100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жиынның хаттамасы

    Жаңа мемлекеттік қызмет модельін таныстыру мақсатындағы «ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізу

     

    №1 ХАТТАМАСЫ  

     

    Мойынқұм ауылы                                     14 қаңтар 2016 жыл

     

    Жиналыс төрағасы: Аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев

    Жиналыс хатшысы: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Е.Кеншімов

    Тиісті дөңгелек үстелді өткізу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Шу аймағы басқармасының консультанты Дамир Машарипұлы Мадияров қатысып отыр.

     

    КҮН ТӘРТІБІ

     

    Жаңа мемлекеттік қызмет модельін таныстыру мақсатындағы «ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізу

     

    Мақсаты: Қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне және кәсіби қызметіне жоғары талаптар қойылатын мемлекеттік қызмет институтының бірегейлігін бекіту.

     

    Жиынға қатысушылар: Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің бөлімдері, Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық мәслихат аппараты, мемлекеттік қызмет ардагерлері, аудандық кірістер басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, №8 колледж, М.Жұмабаев атындағы мектебі, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы, аудандық кәсіпкерлер палатасы және басқада ұйымдардағы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

     

            Жиынның кіріспе сөзін Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Бахытжан Жапарұлы Есеев ашып, дөңгелек үстелде талқыланатын тақырыптар бойынша таныстырды. Тиісті тақырыптар бойынша жарыс сөзге 5 адам жазылып төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасады.

     

    1. «Жаңа Әдеп кодексінің таныстырылымы».

    Баяндамашы: Дамир Машарипұлы Мадияров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Шу аймағы басқармасының консультанты.

     

    1. «Меритократиялық, тиімділік және қоғамға есеп беру  қағидатына негізделген заманауй мемлекеттік аппаратың құрылыуы мен дамуы».

    Баяндамашы: Жақсыгүл Мырзабайқызы Даниярова

    Мемлекеттік қызмет ардагері.

     

    1. «Жаңа кәсіби стандарт – отандық бизнестің тиімділігінің кепілі».

    Баяндамашы: Бейімбет Бейбітұлы Нарбаев аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі.

     

    1. «Человеческий капитал как основа современного профессионального государственного аппарата» Баяндамашы: Жидкова Антонина Юревна М.Жұмабаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

     

    1. «Мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың басты шарты – мемлекеттік қызметті кәсібилендіру».

    Баяндамашы: Ғамзат Расулұлы Абдразахов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы.

     

    Сонымен қатар тиісті тақырыптар бойынша талқылау жүргізілді. Атап айтантын болсақ, Ж.Қалыбаев Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мелекеттік қызмет ардагері, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары М.Сейдплиев, Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ұ.Әліпбеков ойларын ортаға салып жаңа қабылданған заңдар бойынша пікірлерін айтып, мемлекеттік қызметтегі азаматтарға табыс тіледі.

     

    Аудан әкімінің орынбасары жиалыс соңында жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз ойын айтып, жиынға қатысқан азаматтарға рахметін айтып жиынды аяқтады.

     

     

    Жиналыс төрағасы                                      Б.Есеев

     Жиналыс хатшысы                                  Е.Кеншімов

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района