Экономика бөлімі

АУДАННЫҢ  2016  ЖЫЛҒЫ 12 АЙДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Өнеркәсіп

         Өнеркәсіп саласы бойынша жалпы өнім көлемі 34242,4 млн. теңге болып, 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 111,1 % құрады.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген «Ақбақай филиалы» 2016 жылы 1610 кг алтын, 304 кг күміс өндірді.

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 2016 жылы 16954,3 млн. теңгеге 1342,0 мың тонна цемент өндірді. 2015 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өнім көлемі 100,1 пайызды құраған.

«Хантау цемент» зауыты 2015 жылдың қорытындысымен 2103,7 млн. теңгеге 191,3 мың тонна цемент өндірсе, 2016 жылдың қорытындысымен 2845,7 млн. теңгеге 271,0 мың тонна цемент өндірді.

«Мыңарал компаниясы» ЖШС-і 2016 жылдың қорытындысымен 155,1 млн. тегеге 615,7 тонна балық өнімін шығарып, өнім көлемі 2015 жылдың деңгейінен 3,3 есеге артты.

Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы

Ауданда 2015-2016 жж.аймақтық индустриалдық картасына жалпы сомасы 2542 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобалар жоспарланып, аймақтық индустриалдық қартаға енгізілді, олар:

Мирный ауылында Шолпан станциясында «Казгранит» ЖШС. Жобаның құны 200,0 млн. теңге, жобаның жылдық қуаты – 30 000 кв.метр брусчатка, 6000 кв.метр гранит блоктарын шығару.

Ақсүйек ауылында орналасқан  «Ер – тай» ЖШС. Жобаның құны 1,2 млрд. теңге, жобаның жылдық қуаты 18,0 мың тонна мырыш және қорғасын концентратын өндеу.

Мыңарал ауылдық округіндегі Қашкантеңіз ауылында орналасатын  «Тенардит» ЖШС. Жобаның жалпы құны 890,0 млн. теңге, жылдық қуаты 5,0 мың тонна товарлық сульфат натрия және 20,0 мың тонна иодталған тұз шығару.

Бұл жобалар 2017-2019 жылдары іске қосылады деп жоспарланса, 2016 жылы Мирный ауылдық округінде орналасқан «Оргстрой» ЖШС гранитті өндіру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану тәсілдерін қолдануды жүзеге асыру жобасын ұсынды. Жоба құны 252,0 млн. теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын аудан көлемінде 17 жылдан бері жұмыс жасап келеді, егер 2015 жылға дейін кәсіпорын тек гранитті өндіру жұмыстарымен айналысса, 2015 жылдан гранитті өндеумен айналысып, бордюр, плита, поребрик сияқты құрылыс материалдарын шығаруды бастады.

Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі 2017 жылдың 1 қаңтарына 4204,6 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,9 % болды. Оның 3294,2 млн. теңгесі мал шаруашылығы, 910,4 млн. теңгесі өсімдік шаруашылығы үлесінде.

Есепті кезеңде 38139 центнер ет, 80002 центнер сүт, 1384,0 мың дана жұмыртқа өндірілген.

2016 жылдың қорытындысымен мүйізді ірі қара малы 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 мың басқа көбейіп 28,7 мың басты, қой-ешкі 6,7 мың басқа көбейіп 144,7 мың басты, жылқы 0,5 мың басқа көбейіп 7,3 мың басты, түйе 11 басқа көбейіп 989 басты және үй құстары 24,3 мың басты құраған.

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 45,8 млн теңгеге 257 бас сиыр, 13 бас бұқалар сатып алса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы 59,6 млн тенгеге 2443 бас қой малын алған. «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 15,0 млн. теңгеге 80 бас жылқы малын сатып алған.

Мойынқұм ауданы бойынша инвестиция тарту барысында «Агрофирма Түрікпен» ЖШС 2015-2016 жылдар аралығында 3003 бас мүйізді ірі қара және 1476 бас жылқы малын алса, 2017 жылға 550 бас мүйізді ірі қара және 3000 бас етті бұқалар алуды жоспарлануда.

Мойынқұм ауданы аумағындағы Шу өзені бойына орналасқан ауылдық округтердің есебінде 8807 гектар суармалы жерлер бар. Осы жерлердің 414 гектары үй іргесіндегі жерлер болса, 4439 гектары шаруа қожалықтарында, 457 гектары заңды тұлғаларға бекітіліп берілген жерлер болса, қалған 3497 гектары  ауданның босалқы жер қорын құрайды.

2016 жылдың өніміне көктемгі егіс науқанын, ауылдық округ әкімдерінің ұсынған жоспарларына сәйкес аудан бойынша 3930гектар суармалы егістік егілді яғни 88 % игерілуде. Атап айтқанда 100 гектар жерге жаздық арпаның әр гектарына 21,1 цн түсім алынып, барлығы 211 тонна өнім жиналды. Мұның 193 тоннасы жемге қалдырылса, 18 тоннасы ішкі қажеттілікке жұмсалды. Сондай- ақ 220 гектар алқаптағы дәндік жүгерінің әр гектарына 53 цн ден түсім алынып, барлығы 1166 тонна өнім алынды. 350 гектар тарының әр гектарынан 15 цн- ден түсім алынып, барлығы 525 тонна өнім алынды. 111 гектар картоптан 1221 тонна өнім, 34 гектар күнбағыстан 46 тонна өнім, 460 гектар бақша дақылдарынан 5750 тонна өнім, 177 гектар көкөністен 3982 тонна өнім жиналды және 280 гектар жаңа жоңышқа себілді және 2198 гектар жер құнарлы мал азығы 2-3 жылдық жоңышқа.

Аудан бойынша тіркелген 616 шаруа қожалығының иелігінде жалпы  363,4 мың гектар. Оның 4,6 мың гектарын суармалы егістік, 18,5 мың гектарын шабындық, 340,3 мың гектарын жайылымдық құрайды.

2016 жылы жер телімдері бойынша 1 рет конкурс өтті. Онда жалпы 87879,1 гектар оның ішінде суармалы егістік 252,9 гектар, шабындық 10036,6 гектар және жайылымдық 77589,5 гектар жер телімі берілді.

Қайтарылған жер телімінен ауылшаруашылығы айналымына қайта берілген жер телімінің жалпы көлемі 26802 гектар оның ішінде суармалы егістік 97 гектар, шабындық 1836 гектар, жайылым 24869 гектар жер телімдері берілді.

