100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ауыл шаруашылығын бөлімі

    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ

    1. Ауыл шаруашылығы өнімі бойынша

    Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі 2018 жылдың 1 наурызына 565,1 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 % болды. Оның 565,1 млн. теңгесі мал шаруашылығы 0,0 млн. теңгесі өсімдік шаруашылығы үлесінде. (2017 жылы 557,1 млн. теңге, 557,1 мал шаруашылығы, 0,0 млн. теңге егін шаруашылығы)

    Есепті кезеңде 8146 центнер ет, 102,0 % (2017 жылы 7981 цн. ет), 5005 центнер сүт, 100,1 % (2017 жылы 4948 цн. сүт), 42,0 мың дана жұмыртқа, 102,4 % (2017 жылы 41,0 мың дана жұмыртқа) өндірілген.

     

     

     №

                  

                Атаулары

     

           2017  жылдың

     2 айы ( млн. теңге )

       

             2018  жылдың

     2 айы ( млн. теңге )

           2018 жылдың

    2 айын 2017 жылмен  салыстырғанда

         +, –        %
    1  Ауылшаруашылық

     өнімдері

    557,1 565,1 +8 101,4
     
     2  Мал  шаруашылығы 557,1 565,1 +8 101,4
     3  Егін  шаруашылығы

     

    Мал басы.

     

     

     №

                  

                Атаулары

     

           2017  жылдың

    2 айы ( мың  бас )

       

             2018  жылдың

      2 айы (  мың.  бас )

          2018 жылдың

    2 айын 2017 жылмен  салыстырғанда

    +, – %
    1  Мүйізді  ірі  қара 29663 31977 +2314 107,8
    2  Қой – ешкі 150423 151119 +696 100,4
    3  Жылқы 7501 7327 -174 97,6
    4  Түйе 1002 1122 +120 111,9
    5  Үй  құстары 24310 24335 +25 100,1
    6  Ет          (цн) 7981 8146 +165 102,0
    7  Сүт        (цн) 4948 5005 +57 101,1
    8  Жұмыртқа   (мың. дана) 41,0 42,0 +1000 102,4
    9 Жүн        (цн)

     

    1. Егін шаруашылығы бойынша

    Аудан көлемінде  жер балансы бойынша Мойынқұм ауданы аумағындағы Шу өзені бойына орналасқан ауылдық округтердің есебінде 8886 гектар суармалы жерлер бар. Осы жерлердің 466 гектары үй іргесіндегі жерлер болса, 7394 гектары шаруа қожалықтарында, 479 гектары заңды тұлғаларға және 14 гектар орман шаруашылығына бекітіліп берілген жерлер, қалған 533 гектары  ауданның босалқы жер қорын құрайды.

    Биылғы 2018 жылдың өніміне көктемгі егіс науқанына аудан бойынша 4176  гектар суармалы егістік жерлерде жүргізу көзделініп отыр. Атап айтқанда 880 гектарға дәнді дақылдар, оның ішінде 250 гектар арпа, 240 гектар дәндік жүгері, 390 гектар тары, 89 гектарға күнбағыс, 130 гектарға картоп, 227 гектарға көкөніс, 400 гектарға бақша, сол сияқты 2450 гектарға жемдік дақыл жоңышқа орналастырылмақ, яғни шаруа қожалықтарына тиесілі суғармалы жер қорының 56 % игерілуде.  

    Аудан тауар өндірушілері осы  алқаптарға  арнап 45,0 тн арпа, 4,8 тн жүгері, 5,8 тн тары, 1,3 тн күнбағыс, 2,6 тн бақша 6,6 тн жоңышқа тұқымдарын қажет болса, алдын ала жасалынған келісімге сай егіс жұмысы басталар алдында Алматы, Тараз қалаларынан және көрші аудан шаруашылықтарынан сатып әкеледі. Бүгінгі таңға керекті және қолда бар тұқым түрімен толық қамтылуда.

