“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы “1” наурыздағы № 81 қаулысымен бекітілген 4-қосымша
“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бекітілген “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
1) “Халықты жұмыспен қамту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Орталық);
2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің кеңсе қызметкерімен қабылдау, тіркеу, Орталықтың басшысына немесе ауылдық округ әкіміне бұрыштама қоюға жолдау – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – Орталықтың басшысына немесе ауылдық округ әкіміне жолдау;
2) құжаттарды қарау және Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысын анықтау – 2 (екі) сағат. Нәтижесі – Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу:
Орталықтың жауапты орындаушысымен – 6 (алты) жұмыс күні;
ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысымен – 18 (он сегіз) жұмыс күні. Нәтижесі – Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау:
Орталықтың жауапты орындаушысымен – 30 (отыз) минут;
ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысымен – 1 (бір) жұмыс күні. Нәтижесі – Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және жолдау:
Орталықтың жауапты орындаушысына – 4 (төрт) сағат;
ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысына – 2 (екі) жұмыс күні. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысына жолдау;
6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің кеңсе қызметкері;
2) Орталықтың басшысы немесе ауылдық округ әкімі;
3) Орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы “Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы” келтірілген.
“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00