2015 жылға арналған «Эпизоотияға қарсы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда төрт түлік мал аса қауіпті деген жұқпалы мал ауру түрлеріне қарсы егіліп, диагностикалық тексеруден өткізілді.

Белгіленген жоспарға сәйкес 42,5 мың мүйізді ірі қара, 219,0 мың қой-ешкі, 10,0 мың жылқы, 1380 бас түйе «Сібір жарасына», 25,0 мың мүйізді ірі қара, 30,0 мың қой-ешкі, 2,0 мың бас жылқы «Лептоспирозға», 78,0 мың мүйізді ірі қара, 502,0 мың қой-ешкі «Аусыл» ауруына қарсы, 980 түйе, 137,0 мың қой-ешкі, 1,1 мың бас түйе «оба» ауруына қарсы, 7,0 мың бас мүйізді ірі қара, 15,0 мың бас қой-ешкі, «литериоз» ауруына қарсы, 29,0 мың бас мүйізді ірі қара «Қарасан» ауруына қарсы, 40,0 мың қой-ешкі «эктима» ауруына қарсы, 50,0 мың бас қой-ешкі «брадзот» ауруына қарсы, 48,0 мың үй құстары «жоғары потогенді құс тұмауына» қарсы егу жұмыстары жүргізілсе, 3200 бас жылқы «маңқа» ауыруына, 67,5 мың мүйізді ірі қара, 600 түйе «туберкулез» ауруына тексерілген.

2015 жылы «бруцеллез» ауруына 25 бас МІҚ, 483 бас қой-ешкі шалдықса, 2016 жылы 19 бас МІҚ, 118 бас қой-ешкі шалдыққан.  

Конго-Қырым геморрогиялық қызбасының табиғи ошағындағы аула, қора-жайларды және ауыл шаруашылығы малдарын кенелерге карсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші және үш кезеңі жүргізіліп, 4775 қора-жайлар мен аулалардың 1 млн. 699,9 мың шаршы метр жері, 23,3 мың мүйізді ірі қара, 134,2 мың қой-ешкі, 5,2 мың жылқы және 752 бас түйе малы залалсыздандырылды.

Конго-Қырым геморрогиялық қызбасының алдын алу жұмыстарына   аудандық бюджеттен  9,0  млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

КӘСІПКЕРЛІК

Ауданда барлығы 980 шағын және орта бизнес субъектілер саны тіркелген болса, оның  ішінде 92 шағын кәсіпкерлік субъектісі, 888 субъекті жеке кәсіпкер. Бүгінгі таңға олардың ішінара жұмыс істеп тұрғандары 91,5 %  құрап, саны 897 субъекті болып отыр.

Шағын бизнес субъектілері  арасынан белсенді жұмыс істеп тұрғандары 54,3% құраса, жеке кәсіпкерліктен 95,4% құрап отыр.

Барлық шағын және жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 2016 жылдың 12 айында өндірілген өнім көлемі 1069,8 млн теңгені құрап, 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырсақ 101,7 пайызға құрап, 18,1 млн. теңгеге өнім артық өндірілген, сондай-ақ, бюджетке түскен салық көлемі 88,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың 12 айымен салыстырсақ 8,8 млн. теңгеге артып 111,2% құраған.

«Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012-2016 жылдары жалпы сомасы 1409,9 млн теңгені  құрайтын 9 жоба жүзеге асырылды.

Бағдарламаның 1 бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша жалпы сомасы 29,9 млн. тенгеге 6 жоба, инфрақұрылымды дамытуға 1377,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба болса, грантқа ие болған 3,0 млн теңгеге 1 жоба жүзеге асырылып отыр.

2016 жылы 1 жоба 5,9 млн теңгеге сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша Мойынқұм ауылының кәсіпкері Қораласбаев Танкибай екінші мәрте «Халық банк» АҚ арқылы стоматалогия емханасының екінші қабатын жөндеуге 5,9 млн теңге несие алып, жобаны жүзеге асыруда.

Шығанақ ауылында республикалық маңызы бар автожол бойында  «KazStar Сonstruсtion kompani» ЖШС кемпинг құрылысы аяқталып, жолаушыларға толық қызмет көрсетуде. Кемпинг құрамына жанар – жағар май станциясы, дүкен, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталығы кіреді.

Бірлік ауылында Шу-Бурыбайтал автожол бойында халыққа қоғамдық тамақтандыру көрсету саласында үлкен тойхана құрылысы бой көтеруде.

Бірлік ауылында жылыжай құрылысы жүргізілуде.

Қарабөгет округінде жергілікті тұрғын тарапынан наубайхана ашу үшін тұрғын үй ғимараты сатып алынып, наубайхана қажетті құрал-жабдықтар алынып, бүгінгі таңға халыққа қызмет көрсетуде.

Мойынқұм ауылында жеке азамат тарпынан техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде.

Мойынқұм ауылында Амангелді көшесінің бойында компьютерлік қызмет көрсету орталығының жұмысы жүргізілуде.

Мыңарал ауылында жеке кәсіпкер наубайхана құрылысын жүргізуде.

Көкжелек ауылында мейрамхана құрылысы аяқталып, Тәуелсіздіктің  25 жыл мерекесіне орай ашылу рәсімі салтаннатты түрде өткізіліп, бүгінігі күні жұмысын бастады.

БЮДЖЕТ

2017 жылдың 1 қаңтарына бюджетке салықтар мен төлемдер түсу болжамы 2625,5 млн. теңге болса, нақты 2800,6 млн. теңге жиналып, болжамнан 175,1 млн. теңге артық түсті немесе 106,7 % құрады.

Республикалық бюджет болжамы 478,3 млн. теңге болса, нақты 515,1 млн. теңге түсіп, 107,7 %, облыстық бюджет болжамы 867,2 млн. теңге болса, 886,8 млн. теңге түсіп, 102,3 % және аудандық бюджет болжамы 1280,0 млн. теңге болса 1398,6 млн. теңге түсіп 109,3 % құрады.

Аудан бюджетiнiң жалпы шығындары бойынша жоспар 5448,1 млн. теңге болса, 5424,2 млн. теңге игеріліп, 99,6 % орындалды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2016 жылдың 12 айында өтініш берген жұмыссыздар саны 1128 адам болса, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 880 адам, жыл соңына ресми тіркелгендер саны 326 адам.

2016 жылы 100 жаңа жұмыс орындары ашылса, оның 100-і де шағын және орта бизнес саласы бойынша.