     

    Мойынқұм ауданы бойынша 2018 жылға  ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырылуы  (индикативті жоспар)

    (гектар)

    Р/с Ауылшаруашылық

    дақылдар

    2017 жыл

    (нақты)

     

    2018 жылға болжамды егіс көлемі
    1 Барлық егіс көлемі 3934 4176
    оның ішінде
    2 Дәнді дақылдар-барлығы 660 880
    онан жаздық арпа 100 250
    дәндік жүгері 220 240
    тары 340 390
    3 Майлы дақылдар 34 89
    оның ішінде күнбағыс 34 89
    4 Картоп 120 130
    5 Көкөніс 180 227
    6 Бақша дақылдары 360 400
    7 Жемдік дақыл -жоңышқа 2580 2450
    онан осы жылы егілетіні 460 300
    2-4 жастағылары 2120 2150

     

    1. Мал шаруашылығы бойынша

    Биылғы 2018 жылдың 1 наурызына мүйізді ірі қара малы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2314 басқа көбейіп 31977  басты, 107,8 %  (2017 жылы 29663 бас МІҚ), қой-ешкі 696 басқа көбейіп 151119 басты, 100,4 % (2017 жылы 150423 бас қой-ешкі), жылқы 174 басқа азайып 7327 басты, 97,6 % (2017 жылы 7501 бас жылқы), түйе 120 басқа көбейіп 1122 басты 111,9 % (2017 жылы 1002 бас түйе), үй құстары 25 басқа көбейіп 24335 мың басты, 100,1 % (2017 жылы 24310 мың бас үй құстары) құраған.

    «Меркі ет комбинаты» ЖШС – на Мойынқұм ауданы бойынша  2018 жылдың 19 қаңтарында «Тоғжан» шаруа қожалығы жетекшісі Тілеубаев Біржан 11 – 12 айлық 15 кг. 401 бас тоқты 15 мың теңгеден жалпы салмағы 6015 кг. тоқты еті өткізілді.

    1. Жаңа жоба бойынша                                                

    Мойынқұм ауданы бойынша инвестиция тарту барысында «Агрофирма Түрікпен» ЖШС- ның барлық жер көлемі  64317,48 га оның ішінде жайылымдық 59429,66 га, шабындығы 4888,18 га жер рәсімдеп, жылқы және мүйізді ірі қара малын сатып алуға  «Аграрлық несие корпарациясы» арқылы   және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдап мал шаруашылығын өркендетумен айналысуда. Биылғы  2018 жылға 5500 бас мүйізді ірі қара  малы (Қалмақ тұқымы)  әкелінеді деп жоспарлануда.

    Бүгінгі таңға салынатын 35 қашардың 35-нің құрылысы толық айақталып, жайлымдарды суландыру бойынша 12 құдық қазылды.

    Малшылар тұратын екі басты 41 үйдің 40-і бітіп, 1–нің құрылысы жүргізілуде. Жоғарыда айтылған құрылыс нысандарының 6 қашар мен 6 үй Жамбыл ауылдық округінің аймағында, қалған 23 мал қораларымен, тұрғын үйдің құрылыстары Қарабөгет, Ұланбел ауылдық округінің аймағында, қалған 12-сі Ақсүйек ауылдық округінің аймағында (Бескөл) салынды. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстарына жеке қаражатарынан 660 млн тенге жұмсалды.

    Қосымша 2018 жылдары 5 мал қора, 5 үй және аудан орталығынан кеңсе, малшының балаларына интернат салынады деп жоспарлануда. Бұл құрылыс жұмыстарына 100 адам және 12 техника жұмылдырылуда және 2 Уаз, 2 НИВА автокөліктері бар. Сонымен қатар бүгінгі таңға 8 құдық тазаланып, 12 құдық қазылды және «АгроФирма Түрікпен» ЖШС – і 3 дана мал таситын тіркеме, 4 дана камаз, 5 дана МТЗ-82 трактор және 10 дана тырма, шөп шалғысы, шөп жинауыш-пресс, шөп тиеуіш-маялағыш  сатып алынады.

    Былтырғы жылдан бері ауданға ірі шаруашылық болып келген «Мойынқұм Аткорм» ЖШС мал шаруашылығын дамыту бағытында Кеңес ауылдық округі аймағынан 126 гектар жерге 20000 бас ұсақ қара малына (қой) бордақылау алаңының құрылысын және  Кіші-Қамқалы ауылынан 3000 бас МІҚ малына арналған бордақылау алаңының құрылысы бастау көзделіп отыр.

