Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2016 жылдың

12- айында атқарылған жұмысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

Аудандағы спорт нысандары мен спорт мамандары бойынша:

         Ауданда бүгінгі күні барлығы – 105 спорт нысандары  аудан тұрғындары үшін қызмет көрсетеді: 1 – спорт кешені, 1 – орталық стадион, 27 – спорт залдар, 76 – спорт алаңдары (жазықтықтағы құрылғылар кестесі қоса тіркеледі).

Ауданда қазіргі таңда дене тәрбиесі мен спорт саласында барлығы 106 маман еңбек етеді. Атап айтқанда, 24-і аудандық спорт мектебінде, 1-Мойынқұм колледжінде, 64-і жалпы білім беретін орта мектептерде, 9- аула клубында, 3- аудан әкімдігінің спорт бөлімінде және ауыл әкімдіктерінде 5-спорт әдіскерлері жұмыс істейді. Ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны салыстырмалы түрде 2015 жылы 8158 адамды немесе аудан халқының 24,8% құраса, 2016 жылдың 11 айының, қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 26,6% немесе 8742 адам спортпен тұрақты айналысуда.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі бойынша:

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19-шы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2016-2017 жаңа оқу жылында барлығы 24 жаттықтырушы, 597 спортшы атап айтсақ, қазақ күресінде 9 жаттықтырушы 238 спортшы, еркін күресте 2 жаттықтырушы 78 спортшы, бокс бөлімінде 2 жаттықтырушы 35 спортшы, волейбол бөлімінде 5 жаттықтырушы 117 спортшы, баскетбол бөлімінде 2 жаттықтырушы 27 спортшы, футбол бөлімінде 1 жаттықтырушы 44 спортшы, тоғызқұмалақ бөлімінде 1 жаттықтырушы 14 спортшы, дзюдо бөлімінде 1 жаттықтырушы 28 спортшы, асық ату бөлімінде 1 жаттықтырушы 16 спортшымен жүйелі түрде шұғылданады.

Спортшыларымыз Республикалық, облыстық және ауданаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде.

  • Атап айтсақ қазақ күресінен: Зарықбай Сұлтан, Малдыбай Сыпатай, Ержан Ерғали, Бекпенбетов Ринат, Орманбай Нұрислам, Орманбай Әлфараби, Тұрғанғали Береке, Теңізбай Жандос, Давыдов Нәби.
  • Еркін күрестен: Нұрғалиев Инар, Серік Сардар, Мұрат Нұрахмет, Анарбек Саян, Тұрсын Санжар, Асылхан Мәди
  • бокс бөлімінен: Сатыбалды Бекзат, Айдархан Нұрғазы, Нұрқасым Нұрбол, Аманбай Әділет, Төлеухан Олжабас, Сатыбалды Айбек т.б. спортшыларымыз жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп интернатында: Тұрсын Санжар, Қожамұрат Ағыбай, Сейтбекұлы Саян, Амангелді Елдар, Мұхтар Бекарыс, Қамқабек Диас, Оңалбай Жұмадулла, Тұрғанғали Дәулет, Сабырхан Мейірман, Сатыбалды Айбек есімді спортшылар дәріс алуда.

№19 спорт мектебінің аудан көлемінде Мойынқұм, Жамбыл, Биназар, Кеңес, Шығанақ, Бірлік, Көкжелек, Құмөзек, Күшаман, Қылышбай, елді мекендерінде спорт үйірмелері жұмыс істейді.

 

Спорт секциялары және спорт түрлері бойынша бөлімшелер

Спорттың 9 түрі: Бокс, қазақша күрес, еркін күрес, дзюдо,

         баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату

Ауылдық аймақтар Спорт түрі
1 Бірлік Бокс
Қазақша күрес
2 Кеңес Волейбол
Баскетбол
3 Биназар Қазақша күрес
Баскетбол
4 Шығанақ Қазақша күрес
Тоғыз құмалақ
5 Көкжелек Қазақша күрес
Дзюдо
6 Мойынқұм Футбол
Волейбол
Баскетбол
Қазақша күрес
Еркін күрес
Асық ату
7 Қылышбай Бокс
8 Күшаман Қазақша күрес
9 Құмөзек Қазақша күрес
10 Жамбыл Воллейбол

 

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша:

Бүгінгі таңда аудан бойынша күрестен спорт шеберлігіне үміткер 2-спортшыға (Зарықбай Сұлтан, Тұрғанғали Береке), бокстан 1-ші жасөспірім разрядындағы спортшы санаты 3-спортшыға (Әміреқұл Мұхтар Шәкірұлы, Әбдіғұлов Әділет Бақтыбекұлы, Мейрам Болашақ) берілсе, 4-жаттықтырушы мен 1-спорт әдіскеріне біліктілігі жоғары 2-ші санатты жаттықтырушы және әдіскері санаты берілді.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011–2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бойынша:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін Қазақстан халқының кем дегенде 30%-ын бұқаралық спортқа тарту міндетін белгілеуі, дене шынықтыру мен спорттың адам өміріне деген маңызын барынша күшейтіп отырғандығы белгілі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011–2016 жылдарға салалық бағдарламасында 2020 жылға қарай  азаматтарды 30%-ға жеткізу мақсатында ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың саны:

