100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мерейлі отбасы

    Мерейлі отбасылар байқауы

    «Мерейлі отбасы-2018» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) турының басталғанын хабарлаймыз!!!

    Конкурстың ұйымдастырушылары аудан, қала әкімдіктері.

    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына сәйкес аудан (қала) әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдеріне конкурстың басталуы туралы жария хабарландыру күнінен бастап бір ай ішінде беріледі.

    Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:

    1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

    2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

    3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

    4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;

    5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

    6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

    7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

    8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері. Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді ауданның (қаланың) әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады

    Анықтама телефондары: 8-707-733-61-79: 872642-2-46-27

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района