Ішкі саясат бөлімі

Аудан әкімдігінің ішкі  саясат бөлімінің 2018 жылдың 3 айында атқарылған жұмысының есебі

   Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жұмысының негізгі бағыты қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттің егемендігі, қоғамдық процесстерді  демократияландыру, қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі  мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу,   басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру болып табылады.  Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес тиісті тоқсандық,  мерекелік  шаралар қабылданып,  жұмыстар  атқарылды.

  1. Ұлттық және мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелердің ұйымдастырылуы туралы.

Мерекелік шараларды ұйымдастыруда басты мақсат қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін, елдің жалпыұлттық азаматтық сәйкестілігін нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталып отыр.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастыруда оларды жүргізу тәртібіне, бағдарламасының саяси мазмұнына баса мән беріліп, қажетті әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз етіліп отырды.

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығарылған күніне, 1 наурыз- Алғыс айту күніне, 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне,  22 Наурыз Ұлттық мерекесі күніне арналған аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, салтанатты жиындар, мәдени-көпшілік, бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан аумағында ілгерілету мақсатында ауданда іс-шаралардың желілік кестесі жасалып, оған 73 іс-шара енгізілді.

Сонымен қатар бағдарламаны іске асыруға арналған аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, түрлі әлеуметтік топтарды қамтитын шарлар енгізілді.  Бүгінгі күнге оның 29 іс-шарасы: 5 жиын, 7 кездесу, 2 «дөңгелек үстел» отырысы, 1 автокеруен, т.б. ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Оған  1,6 мыңнан  аса адам қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына  арналған арнайы айдар ашылып,  онда  39  мақала  жарық көрді.

 

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстар

  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер» атты халыққа Жолдауын түсіндіру және талқылау барысында  ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда.      Елбасының Қазақстан  халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын насихаттау мен түсіндіру бойынша аудан әкімінің Өкімімен құрамында 52 адамы бар ақпараттық топтар құрылды. Ақпараттық топтарына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары жетекшілік етуде.  Бүгінгі таңда Жолдаудың негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары бойынша бекітілген кездесу кестесіне сай республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері аудан аумағындағы ауылдық округтерде 16 жиын, 14 кездесу, 12 дөңгелек үстел отырысын өткізді. Өткізілген жиындар мен кездесулерге  3200  адам қатыстырылды.

 

  1. Мойынқұм ауданындағы діни ахуал  туралы

 

Мойынқұм ауданында мемлекеттік тіркеуден 12 Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының филиалдары қызмет атқаруда.

Жалпы аудандағы 12 мешітте бұйрықпен тағайындалған 12 имам қызмет атқарады. Мойынқұм ауданындағы 12 мешіт мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, құжаттары толық рәсімделді.  Аудандағы 12 мешіттің 11-і типтік ғимаратта, 1-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.  Қазіргі уақытта барлық мешіттке имамдар тағайындалып, қызмет атқаруда. Мойынқұм аудандық мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының 2016 жылғы 16 қарашадағы №2168 бұйрығымен Бөлегенов Ерлан Абуталипович бас имам болып тағайындалды.

Имамдардың білімі бойынша айтатын болсақ, жоғары діни немесе арнаулы діни орта білімі бар имам саны-1. Басқа мешіт имамдарының  барлығы әр деңгейдегі сауат ашу курстарынан өтіп, біліктілік алды.

Жалпы аудан бойынша 12 мешіттердің сыйымдылығы 1270 адамды құрайды. Аудандағы 12 мешітке шамамен  350- 450 адам намазға барып тұрады. Оның ішінде Мойынқұм аудандық мешітіне-150-200 адам, Бірлік мешітіне 30-40 адам, Биназар ауылында -15, Жамбыл ауылында 15, Қылышбай  ауылында -10, Мыңарал ауылында -20, Шығанақ ауылында  -15 адам , Қарабөгет ауылында- 10,  Күшаман ауылында- 10, Кеңес ауылында- 15, Көкжелек аулында -15 адам, Хантау ауылында -15 адам барады.

