100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»

    Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

     

     

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті
    (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

    АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

    – лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

    – ломбардтар;

    – бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

    – жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

    – төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

    Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
    6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

    2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсіндіру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткізуі жоспарланып отыр.

    Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерің, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерің, жолдауынызды сұраймыз.

    Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат, Сіздермен көрсетілген байланыс деректеріне байланысты қосымша хабарланады.

    Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района