Ауданның өндіріс орындары бойынша барлығы 40 бос жұмыс орындарына уәкілетті органға сұраныс берілген. Атап айтсақ, «Алтыналмаз» акционерлік қоғамы 22 бос жұмыс орынға, «Шығыс Кен Басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 бос жұмыс орынға, «1000-Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 бос жұмыс орынға.

Олардың ішінде «1000-Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 бос жұмыс орынға жұмыссыз азаматтар жолданған. Қалған 27 бос жұмыс орындарына біліктілік талаптарына сәйкс келетін қызметкерлер іздестірілуде.

Жастар іс-тәжірбиесі бойынша жергілікті бюджеттен 3700,0 мың теңге қаралып, 2016 жылдың 12 айына  29 жасқа дейінгі 28 жас азаматқа жолдама беріліп, оның 3700,0 мың теңгесі толығымен  игерілді, облыстық бюджеттен 3893,9 мың теңге қаралып, 2016 жылдың 12 айына  29 жасқа дейінгі 70 жас азаматқа жолдама беріліп, оның 3893,9 мың теңгесі толығымен  игерілді. Барлығы  98  адам жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 4900,0 мың теңге бөлініп, 2016 жылдың 12 айына  40 адам жолданып, қаралған қаржының 4900,0 мың теңге толығымен  игерілді. Облыстық бюджеттен 14744,1 мың теңге қаралып, 2016 жылдың 12 айына  88 азаматқа жолдама беріліп, оның 14744,1 мың теңгесі толығымен   игерілді. Барлығы 128 адам  жіберілді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 34586,0 мың теңге бөлініп, 2016 жылдың 12 айына  204  адам тартылып, қаралған қаржының 34586,0 мың теңгесі толығымен  игерілді. облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаралып, 2016 жылдың  12  айына  90 адам тартылып, оның 10,0 млн. теңгесі толығымен  игерілді.  Барлығы 294 адам жіберілді.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындауға жергілікті бюджеттен 168,0 мың  теңге қаралып, 2016 жылдың  12 айында аз қамтылған 3 отбасылары нақты анықталып, оның 24 мүшелеріне 167,1 мың теңге  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып, ол толықтай төленді.

18 жасқа дейінгі Мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен 29 172,5 мың теңге, республикалық бюджеттен 4000,0 млн теңге  қаралып,  2016 жылдың  12  айына  18 жасқа дейінгі 537 отбасының 1663 балаларына  Мемлекеттік жәрдемағы тағайындалып, қаралған қаржы толығымен игерілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке  жергілікті бюджеттен  2393,0 мың теңге, республикалық бюджеттен  5416,0 мың теңге қаралып,  2016 жылдың  12 айында  38 отбасының 238 мүшелеріне  қаралған қаржы толықтай игерілді.

Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы  № 636 қаулысымен бекітілген және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген.

2016 жылы Бағдарламаның 1 бағыты бойынша «Инфрақұрылымды және тұрѓын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» мақсатында ауданда осы бағдарламаға қатысушы болып  7 нысан белгіленген. Осы нысандарға  Республикалық бюджеттен 76,236 млн тенге  көлемінде қаржы қаралып, белгіленген нысандарға жалпы 32 – адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде  Жұмыспен қамту орталығы арқылы (50 пайызы) яғни 16 адам жұмыспен қамтылуы жоспарланып, белгіленген 7-нысанға 18 адам жұмысқа жолданып жоспар толығымен орындалды:

Бағдарламаның 2 бағыты бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» мақсатында шағын несиелендіруге 2016 жылы  Мойынқұм ауданына 175,2 млн тенге  қаралып 46 адамға шағын несие беру жоспарланып, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ы арқылы бүгінгі таңда барлығы 53-адамға 175,2 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде: 45-адам мал шаруашылығын кеңейту, 1-адам асхана ашуға, 3-адам тігін цехын ашуға, 1-адам ТЖО ашу, 1-адам сүт цехын ашу, 1-жылыжай соғуға, 1-адам жихаз цехын ашуға несие алды. (несие алғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, қосымша жұмыс орнын ашу және оның міндетті зейнетақы жарнасын уақытылы аудару, әлеуметтік жағдайға қолдау көрсету жөнінде ескертілді. Осының ішінде «Нұр Отан партиясы» Мойынқұм аудандық филиалының бақылауына берілген 78 млн теңгеге  09.08.2016 жылғы шешіміне сәйкес 18 –азаматтың тізімі анықталып, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-на жолданып, оның ішінде 16 адам 78 млн теңге көлемінде шағын несие алды.

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында барлығы 53 азамтқа несие беріліп, оның ішінде 42 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп,  қосымша жұмыс орындарын ашқан, қалған 11-азамат несиені желтоқсан айында алуына байланысты қосымша жұмыс орындарын ашып үлгермеді, жылдың аяғына дейін тіркеліп, қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде ескертілді.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша ағымдағы жылы 8-адамды оқыту жоспарланып, қайта даярлау 3-айлық курсына 4-адам (1-шаштараз, 3-дәнекерлеуші) мамандығына жолданып, оқуларын аяқтады. Бүгінгі таңда барлығы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Біліктілігін арттыру 1-айлық курсына 4-адам (2-есепші, 2-дәнекерлеуші). мамандығына жолданған. 1-айлық курсына жолданған 4-азамат оқуларын аяқтап, оның ішінде (дәнекерлеуші) мамандығын бітірген 2-азамат және (есепші) мамандығын бітірген 2-азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 18 114 000 теңге көлемінде қаржы қаралып, 126 азаматты жұмысќа тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 29 шаруа- қожалықтармен келісім-шарт жасалып, 128 адам әлеуметтік жұмыс оырндарына жолданды. Қаралған қаржы толық игерілді.

Жастар іс-тәжірибесі бойынша 11 453 000 теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін 68 азаматты тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 98 азамат мерзімдік жұмысқа жолданды. Қаралған ғаржы толық  игерілді .

 

Білім беру

2016-2017 оқу жылында ауданда 21 орта, 2 негізгі, 2  бастауыш мектеп жұмыс істейді, сонымен қатар «Балалар мен жасөспірімдер» орталығы, М.Жұмабаев орта мектеп жанындағы интернат, «Балалар саз мектебі», «Өнер және қосымша білім беру» мектебі, «Техникалық шығармашылық» орталығы, «Аула клубы», 15 балабақша мен 7 шағын орталық білім алушыларға қызмет көрсетуде.

2016 жылы аудан бойынша барлығы 943 мұғалім болса, оның 231 жоғары және 248 бірінші санатты мұғалімдер. Екінші санатты 243, санаты жоқтар 221.

