көзі қалт жібермеген. Облыстың 12 пайыз өндіріс көлемі Мойынқұм ауданы алып отыр. Хантаудан бастап Қашқантеңізге дейін орналасқанөндіріс орындарының өсімі 38 миллиардқа жетіпті. Айтар болсақ, бір ғана «Алтыналмас алтын алу фабрикасы» қаңтар айының өзінде 163 кг алтын өндіріпті.Сонымен қатар Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы бойынша ауданда көптеген өндіріс орындары жұмыс істеуде. Тіпті жаңадан жұмысын бастайын деп отырғандары да бар. Мәселен,  Мирный ауылында Шолпан станциясында «Казгранит» ЖШС жобасының құны 200 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаты – брусчатка 30 000 кв.метр, гранит блоктары 6000 кв.метр, ақшаға шаққанда 462 млн. теңгені құрайтыны көзделіпті. Жоба 2015-2018 жж жүзеге асырылып, тұрақты 40 жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлапты. Болашақта граниттен брусчатка, плита өнімдерін  өндірмек. Егер қаржы мәселесі оң шешілсе, құрылыс өз жұмысын бастамақ. Ақсүйек ауылында орналасқан  «Ер – тай» ЖШС- гі – жалпы құны 1,2 млн.теңгені құрайды.  Ақсүйек байыту фабрикасын модернизациялау және жаңғырту жұмыстары арқылы гравитациялық байыту фабрикасына айналдыру жобасын іске асыруда. Жобаның  жылдық қуаты 18,0 мың тонна мырыш және қорғасын концентратын өндеу болса, ақшалай алғанда 6974 млн. теңгені құрайды екен. Бұл кәсіпорын Алматы облысында тіркелген болатын, бірақ, қазіргі таңда Мойынқұм ауданында филиалын тіркеуден өткізіпті. Қазіргі кезде  фабрикада реконструкция жұмыстары толықтай жүргізілуде. Аталған жұмыстарға Ақсүйек ауылының тұрғындары жұмылдырылып отыр. Мыңарал ауылдық округі Қашкантеңіз ауылында орналасатын  «Тенардит» ЖШС – жалпы құны 890,0 млн. теңгені құрайды. Қашқантеңіз кен орнында сульфат натрий мен техникалық тұз өндіретін, келешекте осыдан сульфат натриидің А, В маркасын және йодталған тұз шығаратын зауыт құрылысы жобасы жоспарланыпты. Зауыттың жылдық қуаты заттай көлемде  – 5,0  мың тонна товарлық сульфат натрия және 20,0 мың тонна иодталған тұз болса, ақшалай көлем 461,5 млн. теңге сульфат натрия,  600,0  млн.теңге йодталған тұз (барлығы –  1061,5 млн.теңге) құрайды. Жобаның іске қосылу мерзімі 2016 жылдың III тоқсанына көзделсе, жоспар бойынша жоба 2017 жылы толық қуатына қол жеткізбек. Жоба жүзеге асқан кезде 28 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жобаны іске асырушы кәсіпорын Алматы қаласында тіркелген болатын. Былтырғы жылдың 14 шілдесінде Мойынқұм ауданында тіркелуден өтіпті. Әкім өз сөзінде «біз ауданымыздағы осындай ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста болуымыз керек. Біреу көтеріліп жатса, аяқтан тартып, төмен құласа таптап кете беретін ауылбайский көреалмаушылық әңгімені доғаруымыз керек. Адал еңбек ететін уақыт келді» деді.Расында, бұл кәсіпорындармен қарым-қатынасты қыздырған дұрыс-ақ. Өйткені, олар біріншіден, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтыса, екіншіден налогын төлеп отыр. Бұл іс аудан экономикасын дамытатыны сөзсіз. Ауылшаруашылығы, ветеринария  саласының жұмыс жоспары жайлы да біраз жұмыстардың басы қайырылды. Су шаруашылығындаШу өзені түбін тазалау және жақын жерде орналасқан елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында салынған дамбыны су шайып кеткендігі де сөз болды. Әкім, бұл іске арнайы комиссия жұмыс жүргізіп, кінәлі адамды тауып, жауапқа тарту керектігін тілге тиек етті. Алдағы уақыттағы аудандағы су мәселесі жөнінде, орынды ұсыныстар айтылды. Яғни, бұрынғы ата-бабаларымыздың жасағанамалдарын қайта қолға алып, қазіргі шөгіп бара жатқан су байлайтын бұрынғы дамбыларды қайта іске қоссақ, егістікте ешқашан су тапшы болмайды делінді. Ауылшаруашылық жұмысында да көптеген проблемалар бар екендігі жән ол мәселелердің түйінін шешу үшін ауылшаруышылығы басшысына бірқатар тапсырмалар берілді. Құрылыс жұмысы,  ауданда жаман жүрмеген. 10 жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория және бірқатар су құбырларыжұмыстары жүргізіліпті.Аудан әкімі, Бақытжан Нүркенов, 1 милрд 64 миллион жолға берілді. Бұл біздің аудан үшін үлкен жетістік деп жоғарғы басшыларға рахметін де айтты. Кеңес үкіметі кезінде аудан толық зерттеуден өткізіліпті. Қойнауы құтқа толы ауданның әлі де берері көп. Бұған қызығушылық танытып, жұмыс жасауға ниеттеніп жүрген инвесторлардың да қатары сирек емес. Қоғамдық кеңесте соларға жағдай жасау керектігі сөз етілді. Аудан әкімі, алдағы уақыттағы ауданнның даму жоспарын жүйелі түрде жасап, оны қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыға салды. Сол жоспар бойынша жұдырықтай жұмыла жұмыс жасайтындықтарын қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бір ауыздан алға қойды.«Облыс әкімінің тапсырмасын мұқият орындауымыз керек. Елбасы қоғамдық кеңестің алдында есеп беруді өте дұрыс жасады деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі айтылған әңгіме ертен орындалуы шарт.Орындалмаған жағдайда, келесі қоғамдық кеңесте жауапқа тартылатын болады» деді аудан әкімі. Сондай-ақ қоғамдық кеңесте Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Жазылбек Қуанышбаевтың 120 жылдығы және Қайрат Рысқұлбековтың 50 жылдық мерей тойларын атап өту туралы ой-пікірлер ортаға салынды.

