Мәдениет

Мәдениет

МӘДЕНИЕТ

Мойынқұм ауданы бойынша 26 елді мекенде 38 мәдени нысан аудан халқына қызмет көрсетеді: 1 орталық мәдениет үй, 17 ауылдық клубы, 1 «Зерде» бейнемобиль кешені жұмыс атқарады, 2 халықтық атағы бар театр (Құмөзек , Мойынқұм халық театрлары), 1 ән-би ансамбілі (Мойынқұм ән-би ансамбілі). Сондай ақ, 1-аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 18-ауылдық кітапханалар филиалы, 1-балар бөлімі. Бүгінгі таңда аудан аумағында 45- археологиялық, 46- сәулет және 6- тарихи және монументальді өнер ескерткіштері- барлығы 97- нысан есепте тұр.

 

Мәдениет үйінің кадрылық құрамы

Ауданық мәдениет үйінде және ауылдық клубтарда 45 маман жұмыс атқарады. Оның ішінде жоғары білімді – 16 адам, арнаулы орта білімді – 20 адам, орта білімді – 9 адам. Жалпы 2014 жылы  мәдениет үйі мен клубтарға 56 866,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2015 жылы мәдениет үйі мен клубтарға 63,0млн теңге қаржы қаралған.

Бүгінгі таңда мәдениет саласына 7  мамандық иелері жетіспейді. Хореограф–1, прима қобызшы–1, қылқобызшы–1, шертер–1, прима–1, режиссер–1.

Театрлар бойынша

Аудан бойынша 2 халықтық атағы бар театрлар қызмет көрсетеді. Олар Құмөзек және Мойынқұм халық театрлары. Бүгінгі күні режиссер маманы қажет етеді.

Құмөзек және Мойынқұм халық театрларының репертуарлары.  «Құдалар», «Құралай сұлу», «Отырардың күйреуі».

Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2015 жылы аудандық бюджеттен мәдениет үйінің материалдық техникалық базасын нығайтуға музыкалық аспапқа -600мың теңге,  ұлттық киімдер алуға- 575 мың теңге порталға салынып,үміткер киім кешектерін тіктіріп берді. студияда өлең жазып, оранжировка жасау үшін  компьютер алуға-200,0 мың теңге бөлінді.

Елбасының Мәдени-мұра тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Кіші Қамқалы ауылында ауданымыздың құрметті азаматы Ерболат Саурықовтың демеушілік арқасында «Құралай Сұлу» кесенесі бой көтерген болатын. Жұмсалған қаржы 1,0 млн теңге

Сондай ақ, Биназар батыр атамыздың кесенесі күрделі жөндеуден өтті. Жұмсалған қаржы 3,7 млн теңге.

 

Тіл бағдарламасының орындалуы бойынша

Қазақстан Республикасының   тілдерді дамыту мен    қолданудың    2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Бағдарламаны іске асыру үш кезеңге бөлінеді.

бірінші кезең: 2011-2013 жылдар

екінші кезең: 2014-2016 жылдар

үшінші кезең: 2017-2020 жылдар

Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында Мойынқұм ауданында бағдарламаның 2014-2016 жылдарға арналған  жоспары Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымында №164 қаулысымен бекітіліп, жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта 2014 жылы аудандық бюджеттен 1,0 млн теңге көше аншлагтарына, 0,3 млн теңге тілдік іс-шараларға, барлығы 1,3 млн теңге берілсе, 2015 жылға тіл саясатын іске асыру іс-шараларына аудандық бюджеттен 2015 жылға тіл саясатын іске асыру іс-шараларына 700 мың теңге қаралған қаралған. 2015 жылғы 4-тоқсанында маслихат шешімі бойынша көше аншлагына 2000,0 теңге бөлініп казіргі таңға жұмыс атқарылып жатыр , және Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхананың ауылдық филиалына  маңдайшаға 470,0 мың тенге қаралып жұмыс атқарылып жатыр