    «Мойынқұм Агро» ЖШС-і мал шаруашылығын дамыту бағытында тиісті 14712 га жайылымдық, 457 га суармалы жерлерін алып 2018 жылға 500 бас асыл тұқымды етті бағыта мүиізді ірі қара малын және сүтті бағытта бірнеше бас мүйізді ірі қара малын әкеліп сүт өнімдерін өндіруді де қолға алмақшы және алдағы кезеңде ұсақ шаруа қожалықтарын маңайына біріктіру жоспарлануда.

    Сонымен қатар  2016 жылы «Мойынқұм Асылтұқым» ЖШС –ін құрылып  403 бас «Қалмақ» асылтұқымды мүиізді ірі қара малы әкелінді. Бүгінгі таңға 2018 жылға «Мойынкум Агро», «Агрофирма Мойынқұм Откорм» және «Агрофирма Түрікпен», «Мойынқұм Асылтұқым» ЖШС – лары бойынша 79155,84 га жер алып статистикалық мәлімет бойынша 5950 бас мүйізді ірі қара оның ішінде

    258 бас Ақ бас тұқымы,

    37 бас Аулиекөл тұқымы,

    105 бас Герефорд тұқымы,

    5215 бас Қалмақ тұқымы,

    335 бас Шаруа қара малы.

    Жылқы малы бойынша 711 бас, асыл тұқымды жабы жылқы.

    Ұсақ қара малы бойынша (қой) 1206 бас малдарын  әкелді.

    Бүгінг таңға 5950 бас МІҚ,  1206 бас қой,  711 бас жылқы.

    1. Шаруашылықтарды ірілендіру бойынша

    Аудандағы шаруа қожалықтарының барлығының суармалы жерлері 50 гектарға жетпейтін болғандықтан ұсақ шаруашылықтар  қатарында.

    Ауылдық тұтыну кооперативтерінің (АТК) майда шаруа қожалықтарымен                                                         салыстырғандағы артықшылықтары; 1. Жер пайдалануда ауыспалы егістік жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. 2. Лизинг негізінде техника алуға болады. 3. Несиелер алуға мүмкіндіктері жоғары болады. 4. Жалпы өндірген өнім көбейіп өзіндік құнын төмендеп пайдасы артады. 5. Қайтарымды болатындықтан инвестиция тартуға болады. 6. Өнім өңдеу цехтарын ашып, дайын өнім шығаруға болады. 7. Ғылыми негізде шаруашылықты жүргізіп, ауыспалы егісті енгізіп, пармен жұмыс істеп, жерге минералды тыңайтқыштар беріп, мол өнім алуға қол жеткізуге болады. 8. Мемлекет тарапынан қөрсетілген көмектерді толық пайдалануға мүмкіндік береді: – Минералды тыңайтқыштар дотациясы 50 пайыз, – Су пайдалану субсидиясы 40 пайыз, – Элита тұқымының дотациясы 40 пайыз, Тұқым дәрілегіш химикаттар дотациясы 40 пайыз. 9. Мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туады. 10. Диверсификация (басқа да тиімді, пайдалы дақылдарды егуге болады) 11. Жоғарғы сапалы халықаралық стандартқа сай өнім өңдеуге болады.

     

    Мойынқұм ауданы бойынша 2016 жылы үш ауыл шаруашылығық кооперативі құрылды және 2017 жылы екі кооператив құрылды.

    1. «Талды-Өзек» АӨК жетекшісі: Исабеков Шаймерден Әмреқұлұлы.
    2. «Бірлік – Агро Көктерек» АӨК жетекшісі: Жақсыбаев Данияр Мадиярұлы.
    3. «Биназар Агро» АӨК: жетекшісі Атаев Қамбар.
    4. «Бірлік» АӨК жетекшісі Салиев Еркежан.
    5. «М Көркей» АӨК жетекшісі Шарипбаев Мұратхан

    Бүгінгі таңға бұл кооперативтер ұсақ шаруа қожалықтарды және жеке қосалқы шаруашылықтарды өздеріне біріктіру жөнінде және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға» арналған бағдарламасы арқылы несие алып бордақылау алаңдарына мал қойып ет өткізуге жұмыстар жүргізу және сүт қабылдайтын танкер орнатуға ниет білдіруде. Қосымша осы 2018 жылға 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу жоспарда. Атап айтқанда Кеңес, Қылышбай ауылдық округтерінде.