Білім бөліміне қарасты 15 балабақшада 56 топта 1265 бүлдіршін, 7 шағын орталықта 190 бүлдіршін тәрбиеленуде. Барлығы 1455 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу 62,6 %.

2015-2016 оқу жылының соңында аудан көлемінде 1-10 сынып аралығында 5173 оқушы оқу жылын аяқтады, оның 4400-і, яғни 85.3%-ы демалу, сауықтыру лагерімен қамтылды.

Барлығы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалуға 11536,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қала маңындағы сауықтыру лагеріне 230 балаға 6 330,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.

Мектепшілік бір мезгіл ыстық тамақ берілетін лагерьге 1636 оқушы тартылды.  Аудандық бюджеттен 5 236,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері аудан бойынша екі ауысымда өтті. Бірінші ауысымда 908 оқушы, екінші ауысымда 728 оқушы тартылды. Осы аталған екі ауысымда жоғарыда айтылғандай, аудан бойынша 1636 оқушы қамтылды. Тамақ ішуді ұйымдастырмайтын мектеп жанындағы лагермен 2266 оқушы қамтылды.

Ауданы бойынша 2016-2017 оқу жылында аудан мектептерін  оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамту үшін жергілікті  бюджеттен 32146,0 мың тенге қаражат бөлініп, 1,8 сынып оқулықтары мен 4 сыныптың «Ағылшын тілі» пәні, 9 сыныптың «Зайырылық дінтану негіздері»  пәні бойынша мектеп оқушыларын 100 пайыз оқулықтармен қамтылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 260 мектеп бітірушінің 225-і (86,5%) қатыстыӨткен жылға қарағанда, ҰБТ-ге қатысқан бітірушілер үлесі 4,7 %-ға өсті. Тестілеуге қатысқандардың 87,5 %-ы (197) қазақ тілінде, 12,4 %-ы (28) орыс тілінде тапсырды. Аудан бойынша ҰБТ орташа балл 79,3-ді құрады.

Ауданда 23 мектепте асхана бар, оның 20 типтік асхана болса, 3-еуі ыңғайластырылған асхана. (Қ.Сәтпаев ом, А.Байтұрсынов ом, Ағыбай батыр н.м.). Аудандағы 25 мектептің 23-де ыстық тамақ (асхана), 2 бастауыш мектепте  (Бурылбайтал  б/м, Қашқантеңіз б/м) буфеттік тағам ұйымдастырылған.

2016 жылдың 7 қарашасынан бастап білім бөліміне қарасты 23 мектептің 1 сыныптар  730 оқушыға және  аз қамтылған отбасынан шыққан 230 балаға бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Аудандық маслихаттың 2016 жылдың 31 қазанындағы №5-5 шешімімен аудандық бюджеттен ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларына 960 балаға 10890,0 мың теңге бөлініп, ыстық тамақтың жан басына шаққандағы құны 1 балаға 360 теңге болып бекітілген.

Мыңарал ауылындағы Қасымов орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1500,0 мың тенге,  Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебіне қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстары 5,0 млн. теңге, М.Әуезов орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1500,0 мың тенге, мектептің  142,8 м.кв. терезесі ауыстыруға 5,0 млн. теңге, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев орта мектебіне жылу жүйесін ағымдағы жөндеу 3,0 млн. теңге, Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебіне әжетхана салуға аудандық бюджеттен 1300,0 мың тенге, Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге, Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов орта мектібіне қоршау жұмыстарын жүргізуге 4,9 млн. теңге, Мойынқұм ауылы Т.Рысқұлов орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге, әжетхана салуға 1,9 млн. теңге, Мойынқұм ауылындағы М.Жұмабаев орта мектебі ауласын абаттандыруға 7,0 млн. теңге, Қияқты стансасындағы Ағыбай батыр атындағы орта мектебінің шағын орталық ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,5 млн. теңге, Мойынқұм ауылындағы Аула клубы қосымша білім беру мекемесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 7,5 млн. тенге бөлініп жұмыстары атқарылды.

Облыстық бюджеттен М.Әуезов орта мектебінің қазандығын ауыстыру жұмыстарына 49,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ақбақай орта мектебінінің шатырына ағымдағы жөндеуге 12,0 млн. тенге бөлінсе. Бірлік ауылындағы «Ақбөпе» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 11,4 тенге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында Ұланбел ауылындағы «Балдырған» балабақшасының асханасын ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 2,3 млн. тенге, Мыңарал ауылындағы К.Қасымов орта мектебіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 4,9 млн теңге, Ұланбел ауылындағы М.Әуезов орта мектебіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 4,3 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары толық аяқталса, аудандық бюджеттен бөлінген 92,0 млн. теңгеге Шығанақ ауылындағы 140 орындық балабақшасының құрылысы аяқталып пайдалануға берліді.

Денсаулық сақтау

Мойынқұм ауданының халқына денсаулық сақтау саласында 1 орталық аурухана, 90 төсек орындық, 1 туберкулезге қарсы аурухана – 30 төсек орындық, емхана бөлімшесі, отбасылық денсаулық орталығы, 1 ауылдық емхана, 8- дәрігерлік  амбулатория, 5 ФАП, 10 – медициналық тірек  медициналық көмек көрсетеді.

Аудан бойынша халық саны 32900, оның ішінде тууға қабілеті бар әйелдер саны – 6210, 14 жасқа дейінгі балалар – 8693, 1 жасқа дейінгі балалар – 612.  Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау саласында 54 дәрігер, 238 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. 2016 жылы 45 дәрігер біліктілігін арттырып, орта буынды медицина қызметкерлерінен 79 медбике біліктілігін арттырды. 4 жас маман дәрігер ( 2-ВОП, 1- оташы, 1-фтизиатр) келіп, 800,0 мың тг облыстық бюджеттен, 126,0 мың теңге жергілікті бюджеттен сыйақы берілді. 2016 жылдың 12 айында тәулік бойы стационарда – 3666 науқас, күндізгі стационарда -3303 науқас емделіп шықты. Ауруханада стационарға жатқызу порталы тұрақты жұмыс атқарады. Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы арқылы порталдан 2865 науқас өтті, оның республикалық клиникаларға 109 науқас, облыстық клиникаларға 395 науқас, квота арқылы 28 науқас өтті.

