«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы «30» наурыздағы
№152 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі  мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі  Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі  портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде:
1) сауда-саттықты өткізудің конкурстық нысаны үшін:
конверттерді ашқан күннен бастап  15 (он бес) жұмыс күні;
сауда-саттықты өткізудің аукциондық нысаны үшін:
аукционды өткізген күннен бастап  5 (бес) жұмыс күні;
құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту  2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің өтінішін конкурс өткізудің белгіленген мерзіміне дейін үш күн бұрын, бұл туралы көрсетілетін қызметті

берушіге жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде  жер учаскесін жеке меншік құқығына беру немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату туралы шешім немесе конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымында, көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жарияланатын конкурстың қорытындылары туралы хаттама;
сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде – жер учаскесін жеке меншік құқығына беру немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату туралы шешім немесе аукцион нәтижелері туралы хаттама;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – жер учаскесін 25 (жиырма бес) жылға дейінгі мерзімге уақытша жер пайдалану құқығына беру туралы шешім немесе конкурстың, аукционның қорытындысы туралы хаттама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі  ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;
2) порталда  жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау

және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) кепілдік жарна енгізгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) кепілдік жарна енгізгенін растайтын төлем құжаты;
3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша конкурсқа қатысуға электрондық өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем енгізгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша конкурсқа қатысуға электрондық өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем енгізгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша аукционға қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының кепілдік жарнаның енгізгенін

растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша аукционға қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының кепілдік жарнаның енгізгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
порталға:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша аукционға қатысуға электрондық өтінім;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем енгізгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында жер учаскесіне меншік құқығын сату немесе жалдау бойынша аукционға қатысуға электрондық өтінім;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем енгізгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге  өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы соғылған белгі болып табылады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қатысушы билеті беріледі;
порталда  «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
10. Мыналар:
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған

тұлғалар тізілімінде тұрса;
2) көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғасының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысына (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) беріледі;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;
портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның  оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның  оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда,

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стендтерде орналастырылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777.

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

мәліметтер нысаны

(Кімге) _____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
(Кімнен ) ____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
(заңды тұлғалар үшін)

Жер учаскесін беру немесе жалдау құқығын сату жөніндегі конкурсты өткізу бойынша конкурстық құжаттаманы қарастырып мына лоттар бойынша қатысады: ____________________________________________________________________
(лоттар бойынша толық сипаты)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап ____________ күн ішінде қолданылады. Жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасқан күнге дейін осы конкурстық өтінім оны жеңген деп тану туралы қорытындылар хаттамасымен бірге арамыздағы міндетті шарт рөлін атқаратын болады.
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
атынан және тапсырмасы бойынша өтінімге қол қоюға барлық өкілеттікке ие __
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20 ______жылғы _________ «______»____________________________________
(күні) (қолы)

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

мәліметтер нысаны

(Кімге) _____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
(Кімнен ) ____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
(жеке тұлғалар үшін)

(Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20 ______жылғы __________ «______»___________________________________
(күні) (қолы)

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

мәліметтер нысаны

(Кімге) _____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
(Кімнен ) ____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
(заңды тұлғалар үшін)

Аукционға мына лоттар бойынша қатысады:
__________________________________________________________________
(лоттар бойынша толық сипаты)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
атынан және тапсырмасы бойынша өтінімге қол қоюға барлық өкілеттікке ие __
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20 ______жылғы ___________ «______»__________________________________
(күні) (қолы)

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

мәліметтер нысаны

(Кімге) _____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
(Кімнен ) ____________________________
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
(жеке тұлғалар үшін)

Аукционға мына лоттар бойынша қатысады:
__________________________________________________________________
(лоттар бойынша толық сипаты)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20 ________жылғы ___________ «_______»_______________________________
(күні) (қолы)

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

№ _____ қатысушының билеті

_______________________________________________________________
(нысаналы мақсаты, алаңы)
жер учаскесін сату бойынша аукцион (конкурс).
Өткізу күні 20 _____ жылғы « » _______________, _____ сағат _____ минут.
Қатысушы ___________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде)
________________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері)
Өтінімді беру күні 20 ____ жылы « » __________________.
Кепілдік жарна сомасы ________________________________________________
Кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат __________________________
____________________________________________________________________
(төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордері)
Комиссия хатшысының белгісі _________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы, күні)

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00