     

    1. Жаңа технология енгізу жұмыстары бойынша тамшылатып суару

    Ауылшаруашылығы өнімі көлемін арттыру мақсатында тамшылатып суару тәсілін кеңінен қолданудың мәні мен маңызы жайлы тауар өндірушілер арасында ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылғы 2018 Биназар ауылында «Биназар Агро» кооперативы 5 га жерге жылыжай салып және алма ағаштарын егіп тамшылатып суару тәсілін пайдалану жоспарлануда. Сонымен бірге су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізуде тәжірибесі мол Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Мойынқұм ауданының құрметті азаматы Саурықов Ерболат Байзақұлыда ауданнан жер алып  тамшылатып суғару технологиясымен 0,5 га жерге жылы жай салуға жұмыс жүргізуде.  Сондай ақ бүгінгі таңға  аудан көлемінде  есепке алынып тіркеуден өтпеген, алайда жұмыс істеп тұрған 2 жылыжай бар. Атап айтқанда Бірлік ауылында жеке кәсіпкер Мадияров Еркін, Кеңес ауылынан «Ақниет» шаруа қожалығы Алдабергенов Ниетбек. Сонымен қатар аудан көлемінде  есепке алынып тіркеуден өтпеген, алайда жұмыс істеп тұрған 6 шағын бордақылау аландары бар.  Қосымша Бірлік ауылының «Керім» шаруа қожалығының жетекшісі Жақсыбаев Мадияр өз қаражаты есебінен  жалпы аумағы 760 м2 жерге жылыжай құрлысын жүргізуде. Сонымен бірге су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізуде тәжірибесі мол Меркі, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарының ірі шаруашылықтарынан ауданнан жер алып осы технологиямен жұмыс жасау жайлы ұсыныстар жасалды.

                      

    1. Тұқым шаруашылығы бойынша

    Аудан көлемінде тұқым шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтар жоқ. Қожалықтар алған өнімдерін ішкі қажеттіліктеріне және жем ретінде пайдаланады да, қажет тұқымды Шу, Қордай т.б. көрші  аудандардың тұқым өндіретін шаруашылықтарынан сатып алады.

     

    1. Суармалы су жайлы (каналдар, шешуді қажет ететін мәселелер алынатын су т.с.с).

    Аудан тауар өндірушілерін егін сумен қамтамасыз ететін 12 шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық каналдар бар. Бүгінгі таңға ауданға «Тасөткел» қоймадан шыққан 111 м3/сек су келуде. Ауданда су шаруашылығымен айналысатын арнайы мекеменің болмауының әсерінен суару маусымы кезінде Тасөткел су қоймасы басшылығымен арада қажетті су жөнінде келіспеушіліктер орын алып тұрады. Қазіргі таңда осы су көлемі шаруа қожалықтарының шабындықтар мен жайылымдықтарына жіберілуде. Аудан аумағында тіркелген су қоймалары жоқ болғандықтан аудан  тауарөндірушілерін егін сумен қамтамасыз ету мақсатында, округтерге егін суын шығаратын «Биназар», «Байбарақ», «Ақиық», «Күшаман», «Алайғыр»  тоғандарының сағаларынан Шу өзеніне тоспалар орнатылып егін суы берілетін. Егін суын жеткізуге арналған  каналдардың 10-ы ауылдық округтердің иелігінде.

    2017 жылдың 4.10.2017 жылы «Байбарақ», «Күшаман», «Алайғыр», «Ақиық» каналдарының көмейлері топырақпен байланып, жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да «Биназар» магистралды каналына су шығару үшін, каналдағы қашыртқыға салынған бөренелер алынып, суды реттеп отыруға арналған 5 гидротехникалық құрылғы ашылып, «Биназар» каналына түсетін су Шу өзенінің арнасына құйылды, ауылдық округ әкімдері тарапынан  тәуліктік  кезекшіліктер ұйымдастырылды.