     

     

    Мойынқұм ауданының Қоғамдық кеңесі туралы

    Ереже

     

    1. Жалпы қағидалар

     

    1. Мойынқұм ауданының Қоғамдық кеңесі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Мойынқұм ауданы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
    2. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған тиесілі заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері, оның қызметінің қағидаттары, Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері, Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелері Заңмен белгіленген.

     

    1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

     

    2.1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіпте қалыптастырылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңмен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

    2.2. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрауы тиіс.

     

    1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері

     

    3.1. Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, азаматтардан құралған жұмыс тобымен (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырылады.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы енгізіле алады.

    3.2. Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аса алмайды. Аталған өкілдіктің дербес құрамы мемлекеттік органның басшысымен өз бетінше  айқындалады. Бұл ретте мемлекеттік органның басшысына Қоғамдық кеңеспен қаралатын басымды мәселелерді ескеру қажет.

    3.3. Жұмыс тобының құрамындағы азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
    3.4. Жұмыс тобының сандық құрамы жергілікті өкілді органның басшысымен айқындалады.

    3.5. Жергілікті өкілді орган бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.

    3.6. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 10 күн ішінде жергілікті өкілді органға жұмыс тобына кандидатуралар бойынша жазбаша түрде ұсыныстар жолдайды.  Өз ұсыныстарын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір кандидаттан артық ұсына алмайды.

    3.7. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға талаптар Заңның 10 бабының 1 тармағына сәйкес қойылады.

    3.8. Конкурс мерзімі аяқталғаннан кейін жергілікті өкілді орган түскен ұсыныстарды ескере отырып, жұмыс тобына кандидаттардың тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерін және азаматтарды шақыра отырып, отырыс ұйымдастырады.

    3.9. Жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

    3.10. Отырыста коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен осы Ереженің талаптарына сәйкес ұсынылған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындылары бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Басым дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып саналады. Теңдей дауыс жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып саналады.

    3.11. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы жұмыс тобы мүшелері санынан хатшы тағайындайды.

    3.12. Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

     

     

     

    1. Жұмыс тобының өкілеттіктері

     

    4.1. Жұмыс тобы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

    1)  халықты Қоғамдық кеңестің мүшесін сайлау бойынша конкурс туралы хабардар етеді;

    2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

    3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;
    4) осы Ереженің негізінде Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.

     

    1. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

     

    5.1. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы жұмыс тобының мүшелерін хатшы отырыс өткізілетін күннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

    5.2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

    5.3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

    5.4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер отырысқа қатысқан мүшелердің басым дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
    5.5. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған төраға және хатшы қол қояды.

    5.6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру және қарау мерзімдерін, құжаттар жолданатын электрондық мекенжайын және Заңның 10 бабының 2 тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін өзге де мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

    5.7. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан конкурсқа қатысу үшін түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

    5.8. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске тек бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

    5.9. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

    5.10. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, онда ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады. Қоғамдық кеңестің төрағасы мемлекеттік қызметте тұрмайтын белгілі қоғам қайраткерлерінен – оның мүшелері санынан сайланады. Жұмыс тобының төрағасы Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қоғамдық кеңес төрағасының кандидатурасын енгізуді ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санынан басым дауыс жинаған кандидат сайланды деп саналады.

     

    1. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

     

    6.1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.

    6.2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

    1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

    2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

    3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

     

    1. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

     

    7.1 Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

    1) қоғамдық негіздегі қызметі;

    2) автономдық;

    3) дербестік;

    4) жариялылық;

    5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

     

    1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі

    Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

     

    8.1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

    1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

    2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

    3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

    4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

    5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

    6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

    8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

    9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

    10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

    8.2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

     

    1. Қоғамдық кеңестің және олардың мүшелерінің

    құқықтары мен міндеттері

     

    9.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

    2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

    3) Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

    9.2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

    1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

    2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

    3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

    4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

     

    1. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның

    төралқасының өкілеттіктері

     

    10.1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

    10.2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

    10.3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

    1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

    2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

    3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

    10.4. Алғашқы отырысында қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

     

    1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының

    өкілеттіктері

     

    11.1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

    1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

    2) отырыстарда төрағалық етеді;

    3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

    4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

    5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

    6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

    11.2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

    1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

    2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

     

    1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

     

    12.1. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

    12.2. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.  Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

    12.3. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.

    12.4. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

    12.5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

     

    1. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

     

    13.1. Қоғамдық кеңес халықты:

    1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;

    2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;

    3) отырыстардың күн тәртібі;

    4) қабылданған шешімдер;

    5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

    13.2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

     

    1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

     

    14.1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

    14.2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

    14.3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

     

    1. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы

    мақсаттары мен міндеттері

     

    15.1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.

    15.2. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:

    1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру;

    2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;

    3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу;

    4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.

     

    1. Қоғамдық бақылау нысандары

     

    16.1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.

    16.2. Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.

    16.3. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.

    16.4. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.

     

    1. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері

     

    17.1. Қоғамдық бақылау:

    1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;

    2)  Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;

    3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;

    4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;

    5) сұрау салулар беру;

    6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

     

    1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу

    тәртібі

     

    18.1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

    18.2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

    18.3. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.

    18.4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

    18.5. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:

    1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;

    2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;

    3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;

    4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

    18.6. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдайды және оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

     

    1.   Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

     

    19.1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.  Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.

    19.2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

    1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

    2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

    3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

    4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

    19.3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    19.4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

    19.5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

    1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

    2) қатысушылардың саны;

    3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

    19.6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.

