Білім бөлімі

Білім   саласы бойынша 3 айда атқарылған   жұмыстар

1.Орта білім беретін мектептер:

2017-2018 оқу жылында  ауданда  21 орта, 2 негізгі, 2  бастауыш мектеп жұмыс істейді, сонымен қатар «Балалар мен жасөспірімдер» орталығы, «Балалар саз мектебі», «Өнер және қосымша білім беру» мектебі, «Техникалық шығармашылық» орталығы ,«Аула клубы», педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, 15 балабақша  мен 7 шағын орталық білім алушыларға қызмет көрсетуде.

2018 жылы аудан бойынша барлығы  993 мұғалім қызмет атқаруда. Оның 217-і (21,1%) жоғары санатты, 250-і ( 25,1%) бірінші санатты, 244-і (24,5%) екінші санатты, 282-і (28,3 %) санаты жоқ ұстаздар

2018 жылдың қаңтар айында 1 орынға ие болған 17 оқушы  облыстық олимпиадаға қатысып,  құқық пәнінен  С,Сейфуллин о.м  11 сынып оқушысы А.Сарыбаева / пән.мұғ. А.Аймаханова/, Жамбыл м/г 10 сынып оқушысы биология пәнінен Охас Назерке /пән.мұғ. Б.Омарова/ , 9 сынып оқушысы Сәбит Абзал география пәнінен /пән мұғ. Ә.Оразалиева/, Ә.Төлепбергенов о,м 9 сынып оқушысы Маратқызы Еңлік / пән мұғ. А.Жанысбаева/ 4 оқушы  3-ші  орынға ие болса, биология пәнінен    Б.Момышұлы о.м 10 сынып оқушысы Мақсұт Ақбота /пән мұғ Қ,Құттыбаева/ алғыс хатқа ие болды.

2017-2018 оқу жылында үйден оқытылатын балалар саны-29. Олар Амангелді орта мектебінде 1, О.Жандосов орта мектебінде 2, Т.Рысқұлов орта мектебінде 1, Ленин орта мектебінде 2, Қ.Рысқұлбеков орта мектебінде 2, Шығанақ орта мектебінде 2, К.Қасымов орта мектебінде 1, Абай орта мектебінде 4, Мынарал орта мектебінде 1, Жамбыл мектеп-гимназиясында 8, Ә.Төлепбергенов орта мектебінде 2, М.Жұмабаев о.м-3, Бурылбайт8Bнда 2170 бала бар болса, оның 1994-і яғни 89,9%-ы мектепке дейінгі білім мекемелеріне қамтылған. 176 бала қамтылмаған. Оның 80 кезекке тұрған.

0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 265.

3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 80.

                          III. Мектептен тыс мекемелер

Аудан бойынша 5 қосымша білім беру мекемелері бар (балалар мен жасөспірімдер орталығы,Техникалық шығармашылық орталығы, Балалар саз мектебі, «Өнер және қосымша білім беру» мектебі, «Аула» клубы).

Жалпы қосымша білімнің барлық түрімен қамтылған оқушылар –5063, 87,2 %

2016-2017 оқу жылында 4063 бала, 70,8 %  құрады.

      Мектеп оқушыларының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы

Ауданда 23 мектепте асхана бар, оның 20 типтік асхана болса, 3-еуі ыңғайластырылған асхана. (Қ.Сәтпаев ом, А.Байтұрсынов ом, Ағыбай батыр н.м.). Аудандағы 25 мектептің 23-де ыстық тамақ (асхана), 2 бастауыш мектепте  (Бурылбайтал  б/м, Қашқантеңіз б/м) буфеттік тағам ұйымдастырылған.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптар арасында 2625 бала және аз қамтылған 230 бала  ыстық тамақпен қамтылуда.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00