2016 жылға 0-17 жасқа дейін 8827 бала профилактикалық тексеріске жоспарланып, 100%- ға тексерістен өтіп, 2534- науқас анықталып, 1465 – бала сауықтырылып, 167-бала диспансерлік тізімге алынды. Мақсатты топтағы тұрғындар скринингтік тексерістен өтті: олар қан айналым жұйесіне 2930 адам жоспарланып, 100%-ға тексерістен өтті, 258 науқас анықталып, диспансерлік есепке алынды. Қант диабетіне 2930 адам жоспарланып, тексерістен өтіп, 16-науқас диспансерлік тізімге алынды. Тік ішектің қатерлі ісігін алдын алу мақсатында 1514 адам жоспарланып, 100%-ға тексерістен өтті. Жатыр мойынының қатерлі ісігіне 679 әйел, сүт безінің қатерлі ісігіне 658 әйел жоспарланып,тексерістен өткізілді,науқас анықталған жоқ. Анықталған науқастардың барлығы денсаулық мектебінен өтіп, қажетті тегін-дәрі дермектермен қамтамасыз етілген. Флюрографиялық тексеріске 11500 адам жоспарланып, 100%-ға орындалды.

Манту сынамасы 6758 балаға жоспарланып, 100% орындалды. Туберкулезден алғашқы аурушаңдықпен 16 адам есепке алынды. 2016 жылға ана өлімі тіркелген жоқ, 2  нәресте өлімі тіркелді, облыстық ауруханада 2 нәрестеде қайтыс болды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 316 жүкті әйел тіркелген, оның 59-і қатерлі топтағы жүктілер. 2016 жылдың 12 айына 589 нәресте дүниеге келді. ҚР ДСМ 03.07.2012 жылғы № 452 бұйрығы бойынша 6210 тууға қабілеті бар әйелдер тексерістен өтіп, 2543 науқас анықталып, 4531 контрацепсиеленді.

Медициналық көмектің қолжетімділігн қамтамасыз ету мақсатында кестеге сай, медициналық амбулаториялық жылжымалы жиынтығы, жылжымалы маммограф қондырғылары елді мекендерді аралап, тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Жүрмелі медициналық кешен автокөлік, терапевт, стоматолог, акушер-гинеколог, окулист, хирург, оталаринголог мамандарымен және УЗИ, рентген аппараттары, қан, зәр құрамын жеделдетілген әдіспен зерттейтін зертханамен жабдықталған. 2016 жылдың 12 айында жылжымалы емханамен 25 елді мекендерді аралап, тексерістен 19218 адам өтіп, 9450 науқас анықталып, 3915 науқас емдеуге жіберілді. Онкологиялық сырқаттын алдын-алу, бастапқы сатысында анықтау мақсатында емханада дәрігерге дейінгі қабылдау, әйелдер және ерлерді алдын-ала тексеру кабинеттері ашылған. 2016 жылға ерлер кабинетінен 3645 пациент өтіп, 132 сырқат анықталды, әйелдер көрінетін кабинеттен 5016 пациент өтіп, 217 сырқат анықталды. Телемедицина арқылы облыстық мамандардан 68 науқас кеңес алып, телемедицина арқылы 13 телеконференция өткізілді.

Материалдық техникалық жарақаттандыруды  арттыру мақсатында Мойынқұм аудандық ауруханасына құны 69940,0 теңге (анализатор флуоресцентный, спирогроф, стресті тестілеу жүйесі және холтер бойынша мониторлау, 12 каналды ЭКГ апараты 5 дана, УЗИ сердце, анализатор рефлектометр), құны 6440000 теңге 2 санитарлық УАЗ автокөлігі, 8 дана компютер сатып алынды. Күрделі жөндеу жұмыстары: құны 35469389 тг орталықтағы СВА ғимараты, орталық ауруханаға 17472000 тг лифт, 8664652 тг пандус, 7314084,96 тг емхана бөлімшесіне күрделі жұмыс жүргізілді. Техникалық экономикалық көрсеткіш 2015 жылы 68,1 пайызды құраса, 2016 жылы 70 пайызды құрады. 2016 жылы Қияқты ауылында 5 келушіге арналған, құны 45 милл. тг. жаңа медициналық тірек берілді.

 

 

 

 

 

Мәдениет

Бүгінде аудан тұрғындарына 38 мәдени нысан қызмет көрсетеді: 1 орталық мәдениет үй, 17 ауылдық клубы, 2 халықтық атағы бар театр (Құмөзек, Мойынқұм халық театрлары), 1 ән-би ансамбілі (Мойынқұм ән-би ансамбілі). Сондай ақ, 1-аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 18-ауылдық кітапханалар филиалы, 1-балар бөлімі.

Аудан бойынша 2 халықтық атағы бар театрлар қызмет көрсетеді. Олар Құмөзек және Мойынқұм халық театрлары.

Аудандық мәдениет үйінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Шығанақ ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін 5589,0 млн. теңге қаражат қаралып, жұмыстары толық аяқталды.

Мәдениет үйінің әртістеріне киім кешек тіктіру үшін аудандық бюджеттен 750 мың теңге қаражат қаралып сапалы киімдер алынды.

Аудандық мәдениет үйінің шатырын жөндеу және сахнаның үстін жылыту жұмысына ЖСҚ дайындалып, 1800,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп игерілді.

Аудандық мәдениет үйінің үлкен залы сахнасына 5100,0 мың теңгеге заманауи сапалы LED экран орнатылды.

Сондай ақ, 1900,0 мың теңгеге үлкен залы сахнасына заманауи сапалы музыкалық түрлі-түсті жарықтандыру қондырғысы алынды.

2016 жылға мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу үшін аудандық бюджеттен 6600,0 мың теңге қаражат бөлініп әр түрлі деңгейдегі 864 іс-шара өткізіліп, оған 15984 адам қамтылды.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туылғанына 50 жыл толуына орай «Жырым да сен,сырым да сен Ер Қайрат!» атты аудандық патриоттық әндерді орындашылар байқауы өтті.  Байқауға 12 елді мекеннен үміткерлер қатысты.

        ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм ән-би ансамбльінің кезекті аттестациядан өтуіне орай «Жүрегім нәр алған – Мойынқұмнан!» атты концерті болды. Осымен бірге мәдениет үйінде «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрлары да кезекті аттестациядан өтіп, «халықтық» атақтарын иеленді.      

Спорт

         Ауданда бүгінгі күні барлығы – 105 спорт нысандары  аудан тұрғындары үшін қызмет көрсетеді: 1 – спорт кешені, 1 – орталық стадион, 27 – спорт залдар, 76 – спорт алаңдары.