    1. Мойынқұм ауданы бойынша

    су шаруашылығына керекті мәселелер

    1. Биназар, Бірлік тоғандарын комуналдық меншік есебінен қайтару,
    2. Биназар тоғаны бастау алатын Шу өзенінің бойына гидросоружение салу,
    3. Биназар тоғаны бойындағы 8 дана шлюз қақпақтарын жөндеу, Шу өзеніне түсетін  қашыртқыға 2  дана  қақпақ  орнату,
    4. Биназар тоғанынан бастау алатын Коминтерін тоғанындағы  2  қақпақты  қалпына келтіру,
    5. Бірлік тоғаныың бойына 2 жерден шлюз салу,
    6. Бірлік ауылындағы ішкі тоғанды тазалу (3 км ),
    7. Шу өзенінен бастау алатын Байбарақ тоғанына екі қақпақты шлюз және қашыртқы  орнату,
    8. Байбарақ тоғанынан бастау алатын Көкжелек тоғанының маңындағы  6  дана  қақпақты  қалпына  келтіріп, жөндеу, А.Назарбеков ауылына шығатын жлюз салу,
    9. Шу өзенінен бастау алатын Күшаман тоғанына  шлюз  орнату  және  қашыртқы  салу,
    10. Шу өзенінен бастау алатын Алайғыр тоғанына шлюз орнату және  қашыртқы  салу,
    11. 11. Шу өзенінен бастау  алатын Ақйық тоғанына 4 дана шлюз  орнату  және  20  км  қайыр-құмнан  тазалу,
    12. Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сары-өзек ауылдарына баратын Мойынқұм су торабынан  шығатын  айналма  каналынынң  бойына  Қылышбай  ауылына    екі  қақпақты қашыртқы  салу,
    13. Шу өзенінің  бойына салынған Радай гидроқұрылғыны қалпына келтіріп қайта салу,
    14. Мойынқұм су торабының қақпақтарын жөндеу.

     

    Мойынқұм ауданы бойынша

    Шу өзенінен ағын су алатын каналдар жайлы

     

    р/с

     

    Каналдың атауы

     

    Каналдың егесі

    Пайдалануға берілген жылы Ұзындығы, шақырым Канал бойын- дағы суарма- лы алқап, га Каналдың су өткізу қабіле- ті м3/сек Төл құжаттарының туралы мәлімет
    1 Биназар Су-Жер ЖШС-і 1956 19,6 16 Бар
    2 Тоқсейіт Кеңес а/о 1958 15,8 886 3 Бар
    3 Сануй Кеңес а/о 1966 5,3 432 2 Бар
    4 Богдан Кеңес а/о 1966 8,3 609 2 Бар
    5 Бірлік Су-Жер ЖШС-і 1966 19,8 928 3,5 Бар
    6 Коминтерн Биназар а/о 1969 19,6 1347 3,5 Бар
    7 Оңғарбай Бірлік а/о 1968 20,5 902 3,5 Бар
    8 Байбарақ Қызылтал а/о 2005 13,8 626 5 Бар
    9 Көкжелек Қызылтал а/о 1961 28,2 966 3 Бар
    10 Күшаман Күшаман а/о 1961 15,9 522 3 Бар
    11 Алайғыр Жамбыл а/о 1950 26 394 3 Бар
    12 Ақиық Мойынқұм а/о 1949 30 1195 3 Бар
    13 Радай өзегіне орна тылған гидроқұры лғы Мойынқұм а/о  

    2014

    Мойынқұм ауылынан Ұланбел округіне дей інгі жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыруды реттеуге арналған
    Аудан бойынша     222,7 8807 34,5 11

     

    1. Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша

     

    Ауданның  ауыл шаруашылығы құрылымдарында  бүгінгі таңда 273 дана әртүрлі тракторлар, 297 дана трактор тіркемелері, 110 дана тісті тырма, 34 дана трактор соқалары, 36 дана шөп шалғысы, 27 дана шөп тырмасы, 12 дана шөп жинауыш-пресс, 2 дана жатка, 36 дана шөп тиеуіш-маялағыш  бар.