    19.7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

    19.8. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

    1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

    2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

    3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

    19.9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

    1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

    2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

    3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

     

    1. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

    тәртібі

     

    20.1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.   Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

    20.2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.

    20.3. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.

    20.4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.

     

    1. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды

    ұйымдастыру және өткізу тәртібі

     

    21.1. Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.

    21.2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

    1) есепті тыңдау күні мен орны;

    2) қатысушылардың саны;

    3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

    21.3. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

    1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

    2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

    3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

    21.4. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

     

    1. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі

     

    22.1. Қоғамдық кеңес өз өкілеттіктері мерзіміне бірінші отырыста өз мүшелерінің санынан Қоғамдық кеңестің қарамағындағы мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, заңдарды іске асыруға ықпал ету, өз құзыры шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері Қоғамдық кеңеспен ашық дауыс беру арқылы оның мүшелері санынан сайланады.

    Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны мен құрамы дауысқа жеке-жеке қойылады. Олардың сандық және дербес құрамы Қоғамдық кеңес төрағасының ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңеспен айқындалады.

    Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиялары төрағалары мен хатшыларының кандидатуралары тұрақты комиссиялардың отырыстарында ұсынылады. Қоғамдық кеңестің отырысында төрағалар мен хатшылар кандидатураларын талқылау әрбір комиссия бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

    Тұрақты комиссиялар бірлескен жұмыс топтарын құра алады.

    22.2. Қоғамдық кеңестің негізгі жұмыс нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

    22.3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

    Қоғамдық кеңестің әрбір отырысының алдында оған қатысып отырған мүшелерді тіркеу жүргізіліп отырады, оның нәтижелері отырыстар алдында хатшымен хабарланады.

    22.4.  Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі, тоқсанына бір реттен кем емес және отырысты  Қоғамдық кеңестің төрағасы жүргізеді.

    22.5. Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы, Қоғамдық кеңестің  төралқасының ұсынысы  бойынша  өткізіледі және отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы жүргізеді.  Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы  шешім шығарылғаннан кейін үш күн ішінде шақырылуы тиіс. Кезектен тыс отырыста, отырысты өткізуге себеп болған мәселелер ғанақаралуы тиіс.

    22.6. Қоғамдық кеңестің отырысының  өтетін күні мен уақтысын,  сонымен қатар күн тәртібіне енгізілген мәселелер туралы, Қоғамдық кеңестің хатшысы тұрғындарға және Қоғамдық кеңестің мүшелеріне отырыс өтетін күннен бес күн бұрын, ал кезектен тыс отырысының  өтетін күннен үш күн бұрын хабарлайды.  Күн тәртібіне енгізілетін мәселелер туралы Қоғамдық кеңестің хатшысы үш күннен кем емес уақытта қоғам мүшелеріне қажетті құжаттарды ұсынады.

    22.7. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібі перспективалық жоспар негізінде, Қоғамдық кеңестің төрағасы, тұрақты комиссиялардың, Қоғамдық кеңестің мүшелері айтқан енгізген ұсыныстардан Қоғамдық кеңестің төрағасымен қалыптастырылады.

    Күн тәртібіне енгізілетін мәселелер Қоғамдық кеңестің  төрағасына, жергілікті қауымдастық жиналыстарынан, қоғамдық ұйымдардан түсуі мүмкін.

    Отырыстың күн тәртібі талқылау кезінде толықтырылуы және өзгеруі мүмкін. Қоғамдық кеңес отырыстың күн тәртібін бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

    Күн тәртібіндегі мәселелерге әрқайсысына жеке-жеке дауыс беріледі. Қоғамдық кеңес мүшелері көпшілік дауыс бергенде мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

    22.8. Күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін, Қоғамдық кеңестің хатшысы, уақтылы отырысты өткізу шараларын жоспар бойынша дайындайды, оны Қоғамдық кеңестің төрағасы бекітеді.

    22.9. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімімен отырысқа, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми,  кәсіподақ және түрлі мекеме өкілдері, эксперттер және өзге де мамандар шақырылады.