Ауданда қазіргі таңда дене тәрбиесі мен спорт саласында барлығы 106 маман еңбек етеді. Атап айтқанда, 24-і аудандық спорт мектебінде, 1-Мойынқұм колледжінде, 64-і жалпы білім беретін орта мектептерде, 9- аула клубында, 3- аудан әкімдігінің спорт бөлімінде және ауыл әкімдіктерінде 5-спорт әдіскерлері жұмыс істейді. Ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны салыстырмалы түрде 2015 жылы 8158 адамды немесе аудан халқының 24,8% құраса, 2016 жылдың 11 айының, қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 26,6% немесе 8742 адам спортпен тұрақты айналысуда.

Жастар саясаты

2015 жылдың 9 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруды өзінің негізгі бағыты ретінде ұстана отырып, ауданымызда қаралып отырған мәселе бойынша ауданда төмендегідей  жағдай қалыптасып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні ауданымызда  14 пен 29 жас аралығында 7 783 жас бар. Яғни, жастар жалпы аудан халқының 23,7 пайызын құрап отыр. Оның ішінде халық санына шаққанда ерлер  – 3943 (12,0 %), әйелдер 3840 (11,6%).

Ауданда Мойынқұм колледжін 2015 жылы 134 студент бітірсе, 2016-2017 жылдардағы оқу жылында 124 студент білім алуда. 2015-2016 жылы оқу жылында 260 түлек мектеп бітіріп, 225 түлек ҰБТ тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балды жинай алмаған түлектер саны- 64. 35 түлек ақылы негізінде ЖОО оқуға түсті. 25 түлек арнаулы оқу орындарына (колледж) оқуға түсті.

2016 жылы 95 жас әскер қатарына шақырылса 78 жас  Отан алдындағы әскери борышын өтеуде.

2009 -2016 жылдар аралығында ауданға келген жас мамандар саны 400-ге жетіп отыр. 2016 жылы келген 77 жас мамандардың ішінде 51 білім  саласы, 24 денсаулық саласы, 2 ветеринария саласынан.

2016 жылы келген жас мамандарға бөлінген көтерме жәрдемақы 11,3 млн.теңге. Ал бюджеттік кредитке тұрғын үй сатып алғандарға бөлінген қаржы көлемі 63,4 млн.тг.

2016 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ресми 389 жас тіркелді. Тұрақты жұмысқа 307 жас орналасқан. Қоғамдық жұмысқа – 72 жас, жастар тәжірбиесі – 98, жастар тәжірбиесімен тұрақты жұмысқа орналасқан – 24 жас.

Жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша жастар ресурстық орталығы тарапынан мүдделі мекемелерді тарта отырып, 37-ге жуық арнайы семинарлар, кездесулер, түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған арнайы мамандардың қатысуымен 27-ден аса семинарлар мен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

Ауданда барлық мемлекеттік қызметкерлер орны штат бойынша 177. Оның ішінде нақты жұмыс мемлекеттік қызметкерлер 158, оның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлер саны – 34.

Аудан көлемінде жергілікті тұрғындардың, оның ішінде жастардың саламатты өмір салтын ұстануға, денсаулығын сақтауға ықпал етуге және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауданымызда жастардың спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 105 нысаны бар, бұл спорт нысандарының барлығында тегін қызмет көрсетіледі. Аудан халқының 6740-і яғни 20,0 пайызы бұқаралық спортпен айналысса, оның ішінде 4044-і 60 пайызы жастар.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1152,2 млн. теңге. 2015 жылдың тиісті кезеңінен 10,5 % кеміді. (2015 жылы 1288,0 млн. теңге) Жалпы өңірлік өнімдегі үлес салмағы 2,8 %.

Ауданда жеке меншік есебінен жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемінің қысқаруына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

2016 жылы Шығанақ ауылындағы 140 орындық балабақшасының құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.

Жобалық құны 49,2 млн. теңгені құрайтын Ұланбел ауылындағы  М. Әуезов атындағы орта мектебі ғимаратының қазандығын, жылу құбырын және жылу жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталып, қаржысы толық игерілді.

2016 жылы Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз, Бурылбайтал ауылдарының оңайлатылған бас жоспарын әзірлеуге 10,0 млн. теңге қаржы қаралып, толықтай игеріліп, мәслихат сессиясымен бекітілсе,Кеңес, Бірлік, Биназар ауылдарының егжей –тегжейлі жоспарын дайындауға 10,0 млн. теңге қаржы қаралып, 9,5 млн. теңгесі игеріліп, дайындалды.

 

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 

Аудан аумағында жалпы 1138 шақырым автомобиль жолдары өтеді. Оның 342 шақырым  республикалық  маңыздағы жол  торабы, 511 шақырым облыстық маңыздағы жол  торабы, 284 шақырым аудандық  маңыздағы  жол торабын  құрайды.Сонымен қатар  аудан елді мекендерінің көше аралық 189,3 шақырым автомобиль жолдары бар.

Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел облыстық мәндегі автомобиль жолының 2015-2016 жылдары 25-54 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына 479,8 млн. теңге бөлінді. Оның 252,0 млн. теңгесі 2015 жылға игерілсе, 2016 жылға қарастырылған 227, 8 млн. теңге игеріліп,  жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар 0-25 шақырым аралығын жөндеуге облыстық бюджеттен 530,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.

2016  жылы  автомобиль  жолдарына  орташа  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  облыстық  бюджеттен  201,7  млн.  теңге  бөлінді.

Хантау ауылы Биназар көшесі 1,35 шақырым орташа жөндеуге 25715,0 мың теңге,  Көкжелек ауылына кіре-беріс 5,8 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 53817,0 мың теңге,  Ақсүйек ауылына кіре-беріс 4,0 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 52640,0 мың теңге және  Мирный-Қияхты 12 шақырым (2016 жылға өтпелі) автомобиль жолының қалған 7 шақырымына 55959,0 мың теңге бөлін қаражат толығымен игерілді.

Мойынқұм ауылы Амангелді көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол жөндеуге (тротуар)  35,0 млн. теңге  бөлініп, қаражат толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар Мойынқұм ауылының Мұқанов және Ауезов көшелеріне үнемделген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстарына 6925,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ аудан елді мекендерінің көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Мойынқұм ауылы Б.Омаров көшесінің 1,4 шақырымы, Қабышев көшесінің 0,5 шақырымы ағымды (гравиный) жөндеуден және аудан орталығының көшелері ағымды (ямочный) жөндеу жұмыстарынан өткізілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ҚР Үкіметінің арнайы резервінен Мойынқұм ауданындағы елді мекендердегі көшелерге ағымдағы жөндеу, абаттандыру және кіші футбол алаңының жұмысын жүргізуге республикалық бюджеттен – 71353,0 мың теңге және облыстық бюджеттен – 7928,0 мың теңге бөлініп, қаражаттар толық игерілді.

 

Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау

 

         Ауданда Мойынқұм, Бурыл Байтал және Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері жұмыс атқарады.

Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5045071 гектарды құрайды, оның ішінде мемлекет орман қоры жерлері 1925665 гектар немесе аудан аумағының 38,1 пайызы.

Орман қоры жерлерінің 1178865 гектары орман ағашымен көмкерілген жерлер немесе жалпы орман қоры жерлерінің 61,2 пайызы. Орман қорындағы орман ағашымен көмкерілген жер көлеміне сәйкес ауданның орманды өңірлігі 23,4 пайызды құрайды.

Аудан аумағы жеріндегі мемлекеттік орман қоры төмендегідей жер көлемімен ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерге жатады.

Мойынқұм – 865865 гектар, Көктерек-470509 гектар, Бурыл-Байтал – 392550 гектар, Қосқұдық – 196740 гектар иеліктеріне, орман қатынастарын жүргізу үшін бекітіліп берілген.

Сонымен қатар, Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын,1,0 млн. телімді жер көлемімен «Андасай» зоологиялық қаумалымы орналасқан. Қаумалым аумағының 254 102 гектар учаскесі мемлекеттік орман қорында, қалған бөлігі өзге де құрылым (шаруа қожалықтары, ЖШС-тер) жерлерінде орналасқан.

Аудан орман қорындағы орманды өсіру мақсатында, ағымдағы жылы 2017 жылы көктем айында көшет отырғызу үшін 500 гектар жер учаскесі жыртылып дайындалды және орман тұқымбағының 9,5 гектарында 996,0 мың дана сексеуіл ағашының өскіндері келесі жылы отырғызу үшін өсірілді. Сонымен қатар Көктерек және Бурыл-Байтал орман шаруашылығы мекемелері орманды ағаш тұқымын себу арқылы өсіру үшін 1600 гектар жерді жыртып дайындады, сондай-ақ тұқым себу жұмыс орындалуда.

Мойынқұм орман шаруашылығы 2015 жылдың күзінде 4 гектар жерге себілген тұқымбақтың 630,0 мың дана көшеті 2017 жылдың көктемінде жыртылып, әзірленетін 996 гектар жерге егілетін болады. Көктерек орман шаруашылығында 3 гектар тұқымбағы өсірілуде. Биылғы жылы сексеуіл тұқымын себуге 800 гектар және көшет отырғызуға 150 гектар жері жыртылып әзірленді.

Бурыл-Байтал орман шаруашылығында 2,5 гектар жерге тұқымбағы өсіріліп, 800 гектар жер жыртылып тұқым себуге әзірленген.

2016 жылы орман екпе ағаштары (лесные культуры) қорынан бес жылдық 1200 (Мойынқұм-300, Көктерек-500, Бурыл-Байтал-400) гектар орман екпелері орман ағашымен көмкерілген санатқа ауыстырылды.

Орманды пайдалану бойынша орман қоры жерлеріндегі 24017 гектар жайылымдықтарды 32 жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары мал жаюға пайдаланылып 2,0 млн. теңге, 60,0 мың кг. дәрілік шөп сұңғыланың тамырын 5 пайдаланушы жергілікті халықты қатыстырып, дайындап 9,8 млн. теңге, 20 жеке тұлға 1,8 тонна саңырауқұлақ жинап 132,4 мың теңге, жалпы сомасы 11,9 млн. теңге төлемақы орманды пайдаланғаны үшін жергілікті бюджетке кірістелінді.

Сол сияқты мал жайылымы 1 гектарға 84 теңгеден болып, облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 25 маусымдағы №38-11 шешімімен бекітілген.

Аудан аумағын орман және дала өрттерінен қорғау мақсатында аудандық төтенше жағдайлар мен мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері және орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қорын өрттен сақтау профилактикалық іс-шаралары мен бірлесіп өрт өшіру туралы жоспар жасалынған. 2016 жылы өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 рет орман өрті (Қосқұдық-1/13,5га,Көктерек-1/0,5га) болып 14,0 гектар жер өртенді, өрт салдарынан келтірілген шығын жоқ.

Орман шаруашылығы мекемелер қарамағында 27 адамнан тұратын мемлекеттік емес өртке қарсы 3 бөлімше бар. Мемлекеттік емес өртке қарсы бөлімшелер 1 дана арнайы өрт сөндіру автомашинасымен, 3 дана өрт сөндіруге қолданылатын арнайы тіркемелермен, өрт сөндіру құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ауданда жаз мезгілінде дала өртін алдын алу мақсатында ауылдық округтердегі жергілікті халықтан 15 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіруші жасақшылары жасақталынып, келісім-шарт негізінде өрт сөндіруге пайдалынылатын техникаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін, аудандық бюджеттен 1,0 млн. теңге бөлінді.

Аудан орталығы Мойынқұм ауылында, Ауыл шаруашылығы министірлігі Орман және жануарлар дүниесі Комитетіне қарасты «Қазавиа орман қорғау» республикалық қазыналық кәсіпорның Жамбыл авиатобы «Партенавия» ұшағы және «Бел206» тікұшағымен, құрамындағы 10 адаммен, өрт қауіптілігі кезеңінде орманды өртен әуеден қорғау, яғни өрт болған жағдайда орнын анықтау, мемлекеттік иеленушіге хабарлау және өртті өшіруге көмектесу жұмыстарын орындайды.

2016 жылы орман күзету және орман пайдалану заңдылықтарын бұзған 73 фактісі анықталынып, орман заңдылықтарын орындамай бұзған 73 азаматқа хаттама толтырылды, салынған айыппұл сомасы 555,0 мың теңге, өндірілгені 510,6 мың теңге немесе 92,0 пайыз, орманға келтірілген зияннама сомасы 287,8 мың теңге, өндірілгені 168,1 мың теңге немесе 58,4 пайызы және 3 азаматқа ескерту берілді.

