Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс
· 1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
· 2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттің игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
· 3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
· 4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
· 5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
· 6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
· 7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.
· 8. Егер мемлекеттің мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев