Мемлекеттік қызметке кіру үшін тест тапсыруға арналған заңдар тізбесі

Мемлекеттік қызметке кіру үшін тест тапсыруға арналған заңдар тізбесі

Мемлекеттік қызметке тестілеуден өту қағидаларындағы өзгерістер туралы

2019 жылдың басынан бастап мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидасына және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының кейбір тармақтарына жыл басынан бері бірқатар түзетулер енгізілді.

Өзгерістер енгізілмей тұрып, тестілеу рәсімі мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісінің қатысумен өткізілетін. Бұл тармаққа өзгеріс енгізіліп, ағымдағы жылдың бірінші ақпанынан бастап  тест «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының қатысуымен өткізілетін болады.

Сондай-ақ, конкурстық рәсімдердің бірінші кезеңінде азаматтар шекті мәндер белгіленетін заңнаманы білуге тестілеу тапсырады. Екінші кезең – бұл жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу. Үміткер лауазым деңгейіне қарамастан кандидаттар тестілеу барысында күйзеліске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан жауап беруі тиіс.

Бұл мемлекеттік қызметші үшін қажетті сапаның негізгі жиынтығы. Мемлекеттік қызметке түсуге үміткер азамат этикалық нормалар мен стандарттарды сақтау қажеттілігіне дайын болуы тиіс. Тестілеу сондай-ақ растық (шынайылық) деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Егер растық (шынайылық) нәтижелер 50 пайыздан аз болса, тестілеу өтпеді деп есептеледі және бір айдан кейін қайта өтуге болады.

Бірінші ақпаннан бастап мемлекеттік органдар арасында конкурстар өткізу кезінде қағаз құжат айналымын алып тасталынады. Бірінші ақпаннан бастап заңнаманы білуге тестілеуден өту туралы сертификатты және жеке қасиеттерін бағалаудан өту туралы қорытындыны ұсыну талап етілмейді. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың тест қортындысын тексереді.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен

заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын

білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына

арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20

сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан

Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының

Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық

заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік

рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және

заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының

заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік

қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп

қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік

құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде

102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем

дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

 

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын

білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,

C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20

сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан

Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының

конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі

туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),

«Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан

Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы

29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің

қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік

құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде

78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем

дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын

білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4

санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20

сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке

және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан

Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы

29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің

қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік

құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде

50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем

дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын

білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00