Мойынқұм орман шаруашылығында орманды пайдалану мен қорғау заңдылықтарын бұзушыларға 20 хаттама толтырылды. Оның ішінде 17 орман қорына келтірілген залал шығыны 63,0 теңге, салынған айыппұл 180,3 теңге және 3 адамға ескерту берілді. Бүгінгі таңда салынған 243,3 мың теңге залал шығыны мен айыппұл толығымен өндірілді.

Көктерек орман шаруашылығында орманды пайдалану мен қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін 51 хаттама толтырылды. Оның ішінде 358,2 мың теңге әкімшілік айыппұлдың 313,8 мың теңгесі өндірілсе, 224,8 мың теңге орман қорына келтірілген залал шығынның 105,1 мың теңге өндірілді. Сол сияқты Бұрыл-Байтал орман шаруашылығында 2 рет заң бұзышылық деректері тіркеліп 16,5 мың теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы №568 қаулысы және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы сексеуіл орман екпе ағаштарында ағаш кесудің барлық түрлеріне 2018 жылдың 30 желтоқсанына дейін тиым салынған болатын. Соған сәйкес Қазақстан Республикасы «Орман Кодексі» 91-ші бабында, жергілікті халықтың отынға деген мұқтажы өтінімге сәйкес кеспеағаш аймағынан тыс жерлерден қоқыс жинау арқылы қамтамасыздандырылады деп көрсетілген. Мойынқұм және Көктерек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелер иелігіндегі орман қорымен шектесіп  орналасқан Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл, Күшаман, Қызыл отау, Бірлік, Айдарлы, Биназар және Хантау ауылдық округ тұрғындары, қыс маусымында отынға деген мұқтажы, орманды сауықтыру мақсатында орындалатын іс-шара бойынша кеспеағаш аймағынан тыс жерлерден өтеусіз негізде қоқыс жинату арқылы қамтамасыздандырылып келеді. Жергілікті халықтың отынға деген сұраныстарын қанағаттандыру қыс маусымының суықтығына байланысты Мойынқұм орман шаруашылығы 7,5-8,5 мың текше метр және Көктерек орман шаруашылығы 6,5-7,5 мың текше метр көлемді құрайды. Қыс маусымында сексеуіл отыны әр отбасыға 4 текше метрден тегін босатылуда.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобы 2013-2016 жылдары орын алған 126 заң бұзушылықтан 829,7 мың теңге айыппұл өндірсе,  сексеуілді заңсыз тасымалдау, сату деректері бойынша 111 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген.

 

 

 

 

Құжат айналымы мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

 

2016 жылдың  20 желтоқсанына аудан әкімі аппаратының құжат айналымы 11916(2015-8464) құрады. Аппаратқа – 8614 (2015ж.-6215) кіріс құжат түссе оның ішінде Қазақсан Республикасының Президентінің Жарлығы 30 (2015ж.-19), Үкімет қаулысы 40 (2015ж.-23), облыс әкімдігінің қаулысы 129 (2015ж.-108), облыс әкімінің өкімі 56(2015ж.-41), облыс әкімінің әр-түрлі хаттамалары – 67 (2015ж.-55), 2321(2015ж.-1898) қызметтік хат облыс әкімі аппаратынан, 2338(2015ж.-1859) облыстық  басқармалардан, 3633 (2015ж.-1918) републикалық және жергілікті мекемелерден  түскен.

Шығыс  құжаттардың саны 3302-і (2015ж.2249) құрайды. Кіріс және шығыс құжаттардың былтырғы жылмен салыстырғанда арасалмағы 3452 құжатқа көбейген.

2016 жыл басынан бүгінгі таңға аудан әкімінің 3 шешімі (2015ж.-3) аудан әкімдігінің 347(2015ж.- 386) қаулысы қабылданып, оның 19-ы(2015ж.-18) бақылауға алынды. Аталған 19 қаулының бүгінгі таңға  12 қаулы уақытылы  бақылаудан алынды, қалған 7 қаулының бақылау уақытысы келесі жылға жалғасады.

Өтініштер  бойынша

Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2016 жылдың 20 желтоқсанына барлығы 826 (2015ж.-798)өтініш арыз түскен.  Оның ішінде заңды тұлғалардан түскен – 430(2015ж.-380)  өтініштерді талдап айтқанда: жер мәселесі бойынша -88, қаржы мәселесі – 55, кәсіпкерлік мәселесі – 93, мәдениет саласы -43, білім саласы – 50, тұрғын-үй мәселесі -42, әртүрлі мәселелер -59.  Аудан әкімі аппаратына заңды тұлғалардан түскен өтініштердің 27 түсінік берілсе, 70 өтініш қанағаттандырылып 133 өтініш төменгі органдарға жолданған.

Жеке тұлғалардан  306(2015ж.-331) өтініш тіркелген: жер мәселесі -139, жұмысқа орналастыру – 30, әлеуметтік көмек сұрағандар – 55, әртүрлі мәселелер -82. Осы түскен өтініштердің аудан әкімі аппаратында қаралғаны-116, төменгі органдарға жіберілгені –190. Жыл басынан бері аудан әкімінің блогына 8 (2015 жылы-7), сенім телефонына 3 өтініш түскен. Барлық өтініштер уақытылы қаралып,  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптары мен түсініктемелер жолданып отырды. Бүгінгі таңға мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.

 

Қоғамдық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес

2016 жылдың 12 айы көлемінде Мойынқұм ауданы ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, жолын кесуде жүргізілетін іс-шаралар кезінде полиция учаскелік инспекторларының жауапкершілігін арттыруда айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Мойынқұм ауданы бойынша 16 ауылдық округтерде, штат бірлігіне сай 16 учаскелік полиция инспекторлары және 3 учаскелік инспекторларының көмекшілері қызмет атқарады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар 2016 жылдың 12 айында 21 қылмыс тіркеліп, ашылуы 95,2 пайызды құраса, 2015 жылдың қорытындысымен 10 қылмыс тіркеліп, ашылуы 88,9 пайызды құраған.

Жол апаты бойынша 2015 жылдың қорытындысымен 39 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құраса, 2016 жылдың қорытындысымен 29 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құрады.

Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 2015 жылдың 12 айында 60 қылмыс тіркеліп, ашылуы 68,5 пайыз болса, 2016 жылы 49 қылмыс тіркеліп, ашылуы 67,3 пайызды құраған.

Оның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 2015 жылы 10 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100 пайыз болса, 2016 жылы 6 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100,0 пайызды құраған. Мал ұрлығы 2015 жылы 13 қылмыс тіркеліп, ашылуы 66,7 пайызды құраса, 2016 жылы 14 қылмыс тіркеліп, ашылуы 75,0 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00