    Қоғамдық кеңес отырысына шақырылғандар үшін мәжіліс залынан арнайы орындар беріледі.

    22.10. Қоғамдық кеңестің отырыстары Қоғамдық кеңес белгілеген уақытта өткізіледі. Отырыстың  ұзақтығын  Қоғамдық кеңес белгілейді.

    Қоғамдық кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Қоғамдық кеңес мүшелерінің дәлелді өтініштеріне байланысты үзіліс жариялай алады. Отырыс соңынан  қысқаша  хабарлама мен ұсыныстар үшін кеңес мүшелеріне уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

    22.11. Кеңес отырысының  жұмыс регламенті  баяндама, қосымша баяндама, отырысты өткізу тәртібі, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтама беру және сұрақтар үшін уақытты Қоғамдық кеңес белгілейді. Баяндамашы мен қосымша баяндамашыға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт беріледі. Сөз сөйлеуші берілген уақыттан шығып кеткен жағдайда, Қоғамдық кеңестің төрағасы оны тоқтатады немесе Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын созады.

    Қоғамдық кеңес мүшесі бір сұрақпен екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөз, сұрақтарға түсіндірме және жауап беру сөйлеген болып саналмайды. Сөйлейтін сөзін  басқа Қоғамдық кеңес мүшесіне беруге жол  берілмейді.

    Отырыста қатысып отырған Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігі  ашық дауыс бергенде жарыссөз  тоқтатылады. Жарыссөзді  тоқтату жөнінде ұсыныс түскенде  Қоғамдық  кеңес төрағасы  Қоғамдық кеңес мүшелерінің жарыс сөзге  жазылғандары және шығып сөйлегендері туралы ақпарат береді, тағы шығып сөйлейтіндер бар жоғын анықтайды.

    22.12. Қоғамдық кеңес мүшесіне, отырысты жүргізу тәртібіне сәйкес алдыңғы шығып сөйлеушіден кейін сөз  кезексіз беріледі. Қоғамдық кеңес төрағасы  анықтама беру,  сұрақтарға жауап беру және  талқыланып жатқан мәселе бойынша түсінік беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.

    Баяндамашыға сұрақтар ауызша және жазбаша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар Қоғамдық кеңестің төрағасына беріледі және ол сұрақтар Қоғамдық Кеңестің отырысында жарияланады.

    Отырысты жүргізу туралы басқа сұрақтар Қоғамдық Кеңестің шешімімен анықталады.

    22.13. Қоғамдық  кеңес өз құқығымен  Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы арқылы, егер заңмен өзге қарастырылмаған жағдайда, шешім қабылдайды. Дауыстар бірдей болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.

    Шешімдер хаттама болып толтырылады, онда нұсқаулар беріледі және олар орындаушы мен мүдделі тұлғаларға жеткізіледі.

    22.14. Коғамдық  кеңестің нұсқаулары  мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады, олар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешім қабылдап, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте және уақытта жауабын береді.

    22.15. Шешім жобалары Қоғамдық кеңестің төрағасына беріледі.

    Қарауға қабылданған шешім жобалары барлық қажетті мәліметтерімен қоса Қоғамдық кеңестің төрағасы немесе хатшысымен тұрақты комиссияларының қарауына және ұсыныстар әзірлеуге жіберіледі. Бір мезгілде тұрақты комиссияның біріне Қоғамдық кеңестің шешім жобасы бойынша қорытынды дайындау, қосымша ақпаратты жинақтау мен талдау, мәжіліске қосымша баяндама жасау тапсырылуы мүмкін.

    Шешім жобаларымен жұмыс жасау және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құруы мүмкін. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардан мүшелер тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының қызметіне Қоғамдық кеңестің кез келген мүшесі қатыса алады.

    22.16. Альтернативті шешімі жобалары Қоғамдық кеңес пен оның органдарымен негізгі жобамен қатар бір мезгілде қаралады. Отырысқа мәселелер дайындауға қатысушы тұрақты комиссиялар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, комиссиялар төрағалары мен Қоғамдық кеңестің төрағасы оларды еңсеру бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер Қоғамдық кеңестің назарына жеткізіледі.