Көпшілік жиналатын жерлерде және ланкестік жағдайларда осал болып табылатын қаладағы және ауылдық округтердегі барлығы 12 мешіт бейнебақылаумен жабдықталған.

Аудандағы 12 мешіттің 10-ы жылу жүйесі көмірмен жылытылса, 2 мешіт (Мойынқұм және Мыңарал) электор қуатымен жылытылады.

 

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мен желілік кестеге сәйкес атқарылған жұмыстар:

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан аумағындағы дін ахуалды тұрақтандыруға бағытталған 2016-2018 жылдарға арналған аудандық желілік кестесі әзірленіп, бекітілген.

Биыл  желілік кесте бойынша 228 шара жоспарланса, қаңтар-наурыз айларында  желілік кестеге сәйкес 57  іс-шара өткізілді. Оның ішінде  30 кездесу, 12 дөңгелек үстел отырысы, 8 дәріс, 3 спорттық жарыс, 2 бейнефильм көрсету, 2 сауалнама жүргізілді. Бұл шараларға 2100-ге жуық адам қамтылды.    Сонымен қатар діни тақырыпта  мақала жарияланып, діни экстермизм және терроризмге қатысты 30 дана плакат, флаерлер әзірленіп, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға ілінді.

Аудандық ақпараттық түсіндіру топ (АТТ)  құрамы 7 адамнан тұрады. Ауылдық округтерде 16 ақпараттық топ құрылған.  Мүшелерінің саны- 80. Аудандық АТТ мүшелері қаңтар-наурыз айларында ауыл тұрғындарымен  6  кездесу өткізді.   Жалпы бұл шараларға  биыл  250-300  адам қатысты. Ал ауылдық АТТ мүшелері биыл ауыл тұрғындарымен 48 кездесу өткізді. Бұл шараларға 1200 адам қатысты.  Барлық іс-шараларға негізінен ауыл тұрғындары қатысады. Олардың көбісі жастары 15-30 аралығындағы мектеп оқушылары мен жұмыссыз жастар.  Қаңтар-наурыз айынан бері аудандық газетке діни ағарту мәселелері бойынша 5 мақала жарияланды.  АТТ жұмысы нәтижесінде ауданда бірқалыпты діни ахуал қалыптасқан.

 

                               Қоғамдық  – саяси  ахуал

 

«Нұр Отан» партиясының мүшелері 4283 адам болса, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің  саны 407 болып отыр.  «Ауыл» партиясының аудандағы өкілі болып Қасенов Мұрат Қалқаманұлы сайланған. Оның 30-ға жуық мүшесі бар.

Аудандық ардагерлер кеңесінің алқасы 7 адамнан тұрады. Кеңес төрағасы болып 2014 жылдың күзінен Жамбыл Қалыбаев сайланды. Ауданда облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдігі белсенді жұмыс атқаруда. Олар 5 секцияға бөлініп, қоғамдық іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Өкілдікті аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Исабаева  басқарады.

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері арқылы жастар арасында қоғамдық пікірді зерделеу жүргізу аясында 3 әлеуметтік зерттеу өткізілді.  Нәтижесінде аудан жастарының  басым көпшілігі  елімізде, өңірде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, Елбасы Жолдауын қолдайтындығы белгілі болды.

Сонымен қатар біздің бөлім «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған мақалаларға апта сайын кантент талдау жұмысын, апталық қоғамдық -саяси және діни ахуал барысы және ай сайынғы көңіл-күй мониторингі жасалуда.

Аудандағы қоғамдық саяси ахуалды қалыптастыратын іс-шаралардың жиынтығы күнделікті жинақталып отыр. Мемлекеттік саясатқа, атқарушы билікке байланысты ауданда белсенді наразылық электораттары  жоқ.  Жалпы алғанда ауданда қоғамдық-саяси ахуал қалыпты жағдайда деуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00