    2017 жылға 3 дана МТЗ – 80 тракторы нақты қаражатқа сатып алынды және 3 дана МТЗ – 80 тракторы лизингке алынды, қосымша осы жыл шаруа қожалықтары 15 дана тракторға және тіркемелеріне «Аграрлық несие корпарациясы» арқылы өтініш беріп отыр және «АгроФирма Түрікпен» ЖШС – і 3 дана мал таситын тіркеме, 4 дана камаз, 5 дана МТЗ-82 трактор және 10 дана тырма, шөп шалғысы, шөп жинауыш-пресс, шөп тиеуіш-маялағыш  сатып алу жоспарлануда.

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде тіркелген  ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларының тізімі

    01.03.2018.ж

    Р/с Техникалар атауы 20

    08ж

     

    20

    09ж

    20

    10ж

    20

    11ж

    20

    12ж

    20

    13ж

    20

    14ж

    20

    15ж

    20

    16ж

     

    20

    17ж

    2008-2017жылдар

    аралығындағы

    1970ж/2004ж

    аралығындағы тіркелген техникалар

    Барлы

    ғы

    Аудан бойынша барлық техникалар   662
    1 Тракторлардың барлық түрлері  

     

      295  
    Оның ішінде доңғалақтылары 6

     

    2 1 1 4 9 6 5 6 40 233 273
    Шынжыр табандылары  

     

      22 22
    2 Жем-шөп жинайтын комбайындар  

     

     

     

     

    3

     

    3

    3 Жол құрылыс техникасы  

    14

     

    1

     

    2

     

    3

     

    1

     

    13

     

    5

     

    7

     

    4

     

    50

     

    17

     

    67

    4 Трактор тіркемелері 1 6 3 10 287 297
    5 Трактор соқалары   34 34
    6 Культиваторлар   1 1
    7 Тісті тырмалар   110 110
    8 Дән сепкіш 2 2
    9 Жинауыш прес 12 12
    10 Шөп шалғысы 36 36
    11 Шөп тырмасы 27 27
    12 Шөп тайлағыш 9 9
    13 Жаткалар 2 2

     

     

    Мойынқұм ауданы бойынш тауда, жайлауда отырған

    шару қожалықтары туралы мәлімет.

     

    1.Ұланбел ауылы бойынша 6 шаруа қожалығы 601 бас міқ, 4911 бас қой-ешкі, 189 бас жылқы, 42 бас түйе. (май төккен, шайтан сиген, түлкілі, жайлы бұлақ)

    1. 2. Мойынқұм ауылы бойынша 9 шаруа қожалығы 1596 бас міқ, 12156 бас қой-ешкі, 589 бас жылқы, 32 бас түйе. (айша, үш көпір, маяк, басқарбай, жел сай)
    2. Жамбыл ауылы бойынша 9 шаруа қожалығы 1152 бас міқ, 5321 бас қой-ешкі, 262 бас жылқы, 66 бас түие. (батырбек, № 41, ынталы, наума, жалғыз көз)
    3. Қүшаман ауылы бойынша 8 шаруа қожалығы 301 бас міқ, 2612 бас қой-ешкі, 29 бас жылқы, 5 бас түйе. (хантаудың етегі)
    4. Бірлік ауылы бойынша 16 шаруа қожалығы 1865 бас міқ, 4132 бас қой-ешкі, 318 бас жылқы, 1 бас түйе. (Хантау)
    5. Кеңес ауылы бойынша 18 шаруа қожалығы 1625 бас міқ, 3211 бас қой-ешкі, 296 бас жылқы, 38 бас түйе. (Хантау)
    6. Биназар ауылы бойынша 12 шаруа қожалығы 986 бас міқ, 2689 бас қой-ешкі, 212 бас жылқы, 9 бас түйе. (Хантау)
    7. 8. Аудан бойынша барлығы 78 шаруа қожалығы бойынша 8126 бас міқ, 35032 бас қой-ешкі, 1895 бас жылқы, 193 бас түйе.

    Бүгінгі таңға жайлаудағы төрт түлік малдар толығымен қыстау бастарына  көшірілді.

     «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша  2018 жылға  70 маманға 11 млн 898 мың  теңге көтерме жәрдем ақыға, 25 маманға 91 млн 50 мың тенге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бөлінді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района