    22.17. Отырыста мәселені қарастыруда тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтарының және уақытша комиссиялардың баяндамасы,  ал қажет болған жағдайда қосымша баяндамасы тыңдалады.

    Комиссияның баяндамасында жобаға енген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулердің қабылдану мен қабылданбау себептері дәлелденеді.

    Шешім жобалары бойынша қосымша баяндамадағы немесе қорытындыдағы жағдайлармен  келіспеген жекеленген комиссия және жұмыс топ мүшелері қаралып отырған мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін  өз пікірлерін баяндай алады.

    22.18. Шешім жобасын талқылау әрбір тармақ бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылатын өзгертулер немесе толықтырулардың нақты анықтамасымен,  олардың мәтінде орналасуын көрсете отырып жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын  түзетулер қарауға қабылданбайды.

    22.19. Қоғамдық кеңес күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша шешім қабылдайды.  Бір мәселе бойынша шешімнің бірнеше нұсқасы енгізілсе, олардың әрқайсысы отырысқа қатысушы Қоғамдық кеңес мүшелеріне табысталады.

    Барлық енгізілген шешім жобалары дауыска салынады.  Жобаның бірін негізге алғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері оған түзетулер енгізу рәсіміне кіріседі.

    22.20. Қоғамдық кеңестің шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда дауысқа салу төменгі ретпен жүзеге асырылады:

    1) ұсынылған (пысықталған) Қоғамдық кеңестің шешім жобасы толықтыру алдымен негізге алынады, ал егер оған наразылық білдірілсе, толықтырулар бойынша дауысқа салу тоқтатылады;

    2) негізге қабылданған жобаға енгізілмеген толықтырулар кезек-кезегімен дауысқа салынады;

    3) қабылданған өзгеретулерді ескере отырып шешімді толығымен қабылдау дауысқа салынады. Жүргізіліп отырған отырыста қабылданбаған шешім жобалары мен оның түзетулері бойынша қайтадан дауыс берілмейді.

    22.21. Өзгертулер енгізу дауысқа жеке-жеке салынады, оның реттілігін төрағамен анықталады.  Дауысқа салар алдында алынып тастауға ұшырайтын өзгертулер туралы төраға оқып шығады. Енгізілетін түзетулердің маңызын немесе талқылаудан алып тастау туралы ұсыныстарды түсіндіру үшін авторларға сөз беруге жол беріледі.

    Қоғамдық кеңестің шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдауға арналған тәртіппен жүзеге асырылады.

    Отырыстың хаттамасы отырыс өткен күннен бастап үш күннің ішінде толтырылып, Заңнамаға сәйкес тәртіппен сақталады.

    22.22. Қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту  бағдарламаларын жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын, және олардың есептерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен                    міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді және өзге де  Қоғамдық кеңесте қаралатын сұрақтар бойынша мәселелер, сондай-ақ олар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі шешім жобалары  Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларына келісім белгісі қойылып Қоғамдық кеңеске үш күн бұрын ұсынылады.

    22.23. Осы ережедегі 22.22 тармақтағы көрсетілген жобалар құжаттары Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларында қаралады. Қоғамдық кеңестің төрағасымен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту  бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын, олардың есептерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қарастыру бойынша жұмыс топ құрылуы мүмкін, оның құрамына жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.

    Тұрақты комиссиялар жұмыс тобының пікірін ескере отырып осы Ереженің 22.22 тармағында көрсетілген жобалар бойынша кажетті дәйектеме мен есеппен ұсыныстар әзірлейді және  оларды жоба бойынша ұсыныстар жинағы мен қорытынды дайындауды жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

    22.24. Азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңына сәйкес қаралады.

     

    23.Қорытынды ережеле

    23.1. Осы Ережеде реттелмеген басқа өзге де сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

    23.2. Аталған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте енгізіледі.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района