2011жылы – 5950 адам немесес18,5%,

2012 жылы – 6296 адам немесе 19,5 %,

2013 жылы – 6585 адам немесе 20,5 %,

2014 жылы – 7562 адам немесе 23,1%,

2015 жылы – 8158 адам немесе 24,8 %

2016 жылы 8742 немесе 26,6%- құрап отыр.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да дене шынықтыру және спортқа тарту мақсатында бөлімнің іс-шара,жоспарына сәйкес,  жарыстар ұйымдастырлып тұрады. Олардың саны да жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы 2012 жылы 590 адамның 12 –і спортқа тартылып барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 2%-құраса, 2016 жылы 710 адамның  22 –сі спортқа тартылып, олар  3,0 % құрап отыр.

2016 жылы бөлім тарапынан өткізілген бұқаралық спорттық іс-шаралар бойынша:         

Бөлім тарапынан 2016 жылы 43 спорттық іс-шара жоспарланса, бүгінгі таңға іс-шаралардың барлығы толығымен орындалды.

Осы мақсатта 2016 жылы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің іс–шара жоспарына аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорт ойындарын жандандыру сияқты маңызды салалар бойынша іс – шаралар көптеп енгізілді.

Атап айтар болсақ, 2016 жылдың ақпанның 17 – 22 аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысының Көкжелек, Биназар, Бірлік, Мойынқұм ауылдарында І –  кезеңінің іріктеу жарыстары өткізіліп, оған 231 балуан қатыстырылса, наурыз айының 29 күні Мойынқұм ауылында ІІ – кезеңінің іріктеу жарысының аудандық турнирі өткізіліп оған 45 балуан қатысты. Жарыс 8 салмақ  дәрежесі бойынша өтіп, жүлделі орын алған спортшылар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт  бөлімінің дипломдары және медальдарымен марапатталды. Ережеге сәйкес, түйе балуан жарысына 8 спортшы қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысының ІІІ – кезеңіне жолдама алу үшін күресті. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Ерболұлы Абай, ІІ- орынды Әділбеков Бегімхан, ІІІ-орынды Исақ Нұрзат иеленді. Іріктеу жарысының ІІІ-кезеңіне Ерболұлы Абай мен Әділбеков Бегімхан жолдама алды. Жүлделі орын иеленген балуандар спорт бөлімінің диплом, медальдары, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай – ақ  үстіміздегі жылдың ақпан айының 12-13 күндері Интернационалист – жауынгер Қ.Бөлдешовті еске алуға арналған жыл сайынғы волейболдан аудандық турнирі, 25 наурызы күні 1999 – 2000 ж.т. волейболдан қыздар арасында облыстық турнирі №19 спорт мектебінің спорт залында өткізілді. Оған Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу және Мойынқұм аудандарынан 8 команда қатысып, кубокты сарапқа салды. Турнир қорытындысы бойынша ІІІ- орынды Шу қаласының № 30 спорт мектебінің волейболшы қыздары, ІІ- орынды Шу ауданының волейболшылары, І -орынды Мойынқұм ауданының №19 спорт мектебінің волейболшы қыздары иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер командалар мен үздік ойыншыларға дипломдар мен медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сәуір айының 18-20 аралығында Мойынқұм ауылы орталығында «көше», «аула» және «әкем, анам және мен спорттық жанұямыз» атты спорттық ойындардың іріктеу жарыстары ұйымдастырылып, аудан жеңімпаздары облыстық іріктеу жарыстарының финалына қатысты. 2016 жылдың мамыр айының 6-күні екі мәрте Еңбек Ері Ж.Қуанышбаевтың туылғанына 120 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен аудандық турнирі өткізіліп, оған 60-тан аса балуандар қатыстырылды. Жеңімпаздар аудан  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған дипломдары мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.       Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кіші футболдан аудандық турнирі өткізіліп, жеңімпаздар аудандық спорт бөлімінің дипломдары мен ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ 2016 жылдың маусым айының 21 күні «Астана» күні мерекесіне және Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагер спортшылардың аудандық спартакиадасы өткізілді. Оған 6 – ауылдық округтің командалары спорттың 5-түрінен қатысып, 1-орынды Мойынқұм, 2-орынды Жамбыл, 3-орынды Шығанақ ауылдық округінің командалары иеленді. 2016 жылдың шілде айының 28 күні «Спорт күні» мерекесіне орай волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өткізілді. Оған 7 – ауылдық округтің командалары қатысып, 1-орынды Құмөзек ауылы, 2-орынды орталық аурухана, 3-орынды Кеңес ауылдық округінің командасы иеленді. Сонымен бірге «Спорт күні»мерекесіне арналған спорттың 5 түрінен аудандық спартакиадасы (үстел теннисі, кір тасын көтеру, қол күрес, кіші футбол) өткізілсе, Конституция күні мерекесіне арналып, волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Тамыз айының 27 күні «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты велошеру өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай құрылған жүйелік кестеге және аудан әкімінің Мойынқұм ауданында мерекелеуге арналған аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың қыркүйек айында «Еңбек.Отбасы.Игілік» тақырыбында 13-16 күндері аралығында аудан бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас барыс» республикалық турниріне облыстық іріктеу турнирінің ауылдық, аудандық  I-II-III кезеңдері ұйымдастырылып, өткізілді.

