100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қаржы бөлімі

    2017 ж. 1-қаңтарына аудан бюджетінің

    орындалуы туралы түсіндірме

     

    Аудан бюджетінің шығындары бойынша 2017 жылдың 1қаңтарына жоспарда  5448,1 млн. теңге болса, 5424,2 млн. теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалды, 23,9 млн. теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттар игерілмеді, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен 20,8 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,1 млн. теңге.

    Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттер жоспардағы 1400,3 млн. теңгенің орнына 1379,5 млн. теңгеге немесе 98,5 пайызға атқарылды, игерілмегені 20,8 млн. теңге, оның ішінде:

    –         1,2 млн. теңге азаматтық қызметшілерге үстемеақы төлеуге бөлінген

    қаржыдан ваканттық орындар болуынан үнемделді, (Облыстық қаржы басқармасына 22 тамыз 2016 жылы №2-21/213 тіркеуімен, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 21 сәуір 2016 жылы №68, 20 қазан 2016 жылы № 223 тіркеулерімен хаттар жазылған), бірақ облыстық басқармамен қаржы қайтарып алынбады;

    –         3,8  млн. теңге мемлекеттік қызметшілерге 30 пайыз жалақы төлеуге

    бөлінген қаржыдан ваканттық орындар болуынан үнемделді, (Облыстық қаржы басқармасына 22 тамыз 2016 жылы №2-21/213 тіркеуімен, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 21 сәуір 2016 жылы №68, 20 қазан 2016 жылы № 223 тіркеулерімен хаттар жазылған), бірақ облыстық басқармамен қаржы қайтарып алынбады;

    –         4,0  млн. теңге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды

    жоюға берілген қаржыдан (Смета жасалды. Заңға сәйкес сметада ҚҚС бірге есептелген, бірақ мердігерлердің ҚҚС төлеуші болып табылмауынан) үнемделді, (Облыс әкімдігінің №353 қаулысы 12 желтоқсанда шықты, қаржы бізге 15 желтоқсанда аударылды); Содан кейін өнім берушілермен келісім шарттар тіркеліп, атқарылған жұмыстардың қаражаттары аударылып берілді. Үнемделген қаржыларды қайтаруға уақыт жетпеді.

     

    –         11,8 млн. теңге жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша Қылышбай

    ауылындағы, Төлепбергенов көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы мемлекеттік сатып алу заңы бойынша конкурсқа екі мәрте салынды:

    Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурстардың нәтижесі қаржылық бақылау комитетінің  қарауымен өтпеді деп танылды.

    Конкурстар өтпеді деп танылуына байланысты ең төменгі баға ұсынысын берген өнім берушіні бір көзден сатып алу тәсілімен өткізу үшін шақырту берілгенімен өнім берушіден ұсыныс болған жоқ.

             Жергілікті бюджет қаражаты бойынша жоспардағы 4047,8 млн. теңгенің орнына 4044,7 млн. теңгеге немесе 99,9 пайызға атқарылды, игерілмегені 3,1 млн. теңге, себебі мемлекеттік сатып алу тәсілі бойынша өткізілген конкурстардан, мердігерлердің ҚҚС-н төлеушілер болып табылмауынан және ваканттық орындар қалыптасуынан үнемделген қаржылар болып отыр.

     

               Салыстырмалы түрде алсақ 2015 жылғы аудан бюджетінің орындалуы 99,3 пайызды құрап, 31,2 млн. теңге игерілмесе, 2016 жылғы аудан бюджетінің орындалуы 99,6 пайызды құрап, 23,9 млн. теңге игерілмей отыр, яғни пайызға шаққанда 0,3 пайызға артық орындалып, сомаға шаққанда 7,3 млн. теңгеге азайып отыр.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района