2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған көптеген байқаулар мен конкурстар жүйелі өткізіліп келеді. Жеңімпаздар облыстық байқауларда бақтарын сынайды. Ауданымызда жыл басынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Текті сөздің төресі –Терме» облыстық термешілер, жыршылар байқауында үшінші орынды иеленген болса, ҰОС 70- жылдығына орай облыстық «Жырлаймын жеңіс жылдарын» атты ақындар арасындағы мүшәйрасында ауданымыз бас жүлдені  иеленді. 2015 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында 118 мемлекеттік қызметкелер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау  ҚАЗТЕСТ сынағы өткізілді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында аудандық «Мәңгілік ел!» ақындардың жазба мүшәйрасы, «Елім-ай!» атты аудандық әндер байқауы ұйымдастырылды. Сондай ақ, Тараз қаласында 550 жылдық мерей тойы 7-8 қазан күндері «Мойынқұм даласыда ән салады» атты концертттк бағдарлама берілді.

Күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен мәдени нысандар.

2014 жылы күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Бірлік ауылдық клубына 24,1 млн. теңге, Ақсүйек ауылдық клубына 14,0 млн. теңге, Құмөзек ауылдық клубына 24,1 млн. теңге, Қарабөгет ауылдық клубына 2,2 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, клуб ғимараттары пайдалануға берілді. Барлығы 64,0 млн теңге.

Бүгінгі таңда Сарыөзек ауылдық клубына 7,0 млн теңгеге, Шығанақ ауылдық клубына 5,7 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттары дайын.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 19 кітапхана  халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 аудандық және 18 ауылдық кітапханалар және оның филиалдарында барлығы 32 адам жұмыс атқарады. Онда барлығы 248655 кітап қоры бар, мемлекетік тілінде 139162 дана. 2015 жылы жаңа түсім 4513 дана, мемлекеттік тілде 3880 дана. Бүгінгі таңда оқырмандар саны 13725  адам. Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2016 жылы аудандық балалар кітапханасын ашу жоспарда.

Мойынқұм Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі туралы

р/с Кітапхана атауы Орналасқан жері Кітап қоры Оқырман саны Көпшілік іс-шара Компьютер саны Интернет

желісі

қызметкер
1 Аудандық орталық

тандырылған кітапханасы

Аудандық мәдениет үйінде 40133 1338 65 11 1 8
2 АОК балалар бөлімі Қазынашылық

банкінде

15851 371 44 2 1
3 Қылышбай Әкімшілікте 11335 375 29 1 1
4 Құмөзек Мәдениет үйінде 11715 394 27 1 1
5 Ұланбел Әкімшілікте 14451 359 27 1
6 Назарбеков Мектепте 10643 217 27 1
7 Қызылту Әкімшілікте 12221 386 24 1
8 Бірлік Поштада 12861 645 31 1 1
9 Биназар Өнер мектебі 7742 451 26 1 1
10 Хантау Әкімшілікте 11049 474 25 1 1
11 Мирный Әкімшілікте 13597 358 26 1
12 Жамбыл Мәденит үйі 9673 324 26 1 1
13 Шығанақ Әкімшілікте 15069 488 26 1
14 Мың-арал Әкімшілікте 9759 413 25 1 1
15 Айдарлы Әкімшілікте 13008 420 28 1 1
16 Ақбақай Әкімшілікте 7109 402 24 1
17 Ақсүйек Жеке ғимарат 7251 358 24 1
18 Қарабөгет Әкімшілікте 8845 242 23 1
19 Күшаман Әкімшілікте 6776 325 23 1
20 Сарыөзек клубта 6480 175 23 1
  Барлығы:   245668       8515      573 21 1 27

Мойынқұм аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініе  қарасты Мәдениет үйіне жаңа жылдық шыршаға 4580,0 теңге қаралып, оның 3000,0 теңгені порталға салып жеңіпазы «ИП Берек»  1 249 777 теңгеге  ұтып алды. Мердігер толық келісім шарты бойынша өз жұмысын атқарды. Қалған 1000,0 теңгее Лазерный шоу, шоу Фейрверк жасалынды. Жаңа жылдық шырша өте жақсы өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00