2016 жылдың қазан айының 1 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік мұра» тақырыбында «Қарттар күні» мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар күні аясында шахматтан аудандық турнир өткізіліп аталған жарысқа 10 адам қатыстырылды. Жеңімпаздар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен мадақтама қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар қазан айының 13 күні аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19 БЖСМ спорт кешеңінде 2001-2002 ж.а  жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудандық турнир өткізіліп, жарысқа 7 команда барлығы 52 адам қатыстырылды. Қазан айының 20 күні  аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19 БЖСМ спорт кешеңінде 2001-2002 ж.а жасөспірім қыздар арасында баскетблдан аудандық турнир өткізіліп, аталған жарысқа 65 адам қатыстырылды.

2016 жылдың қараша айының 4 жұлдызында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Индустриялық-инновациялық Қазақстан» тақырыбында Мойынқұм ауылындағы «Атшабар» алаңында ұлттық спорт, ат бәйгесі және көкпардан аудандық жарыс өткізілді. Ат бәйгесіне Мойынқұм, Мерке, Шу, Т.Рысқұлов, Талас  аудандарынан жабандоздар қатыстырылса, көкпарға Мойынқұм ауданының ауылдық округтерінен жасақталған командалар қатыстырылды. Бәйгеден 1-ші орынды Т.Рысқұлов ауданының шабандозы, 2-ші орынды Шу ауданының шабандозы иеленсе, 3-ші орынды Жамбыл ауылдық округінен келген шабандоз иеленді. Жарыс жеңімпаздары Мойынқұм аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама қағаздары, кубоктарымен марапатталды.

Қараша айының 10 күні Биназар ауылдық округінің О.Жандосов атындағы орта мектебінің спорт залында 1999-2000 ж.а жасөспірімдер арасында басскетболдан аудандық жарыс өткізілді. Оған 5 команда, барлығы 42 спортшы қатысты. Жеңімпаздар Мойынқұм аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары және медальдарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» яғни, 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында 25 жұлдызды күн ішінде облыста өтетін шаралар тізбесі негізінде Қараша айының 30 күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм ауылының орталық алаңында жеңіл атлетикадан марафон өткізілді. Оған 47 адам қатыстырылып, марафонға қатысушылар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттармен марапатталды.

2016 жылдың 2 желтоқсан күні «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында №19 БЖСМ спорт кешенінде «Отбасы-бақыт мекені» спорттық ойындар өткізілді.  Іс-шараға 5 отбасы барлығы 20 адам қатыстырылып жеңіпаз отбасы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама қағазы, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлт саулығы» тақырыбында 2016 жылдың 3 желтоқсан күні орталық алаңда «Таңғы жаттығу» Республикалық  флеш моб өткізіліп, оған 40 адам қатыстырылды.

Сол күні №19 БЖСМ спорт кешенде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай және Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қ.Рысқұлбековты еске алуға арналған қазақ күресінен 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Турнирге Мойынқұм, Меркі, Шу аудандарының 85 жас палуандары қатыстырылып жеңіске жеткен палуандар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль, мадақтама қағазы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 14 желтоқсан күні 1999-2000 жыл аралығындағы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өткізіліп, турнирге 47 жас палуандар қатыстырылды.

15 желтоқсан күні Бірлік ауылдық әкімдігіндегі Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің спорт залында ауыл жастары арасында баскетбол өткізіліп оған 7 команда 42 спортшы қатыстырылды.

16 желтоқсан күні №19 БЖСМ спорт кешенінде волейболдан аудан мекемелерінің қызметкерлері арасында турнир өткізіліп, оған 52 спортшы қамтылған 7 команда  қатыстырылып, жеңіпаздар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль, кубоктармен марапатталды.

Ауданда өткізілген бұқаралық спорттық іс-шаралар аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бетінде жариялануда

Облыстық деңгейде өткізілетін жарыстарға команда жасақтау қатыстыру үшін және аудандық спорттық іс шарларды өткізуге бөлінген қаржының игерілуі бойынша:

2016 жылы аудан көлемінде спорттық іс-шаралар өткізу үшін жыл басынан 1000.0 теңге, облыстық деңгейде өткізілетін жарысқа ауданнан команда жасақтап, олардың қатысуын қамтамасыз ету үшін 2500.0 теңге, бұқаралық және ұлттық спорт дамыту мақсатында 1500.0 теңге бөлініп аталған қаржылар толық игерілді.

Бөлім тарапынан мұндай бұқаралық спорттық іс-шаралардыүйымдастырып, өткізу, алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00